Жобалардың біркелкі сұрыптау жүйесі жоқ, себебі жобаны іске асырушы инвесторлар мен ұйымдардың қолданатын өз әдістері, орнықты орындары, шарттары мен белгілері бар.

Инвестициялардың талдау мақсаты, экспертизасы және жобалардың сұрыпталуы — менеджменттің құндылық проблемасы болып есептеледі. Ұйымның (жоба өңдеушілер) және потенциалды инвестордың көз қарасынан, олардың инвестициялық саясатының сату негізі инвестициялық жобаларды алдын ала елеу жүйесінен тұрады. Көптеген ұсыныстардан таңдалған стратегиясына, сұрыптау белгілері мен  принциптерге сай келмейтін жобаларды електен өткізіп тастайды. Осының салдарынан, инвестициялық ұсыныстардың өңдеу және талдау процесі көп сатылы жүйемен жүзеге асады; инвестициялық мәлімдемесінің алдын ала экспертизасы, инвестициялық жобаның кәсіпкерлік жоспарына толық және жан-жақты талдап, оған тәуелсіз экспертизасын жасалу, жобаның қаржыландыру туралы шешім қабылдану.

Бірінші кезеңнің басты мақсаты — мәлімдеме түрінде дайындалған инвестициялық ұсыныстардың мақсатқа және приоритеттерге сәйкестіктерін анықтау. Сондай сәйкестік приоритеттердің салыстыруымен анықталады, ол инвесторға және жобаның нәтижелеріне мәнді, әрі маңызды болып келеді.

Үлгі ретінде бола алатын приоритеттер: инвестордың имиджіне келтіретін ықпалдар, инвестордың мақсаттарына сәйкестік, жобаның есесін қайтару аралығы, пайдасы мен тәуекел деңгейі, жобаның үнемділігі мен қауіпсіздігі, заңға сәйкестігі. Эксперттік бағалау әдісімен инвестициялық ұсынысқа инвестор талабымен сәйкес, деген нәтиже беріледі. Оның нәтижесі- приоритеттердің инвестордың талабына сай болмағандықтан оны елеуден алып тастау деген шешімнің қабылдануы болады.

Кезеңнің алдын — ала экспертизасының еңбегі жеңіл әрі аз, демек эксперттік  жұмыстардың құны да аздығымен сипатталады.

Екінші кезең инвестициялық жобалардың таңдауы мен сұрыптау әдістерінің қолдануымен сипатталады. Кең таралған әдістер: белгілердің тізімін құрау; балдық баға; жобалардың экономикалық- қаржы бағасы.

Белгілердің тізімін құрастыру кезінде тек приоритеттік және басты мақсаттарға сай келетіндерді ғана қолдану қажет. Жобалардың сұрыптау белгілері топтарға бөлінеді: мақсаттық, сыртқы және экологиялық, реципиент, ғылыми- техникалық, сауда, өндіріс, базар және жобаның жүзеге асыруына байланысты аймақ ерекшеліктерінің белгілері.

Мақсаттық белгілер: жобаның ұйым ағымдағысы және оның ұзақ мерзімді жоспарымен сыйысушылығы, жобаның ұйымның жаңалықтарға назар аударуының сәйкестігі, тәуекелге және ұйым тұрақтылығына сәйкестігі;

Сыртқы және экологиялық белгілер: заң сәйкестігі, жобаның жүзеге асыруына қоғамдық пікірінің реакциясы, жұмыс бастылық деңгейіне жоба әсері;

Реципиента белгісі: басқару дағдысы мен кәсіпкерлердің тәжірибесі, басқару топтың сапасы мен оның жете білушілігі; қаражаттың тұрақтылығы туралы мәліметтер; өсу потенциалы туралы мәліметтер; маркетинг аумағының стратегиясы, сыртқы нарыққа шығу үшін оған қажетті тәжірибелер мен мәліметтердің бар болуы;

Ғылыми — техникалық белгілердің көмегімен жобаның ғылыми- техникалық көрсеткіштеріне қойылған талаптардың нәтижелері мен олардың ұйым қызметіне жасалған ықпалдары бағаланады.

Саудалық (қаражаттылық) белгілеріне кіретіндер: инвестициялардың мөлшері, жобаның жүзеге асыруына арналған бастапқы шығындар; жылдық потенциалды пайдасының мөлшері; күтілетін нормаға таза дисконттық пайдасы; инвестордың талабына сай келетін пайданың ішкі нормасының белгілері, қаражат жұмсауының экономикалық құндылығы және оның жобамен сәйкес болуы, жоба пайдасының нақты болуы, есесін қайтару мезгілі мен нақты ақша ағымының сальдосы; салық жеңілдіктің қолдануы, өнімнің базарда кідіру аралығының бағалануы, жыл сайынғы сату көлемінің мүмкіндіктері; жобаның жүзеге асыруымен байланысты қаражаттық тәуекелдер.

Өндірістік белгілеріне кіретіндер: шикізат, материалдар мен жабдықтаулардың қол жетерлігі; жобаға арналған технологиялық жаңалықтардың қажеттілігі, өндіріс қызметшілері (саны мен мамандық жағынан); өндіріс қоқыстарының мүмкіншіліктері; қосымша өндіріс қуаттылықтардың қажеттілігі;

Нарықтық (маркетингтік) белгілерді алдын — ала ескере бағалайды: жобаның базар қажеттілігіне деген сәйкестікті; сауда табыстылығының ықтималдығын; берілген өнімнің баға иілгіштігін; маркетингтік зерттеулер мен жарнамалар; базарға кіруге арналған кедергілер; бәсекенің мінезі мен оның өнім бағасына ықпалы;

Сұрыптау процедурасының келесі кезеңі қарастырылатын жобалардың балдық бағасы болып келеді. Оның негізі: жобаның нәтижесіне ықпал жасайтын ең маңызды факторлар бағаланады (белгілердің тізімі құрастырылады). Белгілерге маңыздылығына қарай салмақ меншіктеледі. Маңыздылықтың бағасы өткен тәжірибенің немесе тұтынушыларға әлеуметтік сұрақ қою негізінде эксперттермен беріледі; сапалы бағалар  (аласа, орта, биік) сандық түрде көрсетіледі.

Нәтижелерге қарап жобаның бағалау кестесі мен профилі құрастырылады. Жобаның жалпы бағасы белгі салмағын рангі салмағына көбейткенде шығады. Осындай тәсілмен алынған бағаны анық, әрі дәл, деп айта алмаймыз. Объективті дәлдікті арттыру үшін, жобаға және экспертизаның өтуіне ақпараттық потенциалдарды, сервистік және инжинирингтік ұйымдарды, үкімет сатылары және т.б. шақыру керек.

Қаражаттық- экономикалық бағалау келесі шаралардың өткізуін болжайды:

1.     Ұйымның қаражат жағдайының экспертизасы. Оны болатын жобаның қаражаттық қызметтің көрсеткіштерін анықтау арқылы өткізеді;

2.     Сол ұйыммен іске асырылатын жобаның сауда, қаражаттық және экономикалық құндылығын анықтау;

Жобаның құндылығы және құралдардың инвестициялауы туралы қабылдау шешімдерін түрлі көрсеткіштер арқылы анықтау:

1.     Таза дисконтталған табыс (ТДТ) немесе интегралдық әсер, немесе таза келтірілген құн (NPV);

2.     Табыс индексі (ТИ) немесе пайда индексі (PJ);

3.     Табыстың ішкі нормасы (ТІН) немесе пайданың ішкі нормасы (IRR);

4.     Есесін қайтару мезгілі (TI);

      Инновациялық жобалардың экономика құндылығының бағалау әдісі экономикалық көрсеткіштердің жүйесімен сипатталады. Олар жобаның шығындары мен нәтижелердің арақатынастарын көрсетеді. Соның арқасында жобаның экономикалық тартымдылығын және бір жобаның екінші жобадан гөрі экономикалық артықшылықтарын анықтауға болады.

Инновациялық жобалардың құндылық көрсеткіштерінің классификациялары:

1. Экономикалық субъектілердің түрімен;

2. Қорытушы көрсеткіш түрімен (жобаның экономика құндылығының белгісі ретінде);

Көрсеткіштер:

Абсолюттік: нәтижелердің құндық бағасы мен шығындардың айырмасы, қорытушы көрсеткіштер болып келеді. Олар жобаның іске асырылуымен тығыз байланысты; абсолюттік  статистикалық (жиынтық пайдасы, жылдық орташа мөлшер пайдасы); абсолюттік динамикалық (таза дисконтталған табыс);

Салыстырмалы: жоба нәтижесінің құндық бағасы мен тұтас шығындардың қатынасы, қорытушы көрсеткіштерді береді; салыстырмалы статистикалық (инвестициялардың рентабельділігі); динамикалық салыстырмалылар (табыстылық индексі, ішкі рентабельділік);

Уақыттық: инвестициялық шығындардың есесін қайтару мезгілін анықтайды; уақытша статистикалықтар (есесін қайтару мезгілі);

Экономикалық құндылықты бағалаудың статистикалық әдістері ең қарапайым әдістерге жатады және инновациялық жобалар экспертизасының ең бастапқы сатыларында қолданылады.
Тағы рефераттар