Қыпшақ мәмлүктерінің Мысыр жеріне Аббас әулеті билігінің соңғы кезеңінен бастап үзілмей келе бастайды. Олардың алдында әскери мансап сатысымен көтеріліп, кейін осы өңірдегі мұсылман мемлекеттері мен әмірліктерінің, әсіресе Мысыр мен Шам елінің негізгі, әрі басты әскери күшіне айналып, оның саяси өміріне кеңінен араласып, саяси бағытына ықпал ету дәрежесіне жетіп, әскери және саяси салалардағы басты күшке айналады.
Төл араб сөзі «мамлук», көпше түрінде «мамалик» бастапқы мағынасында — «біреуге тиесілі мүлік», «егесі бар мүлік» деген мағынаны берсе, кейін өз заманының тарихи жағдайларымен қолдануына байланысты, ол «ақ құл» деген екінші мағынаға ие болады. Сол заманның араб деректері оған «сатылатын және сатып алынатын, әке-шешесі жоқ ақ қүл» деген анықтама береді. Одан басқа, Африкадан әкелінген қара нәсілді құлдарды «абд», көпше түрінде «абид» деп атаған.
Уақыт өте, мәмлүктер бұл өңірдегі мұсылман мемлекеттерінің негізгі және бірден-бір әскери күшіне айналады. Ал, кей жағдайларда дербес мәмлүк мемлекеттерін құруға дейін барады. Орта ғасыр араб жазба деректерінің хабарлауы бойынша, мамлүктер тарихының бастапқы кезеңінде Орталық Азияда бұл кезде түркі мамлүктерін алудың негізгі көзі ретінде «Мауараннахр» елі, оның ішінде Самарқан, Ферғана, Ашруста, Шаш (Ташкент) және Хорезм өлкелері аталады. Араб деректері мәмлүктерді алудың төмендегідей негізгі жолдарын атап көрсетеді, олар:
— қүл базарларында сатып алу;
— соғыстарда тұтқынға түсіру;
— Ислам Халифаты құрамына кірген Орталық Азия мемлекеттері билеушілерінің орталыққа сыйлық ретінде ақ құлдарды,
яғни мамлүктерді жіберіп отыруы.
Мәмлүктерге қатысты араб деректерін сараласа, Аббас әулетінің халифасы Әл-Мутасим өзінің әскери тірегі ретінде түркі тегін ең алғаш пайдаланған халифа болып табылады. Түркі тегінің ерекше жауынгерлік қасиетін байқаған Әл-Мутасим олардың санын көбейтуге үлкен күш салып, мамлүк жасақтарын өзінің негізгі әскери күшіне айналдырады. Ол әмір кезінің өзінде де жыл сайын түркі мамлүктерін сатып алып, оларды әкелу мак-сатымен арнайы адамын жіберіп, халифа Әл-Мамунның билігі кезінде-ақ жеке әскерінде олардың санын үш мыңға жеткізеді. [19.31бет].
Сонымен, халифа Әл-Мутасим Халифаттағы арабтар мен парсылардың әскери және саяси билігі мен беделін азайту мақсатын көздеп, өз әскеріндегі мамлүктердің санын сегіз мыңға жеткізеді. Ал, тарихшы Ибн Тағри-Берди «Халифа Әл-Мутасим мамлүктерінің санын он сегіз мыңға жеткізді…» деген мағлұмат келтіреді. Халифа мамлүктерін жоғары әскери мансаптарға тағайындап, оларға сыйлық ретінде «иқта», яғни әскери қызметі үшін сыйға жерлер бөліп беруді тәжірибеге кеңінен енгізеді. Мәмлүктер өздеріне берілген жерлерге орнығып, халифаттың саяси өміріне кеңінен араласуға мүмкіндік алады.
Алғашқы түркі мәмлүктерінің Халифаттың орталығы Бағдадқа келуі жайындағы араб деректері төмендегідей жайды баяндайды: Түркілер Бағдадқа өздерімен бірге көшпелі өмірдің белгілерін, атап айтсақ табиғи дөрекілік, күш-қуаты толы денелерімен ерекше, атқамінерлік пен соғыс өнеріне аса бейімділік сияқты тек өздеріне тән қасиеттерін ала келді. Өздеріне жат көрінген түркі халқына Бағдадтың тұрғындары жек көрінішті көзбен қарап, бір-біріне тегі жағынан жат екі халық арасында шиеленістіктер туып, кей жағдайларда қақтығыстар орын алып, ортада екі жақтан да қаза тапқандар болады. Мәселенің шиеленіскені соншалықты, кала тұрғындары халифа Әл-Мутасимге арызданып, егер ол бұған шек қоймаған жағдайда оны, яғни халифаны өздерінің намаздары кезінде қарғыс айтамыз, деп қорқытқаннан кейін, халифа тез арада шұғыл шаралар ұйым-дастырып, нәтижесінде Бағдадтың жанынан мамлүктерге арнайы «Самара» деп аталатын кала салдырып, оларды сонда орналастырады. [20.34бет].
Саны мен күш-қуаты, беделі артып, мамлүктер халифаттың мемлекттік істеріне кеңінен араласа бастайды. Нәтижесінде Аббас әулетінің мемлекетін билеу толығымен солардың қолына кешеді. Олар қалағандарын істеп, үнамаған халифаны тақтан тайдырып, оның орнына басқасын отырғызып, тіпті бірнеше халифа мамлүктер ұйымдастырған астыртын әрекеттері мен қастандықтарының нәтижесінде өлтіріледі.
Осы кезеңде саяси және әскери салаларда елеулі жетістіктерге қол жеткізген, есімдері тарихқа енген түркі мамлүктерінің арасында Әл-Афшин, Ашнас, Итах, Уасиф, Сима әл-Димашқи және т.б. есімдері аталады. Олар Аббас әулеті халифатында әскери қызмет атқарып, оны қолдап, халифаттың түрлі өңірлерінде пайда болып отырған орталыққа қарсы көтерілістер мен бүліктерді басуда және оның Византия империясына қарсы жүргізген соғыстарына кеңінен қатысады.
Мысырда 868-905 жж. аралығында билік еткен Ат-Тулунилер әулетінің мемлекеті түркі текті мамлүктерді әскер мен мемлекетті басқару ісінде кеңінен пайдаланғаны белгілі. Бұл мемлекеттің негізін салған Ахмад ибн Тулунның тегі жөнінде ара деректері, оның әкесі Тулун Аббас әулеті халифасы Әл-Мамунғг Мауараннахр елінің билеушісі тарапынан сыйлыққа жіберілге түркі мамлүгі болды деген дерек келтіреді. [25.27бет].
870-877 жж. аралығында билік еткен Аббас әулетінің ха лифасы Әл-Мутамид түркі текті Ахмад ибн Тулунды Мысыр уалаятына билеуші етіп тағайындағаннан кейін, ол басқару, сот, әскер және қаржы салаларындағы биліктің барлық тұтқаларын өз қолына алады. Мысыр билігінде тәуелсіздікті көздеп, оған жету үшін өзінің билігін күшейту мақсатында әскерін тегі жағынан өзіне жақын түркі мәмлүктерінің есебінен көбейтіп, олар-дың санын 24 мың түркі мамлүк жауынгерге жеткізеді.
Осы кезден бастап Мысыр билеушілері мен олардың әскерлері түркі текті мәмлүктерден ғана құралады. Ахмад ибн Тулун өзінің сан мыңдаған мәмлүк жауынгерлерін құлдықтан азат ету арқылы олардан өзіне деген сенімі ерекше әскер құруды көздеп, өз әскерінің қүрамына кірген мәмлүктердің барлығын құлдықтан азат деп жариялайды және де бұл дәстүр кейінгі Тулынилердің бүкіл билігі кезінде де қатаң сақталған заң болып қалыптасады.
Солтүстік Африкада билік еткен Әл-Фатимилер әулеті 969-жылы Мысырды жаулап алып, онда өз билігін орнатады. Бұл әулеттің 952-975 жж. аралығында билік еткен халифасы Әл-Муизздің кезінен бастап мемлекет түркі, судан, бербер және «сақалиба» («сақалиба» халықтары туралы араб деректері былай дейді: ол — «құл» мағынасындағы француз сөзі. Ол замандарда Германдықтар славян халықтарын аулап, оларды, яғни славян еркектерін, әйелдері мен кішкентай балаларын Испания арабтарына құлдыққа сатуды кәсіпке айналдыруы себепті орта ғасырдағы арабтартың географ-саяхатшылары бұл атаумен жалпы славян халықтарын атаған) сияқты этникалық жағынан түрлі тектердің екілдерінен құралған әскери жасақтарға сүйенеді.
975-996 жж. аралығында билік еткен Әл-Фатими әулетінің өкілі — халифа Абд әл-Азиз түркі тегін баскалардан ерекше көріп, оларды мемлекетіндегі жоғары мансаптары мен лауазымдарда кеңінен пайдаланып, түркі текті мәмлүгі Манджу-Тегінді өз әскерінің басшысы етіп тағайындап, оған Шам елінің билігін тапсырады. Бұл оқиға халифаның жанындағы басқа тектен шыққан қызметшілері арасында наразылық пен қызғаныштық тудырады.
Түркі тегі өзінің ынта-жігерін кайта қалпына келтіруі 1020-1036 жж. аралығында билік еткен халифа Аз-Заһирдің кезеңінде орын алады. Ол түркі тегіне аса әуестік танытып, түркі мамлүктерін жоғары әскери мансаптарға қоя бастайды. Олардың ішінде түркі текті мамлүгі Ануш-Тегінді өз әскерінің басшысы және 1028 жылы Дамаск қаласының билеушісі етіп тағайындайды.
1036-1094 жж. аралығында билік еткен халифа Әл-Мустансирдің билік етеді. Әл-Мустансир өзінің анасы қара текті болуы себепті қара құлдарды сатып алуды көбейтіп, әскерін негізінен солардан жасақтауды жолға қояды. Сөйтіп, Африкадан әкелінген қара кұлдар Әл-Фатимилер әулеті мемлекетінің жойылуына дейін мемлекеттің негізгі әскери тірегі болып қала береді.
Әл-Фатимилер әулетінің мемлекеті ислам тарихында ең алғаш болып жасөспірім мамлүктерді ерекше жүйеге сәйкес тәрбиелеуге үлкен көңіл бөліп, ең бірінші болып Мысырда мәмлүктерді тәрбиелеудің бұрын болмаған методологиялық бағдарламалық жүйесінің негізін салды.
Әл-Фатимилер әулетінің мемлекеті күйрегеннен кейін, 1171 жылы оның орнына келген Әл-Айубилер мемлекеті Таяу Шығыс өңірі мен мәмлүктердің тарихындағы жаңа кезеңді ашты. Әл-Айубилер әулеті өзінің күрд тегінен шыққанына қарамастан, оның Селжүк түркі мемлекеті мен түркі мамлүктерінің қойнауында өсіп, аяққа тұруы себепті ол өзінің бойына түркі салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын және әскери құрылымдағы жүйелерін толық сіңіріп алғанын орта ғасыр араб жазба деректері мойындайды.
Селжүк түріктерінің мемлекет ретінде орнығуьшын бастапқы кезеңінде оның негізгі әскери күші ретінде түркі мәмлүктеріне арқа сүйеуі себепті, олар, яғни мәмлүктер сұлтандар мен әмірлерге жақындатылғандар қатарында саналып, оларға Селжүк сарайларында арнайы тәрбие берілген. Жас түркі мамлүктері Қыпшақ елінен әкелініп тұрған. Орта ғасыр мысыр тарихшысы Әл-Қалқашанди «Әл-Қифджақ, немесе әл-Қибджақ, немесе әл-Қыпшақ елі Еділ өзені өңірінде, Русия елінің оңтүстік-шығысында және Қара теңіз бен Каспий теңізінен солтүстікке қарай жатқан үлкен өлке. Оның тұрғындары түркі текті, көшпелі өмірімен және атқамінерлік өнерімен әйгілі. Бұл ел түркі текті «ақ құлдарды» алудыц негізгі орталығы болып есептеледі» дейді. Қыпшақ елінен әкелінген жас мамлүктерді Селжүк сұлтанының уәзірі Низам әл-Мәлик өзінің «Сиясат-Наме» кітабында принциптері нақты белгіленген «мамлүк-самани» жүйесінің негізінде тәрбиелеп, содан кейін оларды сұлтан сарайы мен мемлекеттік жүйелерге қызметке кіргізген.
Низам әл-Мәлик ислам тарихында ең алғаш болып мамл үктерге әскери қызметі үшін сыйлыққа жер бөліп беру тәжірибесін енгізген. Мұндағы оның көздеген басты мақсаты — жер меншігі бар мәмлүк әмірі өзінің жерін сырт жаудан қорғауы нәтижесінде мемлекетті де қорғайды деген принципті басшылыкқа алған.
Сонымен қоса, сұлтандар мамлүк әмірлеріне өз балаларын тәрбиеге беріп, оларды «атабек» деп атай бастайды. «Атабек» түркі сөзінің мағынасы жөнінде араб деректері оның «ата» — әке және «бек» — әмір мағынасындағы қосарланған сөзі «әмір — бекзаданың тәрбиешісі» деген мағынаны береді, деп көрсетеді. Егер, сұлтан бекзаданы басқа қалаға, немесе уалаятқа жіберсе, атабек әмірді де онымен қосып жіберу кеңінен таралған дәстүрге айналған. Кейін, уақыты келгенде, атабек Селжүк әмірін өзіне бағынышты етіп, барлық билікті өз қолына алып, саяси және әскери ықпалы мен беделі күшейген атабектердің жұлдызы жанып, Селжүк сұлтандарының әлсіздігі мен қолайлы жағдайларды пайдалану арқылы тәуелсіз мемлекеттер құруға дейін барып отырған. Соның нәтижесінде тарихта «Атабек» деген атаумен белгілі бірқатар мемлекеттер пайда болғаны тарихта мәлім. Олардың ішінде аса беделділері төмендегідей, олар: Кифа, Мардин, Дамаск, Данишманд, Мосул, Әл-Джазира, Әзірбайжан және т.б.
XII ғасырдың басында Мосул, Халаб, Дияр-Рабия және Мадр атабектіктерін құрған Имад ад-Дин Зеңгі есімді түркі атабегі орта ғасыр деректерінде ерекше аталады. Оның әкесі Құсайм ад-Даула Ақ-Сұңқар өзінің өмірін Әл-Хаджиб Селжүк сұлтаны Мәлик-Шаһтың қарамағындағы мамлүк болып бастайды. Кейін, Имад ад-Дин Зеңгі Баалбек қаласына билеуші етіп тағайындалады. Оның баласы Нур ад-Дин Махмуд арқылы Зеңгілердің әулетімен байланыс жасаған және сол арқылы тегі күрд Салах ад-Дин әл-Айуби осы тұста тарихи сахнаға шыға бастайды. Өздерінің әскери жетістіктері мен тағдырын түркі мамлүктерімен тығыз байланыстырған Әл-Айубилер әулетінің барлык мүшелері азат болған, яғни ешқайсысы ешқашан құл болмағандығын айта кету керек.
1164 жылы Зеңгінің баласы Нур ад-Дин ибн Зеңгі Йерусалим христиан патшалығының Мысырды жаулап алуына кедергі жасау үшін Мысырға әскерін жіберіп, оны бастап баруды Айуби әулетінен шыққан қолбасшы Асад ад-Дин Ширкухқа тапсырады. Оған серік етіп оның ағасының баласы Салах ад-Динді қосып аттандырады. Бұл әскердің құрамы жөнінде орта ғасыр араб деректеріне жүгінсек, бүл әскердің негізін «Әл-мамалик ан-ну-рийа», яғни Нур ад-Диннің мамлүктері және «Әл-мамалик әл-асадийа», яғни Асад ад-Диннің мамлүктері және мамлүк әмірлерінен құралғанын аңғартады. [9.367бет].
Салах ад-Дин өзінің ағасы Асад ад-Динмен бірге талай шайқастарды өткізіп, одан үлкен әскери-соғыс тәжірибе алады. Йерусалим кресті патшалығы Мысырды жаулап алу үшін үш мәрте: 1164, 1167 және 1168 жылдары ұйымдастырған жорықтарының жеңіліске ұшырауының нәтижесінде Салах ад-Диннің беделі едәуір артады. 1169 жылы ағасының қайтыс болуын өз мүддесіне тиімді пайдаланып Салах ад-Дин Әл-Фатимилер әулетінің 1160-1171 жж. аралығында билік еткен халифасы Әл-Адидті өзін «бас уәзір» лауазымына тағайындауына мәжбүр етеді. Бұл істе Салах ад-Дин өзінің сенімді әскери жасақтары «Әл-Асадийа» мамлүктері мен азат құрдтерді пайдаланады. Бұдан кейін, ол қосымша өзіне тағы көптеген мамлүктер сатып алып, олардан «Әл-Мамалик ас-салихийа» және «Әл-Мамалик аннасырия» әскери жасақтарынан ерекше сенімді әскер құрайды. Осы жерде айта кету керек, «Ас-Салихийа» мамлүк жасағының атауы Салах ад-Диннің өз есіміне қатысты болса, ал «Аннасырийа» атауы өзінің «бас уәзірі» лауазымын алу кезінде халифа Әл-Адидтің берген «Ан-Насыр», яғни «Жеңімпаз» деген атағына қатысты екенін айта кету қажет.
1171 жылдың қыркүйек айында халифа Әл-Адидтің қайтыс болуына байланысты Әл-Фатимилер әулетінің халифаты қүлап, тарихи сахнадағы өз өмірін тоқтатады. Осы кезде Иерусалим христиан мемлекетінің патшасы Амури қайтыс болып, таққа мұрагер таңдау мәселесі төңірегінде кресшілердің арасында үлкен дау туып, шиеленісті жағдай қалыптасады.
Қайтыс болған ағасы Нур ад-Диннің артынан қалған 11 жасар мұрагері Әл-Мәлик ас-Салих Исмаилға қамқоршы етіп жариялаған Салах ад-Дин көп ұзамай бүкіл билікті өз қолына алады.
Ел ішіндегі және сыртқы саяси қолайлы жағдайларды дұрыс пайдаланған Салах ад-Дин Таяу Шығыста орнығып алған кресшілермен шешуші шайқаста кездесу үшін бүкіл мұсылман әлеміндегі бытыраңқы мемлекеттердің басын бір тудың астына біріктіруге кіріседі. Сөйтіп, Шам елін өзіне бағындыру үшін аттанып, әскери-соғыс, саяси және дипломатиялық тәсіл-жолдарды кезек қолданып, 15 жылға созылған ынта-жігерлі әрекеттерінің нәтижесінде ол Мысыр мен Шам елін біріктіріп, кресшілермен шайқастарда талай үлкен жеңістерге қол жеткізіп, Иерусалим мен Жерорта теңізі жағалауындағы біраз қалаларды кресшілерден қайтарып алады.
1193 жылы Салах ад-Диннің қайтыс болуынан кейін оның қалдырған үлкен аумақты алып жатқан Әл-Айубилер әулетінің мемлекеті оның балалары, ағайындары және ағайындарының балалары тарапынан талан-таражға салынып, өзара бөлісуінің нәтижесінде, олардың арасында билік үшін талас туып, өзара бір-біріне қарсы соғыс қимылдарына жол ашады. Соның тікелей салдарының бірі ретінде бұл өңірдегі түркі мамлүктерінің саны күрт көбейеді.
Салах ад-Дин тірі кезінде өзінің қол астындағы аумақтарды төмендегідей төртіппен мұрагерлеріне бөліп береді:
— баласы Әл-Азиз Османға — Мысыр жері;
— екінші баласы Әл-Афдал Нур ад-Динге — Дамаскі;
— үшінші баласы Аз-Заһир Ғазиге — Халаб (Алеппо).
Ал Әл-Айубилер әулетінің басқа әмір мұрагерлеріне жоғарыда аталған балаларына тәуелді кішігірім жерлер мен қалаларға билік етуді тапсырады:
— Салах ад-Диннің кіші інісі Әл-Адил Сайф ад-Динге — Аш-
Шубек, Әл-Кирк, Әл-Балқа және Мысырдың біраз бөлігі тапсырылады;
— екінші інісі Тоқ-Тегінге — Йемен;
Салах Ад-Дин өз ағайындары балаларының еншісіне:
— Әл-Музаффар Тақиа ад-Дин Омарға — Хама өлкесі;
— Әл-Амджид ибн Туран-Шахқа — Баалбек;
— Муджаһид ибн Наср ад-Дин Ширкухқа — Хомс тиеді.
Салах ад-Дин қайтыс болғаннан кейінгі Әл-Айубилер әулеті
тарихының едәуір бөлігін олардың өзара қайшылықтары мен бір-біріне қарсы жүргізген соғыстары толтырады.
Сөйтіп, XII ғасырдың аяғы мен XIII ғасырдың басы түркі мамлүктерінің Таяу Шығыстағы мұсылман әлеміндегі мемлекеттер мен әмірліктерге, әсіресе Мысырға ықпалы мен беделінің артуы өзінің ең жоғары дәрежесіне жетеді.
Мәмлүктердің көмегімен билікке келген Ас-Салих Наджм ад-Дин Айуб өзінің билігін нығайту мен беделін арттыру үшін мамлүктердің рөлінің маңыздылығын түсініп, оларды сатып алуда Әл-Айубилер әулетінде бұрын соңды болмаған деңгейге жетеді.
Ас-Салих Айуб түркі мамлүктері тарапынан өзінің ағасына қарсы ұйымдастырылған төңкерісті ескеріп, егер сондай жағдай қайталанған жағдайда Қайыр қаласының өзіне қарсы шыққан мамлүктердің қол астында қалу қаупінен күдіктеніп, Ніл өзенінің ортасында орналасқан «Ар-Рауда» аралын өзінің тұрақты мекен-жайы етіп таңдап алады. Сөйтіп, аралда сұлтан сарайын салдырып, 1241 жылы әйелдері мен балашағасымен түгел сонда көшеді. Келесі жылы сол аралда арнайы салдырылған әскери бекініске өзінің мамлүктерін қоныстандырады. Бұл бекініске орналастырылған жаңа мамлүк жасақтары «Әл-Мамалик әл-Бахарийа», яғни «Теңіз мамлүктері» деп аталып кетеді және осы «теңіз мамлүктері» кейін Мамлүк мемлекетінің негізін құрайды.
XIII ғасырдың ортасында француз королі Луис-ІХ-ның Мысырға Крест жорығын ұйымдастырады.
Бұл жорықты ұйымдастырған және оны бастап келген Луис-IX өзінің басты мақсаты етіп Мысырды жаулап алуды көздейді, және де бұл Мысырға қарсы бағытталған кресті жорықтарының алғашкысы, әрі әскери қуаты жағынан ең мықтысы болады.
Әлем тарихшылары Батыс Еуропадан Таяу Шығысқа ат-танған 8 кресті жорығына катысты, олардың алдына қойған мақсатына қарай төмендегідей етіп бөледі, олар:
Біріншісі — Шам еліне қарсы;
Екіншісі — Шам еліне қарсы;
Үшіншісі — Шам еліне қарсы;
Төртіншісі — Константинопольге қарсы;
Бесіншісі — Мысырға қарсы;
Алтыншысы — Шам еліне қарсы;
Жетіншісі — Мысырға қарсы;
Сегізіншісі — Солтүстік Африка мұсылман елдеріне қарсы.
Үшінші кресті жорығының (1189-1192 жж.) қолбасшысы болған «Арыстан жүректі» деген лақап алған король Ричард Мысырды мұсылман әлемінің ең әлсіз буыны және Шам елінің кілті деп есептеп, оны жаулап алуды өзінен кейінгілерге міндеттеген. Сондай-ақ, 1215 жылы Рим Папасы Анусент-ІІІ-нің ұйымдастыруымен құрылған «Аль-Латран» кресті қоғамы Мысырды жаулап алудың қажеттілігін баса айтып, олардың пікірінше, егер кресті әскерлері Мысырды жаулап алса, онда мұсылмандар стратегиялық жағынан өте қолайлы, әрі өте бай өңірлерінен айырылады. Ал бұл жағдайда, олар өздерінің әскери күш-қуатын жоғалтып, Акка мен Мысырдағы кресті әскерлерінің ортасында қалып қояды және сол себепті Жерорта теңізінің шығысындағы өзінің теңіз флотын сақтай алмайды, және де соның салдарынан бұл аймақта ешқашан өз иелігінде ұстап тұра алмайды деп есептейді. Сөйтіп, кресшілер Мысырдың Жерорта теңізіндегі стратегиялық жағынан аса маңызды Думият портын жаулап алуды өздерінің келесі жорығының негізгі мақсаты етіп белгілейді.
Аққа қамалының билеушісі және Иерусалим патшалығының королі Хана Ди Брайнның қолбасшылығымен жасалған Бесінші кресті жорығы Мысырға қарсы бағытталады. Ол Мысырды киелі Әл-Құдыстың кілті және оны жаулап алу Әл-Құдыс пен Шам елін түгел жаулап алуға жол ашады деп есептейді.
Мысырға карсы жасалған Бесінші кресті жорығының сәтсіздікке ұшырағанына отыз жыл толар-толмаста Франция королі Луис-ІХ-ның қолбасшылығымен Жетінші кресті жорығы Мысырды жаулап алу арқылы крестілердің байырғы арманы — Әл-Қүдыс пен Шам елін жаулап, онда христиандардың билігін орнату мақсатымен жорыққа аттанады.
Луис-ІХ-ның ұйымдастырған бұл жорығы Мысырға қарсы ұйымдастырылған алдындағы кресті жорықтарына қарағанда анағұрлым үлкен қауіп тудырады. Оның себептері төменгідей:
- Бұл жорық өзінің жақсы ұйымастырылуымен және әскери дайындығымен қоса, әскердің саны және әскери-соғыс машина мен жабдықтарының да көптігімен ерекшеленеді;
- Сол кездегі Батыс Еуропаның аса куатты Франция мемлекетінің саяси беделі жоғары патшаларының бірі – король Луис-ІХ бүл жорыққа өзі тікелей қолбасшылық жасап, жорықты өзі бастап келуі мен жорыққа қатысушы басқа еуропалықтарды өзінің шектен тыс діни идеяларымен қуаттап отыруы кресшілердің жеңіске жетеміз деген үміттерін қуаттап, аса зор рухани күш берді;
3. Кресті әскерлерінің шабуыл жасауы өз уақыты жағынан Мысырдағы ішкі саяси жағдайы өте ауыр кезеңімен сәйкес келді. Тура осы тұста Мысыр тағында отырған сұлтан Ас-Салих Наджм ад-Дин Айуб қатты ауруы себепті өзінің мамлүктерін соғысқа бастап баруға халі келмеуімен тұспа-тұс келеді.
Сұлтан өзінің ауыр жағдайына қарамастан, бұл кресті жорығының жаулау қаупінен Мысыр жерін қорғап қалу мақсатында батыл шаралар ұйымдастырады. Атап айтсақ, бұл жорықтың стратегиялық мәні үлкен Думиятқа қарсы бағытталғанын алдын ала біліп, өзінің уәзірі Фахр ад-Дин Иусуфке кресті әскерлерінің Мысыр жеріне келіп түсуіне барынша кедергі жасау үшін мұсылман әскерлерін бастап тез арада Думиятқа аттануын бұйырады. Сонымен қоса, кала ұзақ уақыт қоршауда қалуы қаупін ескеріп, оны азық-түлікпен көп мөлшерде қамтасыз ету шаралары да ұйымдастырылады.
Думиятты қорғау үшін жасалған шаралардың бәріне қарамастан кресті әскерлері 1249 жылы Жерорта теңізі арқылы келіп Мысыр жеріне түсіп, маусым айында Думият қаласын басып алады. Фахр ад-Дин өзінің әскерімен каланы тастап шегінуге мәжбүр болады.
Думияттың жау қолына түсуі туралы хабар бүкіл мұсылман әлемін дүр сілкіндіреді. Сұлтан Ас-Салих Айуб Думиятты тастап кеткен мамлүктеріне қаһарын төгіп, өзінің қорғаныс шебін тастап қашқан жоғарғы мамлүк әмірлерінің елуден астамын дарға асуға бұйрық береді. Осы жерде, Думиятты корғау ісі негізінен араб жасақтарына тапсырғанын айта кету керек.
Бұл оқиғадан кейін көп ұзамай, 1249 жылдың 23-ақпанында сұлтан Ас-Салих Наджм ад-Дин қайтыс болады. Бірақ, сұлтанның айналасындағы әмірлер оның өлімі жайында хабар тараған жағдайда мұсылмандардың басына түскен соғыс ауыртпалықтарын одан бетер шиеленістіріп, елдің рухын түсіріп жіберуі мүмкін деген кауіп туады. Оның үстіне, сұлтан Ас-Салих Айуб өлген кезде, сұлтан тағында оның орнын басып, биліктің барлық тізгінін қолына алатын мұрагерінің болмауы да ауыр жағдайды одан бетер қиындатып жібереді. Осы сәттегі саяси жағдайдың барлық қыры мен сырын жете түсінген, әрі оған дұрыс баға бере алған сұлтанның әйелі Шаджарат ад-Дурр тарихи сахнаға келеді. Жау әскерлерінің Мысырды жаулап алуы аса қауіпті болып түрған уақытта мұсылмандардың рухын сындырмау мақсатымен сұлтанның өлімі туралы хабарды жарияламай, уақытша жасырын ұстау туралы Шаджарат ад-Дурдың пікірі барлық әмірлер тарапынан қолдау табады. Сонымен бірге, бос қалған таққа отыруы үшін, Кифа қамалындағы сүлтан Ас-Салихтың жалғыз ұлы Әл-Муаззам Туран-Шаһқа адам жіберіп, әкесінің орнына сұлтан тағына отыру үшін тез арада Қайыр қаласына келу керектігін хабарлайды.
Осындай қиын жағдайда Шаджарат ад-Дурр өзіне сенімді мамлүк әмірлерінің көмегімен барлық мемлекеттік істерді басқаруды өз қолына алады. Күйеуінің қазасын жасыруға қанша әрекет жасаса да, оның өлімі туралы хабар крестілерге жетеді. Крестілер мұсылмандарға шешуші соққы беру үшін мұндай қолайлы жағдайды қолдан жібермеуді көздеп, жорықтарын жалғастыруға дайындық жасай бастайды. Олар Думиятты қалдырып, Әл-Мансура қаласына қарай бет алады. Қаланы қорғаушылармен қиян-кескі шайқастардан кейін оны басып алады. Бұл шайқастарда мамлүк әмірі Фарис ад-Дин Актай ас-Са-лихи бастаған «әл-Бахарийа» мамлүктері шайқастың негізгі ауыртпалықтарын көтеріп, ерекше көзге түседі. Осы кезде Мысырға келген Туран-Шаһ сұлтанның өлімі жайында ашық жариялайды. Шаджарат ад-Дурр оған билікті тапсырады. Таққа отырған жаңа сүлтан кресшілерді түбегейлі талқандаудың жоспарын құрады. Кресшілер Фарскур қамалының түбінде болған шайқастарда үлкен жеңіліске ұшырап, кейін шегінуге мәжбүр болады. Мамлүк жасақтары оларды үзбей қуғынға салып, көптеген әмірлерімен коса Франция королі Луис-ІХ-ны тұтқынға түсіріп, қалған кресті әскерлерін Мысыр жерінен куып шығады.
Орта ғасыр араб деректеріне жүгінсек, Мысырдың жаңа сұлтаны Тұран-Шаһ ел басына түскен қиын уақыттағы жағдайды құтқара алатын тұлға болмай шығады. Ол өзінің кысқа мерзімді билігі кезінде менмендік пен тәкәппарлық көрсетіп, мемлекеттік істер мен саясатта дарынсыздық танытады. Кифа қамалынан Қайырға келген кезінен бастап халықтың ашу-ызасын келтіретін қылықтар көрсетіп, жеңістің нәтижесіне мастанып, шынайы батырлық танытқан мамлүктерінің ерліктеріне өз бағасын бермейді. Сондай-ақ, әкесіне жақын болған мамлүк әмірлері тарапынан айтылған мемлекеттік қауіпсіздікті сақтау жөніндегі ұсыныстары мен барлық шараларын қабыл алмай қояды.
«Әл-Бахарийа» мамлүктері оған қарсы айла ойластырудың нәтижесінде Туран-шаһ өздеріне қастандық істеместен бұрын өлтіруге бел байлайды. Сұлтанның қиянатшыл және сатқындык пиғылын білетін Шаджарат ад-Дурр да олардың бұл жоспарына қолдау білдіреді.
Бұл астыртын жоспарды ұйымдастырушылар Фарис ад-Дин Ақтай, Байбарыс әл-Бундуқдари, Қалауын ас-Салихи және Ай-бек ат-Туркмани сынды «Әл-Бахарийа» жасағының бір топ беделді әмірлері 1250 жылғы 2 каңтар күні таңертеңгісін Фарскур қамалында сүлтан Туран-шаһты елтіреді. Сөйтіп, Тұран-шаһтың өлімімен Мысырдағы Әл-Айубилер әулетінің билігі аяқталып, оның орны Мәмлүктердің билігі орнайды.
Мысырдағы мәмлүк мемлекетінің орнауы және оның өтпелі кезеңі.
Мәмлүк мемлекетінің билігіне келген алғашқы сұлтан туралы түрлі пікірлер көп. Олардың бірі , мамлүк мемлекетінің алғашқы сұлтаны ретінде Шиджарат ад – Дүррдың есімін атаса, екіншілер – ол заманда мұсылман мемлекетін ешқашан әйел адам басқармаған және оның шариғатқа қайшы келуін алға тартып, Шаджарт ад – Дуурды алғашқы мәмлүк мемлекетінің сұлтаны ретінде қарастырмайды.
Алайда, біздің пікірімізше, Шаджарат ад – Дүрр мамлүк мемлекетінің билік тізгінін ұстаған алғашқы сұлтаны екенін мойындаған жөн. Оған бірнеше дәлеле келтіруге болады. 1 – ден Шаджарат ад – Дуррдың тегі және әлеуметтік жағдайы туралы орта ғасыр Араб деректері оның да Дешті Қыпшақтан әкелінген және сұлтан Ас – Салих Айубтың оны құл базарынан сатып алынғандығын хабарлайды. Яғни, Шаджарат ад –Дур өзінің тегі мен әлеуметтік жағдайы жағынан қыпшақ мамлүктеріне жақындағы еш күмән тудырмайды. 2 – ден, күйеуі сұлтан ас – Салих Айубтың қайтыс болғаннан кейін Тұран — шаһтың келуіне дейін және оның мамлүк әмірлерінің қолынан өлтірілгенен кейін де мемлекеттің бүкіл билігі Шаджарат ад – Дуррдың қолына болғанын ескіріп жәнеоған ресми сұлтан атағы берілуін басшылыққа алып, оны мамлүк мемлекетінің ең 1 – ші сұлтаны болды деп тануға негіз береді.
Жалпы алғанда, 1250 жылдан бастап 1260ж. сұлтандық билікке Байбарыс келуіне дейінгі кезеңді мамлүк мемлекетінің өтпелі кезеңі деп қарастырған жөн. Өйткені бұл өтпелі кезеңде Мамлүк мемлекетінде негізі әлі берік қаланбауымен қоса, мұсылман әлемінде оны ресми тұрғыда мәмлүк мемлекеті ретінде қабылдай қойған жоқ еді.
Өтпелі кезең сұлтандары мен олардың билікке келген жылдары:
1.Шаджарат ад – Дурр (1250 ж)
2.Әл – Мунзз Иәз ад – дин Айбек ат – Туркмании
3.Әл – Мансур Нур ад – Дин Али ибн Айбек (1257 ж.)
4. Сайф ад – Дин Қу ТҰЗ (1259 ж.)
Тоққа деген бәсекелестіктің ушығуына жол бермеу мақсатымен мамлүк әмірлерінің бос тұрған сұлтан тағына Шаджарат ад – Дурды отырғызуды ұйғарып, соған бір ауыздан келіседі. Олардың мұндай шешімге келуіне себеп;
- Сұлтан тағына таласта мамлүк әмірлрі арасында бәсекелестіктің күшеюі;
- Шаш шеніндегі Әл – Айбилер әулетінің билеулері тарапынан мысыр тағына ұмтылыстық жандануы;
- Шаджарат ад – Дуррдың мемлекеттік маңызды істерде өзінің ақылдылығы мен даналығын көрсетуі. Оның үстіне күйеуінің тірі кезінде онымен бірге мемлекеттік істерді шешуге кеңінен араласуының арақасында мемлекеттік істерінен жақсы таныс болуы.
Шаджарат ад – Дурр сұлтан тағына отырысымен биліктің барлық тұтқаларын қолына алып, істеген істерінде үлкен саяси көргенділік танытты. Ең алдымен өзіне әрдайым қолдау көрсеткен мәмлүк әмірлерін жоғары лауазымды қызметкерге тағайындады.
Мемлекеттік істерде Шаджарат ад – Дурр өзінің күш — жігерін, алдымен Тұран – шаһтың билігі кезіндегі крестшілермен қарым – қатынаста жіберілген қателіктер мен мемлекет ішінде жойылған тәртіпсіздікті жоюға бағыттайды. Бұл кезде кресишілер Думиятты және оның айналасын әлі өз қолында ұстап отырған еді. Тұтқынға түскен Франция королі Луис – ІХ мұсылмандардың қолындағы Әл – Машу қамалында тұтқында болады. Алайда, старатегиялық жағынан маңызды теңіз базасы Думсияттың әлі крестшілердің қолында болуы Мысыр мен Мәмлүктерге, әсіресе егер Батыстан тағы кресті әскерлері көмекке келген жағдайда үлкен қауіп төндіруді сақталып отырады.
Мемлекеттің ішіндегі саяси жағдайда біраз реттелгеннен кейін, Шаджарат ад – Дурр шын әрі ауыр іс – крестшілерімен келісімдер жүргізуге кіріседі. Бұл келіссөзерді сұлтан мен «Әл – Бахрайша» мәмлүктерінің атынан жүргізу тәжірибелі әрі ақылды мәмлүк әмірі Хисам ад – Дин Мухаммад Али әл – Хазбаниге тапсырылады.
Соғыс майданында мамлүк әскерлерінен талай жеңілістің дәмін татқан, оның үстіне қолбасшылары, әрі король Луис ІХ — ң бірсіпыра нөкерлерімен мұсылмандық тұтқынында болуы себепті өте ауыр жағдайға түскен крестшілер мәмлүктердің шарттарын қабылдаудан басқа амалдары қалмайды. Екі жақ арасында жоғарыда көрсетілген шарттар жөнінде келісімге келгеннен кейін, Францияның патшасы Маргарит Ди Бруфанес келісілген соманың жартысын жинап Акка қамалына келеді. 1250 ж. 7 қаңтарында Луис — ІХ Думиятты мұсылмандарға қайтарып беруді Джуфруа Ди Саджинге тапсырады. Мұсылман әскерлері Думият қаласына кіреді.
Келісілген құнның жартысы төленгеннен кейін тұтқындар отырған француз королі Луис ІХ мен оның айналасындағы көптеген жоғары лауазымды барондары, әмірлері және рыцырлары тұтқыннан босатылады.
1250 ж. 8 қаңтарда Луис ІХ өз әмірлері мен Акка қамалына келумен 7 – ші кресті жоғары аяқталады. Жорықтың жеңілісін ұйымдастырған және оны жүзеге асырған мәмлүктер туралы хабар Мысырмен қоса бүкіл мұсылман әлемнің түкпір – түкпіріне тарап, бұл жеңісте үлкен қуаныш пен шаттық орын алды.
Салах ад – Дин Айтубидің заманынан бері Мысыр мен Шам еліндегі бүкіл билікті өз қолдарында ұстаған Әл – Айубилер мамлүк мемлекетін мойындағысы келмеді. Мысыр мемлекеттер жаңа пайда болған билікке шариғаттық, яғни заңды сипат беру арқылы өздерінің билігін қалу үшін Бағдатта отырған Аббас әулетінің халифасы Әл – Муташшға хат жолдайды. Шаджарат ад – Дуррдың билігіне қолдау көрсетуді сұраған мамлүктерді халифа айыптап, оларға «Егер яндердің аралығында билікті қолына алатын еркек таылмаса, оны бізге айтыңдар, біз сендерге еркек жібереміз! [1.363бет] дейді.
Сөйтіп, сұлтан Шаджарат ад – Дурр үш ай биліктен кейін 1250 жылдың тамыз айында Әмір Изз ад – Дин Айбекке күйеуге шығып, тақты күйеуіне босатады. Әмір Фарис ад-Дин Ақтай, Әмір Рукн ад-Дин Бейбарыс және Сайф ад -Дин қалауын Мәмлүк мемлекетін құруда орасан рол атқарған «Әл – Бахарийта» жасағаның ең беделді әмірлерінің сұлтан тағын өздеріне қарағанда әскери жағынан әлсіз «Ас — Салихийе» жасағының әмірі Изз ад- Дин Айбекке беріп қоюының негізгі себептерін сараласақ «Әл Бахарийа» жасағаның мықты әмірлері бірінен — бірі күдіктену себепті билікті өздерінен әлсіз адамның қолында болған өздері үшін дұрыс көрді, екіншіден, Шаджарат ад – Дурр сұлтан тағына түскен күнде де өзінің билігін сақтап қалу үшін мықты әмірге күйеуге шыққаннан гөрі, арасындағы ең әлсіз әрі келіскіш Айбекке шығуын тиімді деп санады.
Изз ад – Дин Айбек сұлтан тағына отыруына байланысты қалыптасқан дәстүрге сәйкес өзінің есіміне қоса «Әл – Муизз» деген лақап алады. Орта ғасыр араб жазба деректерінің Айбекке қатыты берген мінездемеге жүгінсек, ол «Ас – Салихйа» мәмлүктерінің арасында жасы, беделі мен ықпалы жағынан аса мықтысы болмауынан қарамастан, Мамлүктердің арасында өзінің дінишілдігімен және пікірінің саналығымен атақты еді [7.68 бет]. деуге болады. Сұлтан Ас – Салих Айуб әскерінде қызметте болған уақытында мамлүк Айбектің мансабы өсіп, сұлтан сарайында «Әл Джалиин» мансабына ие болды. Бұл арнайы мансап жөнінде орта ғасыр Мысыр тарихшысы Әл – Қалқаманда «Әл – Джаниин» мансабына ие болады, тағайындалған әмір сұлтанның алдына қойылған тамақ кен сусындарға «У» қосылуы мүмкін деген күдікпен, бәрінің дәмін сұлтаннан бұрын көруі қажет [7.69бет] – дейді Орта ғасыр Мысыр тарихшысы Әл-Қалқаманди.
Мысырда Ніл өзенінің жоғарғы ағысы мен «Аш Шарқия» шығыс аудандарында араб тұрғындары мекендеген. Арабтар мәмлүктер билігін мойындамай көтеріліс ұйымдастырады.
Сұлтан Айбек «Әл – Бахариия» мәмлүктерінің көмегімен араб көтерілісін жеңуінің нәтижесінде бұл жасақ мамлүктерінің беделі артады. Сұлтан Айбек Омардан құтылу амалын ойластыра бастайды. Осы жасақтың көздеген ол арабтармен соғысуға басқа біреуді емес, тап осы жаққа жіберген еді. Алайда, оның бұл айласынан өзі ойлағандай нәтиже шықпайды.
Биліктің басты тұтқаларын қолына алып алған Айбек өзінің беделі мен ықпалын күшейтуге әрекеттер жасап, маңызы зор төрт шараны жүзеге асырып үлгереді, олар:
- Сұлтан Айбек арнайы мәмлүк жасағын құрып оның атын өз лақабына сәйкес «Әл – Муззийа» деп қояды.
- Құтұз деген сенімді мәмлүгін сұлтанның орынбасары етіп тағайындайды.
- «Әл — Бахарийа» мәмлүктерін «Ар – Рауда» аралындағы тұрақты орналасқан мекендерінен шығартады.
- Сұлтан тағындағы өзінің кішкентай серігі Әл – Ашраф Мусаны тақтан түсіріп биліктен аластатады. Сөйтіп өзі күшті сұлтан бейнесінде көріне бастайды.
Әмір Ақтай сұлтан Айбекті жиындарда сынау мен бетіне басып айтуда алысқа кетіп, оған тек «Айбек» деп бетіне тура сөйлеуден тайынбайды. «Әл – Бахарийа» мәмлүктері тарапынан қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген Ақтайды «ат үстіндегі билеуш» деген лақап қояды [13.35бет].
Сұлтан тағын өзіне сақтап қалу үшін басқа амалы қалмаған Айбек Ақтайдан құтылудың жалғыз жолы — оны өлтіру керек деген тоқтамға келеді.
Сөйтіп, 1254 ж. 27 қыркүйегінде ертеңгілік, бір маңызды мәселе бойынша ақылдасу керек деген хабармен Ақтайға адам жіберіп, қамалға келуін сұрайды. Ол қамалға келген уақытта оны өлтіру жайында өзінің «Әл — Муззийа» жасағанын мәмлүктерімен астыртын келісіп алады.
Әмір Ақтай өзінің бірнеше мамлүктерімен бірге «Әл – Джабаль» қамалына келіп, үлкен бөлмеге бет алғанда артынан қақпа жабылып, Ақтайды жалғыз қалдырады. Осы кезде, әмір Құтұз бастаған «Әл – Муззийа» мәмлүктері оған бас салып, қылыштарымен шауып өлтіреді [7.71бет].
Ақтайдың өлімі жайында хабар жете сала «әл- Бахарийа» жасағының Байбарыс әл – Бундуқдари, Қалауын әл – Әлфи және Санжар әл – Ашқари сынды беделді әмірлері қамалға қарай атанады. Олар қамалдың тұсына келіп басшыларын қайтарып беруді талап етеді. Осы кезде Айбек қамалдың үстінен оларға қарай Ақтайдың Шабылған басын лақтырады. Өздеріне қауіп төніп тұрғанын сезген мәмлүктер Шам еліне қашуға бел байлайды. Шам елінде олар Әл- Айубилер әулиетінің Халаб пен Дамаскінің билеушісі Ан Насыр Иусуфқа және Әл – Керк қаласының билеушісі Әл — Муғис Омарға әскери қызметке кіреді.
Әл – Айубилер әулетінің билеушілері мен өмірлері Мысырды мамлүктердің билігіне таршын алу үшін Ан – Насыр Иусуфтің шығармашылығыен Мысырға қарай аттанды. Мұны естіген Айбек қатері бибіт жолмен реттеуге шешім қабылдап, Әл – Айубилердің ашу — ызаын азайту үшін өзінің өмірлерімен ақылдаса отырып, Әл – Айуб әулиетінің мүшесі, он бес жасар Әл – Ашраф Мұсана өзінің сұлтандық билігіне серіктес етіп таққа отырғызып, оған атт беру рәсімдерін өткзеді.
Бір – ақ әл – Айубилер мұның артында алдамшы ойлап жатқанын сезіп Мысырға шабуыл жасауға дайындықтарын жалғастыра береді.
Әл – Айтубилерге қарсы соғысу үшін Айбек барлық мамлүк жерлерін бастап Қайырдан шығып 1251 ж. ақпан айында екі әскер – Балибис және Ас – Салихия қалаларының ортасында жатқан Әл – Абсса деген жерде кездеседі. Шайхастың ең қызған кезінде Ай – Насыр мамлүктері қарсы жақтағы мәмлүктердің үндеуімен мәмлүк әсерлеріне қосылып кетеді.
Сөйтіп, мамүлік әсерлері шайқасты жеңуін, қайырға көптеген тұтқындар алып келеді. [6.102бет].
Мұсылмандардың өзара жанжалдауын кресшілер өз мүддесіне пайдаланып қалу мақсатымен Ауис – ІХ Қайырға елшілік жіберіп,егер Мысырда ұсынылып отырған кресшілер мәселесін тез арада шешімін таппағын жағдайда өзінің Ан – Насыр Иусуфпен одақтасатынын хабарлап шарт қояды.
Айбек өз тарапынан Ауис – ІХ- мен достық байланысын нығайту мақсатымен оған елшілері мен сыйлықтар жібереді. Осыны пайдаланған Луис ІХ Мәмлүктерде қалып отырған қалған креші тұтқындарын төлемақысыз қайтаруын талап етеді.
Луис – ІХ мен Ай – Насыр Исусуфпен келісімсөздеріне кедергі жасау мақсатын көздеген Айбек 1352 ж. крестшілермен екі жақты келіссөздерді тез арада бастап, олардың қойған шарттарын қабыл алады, олар.
- Айбек Мысырда қалған кресші тұтқындарын бастауға келісім береді.
- Айбек тұтқындарды босатқаны үшін төленетін ақшаның қалған Луис ІХ – ға кешіреді.
- Айбек Әл – Құдыс жерлерінің Шығысындағы Иордан өзегіне дейінгі аумақты толығымен Луис ІХ – ға беруге уәде етеді. Мамлүк әскерлерінің Ан – Насыр Иусуфты, Әл – Абасса түбінде жеңді. Айбектің шарттарын қабылдаудың нәтижесінде Луис – ІХ Айбек жағына шығады.
Алайда, сұлтан Айбек пен Король Яуис — ІХ екеуі құрған мәмлүк — кресші әскери одағы айтарлықтай нәтижелерге әкелмейді.
1253 ж. басында мұсылман шығысына монғол шапқыншылығы тарапынан жаңа үлкен қауіп төнеді. Соған байланысты саяси жағдай күрт өзгереді. Аббас әулиетінің хамефасы Әл – Мустасим монғолдардың шапқыншылығына төтеп беру үшін бүкіл мұсылман әлемінің біріктіруге әрекет жасайды.
Айбектің өзінің әйелі Шаджарат ад – Дурр тарапынан қастандықтан қорқып, бірге тұруды қаламайды. Екеуінің арасында шеиеленістік барған сайын ұлғая береді.
Шаджарат ад – Дурр «Әл – Бахарийа» мәмлүктермен жақындығын пайдаланып, Айбекке жылы сөзді хат жазып, екеуі кездесу үшін «Әл – Джабаль» қамалына келуін сұрайды. Айбек бұл алдауға сеніп, 1257 ж. 24 – сәуірінде қамалға келген кезінде өлтіріледі келесі күні Айбектің өлімі жайында хабар таралып, «Әл – Муаззиа» мәмлүктер қамалға келіп, Шаджарат ад – Дуррды өлтірмекші болады, бір – ақ «Әл – Бахарийа» жасағының біраз мәмлүктері олардың арасына түсіп қорғап қалды. Алайда Айбектің 1 – ші әйелі оған қарсы кек сақтап, оған қарсы астыртын қастандық ойластырады. [13. 376 бет].
Сөйтіп, Шаджарат ад – Дуррдың «Әл – Бахарийа» мәмлүктері тарапынан қорғанысы әлсіреген кезде пайдаланып, оны ұстап алдына әкелгізеді. Оны ағаш аяқкиімдерінің өкешесімен басынан кеудесінен жан шыққанша ұрып өлтіруге бұйрық береді. Сосын оның жартылай жалаңаш өлігін қамалдық сыртындағы орға лақтырады, содан денесі үш күн жатқанан соң ғана оны жерлеуге рұқсат беріледі.
Елдің ішкі өмірінде мықты мәмлүк әмірлері арасында жан – жалдық өріс алып, таққа талас күшейіп тәртіпсіздік орнаған уақытта Айбектің оң қолы әрі орынбасары болған өмір Сайф ад – Дин Құтұз саяси сахнаға шығып, сұлтан тағына отырады.
Тағы рефераттар
- Күрделі қаржылар
- Батыр жырау — Қожаберген
- Еңбекті қорғауды ұйымдастыру және қауіпсіздікті сақтау жағдайын талқылау
- Құқық функциясы
- Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлiмшесінде куәландырудан (қайта куәландырудан) қалай өтуге болады және қандай кұжаттарды беру қажет?