Оқулық мәтіндерінің жиілік құрылымының ерекшеліктері туралы қазақша реферат

Алдыңғы зерттеулер көрсеткендей мәтіндерінің статистикалық жағынан нақты бір жиіліктегі сөздермен қамтылуы зерттелініп отырған мәттіннің көлеміне байланысты. Статистикалық жағынан едәуір аз мағлұмат беретінсөздерді көлемі шағын оқулықтар береді. Жиілік сөздіктің бастапқы (едәуір жиі кездезсе) аумақтарында ақпарат көлемі онша болмайды. Өйткені бір ғана «ол» есімдігінің жиілігі 3609 (50ж БСО)

Зертелініп отырған оқулықтардағы мәтіндердің едәуір жиі кездесетін лексикалық единицалармен қамтыпуы өте төмен. 50 жылдар оқулықтарында 40,77%, 70 жылдар оқулықтарында 39,96% БСО 30,51% , 90ж оқулықтарында 40,28% , ал 2000 жыл оқулықтарында 40,13% .

Жиі қолданыстағы сөздердің статистикалық сипаттамасы.

Жиілік сөздіктер Мәтін көлемі N Түбір сөз L Ғ>4 Пайыздық үлeci fF>4 %)
  Балалар әдебиеті 97260 11068 3376

30,51

  50ж оқулықтары 185961 І0298 4199

40,77

  70ж оқулықтары 241984 12281 4908

39,96

  90ж оқулықтары 226374 12813 5162

40,28

  2000ж оқулықтар 368965 13869 5566

40,13

  Абай шығармалары 49819 6017 3877

64,43

Нақтылы бір жиіліктегі және бір нақты синтаксистік апараты бар түрлімөлшердегі сөздерді анықтау барысында, әр сыныпқа тиісті жиі кездесетін, яғни жиілігі Ғ>4 болатын мәтіннің 30-40%-ын қамтитын лексиалық бірліктерді таңдап алдық. Енді осындай жиіліктегі сөздердің үзіндісін көрейік. Біздің ойымызша абсалютті жиілігі 4-ке тең немесе одан артық сөздердің әрбірі қайталана қолданылу нәтижесінде бала жадында ұзақ сақталады да, бұл сөздерді толық меңгереді деп айтуымызға болады. Мысалы, ағай Сөзі 50ж оқушылықтарында 36 рет, 70 ж оқулықтарында 40 рет, ал Б.Ә 60 рет қолданылған. Алайда мұндай сөздердің көптігі оқушыға берілетін ақпарат көлемінің азаюына жағдай туғызады. Демек, сөздердің қолдану жиілігі мен мәтіндердің ақпараттық қызметі арасында кері қатынас бар деп айта аламыз. Өйткені, оқушы бір ғана сөзді қайталай бермей, оның орнына мәтінде бурын кездеспеген жаңа мәнге ие сөздерді шеретін болса ғана оның танымдық көкжиегі кеңи түседі. Сонымен бірге мұндай сөздердің тек сандық тұрғыда ғана емес, сапалық тұрғыда меңгерілуін, яғни оқушының белсенді сөздік қорына болуын да ескерген жөн.

Сонда ғана олардың тіл байлығы молайып, білім дәрежесі артады. Өйткені сездің лексикалық мағыналары талай рет қайталана қолданылуы нәтижесінде санамызға сіңіп қалыптасады. Мұнда олар сол сөз берілетін зат, не құбылыс тың белгілі бір қасиеттеріне негізделіп, ол сөз аталғанда Санамызда сол қасиеттер мағынаның басты көрсеткіштері, яғни мәндері ретінде көрінеді. Енді қарастырған оқулықтардағы жиі қолданысқа ие сәздерге назар аударсақ, салыстырылушы мәтіндер арасында сөздердің      қолданылымдағы      мынандай      ерекшіліктерді аңғарамыз:

Жалпы жиілігі Ғ>4 болатын 50-70 жылдардағы 1-3 сынып оқулықтарының жиілік сөздігінен көрініс.

Сөз(жиілігі Ғ>4) БСО мәтіндері БӘ

Ғі(50ж)

Ғі(70ж)

Ғі 60-70 ж.

1 ағай-з

36

40

60

2 ағайынды-с

9

8

6

3 ағар-е

9

8

5

4 ағыз-е

10

15

5

5 адам -з

529

673

289

6 адас-е

21

10

9

7 аз-д

120

136

48

8 азық-з

55

39

4

9 ақық-түлік-з

8

10

2

10 аида-е

39

29

32

11 айдын-з

32

27

112

12 айқайла-е

46

36

3

13 айкас-з

19

14

11

14 айна-з

6

11

13

15 айнадай-с

5

6

 
16 айналдыр-е

43

28

9

17 айрыл-е

19

21

20

18 ақтер-е

4

5

11

19 ақыл-з

23

62

 
20 алайда-ш

32

10

 
21 ар-з

11

13

4

22 араба-з

47

17

 
23 аса-ү

43

9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр түрлі тілдердің жиілік сөздіктерін салыстыра отырып.зерттеу нәтежесінде мынаған көзіміз жетті: түрлі тілдері мәтіндеріндегі сирек қолданылатын бірліктердің негізгі бөлігінің жиілігі 1және 2-ге төң болатындай сөздерді қамтиды. Мәтіннің көлемі ұлғайған сайын, мұндай сөздердің де абсолютті шамасы артқанымен, түрлі тілдердегі олардың жиынтық қатынасты жиілігі 0,60% шамасында болады. Сонымен бірге аз қолданыстағы сөздердің молдығы, жазушы немесе ақын тілінің байлығы немесе оның өзіндік ерекшелігін көрсетеді деп есептелінеді. Бірақ бұл тұжырым таңдама әдісі арқылы алынған мәтіндердің көлемі бірдей болған жағдайда ғана дұрыс деп тануымыз керек. Салыстырылып отырған 1950-2000 жылдардағы оқулық мәтіндері мен БӘ. сонымен бірге орыс тіліндегі жиілік сөздіктер және Абай шығармаларынан байқайтынымыз таңдама көлем ұлғайған сайын, аз кездесетін сөздердің үлесі азаяды.

Егер БСО мәтіндерінің жиілік сөздігін бірнеше аумақтарға: бірінші аумаққа алғашқы 100-ге дейінгі, екінші аумаққа 500-ге дейінгі, үшінші аумаққа 1000-ға дейінгі, төртінші аумаққа 2000-ға дейінгі, бесінші аумаққа алғашқы 3000-ға дейінгі жиі кездесетін лексикалық бірліктерді бөлсек, онда әр жылдардағы оқулық мәтіндері мен жиілік сөздіктерінің әрбір аумаққа қатысты сөзбен қамтылу ерекшеліктерін талдау барысында мынадай нәтижелерді аламыз.
Тағы рефераттар