Нарықтық экономика туралы қазақша реферат

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Сондықтан да бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған байланысты ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері маңызды болып отыр. Кәсіпорындардың дербестігі өсіп, олардың экономикалық және заң алдындағы жауапкершіліктері артты. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы тұрақтылығының мәні жоғарлады.

Шаруашылық субъектілерінің қызмет ету тиімділігін қамтамасыз ету шаруашылық қызметін экономикалық тұрғыдан сауатты басқаруды талап етеді, ал ол өз кезегінде шаруашылық қызметін талдаумен тығыз байланысты. Экономикалық талдау көмегімен кәсіпорын қызметінің нәтижесі мен оған әсер етуші факторлардың даму тенденциясы, өзгеру себептері жан-жақты терең талданады, басқарушылық жоспарлары мен шешімдері негізделеді, олардың орындалуына бақылау жүргізіледі, өндіріс тиімділігін арттыру резервтері анықталады.

Қаржылық және басқарушылық  талдау бизнесте басқару шешімдерін қабылдаудың ғылыми базасы болып саналады. Басқару шешімдерін негіздеу үшін өндірістік және қаржылық тәуекел деңгейіне баға беріп, баламалы шешімдер арасынан кәсіпорын үшін ең ұтымдысын таңдай алу керек.

Курстық жұмыстың мақсаты – қаржылық шешімдер қабылдау үшін қажет болатын кәсіпорын қызметінің нәтижесін экономикалық талдау, объектінің ағымдағы және күтілетін жағдайын бағалау қабілетін анықтау.

Зерттеу тақырыбының міндеті – кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметінің нәтижесін талдап, соның негізінде талдаудың жеке көрсеткіштерін айқындау.

Зерттеу объектісі – “АКА” ЖШС. Қазақстан республикасында бірінші, валюталық дағдарыстан кейін қызметін ауылшаруашлық өнім өндіруден бастаған шағын кәсіпорын. Қазіргі таңда жан-жақты өнім түрлерін өндіреді, тек қана өнім өндірумен айналыспайды, сонымен қатар қызмет көрсетумен айналысады. Он жылдың ішінде шағын кәсіпорыннан алуан түрлі өнім өндіретін, қызмет көрсететін қаржылық жағдайы тұрақты, өндірісті әрі қарай дамытуға қаржылық жағынан мүміншілігі өте зор серіктестікке айналды.

Қаржы ресурстарын құру көздерін қалыптасуын және оны пайдалануын талдаған кезде “АКА” ЖШС мәліметтері, оның ішінде бухгалтерлік баланс, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп қолданылды.
Тағы рефераттар