Музыкалық — орындаушылық сыныбының жұмысы туралы айтатын болсақ, кәсіби-дамушылық түрлері мен формаларының бірі – ол парақтан оқу.
Парақтан оқу тәсілі қандай пайда береді? Ол оқушының жалпымузыкалық дамуында қандай әсер, белсенділік көрсете алады, оның қуаты неде?
Музыканттың көз алдында, оның санасында, ойында қаншама түрлі музыкалық шағырмалар, көркем стильдер, тарихи замандар өтуде. Парақтан музыканы оқу — іс-әрекеттің бір түрі, музыкалық әдебиетпен қолдамалы және кең түрде танысу барысын ашады. Сондықтан парақтан музыканы оқу әрқашанда және музыкалық қабылдаудың әсерлі, «жаңа ашуы», жедел және түрлі сипатты музыкалық ақпараты ауысып отыруында. «Қанша оқысақ та – сонша білеміз» келе жатқан ақиқатқазіргі уақытта музыкалық білім беруде өз мәнін жойған жоқ.
Музыканы оқи отыра, музыкалық шығармалармен танысу, жаңашылын ашу. Ол жаттау емес, есте сақтау емес, меңгеру емес танысу үшін жасалатын іс-әрекеттің бірі. Осы кезде ерекше психологиялық қалып пайда болады. Музыканы оқу кезінде музыканттың ойлауы табиғилығы, дұрыс оқу кезінде, кәсіби оқу кезінде түсі өзгеріп, қабылдау шағы жарқырау, жанды, тұтқырлығы. Парақтан оқу барысында музыкамен танысу – процесс, ерекше жарық, эмоциялық бояуды қатыстыруы. Оқу — ол да сабақ, музыкалық ойлау процесінінің сапалығы көтеріп, жаңартады. Сондықтан, парақтан оқу – оқушылардың жалпы музыкалық дамуына, болашақ барысындағы қысқа жол.
Әрине нотаны парақтан оқу процесінде дамушылық оқыту принципі көрінеді, оқушының музыкалық материалды кең көлемінде пайдалануы және жедел танысуы.
Расында да парақтан оқу — ең аз уақытта барынша ақпарат алуы. Осыдан қорытынды жасауға болады: егер оқушының жалпы музыкалық дамуы – оның қабілеті, интелектісі, есту сезімінің кәсібилігі музыкалық педагогиканың арнайы мақсаты болса, онда парақтан оқу, осы мақсатқа тәжірибе барысында жетудегі арнайы құрал бола алады.
Ендігі бір мәселе – музыкалық шығармаларды нобайы уйрену, ол да бір музыканттың ерекше іс-әрекетінің формасы. Бұл да музыкалық шығарманы үйрену қорытындысы емес. Осы жұмыстың қорытынды кезеңі – музыканттың музыкалық шығарманы бейнелік — поэтикалық жағын қамту, шығарманың нақты көркем, түзелмейтін ойын орындаушының осы ойды жүзеге асыруында болып есептеледі.
Сұрақ туады: немен, қалай, музыкалық педагогиканың мамандары нобайы үйренуді қызықтырады? Оның ерекше арнайы артық жері неде? Нобайы үйрену әрекеті оқу — педагогикалық процесті немен байытады, оқушы — музыкант болашақта не істей алады?
Шығармамен жедел жұмысын қысқартып, нобайы үйрену формасы оқушының музыкалық материалдарды сан жағынан үйренуі көбейеді, оқу процесіндегі материалды меңгеруі мен білуі.
Сондықтан, шығарманы нобайы үйрену кезіндегі санаулы уақыт музыкалық материалды жедел үйренуінде (тез екпінде). Сондықтан, оқу-педагогикалық процесінің жеделдетуі: оқушының алдында қойылған мақсат – берілген ақпаратты меңгеруін қысып, нығыздау уақытта.
Сондықтан, нобайы үйрену формасы музыкадағы дамушылық оқу принципін өмірде жүзеге асыруы, оқу репертуарымен жедел жұмыс істеуі, оқушының үздіксіз, жылдам қадамы болып саналады.
Жоғарыда айтқандарының қорытындылауға болады: музыкалық аспапта сабақ жүргізуі, «нобайы» орындаушылық әрекетті құру, осының бәрі оқушының жалпымузыкалық дамуына ықпал етеді (оның ішінде – музыкалық — интелектуалдық дамуы).
Нобайы үйрену кезіндегі репертуар жөнінде бірер сөз. Талаптың бірі: құрылыс жағынан түрлі, стилистикалық байыған және көпжоспарлы болу керектігі (әртүрлі композиторлардың шығармалары). Жас музыкантқа нені ойнау керек, нені үйренуге шұғылдану. Сондықтан оқушы нені ойнағысы келеді, оған кедергі жасамау керек.
Ал нобайы үйрену кезінде музыкалық шағарманы жаттау керек пе? Беделді ғалымдардың ойынша, жоқ, керек емес. Музыканы нотамен парақтан оқу барысындағы кәсібилігі жетеді дейді.
М.Фейгин былай дейді: «Біз оқушыны парақтан жақсы оқығанын талап етеміз … Бұл болашақтағы музыкалық өмірдегі концертке қатысу емес, нотаны парақтан оқуын талап ету. Қысқасы, нотамен парақтан оқуын дамыту қажет және жүйелі түрде».
Тағы рефераттар
- Теңіз деңгейінің катастрофалық өзгерістері
- ҚР Прокуратурасының тарихы
- Еңбек нарығының тиімділігін көтерудің маңызды жақтары
- Болат өндірудің мартен әдісі
- Имплозия