Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың қарапайым (процесстік) әдісі туралы қазақша реферат

Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі біртекті өнім шығаратын кәсіпорында (су электр станциялары, кен, көмір, мұнай мен газ өндіретін кәсіпорындар) пайдаланады. Оларды, әдетте, аяқталмаған өндіріс болмайды (егер де олар болса, онда оның көлемі шамалы болады) және шалафабрикаттарды өзі өндіреді. Егер де кәсіпорын өзінің есептік саясатында қарастырса, онда бұл әдісті қолдануға рұқсат етілуі мүмкін. Бұл әдіс бүкіл өнімге кеткен шығындарды есептеуден тұрады. Өнім бірлігінің өзіндік құнын тікелей немесе шартты натуралды көрсеткішіне жай бөлу арқылы табады. Кейбір салаларда шығындар әрбір технологиялық процесс бойынша есептелінуі мүмкін.[4]

Сонымен, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өндірісі бірнеше кезеңнен тұрады: мұнай және газды барлау, скважиналарды бұрғылау, мұнай және газды өндіру, оларды тасымалдау және сақтау, қайта өңдеу, мұнай, мұнай өнімдері мен газды сату. Міне сондықтан бұл жердегі шығындарды есептеу мен калькуляциялаудың процесстік деп аталуы да осыдан шыққан. Мұнда кәсіпорын барлық шығындарды өндірілетін өнімнің бір түріне, ал аяқталмаған өндіріс болмаған жағдайда шығарылған өнімге жатқызады, ал біртекті өнім шығарылатын жерде калькуляциялаудың барлық баптары бойынша өндірістегі шығындарды негізделген нормалау арқылы оңайлатады. Көптеген кәсіпорындар жұмыс практикасында өндірістің қарапайым әдісінің дұрыстығын және прогресшілдігін дәлелдеп береді. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығынды есептеу әдісінің қарапайым 4 нұсқасы бар.

Бірінші нұсқа кезінде тікелей және жанама шығындар бүкіл өнімді шығаруға жұмсалған шығындардың белгіленген баптары бойынша есепке алынады. Өнімнің бір өлшемінің өзіндік құны барлық өндірістік шығындарды дайын өнімнің санына бөлумен айқындалады. Бұл өндірістерде (су электр станциялары, құм, сазбашылық дайындау) аяқталмаған өндіріс, шала фабрикаттар және өнімнің құрамдас бөліктері болмайды.

Екінші нұсқаны аяқталмаған өндірісі бар кәсіпорындар қолданады. Бұл арада дайын өнім мен аяқталмаған Өндіріс арасында шығындарды бөлудің қажеттілігі туындайды. Бұл нұсқа 1текше метр ағаштың өзіндік құнын калькуляциялау кезінде ағашты дайындау өнеркәсібінде қолданады.

Үшінші нұсқа бір мезгілде өнімнің бірнеше түрлерін шығаратын немесе өндіретін: жылу мен электр энергиясын шығаратын, мұнай мен газ өндіретін, балық аулайтын кәсіпорындарда қолданылады. Мұндай жағдайларда шығындар тұтас алған өндіріс бойынша, яғни қарапайым әдіспен есепке алынады, ал өнімнің өзіндік құны үйлестірілген әдіспен калькуляцияланады. Мұнай мен газөндіру кезіндегі энергетикалық шығындар, амортизация, жер астындағы скважина жабдықтарын жөндеу, мұнайды айдауға және сақтауға жұмсалатын шығындар тікелей белгілері бойынша мұнайға, ал газ жинау және тасымалдау жөніндегі шығындар газға жатқызылады.

Қарапайым әдістің төртінші нұсқасын өнімнің өзіндік құнын анықтамай ақ шығындар есебін бөлістік немесе процесстік бойынша жүргізілетін кәсіпорындар пайдаланады. Бұл нұсқаны химия мен құрылыс материалдарын шығаратн өнеркәсіп қолданады. Бұл арада шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым және бөлістік әдістері үйлесімді пайдаланады.

ҚазМұнайГаз компаниялары тобы бойынша мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 21 103 мың тонна жоспармен 21 971 мың тонна (+868 мың тонна) немесе жоспардан 104% құрады. 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы компаниялардың мұнай мен конденсат бойынша шоғырландырылған көлемі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қатысу үлесін ескергенде, 3 269 мың тоннаға немесе 17,5% ұлғайды. Мұнай өндіру көлемінің ұлғаюы негізінен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өндірісін шоғырлау есебінен және «Теңізшевройл» ЖШС бойынша мұнай өндірудің өсуі есебінен орын алды.

2010 жылы мұнай мен газ конденсатын өндірудің шоғырландырылған көлемі «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ қатысу үлесін ескергенде, 13 228,6 мың тонна жоспармен 13 299,8 мың тонна (+ 71,2 тыс. тонн) немесе жоспардан 100,5% құрады. 2009 жылмен салыстырғанда, 2010 жылы мұнай мен газ конденсатын өндірудің шоғырландырылған көлемі «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ қатысу үлесін ескергенде, 1 787,8 мың тоннаға ұлғайды (немесе 15,5%). Мұнай өндіру көлемінің ұлғаюы негізінен 2009 жылғы желтоқсанда Петро Казахстан Инк 33% үлесін сатып алуға байланысты болды.

Негізгі игеру көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жоспарланған мұнай өндірісін және ұңғымалардың пайдаланушылық және айдау қорының жұмысы тиімділігін қамтамасыз ету үшін геологиялық-техникалық іс-шаралар өткізілді.

Мұнай өндірісі бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ үлесі республика ауқымында 28,0% құрады. Барлығы 2010 жылы Қазақстанда 79,6 млн. тонна мұнай өндірілді.

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы бойынша табиғи және ілеспе газдың шоғырландырылған өндірісі 2010 жылы 4 551 млн. м3 жоспармен 4,912 млрд.текше м. (+361 млн. м3) немесе жоспардан 108% құрады. 2009 жылмен салыстырғанда ҚазМұнайГаз компаниялары тобы бойынша табиғи және ілеспе газ бойынша шоғырландырылған өндіру көлемі 2010 жылы 579,5 млн. м3 немесе жоспардан 13% ұлғайды. ҚазМұнайГаз компаниялары тобында газ өндірудің негізгі көлемдерін ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру АҚ пен «Теңізшевройл» ЖШС қамтамасыз етеді.

Мұнай мен газды барлау және өндіру («ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ («ЕмбіМұнайГаз» ӨФ + «ӨзенМұнайГаз»ӨФ).

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ көмірсутегі шикізаты қорларын одан әрі өсіруді еншілес ұйым — «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ лицензиялық блоктарын жете барлаумен байланыстырады.

«Лиман» жобасы. Новобогатинск Ю-В (карниз үсті) құрылымында нақты тереңдігі1300 м. №1 барлау ұңғымасын бұрғылау аяқталды. I-шіобъектіні сынау аяқталды, II-ші объектіні сынау жалғасуда.Көмірсутектер бұрқағы алынды. Өткен қимада тағы екіқосымша өнімдің өөабаттың болуы болжанады. Новобогатинск ЮВ (карниз үсті) құрылымында 200 қума км көлемінде2Д-МОГТ сейсмикалық деректерді өңдеу және қайта интерпретациялау жұмыстары жалғасуда.

«Р-9» жобасы. Қойқара және Күлсары құрылымында тиісінше 1850 м және1600 м 2 С-З ұңғыма бұрғыланды. Ұңғымалар геологиялық себептер бойынша жойылды. 3Д-МОГТ дала сейсмобарлау жұмыстары жалғасуда. Жоспарланған 400 шаршы км 245,3ш.км орындалды. Сейсмикалық материалдармен байланыстырып, бұрғыланған ұңғымалардың нәтижелері бойынша Каспий маңының оңтүстік-шығыс аймағының юра және триас қыртыстырының құрылымдарын талдау жүргізілуде.

«Тайсойған» жобасы. С1 санаты бойынша геологиялық қорларды – 2960 мың тонна,шығырылатын – 383 мың тонна — Уаз кен орнының мұнай қорынесептеу жөніндегі есеп ҚР МҚК-де бекітілді. Қондыбай кен орны мұнайының қорларын есептеу жөніндегі есеп ҚР МҚК-деқорғалды. Жеткіліксіз зерттелгеніне орай жедел есеп ретіндеқабылданды. Бұл ретте дәлелденген шығарылатын қорлар екіесе өсіп, 282 мың тонна құрады.

Бұдан басқа, «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ жұмыс істеп тұрған С.Нұржанов, Шығыс Мақат, Батыс Прорва, Кеңбай (Шығыс Молдабек және Солтүстік Қотыртас), Жаңаталап кен орындары бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

С. Нұржанов кен орны. Кен орнында нақты тереңдігі тиісінше 3500 және 2000м.№507 және №700 барлау ұңғымасы бұрғыланды. 2 өнімді объект бөлінді. №507 ұңғымасында I-ші объект сынаудан өтуде,№700 ұңғымада І объектіні сынау нәтижелері бойынша мұнайбұрқағы алынды. Жобалық тереңдігі 3500 м. №508 барлауұңғымасын бұрғылау жалғасуда. 12400 шаршы.км көлемдедала гравиметрикалық жұмыстар аяқталып, алынған дала

деректерін өңдеу және интерпретациялау жұмыстары басталды.

Шығыс Мақат кен орны. Жобалық тереңдігі 1500 м №101 барлау ұңғымасын бұрғылауаяқталды. ГИС деректері бойынша екі объект бөлінді.

Батыс Прорва кен орны. №400 барлау ұңғымасын 3500м тереңдікке дейін бұрғылауаяқталды. ГИС деректері бойынша сынақ үшін екі объектбөлінді.

Кенбай кен орны. Көлемі 128 ш.м. 3Д-МОГТ дала сейсмобарлау жұмыстары

аяқталды. Алынған деректерді өңдеу және түсіндіру жұмыстары аяқталды.

Жаңаталап кен орны 3Д-МОГТ дала сейсмобарлау жұмыстары жалғастырылуда.2010 жылға жоспарланған 300 ш.м. көлемнен 205,4 ш.м. орындалды.[11]

2010 жылы компания бойынша мұнай өңдеудің шоғырландырылған көлемі 2009 жылғы 12 млн.тоннамен салыстырғанда 14,8 млн.тоннаға дейін артты.

мың.тонна

Атауы 2010 2009 2008 2007 2006 2005
Атырау МӨЗ 4300 4004 3925 3701 3746 3514
Шымкент МӨЗ 2292 2004 2154 10111
Петромидия МӨЗ 3367 3878 4237
ПМХЗ АҚ 4807 2185
Барлығы 14766 12071 10316 4712 3746 3514
Шоғырландырылған көрсеткіш – 49,72% үлесті және 2007 жылғы шілдеде сатып алған сәттен бастап Шымкент МӨЗ өңдеу көлемін ескере отырып.

Негізгі қаржылық көрсеткіштер

  2010 2009 2008 2010/2009
Кірістер, барлығы

соның ішінде:

2 252 197 1 955 526 2 022 475 15%
Өнімді сатудан және қызмет көрсетуден кіріс 2 098 942 1 589 549 1885 606 32%
Шығыстар, барлығы

соның ішінде:

2 065 663 1 765 068 1 678 475 17%
Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны 1 409 001 1 050 463 1 199 360 34%
Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар (ҮПС ескере отырып) 132 675 178 603 200 287 74%
Жиынтық пайда 305 309 110 904 298 291 275%

Негізгі өндірістік көрсеткіштер

  2010 2009 2008 2007
Мұнай және газ конденсатын өндіру, мың тонна 21971 18701 18051 16690
Газ өндіру, млн. м3 4912 4332 3786 3532
Мұнайды магистралдық мұнай құбыары бойынша тасымалдау, млн.тонна 65,83 64,18 60,65 50,8
Мұнайды теңізбен тасымалдау, мың тонна 7082 7363 3869 2280
Газды магистральдық газ құбырлары бойынша тасымалдау, млрд.м3 99,4 91,1 116,7 114,2
Көмірсутегі шикізатын өңдеу, мың тонна 15144 12758 10993 4712
A, B, C1 мұнайының жыл соңындағы қоры (дәлелденген), млн.тонна 791,3 781,4 706 611,3
A, B, C1 табиғи газының жыл соңындағы қалдық қоры, млрд.м3 395,6 374,6 343,2 236,5
Қызметкерлердің 31 желтоқсандағы орта тізімдік саны, адам 64660 57087 54768 52829

Тағы рефераттар