Оңтүстік Американың ішкі сулары туралы қазақша реферат

    Оңтүстік Американың аумағы Антрактида мен Австралиядан ғана үкен болғанына қарамастан, оның ағынының жалпы көлемі (7500км3) Евразиядан басқа барлық материктерден асып түседі, ал ағын қабатының орташа қалыңдығы жөнінен (417мм) Жер шарында бірінші орын алады.

Оңтүстік америкада тығыз, жақсы дамыған өзен торының қалыптасуына материктің климат жағдайлары, даму тарихы және жер бедері қолайлы жағдай жасайды. Оңтүстік Американың көпшілік бөлігінде мезозойдан бастап құрлық болған. Сондықтан материктің едәіур бөлігінің өзен торы ескі.   

Материктің басты суайрығы Андыны бойлап өтеді, бірақ барлық жерде ең биік жоталарға сәйкес келе бермейді. Ағынның көпшілік бөлігі материктен Атлант мұхитына бағытталған, оған Оңтүстік Американың аса ірі өзендері ағып барады. Тынық мұхит бассейніне басын Андының батыс бөлігінен алатын біршама шағын су ағыстары жатады.

Оңтүстік Америка өзендерінің су жинауының негізгі көзі – жаңбыр түріндегі жауын-шашын. Андының оңтүстігіндегі өзендер мұздық суынан ғана толығады. Қар суымен толығуы мардамсыз.

Оңтүстік Американың ең ірі өзені – Амазонка. Оның бассейінінің көп бөлігі экватордан оңтүстікке қарай жатыр. Өзен бассейнінің көлемі 7млн. км2-ден астам, ұзындығы негізгі бастауынан 6480 км. Амазонканың су шығыны дүние жүзіндегі барлық ең ірі өзендердің шығынынан бірнеше есе артып кетеді. Ол орта есеппен 120 мың м/с-қа тең. Амазонканың жылдық орташа ағыны (3800 км3) бүкіл Оңтүстік Америка ағының көп бөлігін және жер шарының барлық өзендерінің ағынының 15%-ін құрайды.

Амазоканың негізгі бастауы – біршама таяуда ғана зерттелген Мараньон өзені – Андыда 4840 м биіктікте басталады. Бірінші ірі саласы – Укаялимен қосылғаннан кейін ғана (жазық шегінде) өзен Амазонка деген атаққа ие болды. Амазонка өзінің көптеген салаларын Андының, Бразилия мен Гвиана таулы қыраттарының беткейлерінен жинастырады. Олардың көбінің ұзындығы 1000 км-ден асады. Амазонканың барынша көп және ірі салалары – оңтүстік жарты шар өзендері. Оның ең ірі сол жақ саласы Риу-Негру (2300 км), ең ірі оң жақ және жалпы Амазонканың ең ірі саласы – Мадейра (3230 км).

Амазонка арнасының ені Мараньон мен Укаяли қосылғаннан кейін 1-2 км құрайды, бірақ ол ағысты бойлап төмен қарай жүрген сайын тез өседі. Манаустың тұсында ол 5 км-ге дейін барып қалады, төменгі ағысында 20 км-ге жетеді, ал сағасында Амазонканың негізгі арнасының ені көптеген ұсақ аралдарымен қоса алғанда 80 км. Ойпаттың батыс бөлігінде Амазонка өзені кернеуіне келіп ағады, өйткені бұл бөлігінде қалыптасқан аңғары жоқ. Шығысқа қарай өзеннің аңғары жер бетін терең тіледі де, ол суайрық жерлерімен бірге өте адырлы болып келеді.

Атлант мұхитынан шамамен 350 км жерде Амазоканың атырауы басталады. Ол ежелден келе жатқанына қарамастан, негізгі жағаның шегінен шығып, мұхитқа қарай жылжымаған. Өзен мұхитқа қатты материалды орасан мол апарғанымен (жылына орта есеппен 1 млрд. т) атыраудың өсу процесіне толысу мен қайту әрекеті, ағыстардың әсері сонымен бірге жағалаудың төмен түсуі кедергі келтіреді.

Амазонканың төменгі ағысында оның режиміне және жағалаудың қалыптасуына толысу мен қайту үлкен әсерін тигізеді. Толысу толқыны өзеннің төменгі жағында биіктігі 1,5 – 5 м жал түрінде жылжи отырып, ағыстың бойымен жоғары қарай шамамен 1400 км-ге өтеді. Бұл толқын құм қайраңдар мен қайырларда қатты буырқана және жағаларды бұза отырып, ағысқа қарсы асқан жылдамдықпен зымырайды. Бұл құбылыс жергілікті халыққа «поророка» және «амазуну» деген атпен белгілі.

Өзенінің транспорттық маңызы зор. Ол кейбір аймақтарда Амзонка ойпатының ішкі бөліктерін Атлант жағалауымен және аймақтың басқа аудандарымен байланыстыратын бірден-бір жол болып табылады. Манаус қаласына дейін Амазонкада мұхит кемелері жүзе алады. Әрі қарай өзеннің негізгі арнасы ірі кемелер үшін өте тайыздық жасайды. Оған үнемі опырылып құлаған материал шөгіп отырады да, оның тереңдігі шамамен 7 м құрайды. Рио-Пара деп аталатын оңтүстік тармағы анағұрлым терең және мұхит кемелері өтуге жарамды. Онда Бразилияның ірі порты – Белен тұр.

Амазонка бассейні өзендерінде су энергиясының қоры мол, бірақ ол өте нашар пайдаланылады. Амаөонканың көптеген салалары ойпатқа шығарды Базилия мен Гвиана таулы қыраттарының қия шеттерін кесіп өтеді де, ірі сарқырамалар жасайды. Олардың ішіндегі ең орасан зоры – Мадейра өзеніндегі Сан-Антонио сарқырамасы.

Оңтүстік Американың үлкендігі жөнінен екінші өзен жүйесіне Парана өзені Парагвай саласымен және Паранамен ортақ сағасы бар Уругвай қосылады. Өзен жүйесі өзінің атын (Ла-Плата) Парана мен Уругвайдың, ұзындығы 320 км-ге және ені сағалық бөлігінде 220 км-ге баратын осы аттас орасан зор эстуарийінен алған. Бүкіл өзен жүйесінің көлемі 4 млн. км2-ден асады, ал әр түрлі деректер бойынша Парананың ұзындығы – 3300-ден 4700 км-ге дейін жетеді.

Парананың бастаулары – Риу-Гранди мен Паранаиба Бразилия таулы қыратында жатыр. Сол жерден жүйенің басқа да көптеген өзендері басталады. Олардың бәрі де жоғары ағысында өте шоңғалды болып келеді де, бірнеше ірі сарқырамалар – Паранадағы Сети-Кедас (Гуайра) және биіктігі 80 м Игуасу, ол да осы, тап осылай аталатын сала бойында. Төменгі ағысында Парана – кәдулігі жазық өзен. Су шығынының негізгі максимумы Бразилия таулы қыратындағы жазғы жаңбырлармен байланысты мамыр айында болады. Ла-Плата жүйесі өзендерінің және Ла-Платаның өзінің кеме қатынасы үшін маңызы өте зор.

Оңтүстік Американың үлкендігі жөнінен үшінші өзені – Ориноко. Оның ұзындығы 2500 км, бассейннің көлемі 1 млн. км2-ден астам. Ориноко басын Гвиана таулы қыратынан алады. Оның бастауын бірінші рет 1954 жылы ғана француз экспедициясы тауып, зерттеген.

Ориноко Атлант мұхитына барғанда ұзындығы 200 км-ге жететін үлкен атырау жасап аяқталады.

Оңтүстік Америкада көлдер аз. Материк көлдерінің негізгі генетикалық топтары – тектоникалық, мұздық, жанартаулық, лагуналық. Мұздық және жанартаулық шағын көлдер Андының әр жерінде бар. Аса ірі мұздық-тектоникалық көлдер Оңтүстік Андының батысында шоғырланған.

Материктің ең ірі көлі – Титикака – анд таулы үстіртінде 3800 м биіктікте, Перу мен Боливияның арасындағы шекарада жатыр. Оның көлемі – 8300 км2, ал терең жері – 304 м. Көлдің жағаларында оның деңгейінің әлденеше рет төмендегенін айқындайтын террасалар көрінеді. Көл басқа, тайызырақ тектоникалық Поопо көліне ағып шығады. Осыған байланысты су Титикака көлінде тұщы , ал Поопода өте тұзды.

Андының ішкі үстірттері мен Гран-Чако жазығында тектоникалық жолмен пайда болған, тайыз тұйық және тұзды көлдер көп. Онда басқа тұзды батпақтар мен сорлар (саларес) таралған.

Атлант мұхиты мен Кариб теңізінің ойпат жағасын бойлап ірі лагуна-көлдері жатыр.Осы лагуналардың ішіндегі ең ірісі солтүстікте, Анд жоталарының аралығындағы кең ойыста жатыр. Ол Маракайбо деп аталады және Венесуэла шығанағымен жалғасып жатыр. Бұл лагунаның көлемі 16,3 км2, ұзындығы – 220 км. Лагунаның суы тұщы деуге болады, бірақ толысулар кезінде оның тұздылығы айтарлықтай артады.

Атлант мұхитымен байланысын үзуге айналған лагуналар материктің оңтүстік-шығысында жатыр. Олардың ішіндегі ең ірілері – Патус пен Мирин.
Тағы рефераттар