Өңдеу кәсіпорындарының басым салаларының дамуы туралы қазақша реферат
Металлургия және металл өңдеу, машина құрылысы, пластмасса және резина өнімдерін өндіру және құрылыс индустриясы Қарағанды облысының өңдеу өнеркәсібінің басым салалары болып табылады.
Бұл салалардың жеке салмағы өңдеу өнеркәсібінің 2006 жылғы жалпы мөлшерінің 86% құрады.
Металл өңдеуде 2 ірі кәсіпорын жұмыс істейді, олардың бірі — «Имсталькон» АҚ ҚФ, ол металл құрылғыларын дайындайды және дәнекерлеумен айналысады. Металл құрылғыларының барлық ірі құрылыс объектілерін осы кәсіпорын салады. Екінші кәсіпорын – санитарлық – техникалық бұйымдарын өндіретін «Сантехпром» ЖШС (ванналар, жуынғыштар, табандықтар мен жылыту радиаторлары), ағымдағы жылы жылына 12,0 мың дана акрилді ванна шығару жөніндегі торапты іске қосу жоспарлануда. Қазақстанда бұл өндіріске теңдесі жоқ екенін атап өту керек.
Облыстың машина құрылысында «Қарағанды электр техникалық жабдықтар зауыты» АҚ, «Пархоменко атындағы Қарағанды машина құрылысы зауыты» АҚ, «№1 машзавод» ЖШС, «КарГорМаш» ЖШС, «Техол» ЖӨШ ЖШС, «Казцентрэлектропровод» ЖШС, «Еламан-А» ЖШС, «Бұлак LTD 2004» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындар бар.
Саланың «Машзавод №1» ЖШС, «Қарағанды электр техникалық жабдықтар зауыты» ЖШС, «Казцентрэлектропровод» ЖШС сияқты кәсіпорындары тұрақты түрде кеңейтіліп отырады, өнімдердің жаңа түрлерін өндіру жөніндегі жаңа цехтары ашылды. «Казцентрэлектропровод» ЖШС өткізгіштердің ағаш барабандарын (дайын өнімдерге арналған ыдыстар) шығара бастады, сөйтіп, өндірістің толық циклы қамтамасыз етіледі (бұрын ыдыстар басқа жақтан сатып алынатын). 2007 жылы «КарГорМаш» ЖШС — де жоғары қысымды қалақшаларды жинау және шығару жөніндегі учаскесін ұйымдастыру жоспарлануда.
«Сараньрезинотехника» ЖШС, «Қарағанды резина техникасы» ЖШС, «Eurasiaflor» АҚ және «Восход» ЖШС пластмасса және резина өнімдерін өндіретін саланың негізгі кәсіпорындары болып табылады.
Салада өткен жылы екі жаңа кәсіпорын енгізілді: «BARfloors» ЖШС — жылына 500 мың шаршы метр қуатты еденге арналған ламининатталған ПВХ плитка өндіру және «Тибет» ЖШС ПКФ – қуаты жылына 600 тонна полипропилен құбырларын өндіру.
«BAR floors» ЖШС өндірісі «Schilling-Knobel» Gmbh Scattering Thermoftx Technology және «Techno Partner Samtronic» Gmbh неміс компаниясының жабдықтарымен жарақталған, олар бірлесе отырып кәсіптік құрастыру және пуско-жөндеу жұмыстарын қамтамасыз етті. Еденге арналған поливинилхлоридті (ПВХ) плитка үш қатпарлы ПВХ пленкасынан тұрады, жылытып сығымдау әдісімен дайындалады. Арқаулау қабат есебінде шыны қаңылтырлары төселген.
Қазіргі кезде ассортимент ТОО «BAR floors» ЖШС ассортиментінде 24 түрлі түстердің реңі бар.
«BAR floors» ЖШС өнімдері ТМД тең келері жоқ, жоғары сапалы және қолданыстағы мемлекеттік стандартқа сәйкес келеді, сондықтан оны сенімді де тұрақты өнім беруші ретінде бағалауымызға болады. Сұранысы мен арналуына қарай еденге арналған ПВХ мынадай үш түрге бөлінеді: коммерциялық, жартылай коммерциялық, тұрмыстық, қозғалыс үдерісі әр түрлі ғимараттар үшін. Сонымен қатар, плиткамына түрде орындалады: жай түрде, «Трудногорючего» орындауында — «Т».
«BAR floors» ЖШС — мен қатар қазіргі кезде ISO 9001:2000. сапасының — әзірлеу және енгізу менеджмент жүйесі енгізілуде, бұл бәсекеге қабілеттіктің бұдан да жоғары деңгейіне шығуына жол ашады.
2007 жылы «Эгофом» ЖШС жылына 300 тонна көбік полиуританын (паралон) шығару жөніндегі жаңа өндіріс ашу жоспарлауда.
Құрылыс материалдарын өндіру өнеркәсіптің ең бір қарқынмен дамып келе жатқан саласы, 2006 жылы бұл салада 30 жаңа өндірістің 17- нің ашылуы — соның дәлелі. Мысалы, «Сенімді Құрылыс Технологиясы» ЖШС — көбік бетон блоктарын өндіреді, «Ир» ЖШС — керамикалық плитасын өндіру, «Қарағанды — Бетон» ЖШС — бетон қоспаларын өндіру, «Тұмар-тас» ЖШС – бетон бұйымдарын өндіру және т.б.
«Тұмар-тас» ЖШС құрылыс материалдары нарығына түрлі — түсті тротуар плиталарын, бордюр тастарын және т.б. шығара бастады. Бетоннан жасалған бұл құрылыс материалдары неміс технологиясы бойынша HESS Maschinenfabrik GmbH (Германия), «АгроМаш импорт-экспорт» ЖАҚ , «Валдай» ААБ және «Уфакран» АҚ (Ресей) фирмаларының жабдықтарымен өндіріледі. Шығарылатын өнімдердің негізгі түрлері мыналар: қабырға материалдары, бордюрлік және тротуар плиталары, кабелді науашалар, қорғандар, қоршау, баспалдақ элементтері және т.б. Өндіріс қуаты: 8160 мың. дана қабырға блоктары, 673 мың. Шаршы мтер тротуар плиткасы, 2 млн. дана бордюр тасы.
Зауытта бетоннан жасалған жоғары сапалы өнімдер шығару бойынша автоматтандырылған желілер орнатылған. Бұл технологиялық үрдісті автоматтандыру деңгейі бойынша республикадағы екінші зауыт. Құрылыс бұйымдары еуропалық технология бойынша «HESS Maschinenfabrik GmbH & Co.KG» (Германия) фирмасының жабдықтарында шығарылады, бұл бұйымдардың мықты, аязға төзімді және сыртқы тұрпатының жақсы болуын қамтамасыз етеді.
Саланың негізгі өкілдері — «Central Asia Cement» АҚ, «КЗАЦИ» АҚ, «Қарағанды құрылыс конструкциясы» ЖШС, «Теміртау кірпіші» ЖШС, «Қазтрансметалл» ЖШС және «Нұрхан» ЖШС. Жоғарыда аталған кәсіпорындардың бұл саладағы үлес салмағы 87,3% құрайды.
Ағымдағы жылы облыста құрылыс, керамикалық (қыш), қож блогын, көбік блок кірпіштерін, жеңілдетілген шифер мен экоқұрылыс плиталарын және т.б. шығару жоспарланып отыр.
Тағы рефераттар
- Қазақстанның еңбек ресурстары
- Автомобиль көлігі
- Термодинамиканың бiрiншi заңын изопроцестерге қолдану
- «АЛАС LTD» ЖШС-нің техника-экономикалық сипаттамасы
- Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия