Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімі. Заңды тұлғалар жер салығы салаларын салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейді.

Заңды тұлғалар салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті. Ағымдағы төлемдердің сомалары ағымдағы жылдың мына мерзімдерінен кешіктірмей тең үлестермен төлеуге тиіс:

  • 20 ақпанда;
  • 20 мамырда;
  • 20 тамызда;
  • 20 қарашада.

Жаңа құрылған салық төлеуші құрылған күннен кейінгі кезекті мерзім

ағымдардағы төлемдерді төлеушілердің бірінші мерзімі болып саналады.

Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу

мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары және діни бірлестіктерге пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейінгі түпкілікті есеп айырысу және салық сомасын төлеу декларация табыс ету мерзімі басталғаннан кейін он жұмыс күні мерзімнен кешіктірмей төлейді.

Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша міндеттемелер өзгерген жағдайда, ағымдағы төлемдер салық міндеттемелер өзгерген жағдайда, ағымдағы төлемдер салық міндеттемелерінің өзгерту сомасына жер салығын төлеудің алдағы мерзімдері бойынша тең үлестермен түзетіледі.

Салық салу объектілеріне құқықтар салық кезеңінің ішінде берілген жағдайда салық сомасы жер учаскесіне құқықты іске асырудың нақты кезеңі үшін есептеледі.

Осы құқықтарды беретін тұлғаның жер учаскесіне іс жүзінде иелік еткен кезеңі үшін төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеген кезде бюджетке енгізілуі тиіс.

Бұл ретте бастапқы төлеушіге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ол жер учаскесін берген айдың басына дейін есептелген салық сомасы көрсетіледі. Одан кейінгі төлеушіге салық органдары жіберетін жер салығының есептелген сомасы туралы хабарламада оның жер учаскесіне құқығы пайда болған кезеңдегі ай басынан есептелген салық сомасы көрсетіледі.

Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезде салықтың жылдық сомасын бюджетке тараптардың (келісім бойынша) бірі енгізуі мүмкін. Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде төленген салық сомасы кейіннен қайта төленбейді.

Салық төлеуші салық кезеңінде декларация табыс ету мерзімі басталғаннан кейін он жұмыс күні мерзімнен кешіктірмей біржолата есеп айырысуды жүргізіп, жер  салығын төлейді.

Осы ережелер бюджеттен есеп айырысуды ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге арналған арнайы салық режимінде жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, аталған арнайы салық режимі қолданылатын қызметке пайдаланылатын жер учаскелері бойынша қолданылмайды.

Жекелеген жағдайларда салық есептеудің ерекшеліктері

Бірнеше салық төлеушілердің пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелеріне жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық төлеуші бойынша жеке есептеледі.

Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары және діни бірлестіктер үйдің, құрылыстың және ғимараттың бір бөлігін жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесінде орналасқан барлық үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың жалпы алаңындағы жалға берілген үй-жай алаңының үлес салмағына қарай есептелуге тиіс.

Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлікті заңды тұлға сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтың 9.3-кестеде белгіленген базалық ставкалары бойынша есептелуге тиіс.

Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері.

Жеке тұлғалар (өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жекелеген кәсіпкерлерді, жеке нотариустар мен адвокаттарды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеуді салық органдары тиісті салық ставкалары мен салық базасын негізге ала отырып, 1 тамыздан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізеді.

Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне құқықты берген жағдайда салық  сомасы жоғарыда келтірілген ережелер ескеріле отырып есептеледі.

Жеке тұлғалар (өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жеке кәсіпкерлерді, жеке нотариустар мен адвокаттарды қоспағанда) бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлейді.

Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жер салығын заңды тұлғалардың жерлеріне белгіленген тәртіппен есептеледі және төленеді.


Тағы рефераттар