НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ туралы қазақша реферат
Қазақстан Тәуелсіздігінің жиырма жылдығын кешегі кеңістіктегі елдер арасында өзін қайта жаңғырту көшбасшысы сатысына көтерген түбейлі саяси және әлеуметтік – экономикалық реформалар жасау жолындағы ауқымды да зор жетістіктермен қарсы алып отыр. Біздің мемлекетіміздің халықаралық жоғары беделінің айшықты дәлелі Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға табысты төрағалығы және Астана Саммитін ең жоғарғы дәрежеде өткізуі болып табылады. Төрт мұхит кеңістігіндегі барлық беделді мемлекеттердің басшылары қатысқан жаһандық бас қосуда 54 мемлекеттің қатысуы мен қорытынды құжат – Астана декларациясының қабылдануы бұл Саммиттің тарихи маңызы мен салмағын еселей түссе керек. Қазақстан ұлттық мемлекеттілігінің негізін қалады және нығайтты, елдің аумақтық тұтастығын және мызғымас шекарасын қамтамасыз етті, экономиканың нарықтық даму жолына түсіріп, әлемдік қауымдастыққа ойдағыдай интеграцияланды. Қазақстанда бірден бір барынша қарқынды даму жолындағы экономика құрылды, ашық демократиялық қоғамдық институт қалыптастырылды, тұрғындардың әлеуметтік өмір стандарттары жақсарды. Ең бастысы – осы жылдар ішінде көп ұлтты көпвекторлы Қазақстан халқы ел ішіндегі ерекше тұрақтылық және барлық көрші мемлекеттермен бейбіт жағдайда өмір сүріп келеді. Қазақстанға халықаралық қоғамдастықтағы ең беделді де ықпалды мемлекет ретіндегі шынайы атақпен қатар, өзінің әлеуметтік – экономикалық дамуы жолында елеулі жетістіктерге жеткен мемлекет деген үлкен баға берілді. Осы орайда, ең алдымен, Қазақстанның осындай зор жетістіктерге жетуінің ерекше маңызды факторларының бірі 2030 жылға дейінгі Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясының қабылдануы және ойдағыдай жүзеге асырылуы болып отырғандығын ерекше атап көрсеткен жөн. Нұрсұлтан Әбішұлы кешегі кеңестік кеңістіктегі ең жемісті және тиімді интеграциялық бірлестік – ЕурАзЭҚ-тың бастауында ғана тұрған жоқ, сонымен бірге оны алға жылжытатын нағыз интергация «моторы» болғандығын атап көрсетті. Ең алдымен, Қазақстан Президентінің 1994 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қабырғасында сөйлеген тарихи сөзінде айтылған батыл еуразиялық идея ЕурАзЭҚ-тың бүгінгі жетістіктерінен нақты көрініс тауып, өмірде іс жүзінде асырылып отыр. Еуразиялық мемлекеттер одағын құру туралы сонда айтылған жобада бұл идея «кеңестік кеңістікте экономикалық — әлеуметтік жаңғыруды, тұрақтылықты және қауіпсіздікті нығайту мақсатындағы егемен мемлекеттердің интеграциялану формасы» деп айқындалған болатын. ЕурАзЭҚ-тың құрылуы кеңестік кеңістіктегі елдердің мемлекет аралық қатынасы тарихындаға аса зор оқиға болды. Ол мемлекеттер арасындағы интеграциялық қатынастарды жаңа сапалы деңгейде шығарды. Бұл ретте біздің мемлекеттеріміз үшін өзара сауда – экономикалық байланыстарды жаңа стратегиялық бағыттарға шығарып, бүгінгі геосаяси жағдайға сәйкес келетін түбегейлі жаңа байланыстарды орнатуға тура келді. Ол кезеңде мемлекеттер арасында еркіндікке ұмтылған бастамалар белең алып отырған еді. Бүгінде ЕурАзЭқ-тың жемісті дамып келе жатқандағын барша жұрт көріп отыр. 2010 жылы 5 шілдеде Қоғамдастықтың 10 жылдығына байланысты Астана қаласында өткен ЕурАзЭқ Мемлекет аралық кеңесінің мәжілісінде қабылданған бірлескен мәлімдемеде былай деп атап көрсетілді: «Дамудың жаңа сапалы деңгейіне шығу үшін интеграциялану стратегиясының маңызын жете түсіне отырып, Қоғамдастыққа мүше мемлекеттер ХХІ ғасырға халықаралық «Еуразиялық экономикалық қоғамдастығын» құру арқылы кіріп отыр». Біз өзара тиімді ынтымақтастықтың және сенімнің жаңа қағидаттарына негізделген ұйым құрдық. Биылғы жолдаудың 9- бағыты индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына арналды. Өткен жылы елімізде 288 жоба іске асты. Жолдауда Елбасы биыл қосылатын бірқатар жобаларды атап айтты. Олар – Балқаш жылуэлектр станциясының 1 модулінің құрылысы, 2 теміржол бағытының тартылуы, Жамбыл облысындағы минералды тыңайтқыштар зауыты, Атырау мұнай өңдеу зауытындағы мұнайды терең өңдеу кешені, газ-химиялық, газөңдеу кешендері. Ауыл шаруашылығында да атқаратын шаруа қыруар. Нарықтық экономика, жаһандану жағдайында елімізде кез келген өндірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін персоналды басқарудың қазіргі кездегі түрлері мен әдістерін тәжірибеде пайдалану мәселелері ерекше мәнге ие болып отыр. Қазіргі кезде меншік түрі әртүрлі кәсіпорындарда нарықтық қатынастардың дамуы мен кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған ұйымдық құрылымдарды басқару әдістері мен түрлерін қайта өзгерту көбінесе тиімсіз және қойылған мақсаттарға жеткізбей отыр. Мұның негізгі себептерінің бірі – елімізде жүргізіліп отырған реформаларды нарықтық экономиканың күрделі мәселелерін жоғары кәсіптік деңгейде, дәстүрлі емес жолмен шешуге қабілеті бар қажетті кадрлардың аздығы. Бұл мәселерді шешу үшін персоналды жұмыс істеудің тиянақты жүйесі керек. Тиімсіздігі белгілі, қазіргі жүйе айтарлықтай өзгерістерге ұшырап отырған жоқ. Себебі ұйымдағы әртүрлі деңгейдегі басшы мен кадр бөлімінің қызметкерлері кадр саясатының негізін айтарлықтай біле бермейді, көбісінің техникалық білімі бар болғандықтан, басқару жүйесін техниканы дамытуға қарай бағыттай береді. Сондықтан басшылардың көбісі әлеуметтік және мәдени мәселелеріне, кәсіпорын персоналын жұмылдыра жұмыс істету жайлы жоспарлау мен ұйымдастыруға немқұрайлы қарайды. Экономиканың қазіргі даму кезеңінде дүние жүзінің көптеген елдеріндегі негізгі проблемалардың бірі – персоналмен қалай жұмыс жасау болып отыр. Бұл мәселені шешу жолдарының көптігіне қарамастан өнеркәсібі дамыған әртүрлі елдерде кадрларды таңдау процедуралары мен әдістерін бір қалыпқа келтіру; оларды персоналды басқарудың қажеттілігін талдауға ғылыми әдістерді пайдалану, кадрлық шешімдерді негіздеу және олардың жариялылығын кеңейту; мемлекеттік және шаруашылық шешімдерді кадрлық саясаттың негізгі элементтерімен жүйелі түрде байланыстыру негізгі ортақ үрдіске айналып отыр. Өйткені персоналды басқаруды дұрыс ұйымдастыру арқылы ғана қазіргі таңда ұйым өз мақсатына жете алады. Оған дәлел — адамдық қатынастар, адамдық ресурстарды басқару теориясына дейін компанияларда орын алған Ф. Тейлор теориясы. Ол өзінің кризистік кезеңде ғана пайдаға асатынын. Сонымен қатар, адамды еш уақытта тек бір-ақ қажеттілік – жалақы жұмысқа итермелейтіндігін дәлелдеді. Адамды әрине, қажеттілік алға сүйрейді. Бірақ, Тейлор ойлағандай ол тек – жоғары еңбекақы ғана болмау керек. Міне, осы қажеттіліктерді ескеріп, оны ынталандыру нысанына айналдырған компания қысқа ғана мерзімдік нәтижеге жетуі мүмкін. Өзінің көздеген мақсатына жету үшін ұйым ұзақ мерзімді жоспар құру керек. Ұзақ мерзімді жоспар міндетті түрде қажеттілік жиынтықтарын талап етеді. Алға жылжуды мақсат тұтқан ұйым барлық жұмысшылардың қажеттілігін ескеру керек. Сонда ғана жұмысшылар барлық мүмкіндіктерін іске салады. Ол қажеттіліктерді атап айтатын болсақ, сенімге деген жұмысшылардың қажеттілігі, жақсы жұмыс жағдайы, қауіпсіздік жағдайы, зейнетақымен қамту т.б. Негізгі осындай қажеттіліктерді қамту арқылы ұйым алға жылжуды өзіне қамтамасыз етеді. Осы құпияны дұрыс ашқан АҚШ, Жапония секілді дамыған елдер компаниялары қазіргі таңда жұмысшылар қажеттілігін дұрыс меңгеру үшін әртүрлі шараларды қолдануда.
Қазіргі уақытта персоналды басқару функцияларының айырмашылықтары мен рөліне келесі өзгерістер әсер етіп отыр:
— басқару жүйесі мен кәсіпорынның қарым – қатынастары түбегейлі өзгерді;
— персоналды жұмыс істеуге көмектесетін көптеген үйлестіруші әдістемелік орталықтар жойылды;
— басқару және шаруашылықпен айналысудың жағдайлары күрт өзгеріске ұшырады, ал бұл болса, ой – пікірдің селсоқтығына, артқа сүйреушілік сана — сезіміне, қызметкердің немқұрайлы қарауына қайшы келді.
Кәсіпорында менеджменттің тиімді факторы есебінде персоналды басқару проблемасына кейінгі уақытта аса көңіл бөлініп отырғанына персоналды менеджменттің маңыздылығын ғалымдар мен кәсіпорын басшыларының мойындауы себеп болып отыр. Сонымен қатар басты мәселе — қазіргі жаһандану мәселесі. Жаһандану қазіргі таңда барлық қоғам үшін алдыңғы орында тұр. Көптеген елдер осы жаһанданудан қорықса, біразы қолдап отыр. Қазақстан Республикасында да осы жаһандану мәселесіне байланысты көптеген пікірлер қалыптасуда. Сонымен қатар басқару саласы да жаһандану процесінен тыс қалмады. Көптеген дамыған елдерде өзінің персоналды басқару стилі қалыптасқан.Атап айтатын болсақ, АҚШ, Жапония, Германия. Олар қазіргі таңда персоналмен тиімді жұмыс істеудің көптеген әдістерін ойлап табуда. Сол секілді біздің еліміз Қазақстан Республикасында да адамды басқару негізі қалыптасуда. Бірақ бізде әлі де болса, ол өзінің бұрынғы қалпын сақтап қалуда. Елімізде көптеп шетел компаниялары ашылып, басшылар өзінің елдерінің басшылық стилін енгізде. Бұл мәселе біздің елде әлі де бір персоналды басқару стилі қалыптасқан деген сөз. Жоғарыдағы анықтамаларға салыстырмалы зерттеу әдісі арқылы қол жеткізуге болады. Әрине, қазір көптеген осы персоналды басқару мәселелеріне байланысты конкурстар ұйымдастырылуда, бірақ олар дамыған елдердің талаптарымен бірдей талапқа ие. Мысалы, АҚШ –тың персоналды басқару үлгісінде.Қазақстан Республикасындағы компаниялар, ұйымдар қазір Жапонияның дәстүрлі басқару стилі мен АҚШ -тың персоналды басқару стилін аралас қолдануда Баяндамамды қорытындылай келе, Қазақстан Республикасындағы дамыған, дамып келе жатқан компаниялар тиімді басқару үлгісін таңдау үшін өзіміздің әдеп- ғұрпымызды ескере отырып, әлемде жақсы нәтижеге жетіп отырған елдердің алдыңғы қатарлы компанияларының персоналды басқару стилін қолдануымыз керек. Қазіргі кезде меншік түрі әртүрлі кәсіпорындарда нарықтық қатынастардың дамуы мен кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған ұйымдық құрылымдарды басқару әдістері пен түрлерінің қайта өзгерту көбінесе тиімсіз және қойылған мақсаттарға жеткізбей отыр.Мұның негізгі себептерінің бірі – елімізде жүргізіліп отырған реформаларды нарықтық экономиканың күрделі мәселелерін жоғары кәсіптік деңгейде, әртүрлі емес жолмен шешуге қабілеті бар қажетті кадрлардың аздығы.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Әубәкіров Я.Ә..Байжұмаев Б.Б. Экономикалық теория. Алматы, 2009
2. Абдуллаев А.Экономикалық теория. Алматы, 2009
3. Н.Ә.Назарбаевтың« Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Тағы рефераттар
- Қазақстан тарихының тәрбиелiк мүмкiндiгiн жүзеге асырудың әдiстемелiк жолдары
- Қараудың түрлері мен мақсаты
- Мәншүк Мәметова
- Қазақ музыка өнерінің ең алғашқы туындылары
- Тұтыну несиесі және оның дамуы дипломдық жұмыс