2005  жылдың  басына  облыстағы  халықтың  саны  2193, 6  мың  құрап,  2004  жылмен  салыстырғанда  оңтүстік  қазақстандықтардың  саны  2 %  артты.

Халық  санының  көбеюі  негізінен ,  бүгінгі  таңға  облыс  халқының  59,9 %    1312,9  мың  адам   бөлігін  құрап  отырған,  ауыл  тұрғындары  санының  өсуі  есебінен  болып  отыр.  Оңтүстік  қазақстандықтардың  80,7  мыңы  ( 40,1 % ) – қалалықтар.

1994  жылдан  2004  жылға  дейінгі  кезенде  облыс  бойынша  туылғандардың  жалпы  саны  545,8  мың  адамды  құрады,  барлық  туылғандардың  67,0 %  ( 365, 9  мың  адам)  ауыл  халқына  жатады. Гендер  белгісі  бойынша,  жаңа  туылғандардың  48,5 %  ( 264, 8  мың  адам)  әйелдер  және  51,5 %  ( 281, 0  мың  адам) – ерлер.

Қазақ  халқы  арасында  туу  жоғары  деңгейде  қалып  отыр,  оның  үлесіне  1994-2004  жылдары  туылғандардың  —  71,5 %  (390,3  мың  адам )  тиесілі.

Туылғандардың  жалпы  коэффициентерін  әр  1000  адамға  шаққанда  1994  жылғы – 29,0 –ден  2004  жылы  — 26,9-ға  дейін  кеміді,  алайда  Республиканы  тұтас  алғанда  бұл  көрсеткіш  жоғары  күйінде  қалып  отыр.  2004  жылы  әр  1000  қалалық  тұрғынға  орта  есеппен  26,4  туылғаннан  келсе,  1000  ауыл  тұрғынына  27, 2  туылғаннан  келді.

1994-2004  жылдары  өлгендер  саны  161,7  мың  адамды  құрады,  1994-2004  жылы  өлім  деңгейі  халықтың  1000  адамына  шаққанда  6,9  өлімнен  келді.  Қалалық  елді  мекенде  77,0  мың  жалпы  өлім  санының  47,6 % )  ауылдық  жерде – 84,8  мың  өлім  (52,4 % )  тіркелді.

1994-2004  жылдары  өлім  себептерінің  ішінде  анықтаушы  орынды  қан  айналымы  жүйесі  аурулары  ( жалпы  өлім     санының  47, 6 % )  алды.

Осы  мезгіл  ішінде  тыныс  органдары  ауруынан  өлгендер  саны  18,5  мың  адамды  ( 11,4 % )  адамды  кездейсоқ  оқиғалардан,  улану  басқа  да  сыртқы  әсерлерден  17, 8  мың  адам  ( 11,0 % ),  жаңа  ісік  ауруларынан  16, 9  адам  ( 10, 5 % )  қайтыс  болды.

Сәбилердің  шетінеу  деңгейі  төмен-түсті.  Мәселен,  бір  жасқа  дейінгі  өлген  сәбилер  өлімінің  коэффициенті  1000  туылған  балаға  шаққанда  1994  жылғы  27, 4-тен  2003  жылы  14, 6-ға  дейін  кеміді.  Жаңа  туылған  сәбилер  өлімінің  жоғары  деңгейі  тыныс органдарының  ауруына – 4,9  мың

оқиға  (1994-2004  жылдар  аралығында  өлгендердің – 43, 0 % )  және  перинаталды  кезеңде  пайда  болған  жағдайға – 2,8  мың  оқиғасы  (24,6 %)  тиеді.  1994-2004  жылдары  бір  жасқа  дейінге  11,4  мың  сәби  өлді.

1994  жылдан  2004  жылға  дейін  облыс  бойынша  152,7  мың  неке  тіркелді,  оның  95,2  мыңы  (62,3 % ) – ауылдық  жерде  некелескендер.  Аумаққа  қарай  бөлгенде,  бұл  кезеңде  ең  аз  некелесу – 4,2  мың  көрсеткішпен  ( оның  жалпы  санының  2,8 % )  Арыс  қалалық  әкімшілігінде  тіркелген  болса,  некелесудің  көбірек  саны  — 30,4  мың

(19,9 % )  көрсеткішпен  Шымкент  қалалық  әкімшілігіне  тән  болды.

Облысты  тұтас  алғанда,  некелесудің  қалпы  коэффициенті  халықтың  1000  адамына  шаққанда  1993  жылғы – 8,1 – ден  2004  жылы – 7, 9-ға  дейін  кеміді.

1994-2004  жылдары  23,6  мың  ажырасу  тіркелді,  оның  17,9  мыңы  (75,8 % ) – қалалық  елді  мекенде  тіркелді.

Ажырасудың  жалпы  коэффициенті  халықтың  әр  1000  адамына  шаққанда  1994  жылғы  1,4 – тен  2004  жылы – 0,9 – ға  дейін  кеміді.  1993  жылы  1000  некелесуге  173  ажырасудан  келсе, 2004  жылы  оның  саны  115-ке  дейін  азайды.

1994-2004  жылдары  облысқа  105,5  мың  адам  келді  ( облыс  аумағындағы  қоныс  аударушыларды  есепке  алмағанда ). Келгендердің  ішінде  37,7  мың  —  Қазақстанның  басқа  облыстарынан,  64,8  мыңы – ынтымақтастық  елдерден,  2,9  мың  адам – қиыр  шеттегі  елдерден  келгендер.

1994-2004  жылдары  облыстан  шетке  кеткендердің  саны  96,2  мың  адамды  құрады.  Кетушілердің  ішінде  69,5  мың  адам —  Қазақстанның  басқа  облыстарынан,  23,8  мыңы  —  ынтымақтастық  елдерден,  2,9  мың  адам  —  қиыр  шеттегі  елдерден  кетушілер.

Көші-қон  айырымының  абсолюттік  ауытқу  1999-2004  жылдары  9291  адамды  (оң )  құрады.

Облыстың  барлық  аудандары  мен  қалалық  әкімшіліктерінде  халықтың  жалпы  өсімінің  артқандығы  байқалды.  2004  жылы  облыста  барлық  халықтың  жалпы  өсімі  43,3  мың  адамды  құрады.

2005  жылдың  1  шілдесіне,  алдын  ала  деректер  бойынша,  облыс  халқының  саны  2213,9  мың  адамды  құрады  ( 2004  жылдың  1  шілдесіне  —  2173, 0  мың  адам ).

2005  жылдың  қантар-маусымында  халықтың  табиғи  өсуінің  абсолюттік  көрсеткіші  21,5  мың  адам  болып  ( 2004  жылдың  қантар-маусымында  —  102,2 % ),  29,8  мың  —  туу  ( 103,7 % ), 8,3  мың  —  өлім  оқиғасы  ( 107,9 % )  тіркелді.

Туу  коэффициенті  1000  адамға  шаққанда,  2004  жылдың  қантар-маусымында  26,9-дан  2005  жылдың  қантар-маусымында  27,4-ке  дейін  өсті. Қалалық  жерде  әр  1000  адамға  —  28,6  туылғаннан  келсе, ауылдық  жерде  1000  адамға  —  26,7  туылғаннан  келеді.

Өлім   коэффициенті  1000  адамға  шаққанда,  2004  жылдың  қантар-маусымында  7,2-ден  2005  жылдың  қантар-маусымында  —  7,6-ға  дейін  өсті.  Қалалық  жерде  әр  1000  адамға  орта  есеппен  9,8  өлгеннен  келсе, ауылдық  жерде  1000  адамға  —  6,2  өлгеннен  келеді.

2005  жылдың  қантар-маусымында  7,3  мың  некелесу  ( 2004  жылдың  қантар-маусымында  —  96,7 % ), 1,0  мың  — ажырасу  ( 101,1 % )  тіркелді.

Облысты  тұтас  алғанда,  некелесудің  жалпы  коэффициенті  халықтың  1000  адамына  шаққанда  2004  жылдың  қантар-маусымында  —  7,1-ден  2005  жылдың  қантар-маусымында  — 6,7-ге  дейін  кеміді. Әсіресе, оның  едәуір  өсуі  Қазығұрт  ауданында  ( 7,3-тен  8,7-ге  дейін )  орын  алды.

Ажырасудың  жалпы  коэффициенті  2005  жылы  қантар-маусымында  халықтың  әр  1000  адамына  шаққанда – 0,9-дан  2004  жылдың  қантар-маусымында  — 0,9  деңгейінде  өзгеріссіз  қалды.  Ажырасудың  ең  жоғары  деңгейі  —  Шымкент  қ. ә.  ( 1,9  ажырасу ),  ең  төмен  деңгейі —  Шардара  ауданында  ( 0,3  ажырасу )  орын  алды.

       Көші-қонмен  2005  жылдың  қантар-маусымында  облысқа  келген  халықтың  саны  5,9  мың  адамды  құрап  ( облыс  ішіндегі  көші-қонды  есепке  алмағанда ),  ал  облыстан  шетке  кеткен  халықтың  саны  7,1  мың  адам  болды,  көші-қон  өсімі  -1,2  мың  адамды  құрады.

Халықтың  атаулы  ақшалай  табыстары  ( бағалау  бойынша ).

   Атаулы   ақшалай  табыстары  —  бұл  халықтың  ағымдағы  тұтынуларына,  өндірістік  қызметтеріне  және  қорлануға  бағытталған  ( табыс  салығын  есепке  алғанда )  ақшалай  қаражаттары.  Олардың  көлемі  макродеңгейде  есептеу  әдісімен  анықталады,  оған  халықтың  жалдамалы  және  өз  бетінше  жұмыспен  қамтылудан  түскен  ақшалай   табыстарын  бағалауы

( статистикалық  есеппен  толық  алынбаған  жұмыспен  қамтылған  халық  санын  және  жасырылған  еңбек  ақыны  қоса  есептегенде)  және әлеуметті к

трансферттер  төлемдері  кіреді.

Нақты  ақшалай  табыстар  —  бұл  тұтыну  баға  индексіне  түзетілген  ақшалай  табыстар.

2005  жылдың  қантар-маусымында  халықтың  орта  есеппен  жан  басына  шаққандағы  атаулы  ақшалай  табыстары  ( бағалау  бойынша )  41099  теңгені  құрады,  бұл  2004  жылдың  тиісті  кезеңімен  салыстырғанда  6,2 % өсті .

 

Халықтың  тұтынуға  пайдаланған  табыстары.

 

Тұтынуға  пайдаланған  табыстар,  шығыстар  және  жеке  шаруашылықтарда  өндірілген  өнімдерінің  тұтыну  құны  негізінде  есептелінген  ақшалай  табыстардың  сомасы  болып  табылады.

Халықтың  тұрмыс  деңгейін  сипаттайтын  аса  маңызды  көрсеткіштердің  бірі  —  үй  шаруашылықтарының  түрлі  тауарлар  алуға,  қызмет  пайдалануға  мүмкіндіктерін  айқындайтын  кіріс  көрсеткіші  болып  табылады.

Облыстың  үй  шаруашылықтарын  іріктеп  зерттеудің  мәліметтері  бойынша,  халықтың  тұтынуға  пайдаланған  табыстары  жан  басына  шаққанда  2005  жылдың   II  тоқсанында  айына  орта  есеппен  6025  теңгені  құрады  және 2004 жылдың  тиісті  тоқсанымен  салыстырғанда  12,8 % артты

     Жұмыспен  қамтылу.     Экономикалық  тұрғыдан  белсенді  халық     ( жұмыс  күші )  —  тауар  және  қызмет  көрсету  өндірісі  үшін  жұмыс  күшін  ұсынуды  қамтамасыз  ететін  халықтың  экономикалық  тұрғыдан  белсенділігін  өлшеу  үшін  белгіленген  жастағы  халықтың  бөлігі. Экономикалық  тұрғыдан  белсенді  халықтың  санына  экономикалық  қызметтің  барлық  салаларында  жұмыспен  қамтылғандар  мен  жұмыссыздар  кіреді.  Еңбекке  қабілетті  жастағы  адамдарға  16  жасқа  толған  азаматтар  және  63  жасқа  дейінгі  еркектер, 58  жасқа  дейінгі  әйелдер  жатады  ( «Қазақстан  Республикасындағы  еңбек  туралы»  және  «Қазақстан  Республикасының  азаматтарын  зейнетақымен  қамтамасыз  ету  туралы» ҚР заңдарына сәйкес).

Экономикалық  белсенділік  деңгейі  —  пайызбен  өлшенген  15  жас  және  одан  жоғары  жастағы  халықтың  жалпы  санындағы  экономикалық  тұрғыдан  белсенді  халық  санының  үлесі.

Жұмыспен  қамтылған  ( жұмыс  істейтін )  халық  —  бір  аптаға  тең  қысқа  мерзім  ішінде  өз  жағдайы  бойынша  мына  санаттардың  біреуіне  жатқызуға  болатын  тиісті  жастағы  барлық  адамдар;

а)  ақы  төленетін  өз (жалдамалы )  қызметкер;

б) өз  бетінше  жұмыспен  қамтылған  қызметкер.

Зерттелген  аптада  демалыста  болған  ( еңбек  демалысында, ақысыз  демалыс, жүктілігі  мен  босануы  бойынша  демалыс  немесе  баланы  күтуге  берілетін  демалыс )  немесе  ауырып  қалған  адам  да  жұмыспен  қамтылған  болып  есептеледі,  өйткені  ол  өз  жұмысына  ресми  тіркелген. Жалдамалы  ( ақы  төленетін )  қызметкерлер – қызметақы, сыйақы, үстемеақы  және  с.с.  немесе  заттай  еңбек  ақы  ( сыйақы )  төлеу  көзделетін  жалдау  шарты  бойынша  жұмыс  істейтін  адамдар.

Өз  бетінше  жұмыспен  қамтылу  — бұл  сыйақы  мөлшері  тауар  өндіру

(өткізу )  және  қызмет  көрсетуден  алынатын  табысқа  тікелей  байланысты

болатын  жұмыспен  қамтылу  ( бұл  жерде  өзінің  тұтынуы  табыстың  бір  бөлігі  ретінде  қарастырылады).

Жұмыссыздарға  халықтың  экономикалық  белсенділігін  өлшеу  үшін  белгіленген  жастағы,  қаралып  отырған  кезеңде  бір  мезгілде  үш  негізгі  өлшемге  жауап  берген  адамдар  жатады;

а) жұмыссыз  ( табысты  жұмысы  болмаған )  болған ;

б) оны  белсенді  іздеумен  айналысқан;

в) белгілі  уақыт  кезеңі  ішінде  жұмысқа  кірісуге  дайын  болған.

Жұмыссыздық  деңгейі  — экономикалық  тұрғыдан  белсенді  халықтың  санындағы  жұмыссыздар  санының  пайызбен  өлшенген  үлесі.

Экономикалық  тұрғыдан  енжар  ( әрекетсіз)  халық  — қаралып  отырған  кезең  ішінде  жұмыспен  қамтылғандарға  жатпайтын  немесе  жұмыссыздар  болып  табылмайтын, халықтың  экономикалық  белсенділігін  өлшеу  үшін  белгіленген  жастағы  адамдар.

        Халықтың  экономикалық  тұрғыдан  енжарлық  деңгейі – 15  жас  және  одан  жоғары  жастағы  халықтың  жалпы  санындағы  экономикалық  тұрғыдан  енжар  халық  санының  пайызбен  өлшенген  үлесі.

Іріктеп  зерттеу  сауалнамасының  мәліметтері  бойынша  ( алдын  ала  мәліметтер ),  облыстағы  экономикалық  тұрғыдан  белсенді  халықтың  саны  2005  жылдың   2  тоқсанында  1010,7  мың  адамды  құрады  ( 15  және  одан  жоғары  жастағы  жалпы  халық  санының  69,1 %),  олардың  92,6 %   — экономика  салаларында  жұмыспен  қамтылғандар,  7,4 % — жұмысы  жоқтар, дегенмен  олар  жұмысты  белсенді  түрде  іздестіруде,  жұмыс  табылған  жағдайда  оған  кірісуге  дайын.

Облыс  экономикасында  жұмыспен  қамтылғандар  санының  47,2 % — жалдамалы  қызметкерлер, 52,8 % — өз  бетінше  жұмыспен  қамтылғандар.Олардың  басым  көпшілігі  (73,4 %)  ауылдық  жерлерде  еңбек  етті. 2005  жылдың  II  тоқсанында  жұмыссыздар  саны  74,7  мың  адамды  құрады, олардың  57,0 % — қала  43,0 % — ауыл  халқы.

Осы  кезең  ішінде  облыста  экономикалық  тұрғыдан  енжар  халық  саны  452,6  мың  адамды  ( 15  және  одан  жоғары  жастағы  жалпы  халық  санының  30,9 %)  құрады.

 

Халықты  жұмысқа  орналастыру.

 

2005  жылдың  маусымында  13,6  мың  адам  жұмыс  іздеп,  ОҚО  жұмыспен  қамтуды  үйлестіру  және  әлеуметтік  бағдарламалар  департаментіне  өтініш  білдірген,  оның  ішінде  ауылдық  жерде  тұратындары – 5,3  мың  ( 39,1 % )  адамға  жеткен.  Облыстың  еңбек  басқармасы  есебіндегі  жұмыссыздардың  саны  2005  жылдың  маусым  айының  аяғында  9,7  мың  адамды  құрады  ( 2004  жылдың  тиісті  кезеңіндегі  санынан  4,6 %  кем ),  оның  4,5  мыңы-ауылдық  жердің  тұрғындары  ( барлық  жұмыссыздар  санындағы  үлесі —  46,7 % )  және  2004  жылдың  тиісті  кезеңімен  салыстырғанда  1,0 %  кеміді.

2005  жылдың  қантар-маусымында  облыс  бойынша  9,0  мың  адам,  немесе  өтініш  білдіргендердің  —  66,1 % ,  оның  ішінде  ауылдық  жерде  тұратындардан  —  3,8  мың  адам,  немесе  70,8 %  жұмыспен  қамту  органдарының  жәрдемімен  жұмысқа  орналасты

Жалақы

     Жалақы  —  еңбекке,  оның  күрделігіне,  мөлшеріне  және  сапасына  сәйкес  берілетін  сыйақы  ( табыс ).  Бір  қызметкердің  орташа  айлық  жалақысы  есептелген  жалақы  қорының  сомасын  жұмыс  істеушілердің  нақты  санына  және  есепті  кезеңдегі  айлардың  санына  бөлу  жолымен  анықталады.  Нақты  жалақының  индексі  орташа  атаулы  жалақы  индексін  тұтыну  бағасының  индексіне  бөлу  арқылы  анықталады.  Екі  индексте  бір  және  сол  уақыттық  кезеңге  жатады.  Халықтың  табысының  едәуір  дәрежеде  өсуі  жалақының  деңгейіне  байланысты.

2005  жылдың   қантар-маусымында  кәсіпкерлікпен  айналысатын  шағын  кәсіпорындарды  есепке  қоспағанда  бір  қызметкердің  орта  айлық  жалақысы  20327  теңгені  құрап,  2004  жылдың  тиісті  кезеңімен  салыстырғанда  8,4 %  өсті.

Үстіміздегі  жылдың  басынан  бергі  орташа  айлық  жалақы  қалалық  жерде  —  15844  теңгені  құрады. Атаулы  жалақының  едәуір  өсуі  облыстың  барлық  қалалық  әкімшіліктері  мен  аудандарында  байқалды. Әсіресе,  бұл  көрсеткіштің  жоғары  деңгейі  Созақ  ( 17,7 % ), ал  төменгі  деңгейі  Бәйдібек  ауданында  ( 0,2 % )  орын  алды.

 

Зейнетақы.

Зейнетақы  —  заңдар  ретімен  тағайындалған  зейнетақы  төлемдерінің  жиынтығы. Белгіленген  айлық  зейнетақының  орташа  көлемі  белгіленген  жалпы  айлық  зейнетақы  сомасының  әлеуметтік  қорғау  мекемелерінде  есепке  тұратын  барлық  зейнеткерлер  санына  қатынасымен  есептплпді.

Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  филиалының  Зейнетақы  Төлеу  жөніндегі  Мемлекеттік  Орталығының  деректері  бойынша,  2005  жылдың  II  тоқсанында  белгіленген  айлық  зейнетақының  орташа  көлемі  8139  теңгені  құрады,  бұл  2004  жылдың  тиісті  кезеңімен  салыстырғанда  7,4 %   артық.

Күнкөрістің  ең  төмен  деңгейінің  шамасы.

Күнкөрістің  ең  төмен  деңгейінің  шамасы  —  ең  төмен  деңгейдегі  тұтын  қоржыны  құнының  шамасына  тең,  бір  адамға  қажетті  ең  төмен  ақшалай  табыс.  Ең  төмен  деңгейдегі  тұтын  қоржыны  азық-түлік  қоржынынан  және  азық-түлік  емес  тауарлар  мен  көрсетілетін  қызметтерге  жұмсалған  шығыстардан  тұрады.  Ол  ең  төмен  деңгейде  қажетті  азық-түлік  емес  тауарлар  мен  көрсетілетін  қызметтерге  жұмсалған  шығыстардың  белгіленген  үлес  қосылған  ең  төмен  деңгейдегі  азық  түлік  қоржынының  құнынан  алынып  есептеледі.  Азық-түлік  емес  тауарлар  мен  көрсетілетін  қызметтерге  жұмсалған  шығыстардың  белгіленген  үлесі  қазіргі  кезде  ең  төмен  деңгейдегі  тұтыну  қоржыны  құнының  30  пайыздық  мөлшерінде  белгіленген.

Халықтың  тұрмыс  деңгейін  бағалау  үшін, Қазақстан  Республикасының  заңдылықтарына  сәйкес,  абсолютті  кедейлік  өлшемі  болып  табылатын  күнкөрістің  ең  төмен  деңгейі  қолданылады.

Күнкөрістің  ең  төмен  деңгейінің  шамасына  әсер  ететін  негізгі  факторлар  тамақ  өнімдерін  тұтыну  нормалары ,  яғни  осы  тамақ  өнімдерінің  бағасы  және  азық-түлік  пен  азық-түлік  емес  шығыстары  арасындағы   белгіленген  арақатынасы  болып  табылады.  Тамақ  ұлттық  Институтының  физиологиялық  деңгейде  негізгі  ас  заттарын  тұтыну  және  энергетикалық  бағалылықты  қамтамасыз  ету  тұжырымдамасы  арқылы  өңдеген  тамақ  өнімдерінің  тұтыну  нормалары  Республика  халқы  үшін  бірдей.  Ең  төмен  деңгейдегі  азық-түлік  қоржынының  құны  тамақ  өнімдерінің  тұтыну  нормаларын  инфляция  деңгейін  ескере  алатын ,  облыстағы  айдың  ортасына  келген  орта  бағаларға  көбейту  жолымен  есептелінеді.

2005  жылдың  маусымында  негізгі  азық-түлік  тауарларын  пайдаланудың  ең  төменгі  деңгейімен  есептелінген ,  жан  басына  шаққандағы  кұнкөрістің  ең  төмен  деңгейі  орта  есеппен  5356  теңгені  (азық-түлік  тауарлары – 3749  теңге,  азық-түлік  емес  тауарлар  және  ақылы  қызмет  —  1607  теңге)  құрап ,  өткен  аймен  салыстырғанда  2,2 %    өсті.

Облыс  бойынша  жан  басына  шаққандағы  ең  төмен  күнкөрістің  орташа  шамасынан  жоғары  көрсеткіш  Мақтаарал  (5473  теңге)  ауданында  қалыптасса,  төменгі  көрсеткіш  Ордабасы  ауданында  —  4789  теңгені  құрады.

2005  жылдың  маусымында  2004  жылдың  маусымымен  салыстырғанда  күнкөрістің  ең  төмен  деңгейі  облыс  бойынша  16,2 % — ға  өсті.  Аудандар  бойынша  айтарлықтай  баға  өсімі  Түркістан  қ.ә. – 16,0 %,  Сайрамда – 15,4 %  ,  Кентау  қ.ә. – 14,7 %   және  Созақ  ауданында  14,5 %  — ға  байқалды.

1998  жылдың   Қазақстан  Республикасының  еңбек  және  халықты  әпеуметтік  қорғау  Министрлігінің  еңдеген  күнкөрістің  ең  төмен  деңгейін  және  кедейлік  белгілерін  сипаттайтын  әдістемелік  ұсынысына  сәйкес,  күнкөрістің  ең  төмен  деңгейінің  шамасы  облысты  тұтастай  алғанда  облыс  орталығындағы  күнкөрістің  ең  төмен  деңгейінің  шамасымен ,  ал  аудан  бойынша  аудан  орталығындағы  күнкөрістің  ең  төмен  деңгейімен  анықталады.

Табыстарды  бөлудің  әркелкілігі.

2003-2005  жылдардағы  Қазақстан  Республикасының  кедейлікті  төмендету  бойынша  бағдарламада  кедейлікке  анықтама  беріледі ;

«Кедейлік  — бұл  әлеуметтік-экономикалық  құбылыс ,  қоғам  өміріне  конституциямен  бекітілген  құқығы  мен  еркіндігі  шегінде  толық  қатысу  мүмкіншілігінен  айырылуымен ,  өмірге  деген  құқығын  пайдалануымен  байланысты  алғашқы  кезектегі  физиологиялық  қажеттілігін  қанағаттандыру  қиыншылығын  сезген  анықталған  халықтар  тобы»

Жыл  бойына  халықтың  кедейлік  деңгейі  маусымдылыққа  қарай  өзгеріп  тұрады. Кедейлік  деңгейі  қыс  мезгілінде  көтеріледі ,  ал  жазда  төмендейді.  Халық  табысының  жаз  айларында  өсуі  жұмыспен  қамтылумен  түсіндіріледі.

Кедейліктің  таралуы  көптеген  факторлармен  анықталады. Үй  шаруашылығының  көлемі  —  маңызды  фактордың  бірі , өйткені ,  үй  шаруашылығы  мүшелерінің  саны  көп  болса , кедейлікке  ұшырау  тәуекеліне  әкеледі.  Үлкен  үй  шаруашылықтарында  табысы  аз  (немесе  мүлде  табысы  жоқ)  көп  мүшелерден  құралады , ал  қарауындағы  жандарға  салмақ  салу  үй  шаруашылықтарының  тұрмыс  деңгейін  төмендетеді.

Үй  шаруашылықтарын  іріктеп  зерттеудің  нәтижелері  бойынша , Оңтүстік  Қазақстан  облысындағы  үй  шаруашылықтарының  орташа  көлемі  республика  бойынша  ең  жоғары  көрсеткіштерінің  бірі  болып  табылады.

 

Халықтың  ауруға  шалдығуы.

 

Ауру  сырқаулық  деңгейі  — бірінші  рет  диагноз  қойылған  аурулар  санының  тұрақты  халықтың  орташа  жылдық  санына  қатынасымен  анықталып ,  шыққан  сан  100 000  көбейтіледі.

Халықтың  кейбір  жұқпалы  ауруларға  шалдығу  саны  —  халықтың  амбулаториялық-емханалық  мекемелерге  кейбір  ауру  түрлерімен  баруының  жалпы  санымен  анықталады.

Облыстық  санитарлық – эпидемиалогиялық  бақылау  басқармасының  деректері  бойынша , 2005  жылдың  қантар-маусымында  облыс  аумағында  2004  жылдың  қантар-маусымымен  салыстырғанда  халықтың  ауру-сырқаулығы  тіркелген  инфекциялардың  біразы  кеміді , вирусты  гепатит  ауруымен  ауырғандар , адам  иммунитетінің  тапшылық  вирусын  жұқтырғандар , қышымамен  ауырғандардан  басқасы  (тиісінше  19,8 % ,

9,8 % , 10,0 % ).  Халықтың  паротит  індетімен  ауруы  —  61,8 % , тұмау  ауруы – 59,6 % , жоғары  тыныс  алу  органдарының  асқынған  жұқпасымен  ауырғандар – 5,9 % ,  тыныс  жолдарының  туберкулезімен  алғаш  рет  ауырғандар – 9,3 % .  Диагнозы  алғаш  қойылған  бруцеллез – 10,2 % , педикулезге  шалдыққандар – 46,7 % , мерез  — 15,1 % -ге  кеміді.

Білім  беру.

     Тұрақты  мектепке  дейінгі  мекемелер  (жылына  кем  дегенде  10  ай  жұмыс  істейтін)  бір  жастан  алты  (жеті)  жасқа  дейінгі  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу  мен  оқытуды ,  олардың  дене  және  психикалық  денсаулығын  қорғауды  және  нығайтуды ,  дамуында  ауытқуы  бар  балалардың  жеке  қабілеттерін  дамытуды  және  оған  мұқтаж  балаларға  қажетті  түзету  жасауды  жүзеге  асырады.

Күндізгі  жалпы  білім  беретін  мектептердің  оқушыларына  бастауыш ,  негізгі ,  орта  мектептерде ,  гимназияларда ,  лицейлерде ,  ақыл-ой  және  дене  дамуында  кемшілігі  бар  балаларға  арналған  мектептерде  оқитындар  жатады.

Кәсіптік –техникалық  мектеп  —  жалпы  орта ,  кәсіптік  бастауыш  білімнің  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыратын  және  еңбек  қызметінің  түрлі  бағыттары  бойынша  білікті  еңбек  қызметкерлерін  даярлауды  қамтамасыз  ететін  орта  оқу  орны.

Колледждер —  орта  кәсіптік  білімі  бар  мамандар  даярлаудың  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыратын  оқу  орындары.

2004  жылы  облыс  бойынша  103  мектепке  дейінгі  мекемелер  (балалар  бақшаларды ,  ясли  мен  мектеп – балалар  бақшаларын  қоса  алғанда)  жұмыс  істеді ,  оның  79 – қалалық ,  24 – ауылдық  жерлерде  орналасқан.

2004-2005  оқу  жылының  басында  облыста  542,2  мыңнан  аса  оқушы  қамтитын  1025  күндізгі  жалпы  білім  беретін  мектеп  жұмыс  істеді.

Мұғалімдердің  жалпы  саны  2004/2005  оқу  жылының  басында  52,0  мыңнан  аса  адамды  құрады ,  2003/2004  оқу  жылымен  салыстырғанда

2,5 %  артты. Бір  мұғалімге  10,4  оқушыдан ,  ал  2003/2004  оқу  жылында – 10,8  оқушыдан  келді.

2004/2005  оқу  жылының  басында  облыс  бойынша  мамандар  әзірлеумен  28  кәсіптік-техникалық  мектептер  айналысты ,  барлық  оқушының  саны  11,3  мың  адам.

Облысты  тұтастай  алғанда  2003/2004  оқу  жылының  басындағымен  салыстырғанда  кәсіптік-техникалық  мектептердегі  талапкерлер  қабылдау  —  22,8 %   артты.

2004  оқу  жылы  облыстың  кәсіптік-техникалық  мектептері  4,1  мың  маман  даярлады ,  бұл  2003  жылғыдан  47,6 %  арттық.

2004/2005  оқу  жылында  облыста  дербес  орта  кәсіби  білімді  мамандар  даярлаумен  3,1  мың  адам  оқушыларды  қамтыған  37  колледждер  және  7  филиалдар  айналысты.

2004  жылы  колледждерге  18,0  мың  адам  қабылданды ,  бұл  2003  жылмен  1,9  есеге  артық  және  5,4  мың  маман  даярланып ,  бұл  2003  жылмен  салыстырғанда  2,0 %  кем.

2004  жылы  облыстың  жоғары  оқу  орындарына  26,8  мың  адам  қабылданып , немесе  2003  жылмен  салыстырғанда  119,6 %.

2004  жылы  жоғары  оқу  орындары15,6  мың  адам  маман  дайындады , бұл  2003  жылмен  салыстырғанда  41,9 %   артық.

Қылмыстылық.

Қылмыстылық  —  белгілі  уақыт  кезеңі  ішінде  нақты  аумақта  жасалған ,  сандық  және  сапалық  көрсеткіштермен  сипатталатын  қылмыстар  жататын  әлеуметтік  —  құқықтық  құбылыс.

Тіркелген  қылмыс  —  ашылған  және  ресми  түрде  есепке  алынған ,  оған  қылмыстық  заңнамада  жауапкершілік  көзделген  қоғамға  қауіпті  іс-әрекет.  Қылмыстардың  ашылуы  — қылмыс  ісінің  қозғалуы  мен  тіркеу  уақытына  қарамай , жалпы  ашылған  және  ашылмаған  қылмыстар  санына ,  есепті  кезеңде  тергеуі  аяқталған ,  істер  санының  қатысы.

Құқықтық  статистика  және  арнайы  есепке  алу  жөніндегі  Комитетінің  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  бойынша Басқармасының  деректері бойынша ,  2005  жылдың  қантар-маусымында  облыс  аумағында  Оңтүстік-Шығыс  көлік  прокуратурасының  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  бойынша  мәліметін  есепке  алғанда ,  4720  қылмыс  тіркеліп ,  2004  жылдың  қантар-маусымына  қарағанда  15,8 %  кеміді.  Тіркелген  қылмыстар  саны  Сарыағаш ,  Отырар  аудандарынан  басқа  барлық  қалалық  әкімшіліктер  мен  аудандарда  кеміді.

Облыс  өңірінде  меншікке  қарсы  қылмыстар  кең  өріс  алды.  2005  жылдың  қантар-маусымында  мұндай  2746  қылмыс  тіркелді.  Алайда ,  бұл  2004  жылдың  қантар-маусымында  көрсеткіштен  17,1 %  кем.  Қылмыстардың  жалпы  құрылымында  олардың  үлесі  58,2 %  құрады.

2004  жылдың  қантар-маусымында  жалпықылмыстық  қылмыстардың  ашылуы  (Оңтүстік-Шығыс  көлік  прокуратурасының  ОҚО  бойынша  мәліметін  есепке  алғанда)  67,8 %  болды , ал  2004  жылдың  қантар-маусымында  — 66,4 %   құраған.

Білім деңгейі. Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде реформалар жүйелі жүргізіліп келеді. «Қолданбалы экономика», «Азаматтану» курстары, көркем-өнер түрлеріне және саз салаларына байланысты игілікті істер жарасымды жалғасын табуда. Түрлі салаларға бағытталған мектеп-гимназиялардың, мектеп-лицейлердің т.б. тәжірибелері, «Дарын» мектеп-интернаттарының ізденістері жақсы мәлім. «Жас лидер» халықаралық бағдарламасы, қазақ тіліндегі тапқырлар клубтары жанданып, кеңінен өpic ала бастады.

Облыстың білім беру жүйесінде 52879 педагог еңбек етеді. Олардың 39596-сы жоғары білімді, 10054-і арнаулы орта білімді. Әрбір екінші ұстаздың жоғары немесе бірінші санаттары бар. Қазір қашықтықтан оқытылатын базалық мектептер саны 65, телефон желісі қосылған мектептер 713, интернетке қосылған мектептер 672-ге жетті. Олардың саны барған сайын арта түсуде. Облыстағы 227 мұғалім ордендермен және медальдармен марапатталған. Екі мыңдай ұстаз — ҚР білім беру ісінің үздігі.

Облыстағы жоғары оку орындарында білім алып жатқан студенттер 78,6 мыңнан асады, олардың 38,3 мыңы немесе 48,7%-ы күндізгі бөлімдерде окиды. Облыс аумағындағы аса ірі жоғары оқу орны — М.Әуезов атындағы ОҚМУ. Түркістан қаласында Қ.А.Иасауи атындағы ХҚТУ, оның Шымкент бөлімі, ОҚМА. Мемлекеттік емес жоғары оқу орындары да нығайып келеді.

Кәсіптік білім саласы. Облыста 22 кәсіптік мектеп бар, онда 11342 оқушы білім алуда. Оның ішінде мемлекеттік тілде оқитындар саны-6475, орыс тілінде-3893, өзбек тілінде-974 оқушы оқиды. 52 мамандық бойынша мамандар даярланады, олардың бір-біріне жақын мамандық топтары бойынша үлес салмағы: ауыл шаруашылығы-30%, құрылыс-23,8%, тұрмыстық қызмет көрсету-14,3% және басқа салаларда-21,9%-ды құрайды. Оқу бітірген оқушының барлығы дерлік мемлекеттік, мемлекеттік емес кәсіпорындарға, құрылыс мекемелеріне және шаруашылықтарға жұмысқа жіберілді. Бітірген оқушылардың 412-сі жоғары разряд алды, 189-ы үздік дипломмен бітірді, 1248-і бірнеше қосалқы мамандықтар алып шықты.

Республика Үкіметінің 2000 жылғы 15 мамырдағы «ҚР-да бастауыш және орта кәсіптік білім беруді одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыста бірқатар жұмыстар атқарылды.

Шымкент, Арыс, Кентау, Шардара қалаларында, Төле би, Түлкібас аудандарында әр түрлі салада кәсіптік мектептер жұмыс істейді. Облыста 16 мемлекеттік емес колледж бар. 30 мемлекеттік емес колледж облыстық бюджет есебінен қаржыландырылады. Облыстық білім департаментінің құзырындағы 12 мемлекеттік колледжде 10992 окушы білім алуда, оның ішінде күндізгі бөлімде-8171, сырттай оқыту бөлімінде-2821 бала оқиды. Колледждерде күндізгі және сырттай оқу нысанында қазақ және орыс тілдерінде   70   мамандық   бойынша   мамандар   даярланады.   Шымкент  экономика және құқық колледждерінде, Түркістан гуман.-тех. колледжінде қосымша өзбек тілінде оқитын топтар ашылған.

Ғылымы. Бүгінгі таңда бұл аймақтың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамуына елеулі үлес қосып отырған, елімізге және шет елдерге танымал ғалымдар мен ғылыми ұжымдар химия және химия технологиясы, металлургия, құрылыс материалдары мен конструкцияларын құрастыру, көмірсутек шикізаттары мен полимерлерді қайта өңдеу, өнеркәсіпке және ауыл шаруашылығына қажет машиналар, аппараттар мен механизмдер құрастыру, өнеркәсіптік және тұрмыстық салалардың экологиялық проблемаларын шешу, аймақ экономикасының мәселелері, биотехнология, медицина салаларының мәселелері, ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін өндіру, өсімдік және мал өсіру салаларындағы селекция мен генетика, түркітану, этнопедагогика, археология, тарих және саясаттану салаларында зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Облыста Ұлттық Ғылым академиясының, ҚР инженерлік академиясының бөлімдері жұмыс істейді.

Бұл күнде ғылыми зерттеулер мен ізденістердің басым Бөлігі М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Қ.А.Иасауи атындағы ХҚТУ, ОҚМА секілді жоғары оқу орындарында жүргізіледі. Ғалымдар қазіргі кезде ғылыми ізденістер негізінде құрастырылатын әлемдік рынокта бәсекелесе алатын импорт алмастырушы өнімдер, материалдар шығаруға, жаңа үлгідегі техника мен жабдықтар құрастыруға, жаңа түрдегі әлеуметтік және медициналық қызмет көрсетуге, білім беру жүйесіне инновациялық технологиялар енгізуге бет бұрған.

20-ғасырдың орта кезінде бой көтерген химия өнеркәсібі алыптарының жұмысын ғылыми тұрғыдан жетілдіріп отыру мақсатында құрылған фосфор өнеркәсібінің жобалау ғылыми-зерттеу институты (қазіргі кезде «‘Каз НИИХимпроект» АҚ) осы саладағы кәсіпорындарда минералды қышқылдар, тұздар, тыңайтқыштар, тұрмысқа қажетті өнімдер алуға арналған көптеген жаңа техника мен технологиялық енгізді.

Тағы бір ірі ғылыми мекеме «Ауыл шаруашылығының Оңтүстік-Батыс ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын. Бұл мекеме кезінде оңтүстік және батыс облыстарында ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, су шаруашылығы, өсімдік өсіру сала­ларында жұмыс істеген 8 ғылыми-зерттеу мекемесінің негізінде құрылған. Мекеме ұжымы аталған салаларда мал түрлері мен өсімдіктер геноқорын сақтап, жаңартып отыруда, сумен қамтамасыз етуді жетілдіруде көптеген елеулі ғылыми нәтижелерге жетті. Мекемеде қазіргі кезде 3 ҚР ҰҒА академигі, 13 ғылым докторы мен 80 ғылым кандидаты қызмет істейді.

Облыста Оңтүстік аймақтық жоғары оқу орындарының ректорлар кеңесі қауымдастығы аясында шығатын «Оңтүстік Қазақстанның ғылымы мен білімі», сондай-ақ «Қ.А.Иасауи атындағы ХҚТУ-нің жаршысы», «ОҚМА-ның жаршысы», М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ғылыми еңбектері» секілді республикаға танымал ғылыми басылымдар жарық көреді.

Денсаулық сақтау ісіОблыста 931 мемлекеттік медицина ұйымдары, оның ішінде 542 фельдшерлік және фельд.-акушерлік пунктттері, 131 отбасы дәрігерлік амбулаториялары, 60 ауылдық учаскелік ауруханалары, 12 орталық аудандық және 5 аудандық ауруханалары жұмыс істейді.

Облыс емдеу-профилактикалық ұйымдардың қажетті мөлшерімен қамтамасыз етілген. Бұл жүйе 925 мемлекеттік және 240 мемлекеттік емес құрылымдардан, медицина академиясынан және үш медициналық колледжден тұрады. Шымкент қаласында республикадағы бірден-бір бароорталық жұмыс істейді. Денсаулық сақтау ісін бүкіл әлемдік деңгейге көтеру мақсатында бағытталған арнайы кешенді бағдарламалар қабылданып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Олардың ішінде аймақтық бағдарламалар да бар. Соңғы үш жылда ауылдағы медициналық қызмет үшін ондаған арнайы машиналар сатып алынды. Бірқатар аудандарда жаңа ауруханалар мен диспансерлер құрылысы жүргізілуде. Шымкент қаласындағы онкология диспансері жанынан радиологиялық орталық ашылды. Шымкент қалалық ауруханасының негізінде осы заманғы құралдарман жабдықталған ғылыми-тәжірибелік, оқу-әдістемелік гепатогастроэнтерологиялық орталық ашылды.

Қазір облыс бойынша 5667 дәрігер жұмыс істейді. Бұл әрбір 10 мың адамға 26,4-тен келеді деген сөз. Ауылдық жерлерде 1607 дәрігер еңбек етуде, яғни әрбір 10 мың адамға 12,2-ден келеді. Облыстық наркология диспансерінің құрылысы, кардиоорталықтың емдеу корпусы, біраз жаңа нысандар салына бастады. Алдағы уақытта медицина мекемелерінің басым бөлігі күрделі жөндеуден өткізілмек. Облыс аумағында көпшілікке кеңінен белгігі «Сарыағаш» курорты, «Арман» санаторийі, «Манкент» санаторий-профилакторийі, «Біркөлік» емдеу-сауықтыру орны, т.б да шипажайлар мен сауықтыру мекемелері жұмыс істейді.

Әдебиет және өнер. Онтүстік өңірінің әдебиеті мен өнерінің ежелгі тарихы әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иасауи сынды данышпан тұлғалар мұраларынан бастау алады. Қос алыптың тұсында өмір сүрген тұлғалар Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Иүгінеки, Атан, олардан бертіндегі өнер тарландары Майлықожа, Мәделіқожа, Нұралы мен Құлыншақ, Орынбай мен Манат, Ергөбек сынды дүлдүлдер халық мақтанышы.

Қазақ әдебиетінің классиктері Т.Әлімқұлов, С.Адамбеков, А.Сүлейменов, сондай-ақ аса көрнекті қаламгерлер С.Бақбергенов, Ө.Тұрманжанов, Т.Бердияров, Қ.Мүсірепов, Д.Исабеков, М.Шаханов, Қ.Тұрсынқұлов, С.Асанов, Т.Тоқбергенов, Қ.Найманбаев, Р.Райымқұлов, О.Малқаров, Т.Медетбек, И.Сапарбай т.б. осы өңірдің өрендері. Ән өнерінде біртуар талант, ұлы композитор Ш.Қалдаяқовтың орны айрықша екені баршаға аян. Бірнеше жылдан бері Шымкент қаласында композитордың құрметіне арнап Ш.Қалдаяқов атындағы халықаралық фестиваль өткізіліп келеді. Облыс орталығында Ж.Шанин атындағы қазақ сазды драма театры, орыс драма театры, облыс әкімдігінің Ш.Қалдаяқов атындағы концерттік бірлестігі, Түркістанда сазды драма театры, Жетісай қаласында Қ.Жандарбеков атындағы сазды драма театры жұмыс істейді. Қазақстанның халық артистері А.Абдулина, А.Қалмырзаев, Р.Сейітметов, өнер қайраткерлері С.Өтемісов, О.Рахимов, Ж.Қарғабаев т.б, талант иелерінің есімі баршаға аян.

Бейнелеу өнерінде де небір дарын иелері Т.Тоғысбаев, Е.Төлепбай, Б.Түлкиев сынды суретшілердің туындылары қазақ бейнелеу өнерінің үздік мұраларына жатады. Әсіресе, Е.Төлепбай сынды қылқалам шеберінің аты, оның классикалық тың тынысты туындылары әлімге әйгілі болып отыр. Қазақ гобелен өнеріндегі өзіндік өзгеше орны бар Қ.Тыныбеков пен Б.Өтен сияқты қос өреннің ерен еңбектері де ел игілігіне қызмет етуде.

Облыста Жазушылар одағының облыстық филиалы, Суретшілер ұйымы, Дизайнерлер мен сәулетшілер және композиторлардың ұйымдары, сол сияқты айтыс ақындарының бірлестіктері құрылған. Сәулетшілер Ғ.Садырбаевтың, Б.Әшірбаевтың қол таңбалары Шымкент пен Түркістан шаһарларының құрылыстарынан, соңғы жылдары жаңадан салынған және қалпына келтірілген кесенелер мен күмбездерден айқын аңғарылады.

Күні кешегі К.Омаров пен Т.Әбуова ұстаздық еткен айтыс ақындары Ә.Қалыбекова, М.Құралов А.Леубаева, К.Оралова. Б.Шойбеков т.б. өнердің осынау айрықша түрін ілгері дамытып, аға ұрпақтар аманатын абыроймен арқалап келеді.

Облыста 365 кітапхана, 9 мұражай, 6 кинотеатр, ондаған концерттік ұйымдар, сурет галереясы, хайуанаттар паркі, дендрарий паркі, 366 мәдениет және демалыс мекемесі жұмыс істейді. Республикадағы ең байырғы кітапханалардың бірі А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана жүз жылдығын, облыстық сазды драма театры 70 жылдығын атап өтті. Облыс кітапханаларындағы кітап қоры 20 млн. данадан асты.

Мәдени ескерткіштер және cәyлет өнері. Туризм. Ұлы жібек жолының облыс арқылы өтетін бөліктері бойында көнеден сыр шертетін қалалар мен кенттердің, қорғандардың түрлі мәдени ескерткіштердің ғажайып сәулет өнерінің баға жетпес үлгілері, тұтастай және жартылай сақталған қалдықтары, аз ғана бөліктері, жұрнақ-жұқаналары жойылуға шақ тұрған қирандылары көп-ақ. Қ.А.Иасауи кесенесі — орта ғасырлық сәулет өнерінің ерекше ескерткіші. Ол ең алып, зәулім және тарихи-мәдени мән-маңызы жағынан ешқандай теңдесі жоқ құрылыс болып саналады. Кесененің ені 46,5 м, ұзындығы 12,5 м, ал биіктігі 40 м. Симметриялы тік бұрышты кешен өзара басқыштар мен дәліздер арқылы байланысқан әр түрлі 35 бөлмеден тұрады. Дәліздер ғимаратты бір-біріне тәуелсіз 8 бөлікке бөліп тұр. Бұл оның жер сілкінісіне төзімділігін арттырмақ мақсатта жасалған. Диаметрі 18,2м болатын орталық күмбез Орта Азияда сақталған ескерткіш күмбездерінің ішіндегі ең үлкені. Түркістанның 1500 жылдығы қарсаңында кесенені қалпына келтіру мен жаңарту бағдарламасының жетіжылдық кезеңі аяқталды. Иасауи тұлғасы мен оған арнап салынған алып кесененің де құпия қасиеттері аз емес.

Отырар өңірі — тұнып тұрған шежіре, таусылмас тарих. Ежелгі қаланың орны әр кезде қазылып, зерттелуде. Отырар өңіріндегі Арыстан-баб кесенесі де бірегей мәдени, діни, тарихи ескерткіш болып табылады. Оның манайында соңғы жылдары жаңа, кешенді құрылыстар салына бастады. Созақ ауданының Бабаата ауылындағы Бабаата кесенесі мен мешіт-медресені қалпына келтіру қолға алынды.

Қазір облыста мәнәжат, зиярат жасау орындары және сәулет ескерткіштері бойынша алғанда жеті түрлі туристік маршрут белгіленген. Олардың бағдарламалары мен ұзақтығы да әр түрлі, бір немесе үш күндік болып келеді. Ол бағдарламаларға Сайрам ауданындағы Ыбырайым ата мен Қарашаш ана кесенелері, Отырар ауданындағы Арыстанбаб әулие кесенесі, Түркістан қаласындағы Әзірет Сұлтан мұражай-қорығы, Қ.А.Иасауи кесенесінің тарихи-мәдени сәулет кешені, Ордабасы ауданындағы Қ.Мұңайтпасұлы мұражайы, Бәйдібек ауданындағы Бәйдібек баба мен Домалақ ана кесенелері және Созақ ауданындағы Қарабура әулие кесенесі енгізілген. Сондай-ақ осы маршруттар бойынша халық қолданбалы өнерінің ежелгі дәстүрлерімен танысу мақсатында қолөнер шеберханаларында болу да қарастырылған. Бұларға қосымша тарихи орындарға бес бағыт белгіленген, олар Ақсу-Жабағылы, Машат демалыс аймақтары, Қырыққыз, Біркөлік, Ақниет туристік базалары, Қызылкөл.

Тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін тарихи-мәдени, киелі-қасиетті әулиелі орындар, кесене-күмбездер қалпына келтіріле бастады Қ.А.Иасауи кесенесін күрделі түрде қалпына келтіруге Түркия мемлекеті көмектесті. Республика және облыс бөлген қаржымен, әсіресе, жеке азаматтардың демеуімен, жұртшылықтың жұмылуымен көптеген кесенелер жөнделді. Соңғы жылдар ішінде Арыстанбаба, Ұзыната, Баба Түкті Шашты Әзіз, Жабайата, Саңғыл би, Бабаата, Қарабура әулие, Ысмайыл ата, Бәйдібек баба, Домалақ ана, Бес ана, Өзбекстандағы Төле би, Шымыр баба кесенелерінің кейбіреулері қалпына келтірілді, бір қатарлары жаңадан салынды. Сайрам ауданындағы Қарамұрт ауылында, көнеден келе жатқан Кәлен баб мазары маңында сәулет өнерінің бұрынғы және соңғы үлгілерін үйлестіре ұштастырған Жаныс баба кесенесі бой көтерді.

Қаратау жотасының беткейіндегі ертедегі керуен жолы бойындағы Актөба 4-6 ғғ., Қошқарата 6-8 ғг., Созак 10-18 ғғ., Майтөбе 11-16 ғғ., Шолаққорған 13-18 ғғ.,т.б. көне қорғандар мен ескерткіштер, тасқа түскен таңбалары бар Арпаөзен, Жүнісата, Қойбағар шатқалдары туристер қызыға көретін орындарға айналып отыр.

Облыс көлеміндегі православиелік ғибадат орындарының ішінде ерекше көзге түсетіні — Шымкенттегі Никольск шіркеуі. Ол орыс мәнері аталатын үлгіде салынған және Түркістан епархиясының ең тамаша шіркеулерінің бірі болып есептеледі. 1993 жылғы мамыр айында Ордабасы тауында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сынды ұлы бабаларды еске алуға арналған ұлы жиын өткізілді.

Онда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінің Президенттері атақты Тутөбе биігіне көтеріліп, Ордабасы Декларациясын қабылдады. 18-ғасырдағы жоңғар  шапқыншылығына қарсы  күрес  пен  елді  азат  ету майдандарындағы ұлы ерліктер еске алынды.    Аталмыш   жиынға    150 мыңнан  аса  адам   қатысты.   Сол  жиынның белгісі   ретінде   Ордабасы  тауының   биігіне «Бірлік   монументі орнатылды. Оны 1998 ж. қыркүйек  айында   Елбасының өзі келіп ашты. Қазір Бірлік   монументі   де елеулі  ескерткішке,  жастар жиі келетін қасиетті орынға айналған. 2004 ж   облыстың   туристік     ұйымдары 5731 адамға туристік қызмет көрсетті.

Оның ішінде 391    шетелдік туристер болды.

Бұқаралық   ақпарат  құралдары.    Жалпы   облыс   бойынша   315  бұхаралық ақпарат құралдары тіркелген. Олардың 10 пайызы мемлекеттік, ал қалғандары жеке меншіктегі аппарат құралдары. Қазір  шығатын газеттердің жалпы саны-174. Олардың 142-сі қазақ тілінде, 25-і  орыс, 7-еуі өзбек тілінде. БАҚ саны жөнінен облыс республика бойынша   Алматы қаласынан кейінгі екінші орында.

Облыс көлеміндегі ең байырғы газет-облыстық «Оңтүстік Қазақстан»    газеті  болып  саналады.   Ол  «Ақ  жол»  деген   атпен   1924   жылғы   26 қарашадан шыға бастаған. Кейіннен «Еңбекші қазақ», «Ленин жолы» деп аталған. Облыстық «Южный Казахстан» газеті 1925 жылғы мамыр айынан шыға бастаған. Өзбек тіліндегі облыстық «Жанубий Қозогистон» газеті 1991 жылғы наурыз айынан шығып келеді.

Облыс орталығында «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттері шығады. Сондай-ақ облыстың өзге қалалары мен аудандарында «Арыс ақиқаты», «Кентау» және «Кентау шұғыласы», «Түркістан» және «Туркистон», «Алғабас», «Қазығұрт тынысы», «Мақтаарал», «Ордабасы оттары», «Отырар», «Мәртөбе», «Сайрам садоси», «Пульс Сайрама», «Молшылық үшін», «Сарыағаш», «Төлеби туы» және «Знамя Толеби», «Шамшырақ», «Өскен өңір» газеттері жарық көреді.

Тәуелсіз жекеменшік басылымдар қатарында «Айғақ». «Замана». «Ар-Дақ», «Ақиқат-Истина», «Рабат», «Сана және нарық», «Своя газета», «Евразия Kz» т.б. газеттері бар. Газеттер мен журналдар және кітаптар. сондай-ақ өзге де баспа өнімдерін шығаратын ірілі-ұсақты 26 баспа-полиграфия орны бар. Олардың неғұрлым ірілері «Принтекс-А», «Асқаралы», «Кітап», «Замана» ЖШС-лары және «Шымкент келбеті» баспаханасы, «Жебе» баспа үйі. сондай-ақ Қ.А.Иасауи атындағы ХҚТУ мен М.Әуезов атындағы ОҚМУ баспаханаларын атауға болады.

Спорт. Облыс республика спортының дамуына ерекше үлес қосып келеді. Оңтүстіктен түлеп ұшқан спорт жұлдыздары аз емес. Олардың қатарында Ә.Нұрмаханов, М.Жақсыбаев, Қ.Ордабаев, Л.Тәжиева, Б.Саттарханов, М.Ділдәбеков, Н.Ким, Г.Лалиев, Ә.Юсупова сынды ондаған, жүздеген саңлақтарды атауға болады.

Шымкент қаласында 2003 жылы жаңадан салынған бірегей спорт сарайы пайдалануға берілді. Бүгінде облыс орталығында жүзден аса спорт залы, 7 стадион, 5 жүзу бассейні, жүзге тарта спорт алаңы, 3 спорт кешені, жеңіл атлетика манежі жұмыс істейді. Көптеген аудан орталықтарында, ірі-ірі елді мекендерде жаңа спорт залдары мен алаңдары жабдықталды. Кентау, Түркістан, Жетісай калалары бұл жөнінде алда келеді. Түркістан қаласында Б.Саттарханов атындағы спорт сарайы ашылды.

Облыстағы төрт кешенді балалар мен жасөспірімдер мектептері, олимпиада резервтерін даярлау мектебі жас спортшыларды тәрбиелеумен айналысады. Жекеменшік спорт секциялары мен клубтарының қатары молая түсуде. Шымкент қаласындағы ипподромда балалардың ат спорты мектебі ашылған. Жалпы облыс бойынша 2865 спорт-сауықтыру орындары бар.

Облыс көлемінде 1718 спорт шеберлігіне кандидаттар, 318 спорт шебері даярланған. Әлемдік, халықаралық, республикалық алуан түрлі жарыстарда оңтүстік спортшылары әрқашанда биіктерден, жүлделі орындардан көрініп келеді. Мәселен, Кореяда өткен 15 Азия ойындарында облыстың 43 спортшысы 5 алтын, 14 күміс, 16 қола медаль алып қайтты. Бұл республиканың құрама командасы иемденген барлық медальдардын 45 пайызын құрайды.
Тағы рефераттар