Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың бөлістік әдісі туралы қазақша реферат
Шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бөлістік әдісі өнімді жаппай өндіретін кәсіпорындарда қолданылады, онда бастапқы шикізат дайын өнімге дейін рет-ретімен технологиялық өңдеуден өтеді. Бұл әдіс шикізаттың кешенді түрде пайдаланылатын кәсіпорындарында: металлургиялық, химиялық, мұнай өңдеу және басқа да салаларда қолданылады. Мысалы, ҚазМұнайГаз ҰК АҚ өндіру, өңдеу саласы негізін алады. Сонымен қатар сала бағыттары:
• | Мұнай өнімдерінің, газдың көтерме және бөлшектік сатылуы. |
• | Сұйылтылған газды сату (СУВГ). |
• | Автожағармай құю станцияларын, мұнайбаза, газ толтыру станцияларын, автомобильді газ толтыру компрессорлы станцияларын пайдалану және жөндеу. |
• | Мұнай өнімдерін сақтау жөніндегі қызмет ұсыну. |
Дайын өнім мен шалафабрикат шығарумен аяқтайтын технологиялық процесті бөлістік әдіс деп атайды. Бөлістік әдісте өндіріске кеткен шығындар олардың әрбір кезеңі, фазасы, ауысымы, яғни бөлісі бойынша есептеледі. Әрбір бөлістен кейін шала фабрикат шығарылады, ал түптеп келгенде – дайын өнім алынады. Бөлініс тізбесі пайдалынылатын жабдықтар, өндіріс процесстерінің арасындағы үзілістер; шығарылатын шалафабрикаттардың, өнімнің сипаты мен басқа да өзіне тән жағдайлары ескеріле отырып, технологиялық процесстер туралы деректердің негізінде белгіленеді. Бұл орайда, бөлініс жөніндегі шығындарды жоспарлау мен есепке алуды, аяқталмаған өндірісті есепке алуды, аяқталмаған өндірісті есепке алу мен бағалауды ұйымдастыру, өзі өндірген шалафабрикаттар мен дайын өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау мүмкіндігі ескеріледі.[3]
Тікелей шығыстар (шикізат, негізгі материалдар, шалафабрикаттар, өндіріс жұмысшыларының жалақысы т.б.) әдетте, бөлістер бойынша, ал әрбір бөлістердің ішінде — әзірленге өнім түрлері бойынша есепке алынады (шалафабрикат немесе дайын бұйым).
Үстеме шығыстар бөлістердің арасына таратылады, ал олар әрбір бөлістердің ішінде – шығарылатын өнім түрлерінің арасына таратуға қабылданған коэффициенттердің базасында жасалуы мүмкін.[6]
Бөлістік әдісін қолданған кезде нормативтік әдістің негізгі элементтері – нақты шығындардың ағымдағы нормадан жүйелі түрден ауытқуын, сондай-ақ нормалардың өзгеру есебін және олардың себебін табуды қолдану керек.
Еңбек шығындарын, ресурстардың шығыстарын құжаттауда және жедел есеп беруінде энергетикалық, материалдық және басқа да шығындардың нақты шығысын ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар өндіріс тапсырмаларына немесе нормасына негізделген шығындар да көрініс табуы керек. Белгіленген процесстің ауытқуынан, жұмсалған материалдық шығыстардың құрамының өзгеруінен, шығарылған өнімнің ассортиментінен, олардың сорттылығынан болған қосымша шығындар немесе үнемдеулер дер кезінде көрініс табуы тиіс.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудың бөлістік әдісінің екі нұсқасы пайдаланылады: шалафабрикаттық және шалафабрикатсыз.
Шалафабрикаттық нұсқа әрбір бөлістер бойынша есептік калькуляция жасайды және оған үстеме шығысын қоса есептейді. Шалафабрикатсыз нұсқасында бірінші қайта жасауға жұмсалған материалдық және еңбек шығындарына одан кейінгі қайта жасаулардан туындаған өңдеу шығындарын қосып, содан соң өнімнің өзіндік құны анықталады.
Бөлістік әдісі кезінде өндірістегі шығындарды есепке алу өндіріс есебінің карточкаларында немесе әрбір қайта жасауға ашылатын ведомстарында жүргізіледі.
Алғашқы шикізаттан өндірістің бір процессінде әртүрлі сорттарға немесе маркадағы өнім түрі алынады, сондықтан олардың өзіндік құнын анықтау үшін түзету коэффициентін пайдаланады. Мысалы, ағаш кесу кезінде алғашқы бір шикізаттан кесілген тақтайлар да кесілмеген тақтайлар да, жаңқалар және отындық кесінді шеттақтайлар да алынады. Мұндай жағдайларда белгілі бір атаудың бірінші сорты өлшем бірлігі ретінде қабылданады, ал қалған сорттарын коэффициенттердің көмегімен анықтайды.[3]
Мұнай өңдеуші өнеркәсібінде, өнім шығымын техникалық тұрғыдан сипаттайтын бір өнім бірлігінен алынған коэффициенттер жүйесі пайдаланылады. Егер де бір шикізаттан әртүрлі мұнай өнімдері алынатын болса, онда олардың арасында тарату коэффициентінің көмегімен өнімнің өзіндік құнын белгілейді, ал өңдеу шығындары әрбір өнім түрінің арасына үлес салмағы бойынша таратылады.
Ішкі және сыртқы нарықта мұнай мен мұнай өнімдері маркетингін және оларды сатуды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы – «ҚазМұнайГаз» -өңдеу және маркетинг» АҚ (ҚМГ ӨМ) жүзеге асырады. ҚМГ ӨМ экспорттық жөнелтімдерінің негізгі көлемін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ компаниясы өндіретін мұнай құрайды. ҚМГ ӨМ барлық дерлік экспорттық жеткізілімдері іс жүзінде «Транснефть» ААҚ компаниясы магистралдық мұнай құбырларының ресейлік жүйесі және Каспий құбыр арнасы консорциуымының (КҚК) мұнай құбыры арқылыжүзеге асырылады. Осы бағыттар мұнайды энергия тасымалдағыштардың әлемдік нарығына тасымалдау экономикасы және мұнай айдаудың қолда бар квоталарын толық пайдалану тұрғысынан алғанда анағұрлым оңтайлы болып табылады. ҚМГ ӨМ 2010 жылғы мұнай экспортының жалпы көлемі 6 747 мың тоннаны құрады.
Ішкі нарықта мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату «ҚазМұнайГаз» өңдеу және маркетинг» АҚ-тың Астана, Алматы қалаларында, Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде орналасқан автомай құю станцияларының
желілері арқылы жүзеге асырылады. ҚМГ ӨМ жоғары сапалы бензинді, дизель отынын және авиакеросинді қоса алғанда мұнай өнімдерінің кең түрлерін сатады. «ҚазМұнайГаз» сауда маркасымен өзінің бөлшек сату желісін кеңейту бағдарламасын іске асыру жалғасуда және 2010 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚМГ ӨМ меншігінде 279 автомай құю станциялары болды.
«ҚазМұнайГаз» сауда маркасымен өзінің бөлшек сату желісін кеңейту бағдарламасы жаңа АҚС салу есебінен де, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған станцияларды сатып алу және қайта жарақтау есебінен де жүзеге асырылып жатыр. АҚС салған кезде «ҚазМұнайГаз» озық әлемдік тәжірибені қолдануда:
модульдік кешендер, ең жаңа деген отын тарату бағандары, озық бағдарламалық жасақтама орнатылып жатыр. Бұл еңбек өнімділігін арттыруға және тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. 2011 жылға қарай ҚМГ ӨМ бөлшек сату желісін 323 автомай құю станциясына дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Жыл сайын көктемгі егіс және жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жанар-жағармай материалдарын төмен бағамен жеткізу жүзеге асырылуда. 2010 жылы ауыл шаруашылығының мұқтаждарына 422 мың тонна дизель отыны жеткізілді.
Мұнайды Қазақстанның магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) және Каспий құбыр арнасы консорциуымының
(КҚК) жүйелері бойынша жүзеге асырылады.
2010 жылы мұнайды магистральдық құбырлармен тасымалдаудың шоғырландырылған көлемі 65,83 млн. тоннаны құрады, бұл жоспарлы көлемнен 4 процентке және 2009 жылғы деңгейден 3% артық. Мұнайды айдау көлемі: Атырау-Самара бойынша – 15,3 млн. тоннаны (2009 жылға қарай 13%
төмендеу), КҚК – 29,9 млн. тоннаны (өсім 7%), соның ішінде «ҚазТрансОйл» АҚ жүйесі бойынша – 4 млн.тонна (өсім 3,5%), Қазақстан-Қытай – 10,1 млн. тоннаны (өсім 31%) құрады. Мыналардың:
• көмірсутегі шикізатын өндірушілердің мұнай өндіру және оны мұнай құбырларының жүйесіне тапсыру көлемдерін ұлғайтуына;
• ҚТО-ның турбуленттілікке қарсы қоспаларды пайдалануды қоса алғанда, құбыр жүйесін пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде жүргізген іс-шараларының арқасында жоспарлы жылдық көрсеткіштердің өсуіне қол жеткізу мүмкін болды.
Тұтастай алғанда, ҚТО-ның магистральдық мұнай құбырларының желісі 5,3 мың километрден асады, компанияның жалпы көлемі 1,3 млн. Текше метрден астам резервуарлық паркі, 38 мұнай айдау станциясы, 4 ағызу-құйып алу эстакадасы бар. КҚК ұзақтығы 1510 км, соның ішінде қазақстандық учаскенің ұзақтығы 452 км құрайды. «ҚазТрансОйл» АҚ: «МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» АҚ («Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры), «Қазақстан-Қытай Құбыр желісі» ЖШС («Атасу-Алашанькоу» және «Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай құбырлары), сондай-ақ «Batumi Industrial Holdings Limited» және «Batumi Capital Partners Limited» мұнай тасымалдау компанияларында (Батуми мұнай терминалы) акционер болып табылады.
Атауы | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
ҚазТрансОйл (100%) | 52,51 | 50,88 | 47,46 | 45,68 | 43,26 | 38,18 |
Құбыр (50%) | 5,05 | 3,85 | 3,06 | 2,4 | 0,88 | — |
МұнайТас (51%) | 2,16 | 3,04 | 2,95 | 2,75 | 2,71 | 2,8 |
Батуми мұнай терминалы (100%) | 6,12 | 6,41 | 7,16 | — | — | — |
Барлығы: | 65,83 | 64,18 | 60,63 | 50,83 | 46,85 | 40,96 |
Тағы рефераттар
- Особенности профессии «Ассистент патологоанатома»
- Ғарыш саласының еліміздің экономикасына қосар үлесі қандай?
- «Акоя» ЖШС жұмыс орталығының қызметтері курстық жұмыс
- XV — XVIII ғ.ғ. Қазақ хандығы
- Бөгенбай батыр