Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі өндіруші кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігімен тікелей байланысты. өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалау келесі жүйелілікпен асады:

  1. нарықты талдау ─ потенциалды сатып алушылар мен бәсекелестердің қажеттіліктерін зерттеу;
  2. тауарға нарықтық талаптарды қалыптастыру және оны бағалық көрсеткіштер құрылымында көрсету;
  3. салыстыру көрсеткіштер базасын таңдау;
  4. бағалық класс моделінің түрін таңдау;
  5. тауарды бәсеке қабілеттіліктің жеке және интегралды көрсеткіштер бойынша бағалау;
  6.  бәсеке қабілеттілік туралы қорытынды жасау және оның өндіріс пен сатып алу мақсаттылығы туралы шешім қабылдау [6].

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау тұрғысынан нарықты зерттеудің  нәтижесі  тауардағы қажеттілікттердің әрекеттестік динамикасы  мен жағдайы туралы ақпаратты жинау болып табылады. Әрбір қажеттілік сатып алушы нарықта тауарға талаптар түрінде мәлімдеме  жасайтын  белгілі  бір  параметрлер жиынтығымен сипатталады.

Өнімнің  бәсекеге  қабілеттілігін  жоғарылату  жолдарын  жобалау  оның  нақты  және уақытылы  бағалауына тікелей байланысты. Өнімнің  бәсекеге түсу қабілеттілігі талданатын өнімнің параметрлерін салыстыру базасының  параметрлерімен  салыстыру  арқылы  бағаланады.  Салыстыру базасының орнына әдетте нарықтағы ұқсас тауар немесе тұтынушының қажеттілігі  алынады.  Ал  ұқсас  тауар  ретінде  сатылу  көлемі                 максималды және болашағы жарқын тауар алынады. Егер өнімнің параметрлерінің физикалық өлшемі боласа, онда оған балмен бағалау әдістері  қолданылады.

Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың негізгі критерийлері:

  • өнімнің жаңалық дәрежесі;
  • өндірілу сапасы;
  • өнім туралы ақпаратты тарату үшін материалдық базасының болуы;
  • өткізуді ынталандыру бойынша шаралар; өткізу динамикасы;
  • өнімнің нарықтық талаптарына ыңғайлану мүмкіндігі;
  • қаржылық жағдайы.

Сонымен бірге, бәсекеге қабілеттілікті салыстырмалы құн мен салыстырмалы  пайда бағалық көрсеткіштері бойынша қарастыруға             болады. Егер  өнімнің  бәсекеге  қабілеттілігін  баға  бойынша  бағалайтын болсақ,  өнімнің  бағасы,  сапасы  мен  дизайны ұқсас тауардан кем              түспесе, онда өнім бәсекеге қабілетті болып саналады. Ал егер өнімнің бәсекеге  қабілеттілігін  салыстырмалы  құн  бойынша  бағалайтын  болсақ, онда салыстырылатын мемлекеттерде өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек             бірлігінің салыстырмалы құны бір валютада есептелінеді. Бәсекеге қабілеттілікті пайдалылық бойынша бағалағанда, кәсіпорынның пайдалылығы  жоғары болған сайын оның өнімінің бәсекеге қабілеттілігі де  жоғары  болады [6].

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістері келесідей:

Біз бәсекеге қабілеттілікті талданатын өнім мен салыстыру базасының техникалық, экономикалық және басқа параметрлер бойынша салыстыру арқылы бағаланатынын айтқанбыз.

Бағалау екі әдіспен жүргізіледі:

  • дифференциалданған;
  • комплексті.

Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың дифференциалданған әдісі талданатын өнім мен салыстыру базасының параметрлерін қолданып салыстыруына негізделген.

а)  Егер бағалау базасы ретінде қажеттілік алынатын болса, онда бәсекеге  қабілеттілік  көрсеткіші  мына  формула  арқылы  есептелінеді:

 

Qi = Pi / Pio * 100%     (i = 1,2,3…,n)                                   (1)

 

Мұндағы, Qi  —  i-параметрі бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жеке параметрлік көрсеткіші;

Pi  —  талданатын өнім үшін і-параметрдің мөлшері;

Pio  —  қажеттілік толығымен қанағаттандырылғандағы і-параметрдің мөлшері;

n  —  бағалау параметрлерінің саны,

Нормативті  параметрлер  бойынша  бағалау  кезінде  жеке көрсеткіш 1  немесе  0  мәнін  қабылдауы  мүмкін.  Егер  талданатын  өнім  міндетті норма  мен  стандартқа сай келсе, онда көрсеткіш 1-ге тең; егер сай келмесе,  көрсеткіш  0-ге  тең болады.

Техникалық және экономикалық параметрлер бойынша бағалау кезінде жеке көрсеткіш 1-ден үлкен немесе 1-ге тең болуы мүмкін.

б)  Егер  бағалау  базасы  ретінде  үлгі  алынатын  болса,  онда бәсекеге  қабілеттілік  көрсеткіші  мына  формула  арқылы  есептелінеді:

 

Qi = Pi / Pio * 100%     (i = 1,2,3,…,n)                                  (2)

Qi = Pio / Po * 100%                                                              (3)

 

Мұндағы, Qi  –  і-нші техникалық параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жеке параметрлік көрсеткіші;

Pi  —  талданатын өнім үшін і-параметрдің мөлшері;

Pio  —   үлгі  ретінде  алынған  өнім  үшін  і-параметрдің  мөлшері;

n  —  бағалау параметрлердің саны.

Бағалау нәтижелерін талдау:

Бұл 2 формуладан жеке көрсеткіштің өсіміне бәсекеге қабілеттіліктің жоғарылауы сәйкес келетін формула алынады. (Мысалы, өнімділікті         бағалау үшін ─ формула (1), ал отынның шекті шығынын бағалау үшін ─ формула (2)

Егер  өнімнің  техникалық параметрлерінің физикалық өлшемі болмаса  (мысалы,  ыңғайлылық,  сыртқы келбет,  модаға сәйкес келуі, т.б.),  онда  балмен  бағалау  экспертті  әдістер  қолданылады.

Дифференциалдық  әдіс  талданатын  өнімнің  бәсекеге  қабілеттілігін немесе ұқсас өніммен салыстырғандағы кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік  береді.  Ол  өнімнің өмірлік циклдің барлық этаптарында, әсіресе  оны  болжамдық  үлгімен  салыстырғанда  қолданылады.  Бірақ    та  ол тауардың әрбір салмақтылық  параметрлерін таңдаған кездегі тұтынушының  қажеттілігіне  әсерін  ескермейді.

Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың комплексті әдісі.  Бұл әдіс комплексті (топтық, жалпы және интегралды) көрсеткіштерді пайдалануына және талданатын өнім мен үлгінің шекті тиімді әсерлерді салыстыруына  негізделген.

Нормативті  параметрлер  бойынша топтық  көрсеткіш  келесі формула  арқылы  есептелінеді:

 

Iнп = Qhi  ni=1                                                                                                         (4)

 

Мұндағы, Iнп — нормативтік параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің топтық көрсеткіші;

Qhi  —  і-нші нормативтік параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жеке  көрсеткіші;

n  —  бағалауға қатысатын нормативті параметрлердің саны.

Нәтижелерді талдау:

Егер  де  жеке  көрсеткіштердің  бірі  0-ге  тең болса (яғни, өнім          қандай да болмасын параметрлер  бойынша  керекті  нормаларға  сәйкес келмейді),  онда  топтық  көрсеткіш  те  0-ге  тең болады.  Бұл берілген          тауар  қарастырылып  жатқан  нарықта  бәсекеге  қабілетсіз  екенін   білдіреді.

Техникалық  параметрлер  бойынша топтық көрсеткіш мына формула арқылы есептелінеді:

 

Iтп = Qi * Ai ni=1                                                                           (5)

 

Мұндағы, Iтп — техникалық параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің топтық көрсеткіші;

Ai  —  қажеттілікті  сипаттайтын  n техникалық  параметрлер  ішінен і-нші параметрдің салмағы;

n  —  бағалауға қатысатын нормативті параметрлердің саны.

Бәсекеге  қабілеттіліктің  интегралды  көрсеткішінің  формуласы:

 

К = Інп * Ітп / Іэп                                                                (6)

 

К  —  үлгі  өнімге қатысты талданатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің интегралдық көрсеткіші.

Нәтижелерді талдау:

К  —  өнімді  сатып  алу  мен   тұтынуға  кеткен   тұтынушының     бірлік шығынына  шаққандағы  тұтынушылық  тиімділігіндегі  салыстырылатын өнімдер арасындағы айырмасын көрсетеді. Егер К<1 болса,  онда  қарастырылатын  тауардың  бәсекеге  қабілеттілігі үлгі тауарға  қарағанда  төмен; ал егер К>1 болса,  онда қарастырылатын тауардың  бәсекеге  қабілеттілігі  үлгі  тауарға  қарағанда  жоғары;  егер  екі  тауардың  бәсекеге  қабілеттілігі  бірдей  болса,  онда  К=1.

Егер талдау бірнеше үлгі бойынша жүргізілсе, онда таңдалған аналогтар бойынша өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің интегралдық көрсеткіші әрбір  бөлек  үлгі бойынша орта салмақты көрсеткіш қосындысы ретінде есептелінеді:

 

Кср = Ski * Ri ni=1                                                                         (7)

 

Мұндағы, Кср  —  үлгі топтарға қатысты бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші;

Кі  —  і-нші үлгіге  қатысты  бәсекеге  қабілеттілік  көрсеткіші;

Ri  —  аналогтар  тобындағы  і-нші  үлгінің  салмақтығы;

n  —  аналогтар саны.

Бағалаудың  аралас әдісі дифференциалдық әдіс пен комплексті         әдістің қосындысы болып табылады. Бәсекеге қабілеттілікті  бағалаудың аралас әдісі кезінде жартысы дифференциалдық әдіспен есептелген параметрлер жартысы комплексті әдіспен есептелген параметрлер қолданылады [4].

Тауар  сапасының  теориялық  мәні  ─  тұтынушылардың тауарға деген  сұранысын  қанағаттандырудың  түрлі  критерийлерін  шығару,  яғни  сапа фирманың бәсекеге қабілеттілігінің кепілдемесі болып табылады.

Әлуетті сатып алушылардың қажеттілігін білу негізінде параметрлердің номенклатурасы анықталады, оларды өндіруші нарықта өнімді бағалау үшін пайдаланылады.

Егер  салыстыру  үшін  базаны   анықтау  мүмкін  болмаса  үлгі          арқылы бәсекеге қабілетінің бағаларының жарнама әдісі  қолданыла            алады, әсіресе нарықта оның үйлестігі болса және белгілі жеңгейлі өнім бағаланса. Үлгі-тауар қажеттілікті  модельдейді  және  оның  параметрлерін бағалауға ұсынылған параметрлермен салыстыруға мүмкіндік береді.

Сонымен  бірге, бәсекеге қабілеттілігі талданатын өнімнің тұтынушыға қажетті параметрлермен салыстыру арқылы бағаланады. Салыстырылатын  параметрлер  өлшеудің бірдей шамаларымен көрсетіледі. Салыстыру техникалық және экономикалық параметрлердің топтары  бойынша  іске  асырылады.
Тағы рефераттар