МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ… 3
1 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕГІНШІЛІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ…5
1.1 Оңтүстік Қазақстан облысындағы суармалы егіншіліктің су ресурстарымен қамтамасыз етілуі…..5
1.2 Қазіргі егіншілік шаруашылығындағы минералды тыңайтқыштарды пайдалану мәселелері……9
2 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ЖЕРЛЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ…..12
2.1 Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану ерекшеліктері …..12
3. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕГІНШІЛІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНА СИПАТТАМА…..33
3.1 Оңтүстік Қазақстан облысының егіншілік шаруашылығына жалпы сипаттама…..33
3.2 Егіншілік шаруашылығына пайдаланылатын топырақ жамылғысына сипаттама…..36
ҚОРЫТЫНДЫ…41
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ….. 43
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Оңтүстік Қазақстан — республикадағы суармалы егіншілікпен айналысатын негізгі аудан. Бұл -Қазақстанның бағалы техникалық және дәнді дақылдары — мақта, қант қызылшасы, темекі, күріш, жүгері өсірілетін басты суармалы егіншілікті ауданы. Ол бақ, жүзім және қой өсіру жөнінен бірінші орын алады. Техникалық дақылдарды суару үшін Киров, Арыс-Түркістан, Талас-Асы, Қаратау арналары салынған. Жылуды көп қажет ететін мақта өсіруге Оңтүстік Қазақстан облысы қолайлы, ал күріш Қызылорда облысында өсіріледі. Қант қызылшасы темір жолға жақын Тараз, Мерке, Алматы, Талдықорған аудандарында өсіріледі. Алматы маңында темекі егіледі. Бидай, арпа, тары тәрізді дәнді дақылдар суармайтын жерлерде де өсіріледі. Дәнді дақылдар егісінің 70%-ын күздік бидай құрайды, өйткені қыс біршама жұмсақ, қар көп түседі, сондықтан оны күзде егуге болады. Оңтүстік Қазақстан — ірі бақ және жүзім өсіретін аудан. Тараз, Шымкент алқабында, Арыс пен Келес аңғарында жүзім өсіру күшті дамыған.
Сондай-ақ мұнда мал шаруашылығы қаракөл елтірісі, өте сапалы меринос жүнін өндіру дамыған. Ауыл шаруашылығының өнімдерінің көбі (көкөніс, жеміс) Қазақстантанның басқа аудандарына шығарылады, өйткені көкөніс, жеміс-жидек дақылдары Солтүстік және Шығыс аудандарға қарағанда 1,5-2 ай ерте піседі.
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданда тамақ және жеңіл өнеркәсіп салалары өте жақсы дамыған. Аудан жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өнімдерін шығарудан да республикада бірінші орын алады. Республика бойынша жеңіл және тамак өнеркәсібі жалпы өнімінің 87%-ы осы ауданның үлесіне тиеді. Бүкіл республика бойынша жеңіл өнеркәсіптің 55%-ы, тамақ өнеркәсібінің 40%-ы Оңтүстік Қазақстанда орналасқан.
Жұмыстың зерттелу дәрежесі. Ғылыми жұмыстарды, арнайы әдебиеттерді, мерзімдік басылымдарды, әдістемелік құралдарды және басқа да жинақ, еңбектерді талдау нәтижесі суармалы егіншілік шаруашылығының мәселелерін зерттеу саласында елеулі, әрі маңызды ғылыми жұмыстардың бар екендігін көрсетті
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. . Дипломдық жұмыстың мақсаты – Оңтүстік Қазақстан облысының егіншілік шаруашылығын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау және ауыл шаруашылығының мақсатында жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін зерттеу.
Зерттеу нысаны. Зерттеу нысаны ретінде Оңтүстік Қазақстан Облысының суармалы егіншілік шаруашылығы алынған.
Зерттеу тақырыбы. Қазақстан территориясындағы егіншілік шаруашылығынэкономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау және ауыл шаруашылығының мақсатында жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін зерттеу.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс– кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында 20 қолданылған әдебиеттер тізімі берілді. Зерттеу жұмысының мазмұнын ашу үшін диплом 3 кестемен жабдықталған. Жұмыстың көлемі 48 бет.
Дипломдық жұмыс / 43 бет
Тағы рефераттар
- Кеплер заңдары. Планеталар қозғалысы
- Бірінші дүниежүзілік соғыс
- Қылмысқа қатысудың түрлері және нысандары
- Денсаулық ұғымы
- Моизм мектебі