Құжаттарды сақтайтын құралдар және оларды орналастыру туралы қазақша реферат

Құжаттарды сақтайтын негізгі құралдар тұрақты немесе жылжымалы металл стеллаждар, отқа төзімді етіп өңделген ағаш стеллаждар болып табылады, қосалқы құралдар — металл шкафтар мен сейфтер.

Сақтау құралдары терезелі қабырғаларға перпендикуляр орналастырылады. Құжаттарды сақтайтын құралдарды ғимараттың сыртқы қабырғасына және жылу көздеріне тақап орналастыруға рұқсат етілмейді.

Сақтау құралдарын орналастыру мынадай нормаларға сәйкес жүзеге асырылады: олардың қатараралық қашықтығы — 120 см; сақтау құралдары аралықтарының қашықтығы — 75 см; ғимараттың сыртқы қабырғасы мен оған параллель қойылған сақтау құралдары аралық қашықтығы — 75 см; қабырға мен  сақтау құралы бүйірінің ара қашықтығы — 45 cм; еден мен сақтау құралының төменгі сөресіне дейінгі аралық — 15 см.

Құжаттар сақтау құралдарының сөрелеріне стандартты мұрағат қораптарына, электрондық негіздер — қынаптарға салынып жайғастырылады. Сақтандыру қоры мен пайдалану қорының шағынфильмдері металл қораптарда сақталады, стандартты раккордтары болады және фотоқабатты беті сыртқа қаратылған күйінде орам етіп оралады. Құжаттарды еденге, терезе алдына, басқыштарға немесе реттелмеген үймелер арасына қоюға болмайды. Сақтау құралдары дербес түрде мұрағатқа кірер есіктің сол жағынан оң жағына қарай, ал сөрелері жоғарыдан төмен қарай нөмірленеді. Құжаттардың орналасқан жерін белгілеу мақсатында әрбір сақтау құралына топографиялық карточкі жасалады. Топографиялық карточкі нөмірі сақтау құралының нөмірімен сәйкес келеді.
Тағы рефераттар