Мүгедек деп тiршiлiк-тынысың шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары, денсаулығы тұрақты бұзылған адамдарды атайды.

Мүгедектiктi, еңбек қабiлетiн жоғалту дәрежесiн белгiлеудi және көмек пен күтiмнің қосымша түрлерiне мұқтаждықты айқындау үшін медициналық-әлеуметтiк сараптамадан (бұдан әрi — МӘС) өту қажет.

Медициналық ұйымдар ағза функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту iс-шараларын жүргiзгеннен кейiн адамдарды, уақытша еңбекке жарамсыз болған немесе диагнозы белгiленген сәттен бастап кемiнде төрт айдан кейiн МӘС-ке жiбередi.

Медициналық-әлеуметтiк сараптама:

1) тұрғылықты тұратын (тiркелген) жерi бойынша;

2) мамандандырылған мекемелерде емделіп жатқан жерi бойынша;

3) түзеу мекемелерiнде және тергеу изоляторларында жүргiзiледi.

Куәландыру үшін мынадай құжаттар беру қажет:

1) 088/у нысаны ресімделген күннен бастап бір айдан кешіктірмей;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

3) тұратын жері туралы деректер;

4) ауру динамикасын талдау үшін амбулаторлық карта, ауру тарихының және зерттеу нәтижелерінің үзінді көшірмелері;

5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылады.

Куәландырылатын адам жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа:

6) кәсіби еңбекке қабілетін жоғалту белгіленген жағдайда — еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға немесе қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануы туралы Н-1 нысаны бойынша акті (бұдан әрі — Н-1 нысанындағы акті), Ұлттық еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар орталығының мерзімі екі жылдан аспаған қорытындысын (бұдан әрі — ҰЕГ мен КАО қорытындысы);

7) жалпы еңбек қабілетін жоғалту белгіленген жағдайда — міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу фактісін растайтын құжатты;

8) мүгедектік себебі жаралануына, контузияға, жарақатына, мертігуіне ауруына байланысты айқындалған жағдайда — оның себептік-салдарлық байланысын белгілейтін уәкілетті органның қорытындысын;

9) 18 жасқа дейінгі адамдарға тәрбие, білім беру түрлері мен нысанын айқындау үшін айғақтар белгіленген жағдайда — психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын;

10) еңбекке қабілетті жастағы адамдардың арасында алғашқы мүгедектік белгіленген жағдайда — еңбек қызметі туралы мәліметтерді (еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі) ұсынылады.

Организм функцияларының бұзылуы мен тіршілік-тынысының, оның iшiнде еңбек қабілетiнiң шектелуi дәрежесiне қарай мүгедек деп танылған адамға бiрiншi, екiншi немесе үшiншi топтағы мүгедектік, он алты жасқа дейінгі адамға «мүгедек бала» санаты, ал он алты жастан он сегiз жасқа дейінгi адамға бiрiншi, екiншi, үшіншi топтағы «мүгедек бала» санаты белгіленедi.

Мұны білгеніңіз жөн (оқып шығыңыз):

1)                «Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

2)                «Медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 Қаулысы

1) www.e.gov.kz – «Электронды үкімет» порталы («Заңнама» бөлімі);

2) www.enbek.gov.kz/ — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты;

3)  www.invalid.kz/ — Қазақстан мүгедектерінің порталы.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «мүгедектікті анықтау», «мүгедекті анықтау үшін не істеу керек» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Тағы рефераттар