Оқиға орнын қарауда тергеулік іс-әрекет ретінде маңыз алады, егер оның нәтижелері іс жүргізу негізінде рәсімделсе. Қараудық қорытындысы міндетті бекітілу керек. Қараудың қорытындысын бекіту- ол оқиға орнында тергеуші мен табылған құжаттық көрінісі заңды нысанда бекітілген, олардың оқиға орнында шығарылған іс-әрекетінің жазылуы, оқиға жағдайының жалпы суретін бекіту, сонымен бірге оқиға орнындағы жеке элементтерінің құрамы және жағдайларының белгілері болады.

Қараудың нәтижелерін белгілеудің жеке және жалпы құралдарын айыра білу керек. Жалпы бекіту құралдарға жатады, олардың көмегімен тергеуші оқиға орнындағы жалпы суретін, қылмыс жасалған жердің жағдайын, оқиға орнындағы объектілердің барлық жиынтығын бекітеді. Бұндай бекіту құралдарына оқиға орнын қарау хаттамасы, оқиға орнының сызбалары және жоспары, схемасы, оның фотосуреттері және бейнежазбалары жатады. Бекіту жеке құралдарына, оқиға орнын жеке объектілерін қарау нәтижелерін белгілеуде қолданылады: масштабтық суреттер, суреттеу.

Оқиға орнын қарау хаттамасы- қарау нәтижелерін көрсететін негізгі іс жүргізу құжаты болып табылады. Хаттама мынадай болуы керек:

  • Нақты және бірқалыпты жазылған оқиға орнындағы тергеуші мен және басқа қатушылар мен табылған. Хаттамада нақты ғана емес, оқиға орнындағы элементтерінің анық және жеткізерліктей жазылуы керек. Хаттаманың анық және жеткізерліктей болуы жалпы қолданатын терминдерді қолдануды қамтамасыздандырады (хаттамада белгісіз сөйлемдер мынадай «маңайында», «таяу», «жанында» , «алыс емес» болмауы керек);
  • Толық жазылған, яғни оқиға орнындағы іске қатысы бар барлық табылғандар;
  • Оқиға орнындағы табылғандардың объективті жазылуы. Хаттамада табылған фактілерді түсіндірмелеу, баяндау, тергеуші табылған іздердің және қарулардың пайда болуы туралы жазбау керек. Хаттама- ол табылғандардың жазылуы, олардың түсіндірмелері емес;
  • Бір мақсатқа бағытталған: онда қарауға жататындары көрсетілуі керек, артық іске қатыссыз нәрселер жазылмауы керек;
  • Заң ережелерінде көрсетілген тәртіппен міндетті түрде мекен жайлары ұрастырылған болуы. Бұл хаттаманың заңды сұранысы іс жүргізу кодексінің 203-бабында хаттаманың мекен жайының міндетті кіруі жазылған. Одан қарау хаттамасының құрылымын көруге болады.

Хаттаманың бірінші бөлімі:

—         қарау өндірісінің орны;

—         қарау өндірісінің күні- саны, айы, жыл;

—         қараудың басталу және аяқталу уақыты нақтылы минутқа дейін;

—         қарау жүргізудің лауазымы, тұлғаның аты-жөні;

—         қарауға қатысқандардың аты-жөні, әкесінің аты, керек жағдайда мекен жайы;

—         оқиға туралы өтініштердің, ақпараттардың алынған уақыты, қарау өндірісіне берілген тапсырма уақыты;

—         үйді қараған кезде тергеулік іс-әрекет сонда тұратын кәмелетке жасы толған адамның келісімімен де немесе прокурордың санкциясымен әлде прокурордың тәуләктік берген мерзімімен өткізілді ме көрсетілуі керек;

—         қарау өндірісінің жағдайы (қандай ауа-райы және қандай жарықта қарау өткізілді, тұрғылықтық рельефтерінің қиындығы: терең жерде, жоғары таулы, әрең жететін орын және т.б).

Хаттаманың екінші бөлімі- жазылмалы болады. Жазылмалы бөлімінде барлығы жазылады:

—         оқиға орнының шекаралары;

—         оқиға орнына апаратын жолдар, қаралатын жердің кіретін және шығатын орындары;

—         оқиға орнының жағжайы және барлық қарау объектілері (іздер және басқа заттай дәлелдемелер);

—         іздер мен заттай дәлелдемелерді табу әдістері, қандай техникалық құралдар онда қолданылды және қандай нәтиже алынды;

Үшінші- қорытынды- оқиға орнын қарау хаттамасының бөлімінде көрсетіледі:

  • қандай заттар оқиға орнынан алынды, қандай объектілер және қалай қапталған, мөрленген және қандай мөрмен, қайда бұл заттар бағытталған немесе кімге сақтауға берілген;
  • оқиға орнында қандай сызықтар, жоспарлар, схемалар құрастырылған;
  • оқиға орнында мәйіт табылса ол қайда тексеруге апарылған;

Барлық қарауға қатысушылардың қолдары қойылады. Оқиға орындарының жоспары мынадай болады:

  • шынайы іс-әрекетінің толық және нақты жетерліктей көрінуі.
  • Қарау хаттамасын жасаған тұлғамен жасалып, керекті мекен жайының болуы;
  • Оқиға орнында құралады, егер құрайтындай жағдай жоқ болса онда қарау орнында құралады;
  • Жалпы қолданатын белгілер мен оның жетерліктей және жалпы түсінетіндей болуы;
  • Бір масштабта барлық қарау объектілерінің кішірейтілген жоспары құрылуы керек;
  • Іске жатпайтын артық заттар болмауы керек.

Оқиға орнындағы жоспардың міндетті мекен жайығып санау керек: масштабты немесе негізгі размерлерінің тапсырмалары, шартты белгілерінің түсініктері, жоспарларды құраған күні, тергеушінің немесе куәгерлердің қолы. Осыған байланысты жоспар масштабты түрде ме немесе жоқпа екенін айыру үшін жоспарлар масштабты және кестелік болады. Оқиға орнының кестелік жоспары масштабсыз құралады, онда жоспардағы заттар және олардың арасындағы қашықтықтары көрсетіледі. Тәжірибеде негізінде кеңістіктің жоспары масштабты түрде сызылады; тұрғылықты жерінің жоспары – кестелік, онда негізгі қашықтығы үлкен стрелкамен белгіленеді.

Оқиға орнының жоспары жалпы болуы мүмкін, онда оқиға орны ғана көрсетілмейді сонымен қоса айналадағы орындар, тұрғылықты жердің бөліктері, мысалы, елді мекендері бөліктерінің жоспары, жеке тұрғылықты жерінің салынған жері, бүкіл үйдің жоспары жатады.

Кеңістіктің жеке жоспары- оқиға орны- жоспарлары етпетінен және аударылған түрде құрастырылады. Етпетіндегі жоспарларда еденнің жайпақтығы мен (үстінгі түр) объектілер көрсетілуі мүмкін. Егер жоспарларда көлденең жататын, жайпақтарды объектілерді көрсету керек болса (мысалы, стендегі қанның ізін), аудалылған жоспарлары құралады, онда стен мен төбе бір көлденең жазықтықта «бұратылған», немесе «жайытылған» түрде болады.

.

Тағы рефераттар