Бухгалтерлік есептің дамуына үлес қосқан ғалымдар туралы қазақша реферат

Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде сауданың арқасында шықты. Осылайша 1458 ж. көпес Бенедетто Котрульидің «Сауда және нағыз көпес туралы» деген бірінші кітабында бухгалтерлік есептің гылым ретінде пайда болып, қалыптасуы карастырылды. Тараулардың бірі «Сауда кітабын жүргізу тәртібі туралы» деп аталады. Ал 1494 ж. итальяндық белгілі математик, монах Луки Пачоли (1445-1517) жазған «Есептер мен жазбалар туралы трактат» атты бухгалтерлік есеп жөніндегі алғашқы кітап басылып шықты. Италияда, Францияда, Германияда. Англияда ол бірнеше ғасыр бойы бухгалтерлік есеп бойынша негізгі басшылық ретінде пайдаланылады. Екі жақты жазу тәсілі (мұның жэрдемімен материалдарды, дайын өнімді, негізгі қаражат пен тағы басқа құндылыктарды сақтауға қойылган бақылау жүзеге асты) әлі күнге дейін өзінің мәнін жоғалтқан жок.

Луки Пачолиден кейінгі көрнекті автор Жак Савари (1622 — 1690). Ол «Нагыз көпес туралы» жүмысын жариялады, шоттарды синтетикалық және аналитикалык деп бөлді, сауда калькуляциясын түсіндірді. мүліктік (өзіндік құны бойынша бағалау) және конкурстық (ағымдағы бағалар бойынша бағалау) баланстарды жіктеді, соңғысына меншік иесінің жеке мүлкі де кіреді. Ол басқару есебін құрушылардың бірі болып саналады.

Матье де ла Порт Саваридің мықты бәсекелесі болды. Оның еңбегі мынада, ол шоттарды үш топқа жіктеді:

— мешпік иесі — экономикалық қызмет аткарады (капитал қозғалысы);

— мүліктік   (материалдык)   —   арнайы   шаруашылық   қызметін   орындайды (кәсіпорын ішіндегі ресурстарды басқару);

— жеке (корреспоқцеютік) — зандық қызмет атқарады (үшінші субъект үшін бөгде, тыс тұлғамен есеп айырысулар).

Бухгалтерлік терминологая әлі белгіленбесе де; ол өзінің кітабын бухгалтерлік терминдермен толықтырады.

1796 жылы Бристолда Эдварда Томастың «Есеп жүргізудің агылшындық жүйесі» кітабын шығарды. Оның орнына тек есептік регисгрді ғана емес, алғаш рет бухгалтерлік есепті түгел қамтитын теориясын карастыратын Дегранж жүйелеп баяндаған «америкалык үлгі» келді. Дегранж есептін екі мақсатын көздеді: уақыттың кез келген сәтінде есептердің жагдайын айқындау және субъектінің меншікті капиталы мөлшерін анықтау. Бұл үрдіс ол бас есеп шоттарын пайдаланды: касса. тауар, алынуға тиісті қүжаттар, телемге арналған кұжаттар, шығындар мен пайда. Ол барлық осы есепті бір регистр Басты Журналда біріктірді.

ХҮШ ғ. Ортасында Англияда өндірістік шығындарды есептеу жүйесі қалыптасты. Бухгалтерлік және өндірістің табиғи-құлдық есеп техникасын жете баяндаған, математика мұғалімі Джеймс Додсон (1750) жана бағыттың нсгізін қалаушыға айналды. Дегенмен, оның есебінің мақсаты — дайындалған бұйымға кеткен шығындар емес, оны қай шебер дайындағанда қанша ақы табуға болатындығы жөніндегі қорытынды еді.

Әрбір бөліс бойынша нәтижелілікті есептеуте назар аударғандардың бірі -философия профессоры Роберт Гамильтон (1788). Зығыр өндірісін жете зерттеген ол үш бөлісті: шіру, тоқу және ағартудың әрқайсысы бойынша пайда мен шығынды анықтауды бөліп көрсетті. Бұл өнеркәсіпті: бөлістің бар болғаны жөн бе, әлде сатып алынатын жартылай өнімдерді пайдаланып, неғұрлым көп кіріс әкелетіндерін қалдырған дұрыс па деген шешімге жетелейді.

Ф.В. Кронхейльм (1818) өндірістік есептін алғашқы теоретигі болды. Ол есепті екіге бөлді: өндірістік және бухгалтерлік. Өндірістік есептер тек заттай ғана бейнеленді; ал бухгалтерлік қалыптасқан дәстүрлі жұйемен ұсынылды өндіріс» есебіндегі дебет сальдосы әлі бітпеген өндірісті көрсетті. Алайда ол материалдар бірлігі калькуляциясы туралы ойға әлі келе койған жоқ еді.

Алғаш алгоритм машинасын жасаушы, астроном және ұлы математик Чарлъз Бэббидж (1832) әрбір өндірістік процесс бойыпша шыққан шығынды есептеуді, бұзылған жабдықты жөндеуге байланысты негізгі құрал-жабдықтың тозуы мен шығын сомасын анықтауды бірінші болып түсіндіріп жазған болатын.

XIX г. ортасынан бастап Еуропаның әр түрлі елдерінде бухгалтерлік есеп тәжірибені қорытатын, сонымен бірге оны жетілдіретін ғылым ретінде дами түсті. Үііі атақты итальян мектебі дүниеге келді.

Бірінші — ломбардтық мектепті құрушы Франческо Вилла (1801-1884) болды. Бұл бағыт, бухгалтерлік есепті техникалық тәртіпке жалғастыруға болмайды деп санайды, өйткені ол экономикалық-әкімшілік ұғым кешені екендігі айтылады. Ол есептер көмегі арқылы ұйымдастырылады. Бухгалтерлік есеп шаруашылық процесімен шұғылданған тұлғаларды бақылау үшін әкімгерге (администратор) қажет. Ол басқа екі тосқан және венециан мектебін құрушыларга үлкен ықпал етті.

Тоскан мектебініңбасшысы Джузеппе Чербони (1827-1917) еді. Ол Э. Дегранждін ісін жалғастырды. Д. Чербони үшін бухгалтерлік есеп — әкімшілік міндет пен іс-кимылдар ғылымы еді.

Д. Чербони ілімі логисмографш(догос — ой, графия — баяндау) деп аталады. Оның ізбасарлары көп (Джитти, Боналуми, Беллини, Рива, Масса).

Винченцо Джитти (1856-1945) Чербонидің жақтаушысы болды, ол логисмографикалык жазбалардың талдаушылык мүмкіндіктері синтетикалык-аналитикалыктардан гөрі кеңірек екендігін көрсетті. Джити сметаның мәнін айкын ұғынды. Оның пікірінше, бул — меншік иесінің әкімгерге ұсынатын өкілеттіктерінің шегі.

Итальян мектебі орталығында әрқашан шаруашылық болды. Ф.А. Боналуми (1832-1904) бухгалтерияда мудделер жиьгатығы барын көре білді: бір жагынан кожайыпнын, екіыші жагынан — үшінші түлғалардьщ. Оның пікірінше, есептің мақсаты — орындалған шаруашылық операцияларының экономикалық және заңдық салдарын айқындау. К. Беллини (1852—1935) ағымдағы іс жағдайын көрсететін мулік пен болашақты болжайтын смета арасындағы параллельді жүргізді. Ол есепті басқару жөніндегі ғылым ретінде қарастырады. Мұндай көзқарасты Д. Масса (1850-1918) да ұстанды, бірақ ол бұл тек қана басқару жайлы ғылым емес, адамдарды басқару туралы ғылым деп қосты. Д. Масса: «Есептің мақсаты мен міндеті шаруашылық қызмет қорытындыларын шығару мен іс-әрекетті бақылау, сонымен бірге бакылаушы орган бухгалтерия әкімшіліктен тәуелсіз болуы тиіс», — деді.

Д. Масса Италияда отыз жыл бойы шығып тұрған бухгалтерлік журналды бірінші болып шығара бастады. Венециандық мектептіңкөшбасшысы — Фабио Беста (1845-1923). Ол Чербонидің ілімін теріске шығарды. Ол үшін бағалау — есептің мақсаты. Құндылық — зат, бұйым. бухгалгерлік есеп — бақылау туралы ғылым. Оның пікірінше, бақылау алдын ала, ағымдағы және кейінгі болады.

Бестаның шәкірттерін смета есебі идеялары баурады.

Эмануэль Пизани (1845-1915) тоскан мен венециан мектептерінің идеяларын синтез жасауға тырысты. Ол тоскан мектебінен есептер теориясын, ал венециан мектебінен — олардың сипатын алды. В. Армуцци амортизация төлеудің үш нұсқадан тұратын тәртібін ұсынды:

  1. Үдемелі отеу.
  2. Желілі (тең шамада) отеу, жылдан-жылға бірдей пайда болса.
  3. Жылдамдатып өтеу, егер алғашқы жылдары кейінгі жылдарға қарағанда көбірек есептелсе, ал мерзімді қаржыларды ауық-ауық төлеусатып алу жолымен (амортизация) қалдық құннан алынады.

Шаруашылық есептің даму тарихы 6000 жылға жуық. Алайда, есептің пайда болған күнін нақты көрсету мүмкін емес. Есеп біртіндеп, ұзақ уақыт бойы және белгісіз жағдайда дүниеге келді. Шаруашылық қызметтер фактілерін жаппай және жүйелі түрде қадағалау және көрсету қарапайым бухгалтерияны дүниеге әкелді.

Қарапайым бухгалтерия кәсіпорынның барлық материалдық және ақшалай, сонымен қатар есеп айырысуларын бақылауға алуға мүмкіндік берді. Есепті заттық есептеумен, ал есеп айырысуларды — ақшалай бірліктермен жүргізді. Ретке келтірілген есеп тіркегіштері -кітаптар, «кіріс-шығыс», «инвентарь» сияқты ұғымдар пайда болды. Есеп алғашында тіркеу сипатында ғана болды.

Есептің дамуындағы жаңа кезең екі жақты немесе қосарлы бухгалтерияның пайда болуымен сипатталады.

«Бухгалтер» термині XV ғ. Австрияда өмірге келді. Ең алғаш бухгалтер атағын алған лауазымды тұлға Инсбрук есеп палатасының іс жүргізушісі Христофор Штехер болып табылады.

Экономикалық теорияда бухгалтерлік есептің даму кезеңін төрт негізгі кезеңге бөліп қарастырады:

I.  Тауарлы-ақшалай қатынастарының пайда болуынан бастап XVIII ғ. аяғына дейін;

II. XVIII ғ. аяғынан XIX ғ. дейін;

III.XIX ғ. соңы -XX ғ. басы;

IV.XX ғ. бастап бүгінгі күнге дейін.

Қазіргі уақытта шаруашылық есептің негізгі 3 түрі ажыратылып көрсетіледі:

1.Жедел немесе оперативті;

2.Статистикалық;

3.Бухгалтерлік.

Сонымен,шаруашылық есеп — кәсіпорындар мен халық шаруашылығының шаруашылық қызметтерін басқару және бақылау мақсатында сандық-сапалық көрсеткіштермен есептеу және көрсету

Заман ағымына байланысты бухгалтерлік есеп алдында көп сұрақтарға жауап алу қажеттігі туындап отыр. Алайда әр кезеңде де толғағы жеткен сан-мыңдаған көкейдегі сұраққа жауапты ғалымдар әлі шеше алмауда. Әлбетте кейбірін шешкендерімен басқа да туындап отырған сұрақтар ойды мазалап тынымсыз күйге түсіруде.

Әлбетте шаруашылық ісімен айналысқан адамдар өз көкейлеріндегі келелі сан сұрақтарға жауап іздегенде небір қателерді бастан өткеріп, оларды қалпына келтіріп жөндеу барысында кейбір мәселелердің шешімін тауып отырды.

Алайда қаншама жүзден аса ғасырларды артқа тастай отырып, небір қателіктерді бастан кешіре адамдардың шаруашылықты басқарып істерін алға жүргізуде өмірлеріне өзгерістер енгізуде одан да қиыншылықтарды бастарынан кешіре бастады, әрине бұл үшін нақты бір шешім шығару үшін ғылымның дамуына әкеліп тірелтті.

Жалпы алғанда жер шарында есеп жүргізу бухгалтерияның күнделікті қызметінде бағалап, анықтауда ғылыми категория тұтастығын ретінде танылып отыр.

Деректерге сүйене отырып ғалымдар бұл категориялар алғашқы кезеңінде көпестердің сату алаңдары мен канторларында шаруашылық қызметін жүргізуде қолданылған.

Экономикалық даму сатысында түрлі лауазымды адамдар мен инженерлер, тағы да басқа адамдар қызметінде түрлі өзгеріске ұшырап, түрлі формаларды қабылдап отырды.

Сонымен қатар белгілі бір қоғамдағы түрлі өзгерістер да өзінің зор ықпалын тигізіп есеп жүргізудің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізді.

Барлық кезеңде де шаруашылық өмірінде түрлі фактілерді жазуды алғашқы кезеңде аса ешкім көңіл бөлмеді, уақыт өте келе нақты тіркеп сипаттап жазу қатеттігі туындаған.

Яғни мұны жалпы алғанда категория деп айтуымызға болады. Категория формасына енген,  шынайы нәрседен сан сияқты білім жеке мәнге ие болды. Сөйтіп категория негізіндегі білім уақыт өте келе нақты бір ғылымға айналды.

Барлық ғылымдарды пәніне, әдісіне немесе мақсатына байланысты жіктеуге болады.

Бухгалтерлік есептің де шаруашылық өмірдің фактісі негізіндегі — өз пәні, моделдеудегі-өз әдісі және құндылықты сақтауды қамтамасыз ету мен шаруашылық қызметтің қорытындысын анықтауда- өз мақсаты бар.

Олай болса, бухгалтерлік есептің тарихы әр уақыттағы түрлі нақты шешімге келудегі ізденіс. Себебі сол кезеңде осы есепті жүргізуші адамдар бірде дұрыс шешімін тауып өз ісіне жол ашса, бірде тығырыққа тіреліп қиындықты да бастарынан өткеріп, шешімін айқындауға небір алтын уақыттарын сарп етті. Сөйтіп есеп тарихы жеңістен-жеңіске жетудің жолы ғана емес, ол өрге өрмелеп небір қиындықтарды бастан өткерудің жылнамасы болды.

.

Тағы рефераттар