Музыканың алғаш шығуы – ол интонация, дәлірек айтса – интонациялық әуенді есту қабілеті. Ал, әуен – құрастырылған дыбыстардың бірізділігі және музыкалық ойдың бейнелеушілігі.
Сондықтан, интонацияны-әуенді есту қабілеті – адамның музыканы қабылдау қабілеті, интонациямен ішкі сезімнің логикалық түрде қауымдасқаны, байланысқаны, біртұтастылыққа біріккен көркем образдардың түрлері.
Интонацияны — әуенді есту қабілеті іс-әрекеттің кездейсоқ, алғашқы кезіндегі түрлерінде қалыптасады (музыка тыңдаудан басталады) және музыкалық құбылысты қабылдау қабілетін дамытады (мектеп жағдайында), ал жоғары оқу процесінде — жоғары деңгейдегі дамулық, нәзіктілік, саққұлақ интонацияны-әуенді есту қабілеті талап етіледі.
… интонацияны-әуенді есту қабілеті орындаушылық әрекетте қалыптасады, дамиды. Негізгі мәнерлеушілік құралдарының бірі – интонация, оны қалай сезінемін, оны қалай жеткіземін … оған музыкалық-орындаушылық мазмұны жатады.
Орындаушылық әрекетіндегі музыка интонацияны-әуенді есту қабілеті интервалдарды алғыр қабылдауына байланысты. Ал әуенді интервал музыкалық жүрісіндегі үрдіс, мықшыңдаудың дәрежесі (степень напряжения).
Қорытындыласақ, интонацияны-әуенді есту қабілетінің кемелдігі, жаңа сапалылығы — оқушылардың музыкалық-есту әрекетінің белсенділігі, оның мықшыңдауының дәрежесі, әсерленушілігі мен музыкамен шұғылдану белсенділігі.
Тағы рефераттар
- Әлеуметтік лингвистика
- Бәсентиін Малайсары батыр
- Мембрана
- Ықылас Ерденұлы (1843-1916)
- Қожа Ахмет Ясауи «Диуани Хикмет»