Жоғарыда тұлғаның даму процесі туралы айтылса, ал музыка саласындағы тұлғалық және кәсібилік дамуында оның өзінің қасиеттері, сипаты, ерекшеліктері бар екенін білдіреді.

Музыканттың даму — қалыптасуы мақсат бағытында, жоспармен, психолого-педагогикалық кезеңде, олар оқу-білім алу процесінде ерекше орын алады, ол оның ұйымдастыруы, мазмұны, формасы, әдіс-тәсілдері.

         Үлгі ретінде ЖОО-ның музыкалық-орындаушылық оқыту тәжірибесіне көңіл аударайық (фортепиано, шекті, үрмелі, халық аспаптары және дирижерлау). Келесі фактілерге назар аударайық:

1) музыкалық-орындаушы оқушысы күнделік тәжірибеде, азды-көпті көлемдегі оқу-педагогикалық репертуардан музыкалық шығармаларды меңгереді. Ол деген тұлғаның аз көлемді көзқарасы, даму процесінің баяулауы, қызығушылық пен қабылдауы төмендейді;

2) музыкалық-орындаушылық сыныптарда қабылдаған іс-әрекет жұмыстары «жаттығу» сияқты; оқушыларда теориялық және жалпылама сипатының «қоры» аздауы және «өнім» бермейді; музыкалық-танымалық білімінің аздығы. Осының бәрі жастардың музыкаға деген көркем-интеллектуалды және эмоционалды даму «қорының» аздығына келіп әсер етеді;

3) оқу барысы көбіне авторитарлық бағытында. Бостандығының жоқтығы оған деген қысымы өзіндік, шығармашылық инициативаға, белсенділікке жол ашпайды. Сондықтан, бостандық пен даму (оның ішінде тұлғалық-кәсібилік дамуы) – бір-бірімен ішкі байланыс категориясы, бірін-бірі  қосатыны;

4) аспапта ойнау, оқытудағы икемділік пен дағды кей уақытта тығыз арнайлығы, оның әрекет диапазонына әсер етеді және бұрын үйреніп қалған, бұрын қалыптасқан икемділік пен дағдылар жаңа тәжірибесіне, жаңа жағдайда қойған мақсаттарға тез көше алмайды;

5) қазіргі техникалық құралдардың мүмкіншілігін (аудио, видео) пайдаланбайды. Оны оқу барысында қолдана білуі де маңызды;

6) музыкант-оқытушы өз бетінше оқуға  үйрету керек. Оқуда, білім алғанда, оқытқан «қоры» өмірде кей уақытта келмейді, осы кезде қайта бейімдеу, қайта оқу, қайта бетбұру, қайта өзінің кәсіби білемін, икемділігі мен дағдыларын қарау.

Оқуға үйрету (учить учиться) — өзіндік әрекетінің «әдіснамасына» бейімдеу, оқушыда өмірлік пен кәсібилік позициясы қалыптасады, өз жүрісі, өз дамуы, өз актуалдығы, әлемге, мамандыққа, өзіне деген көзқарасы. Сондықтан, тұлғалық — кәсібилік дамуы арнайы қабілет кешеніне байланысты (музыкалық есту сезімі, музыкалық ырғақ сезімі, музыкалық есте қалу сезімі).


Тағы рефераттар