Музыкалық қабылдау музыкалық мәдениетте көп қырлы да маңызды:
1 — ншіден, композитордың, орындаушының музыка қабылдауының қорытынды мақсаты;
2 — ншіден, композициялық тәсілдердің, стилистикалық ізденістері мен жаңашылдықты бекітуі және таңдау құралдары тыңдармандардың сезінушілік қабылдауы және музыкалық мәдениетінің бір бөлігі ретінде өзінің жанасуы;
3 — ншіден музыкалық қабылдау – оқушының музыкада алғашқы қадамынан композитор болу деңгейінің музыкалық әрекеті түрлерінің бірлігі: қандай да музыкант өз-өзінің тыңдаушысы.
Оқырманға, көрерменге, тыңдаушыға қазіргі мәдениеттің шыңы көпқырлы мәдениет «өнімінен» айырмашылығы бар. Көпқырлылығы әсіресе музыкада байқалады, тыңдаушыны өзіне бәсекеге тарту үшін жай ғана музыка жанрлары мен стилі, оның түрлері де жатады: классика, джаз, эстрада және рок-музыка.
Классикалық музыканың осындай «бәсекеде» жағдайы өте нашар. Бір жағынан ғасырлар бойы қалыптасқан классикалық музыка, атақты композитор-тұлғалар, дарынды музыканттар – композитор, орындаушы, дирижер, хормейстер т.б. халық компазиторлары. Бір жағынан бұл — мәдени мұра, жоғарғы рух, тарих, музыкалық сұлулықтың деңгейі, орындаушылық мүмкіншілігі (мемлекеттің қолдауы — концерттер, филармония, хор-оркестр, мекемеде симфониялық оркестрдің бары, академиялық хордың барысы т.с.). Бірақ мынандай жағдайды бәсеке деп айтуға болмайды, шамамен тыңдаушыны өзіне тарту, тыңдаушыны әсемдікті сезіне білуге, тәрбиелеуі т.с.с.
Ал енді классикалық музыканың басқа музыкадан кейін қалуы – ол өзімізге байланысты. Әліде де музыкаға демеушілік керек, тыңдаушыны, музыка сүйер адамды бала жастан тәрбиелеу – бұл қоғамның міндеті. Сондықтан, классикалық музыкаға кең мағынадағы аудитория керек. Жоғары музыка әлеміне кіру үшін адамды музыкалық мәдениетке оқыту, тәрбиелеу. Ол деген: оқушыларды музыканы қабылдауына үйретуден бас тартпай, үлкен кісіні де тыс қалдырмай тыңдау мәдениетіне үйрету.
«Дәл, парапар қабылдау» (В.Мендушевский) деген ұғым пайда болды. Парапар қабылдау – музыкалық тіл, жанр, стиль және рухани-құндылық мәдениет принципі. Бұл – берілген шығарманы көркем мәдениеті тәжірибесінде қабылдау өнегелігі, үлгісі.
Тағы рефераттар
- Мемлекеттік бағдарлама бойынша қалай тұрғын үй алуға болады?
- Кентау қалалық әкімшілігі
- Әлихан Бөкейхан — Мемлекеттiк Дума депутаты
- 1924-1925 жж. ұлттық-мемлекеттік межелеу саясаты. Қазақстанның тұңғыш шекарасының белгіленуі
- Құқық пәнінен тест сұрақтары