Мінездің ұлттық ерекшеліктері туралы қазақша реферат
Ұлттық мінез адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып саналатын этностың, ұлттың, халықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының тұтастығы арқылы танылады. Әрбір халық пен ұлттың, этностық өзіндік мінез–құлықтарының ерекшеліктері болатындығы–тарихи шындық және объектив фактор. Қазақ халқының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленіп тұратын өзіндік сипат–қасиеттері бар. Ыбырай Алтынсарин еңбектерінде өз халқының мінез–құлқына тән бірсыпыра қасиеттерді атап көрсеткенді. Оның анықтауынша, қазақ халқына қарапайымдылық пен кішіпейілділік, ашық–жарқын көңіл мен кеңпейілділік, өзге нәсілді адамдарға деген достық және сыйластық көзқарас, қонақжайлылық пен пайымшылдық сияқты қасиеттер тән. Сондай–ақ, олардың бойында өзге де мінез–құлық сипаттары бар. Бұл орайда, қазақтардың өз жері мен Отанына, туған еліне деген шексіз сүйіспеншілігі, мал шаруашылығымен айналасуға икемділігі, меймандостығы мен балажандығы, өмірдің қиыншылықтары мен әділетсіз істерге төзімділігі, сөз өнерін ардақтауы, шешендік қабілеті, еңбексүйгіштігі мен шыдамдылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады. Әрбір ұлт пен ұлысқа, этнос пен тайпаға тән қасиеттердің жай-жапсары-әлеуметтік психология саласы–этникалық психологияның зерттейтін төл пәні.
Адамның мінез–құлқының өзгеріп отыруына әлеуметтік жағдайдың үнемі ықпал етіп, оның жаңа сапаларын қалыптастырып отыратындығы ғылыми тұрғыдан анықталған тарихи шындық және объектив фактор.
Мінездің физиологиялық негізі. Динамикалық стериотип және мінез. Адам мінезіндегі әрбір ерекшелік белгіліжағдайларға сәйкес көрініс береді. Мұндай ерекшеліктердің өзіндік физиологиялық механизмі бар. Сондай механизмдердің бірі – динамикалық стереотип – жүйке жүйесінің таптаурын болып қалыптасатын қызметі. Бұл – жоғары жүйке қызметіндегі шартты рефлекстердің жасалу жүйесі. Ол үнемі болып отыратын шартты тітіркендіргіштердің жүйелі түрдегі қызметіне байланысты. Динамикалық стереотип осы тітіргенгіштерге белгілі бір жағдайға байланысты реакциялар беріп, әсерленіп отырады. Бұл құбылыстың мәні нақты жағдайдың өзгеруіне сәйкес орталық жүйке жүйесінде әрқилы қалып пайда болуында.
Адам мінезінің физиологиялық негізін ашып көрсетуде ерекше орын алатын жайт- жоғары жүйке қызметінің типтеріндегі ауыспалы құбылыс. Осы орайда, И.П. Павлов қандай сигнал жүйесінің басым екендігіне қарай адам мінезінің типтерін мынадай үш түрге бөледі. 1.Ойшыл тип – бұл, негізінен, сөзбен байланысты екінші сигнал жүйесі рефлекторлық қызметінің басымдылығы. 2.Көркем тип – бірінші сигналдық шартты рефлекстің басымдылығы. 3.Орташа тип – мұнда екі сигнал жүйесінің бір де бірі басымдық көрсете алмайды. Адамдардың көпшілігі осы орташа типке жатады. Адам мінезінде бұлардан басқа да мінез ерекшеліктерінің пайда болуына әсер етіп отыратын арнайы типтердің болуы ықтимал. Темпераменттеріне сәйкес әр түрлі типтегі адамдардың еңбексүйгіштігі мен әрекетшілдігі де түрліше болып келеді
Тағы рефераттар
- Фирманың шығындары және олардың түрлері
- Скважина оқпанында үлкен тығыздықты сұйықты аз тығыздықты сұйыққа алмастыру
- Мұнайдың құрамындағы тұздар
- Сәкен Сейфуллин музейі
- Дін туралы жалпы түсінік