Отто фон Бисмарк — саяси қайраткер туралы қазақша реферат
Бисмарк — германдық саяси қайраткер, 1887ж. біріккен прусс ландтагтың мүшесі. 1850ж. бастап депутаттар палатасының мүшесі. 1850ж. эрфурт парламент мүшесі, ультраконсервативтік партиясының дарынды ораторы, Ең алғашында Германияның бірігуіне қарсы болған, және Австрияның жақтаушысы болған.
1815-1859жж. Аралығында Франкфурттағы одақтық сеймнен прусс елшісі болып істеген; бұнда ол Австрияның жауына айналып, Пруссия гегемониясының астында герман бірігуін жақтай бастады. 1859-1862жж. Санкт-Петербургта елші қызметін атқарды, ал 1862ж. Парижде елші. 1882ж. прусс министрлігінің, сыртқы істер министрлігінің президенті болып тағайындалды; прусс сеймнің көпшілігіне қарсы тұрып, әскерді қайта құру ісін қолдады, палатаның шешімдеріне қарамастан, конституцияны бұзып, салықтарды жинады. Бірақ та соған қарамастан, Даниямен (1864), және Австриямен (1866) соғыстардағы жеңісі нәтижесінде Бисмарк ұтып, 1865ж. ол граф атағын алады.
1867ж. Солтүстікгерман одағының канцлері болып тағайындалады. Солтүстікгерман (кейіннен герман рейхстагы) үшін Бисмарк жалпы сайлау өткізеді. 1870-1871жж. соғыс Бисмарктің ісі болды. Одан кейін жаңа Герман империяның құрылуы болды. Бисмарк, прусс министрі және президент атағын сақтай отырып, жаңа Герман империяның канцлері болып тағайындалды да, князь дәрежесіне көтерілді.
Бисмарктің тағы бір, соңғы, қосқан ірі үлесі, Германия-Австрия-Италия үштік одағын құруы болған (1879-1883жж.). Бисмарктің ішкі саясаты, неміс католичествосымен (1873ж. бастап), кейіннен прогрессистермен және социалистермен нәтиже әкелмеген күресімен белгілі. Социализммен Бисмарк аталмыш әлеуметтік шаралармен күресті, яғни полицейлік қудалаулармен,; әсіресе, бұл социал-демократтарға бағытталған өте қатаң заңды енгізгенінен айқын көрінеді, бірақ кейіннен оны жоюға мәжбүр болды. 1879ж. бастап ол протекционизм жолына тұрады. 1890ж. мартында император Вильгельм ІІ-мен қарама-қайшылықтар мен келіспеушілік нәтижесінде Бисмарк барлық қызметтерінен босатылып, отставкаға жіберіледі. Гамбургтың қасындағы Фридрихсруэдегі үйіне көшіп кетіп, үкіметті сынап отырады. 1892ж. неміс сейміне сайланады, бірақ та оған бір де бір рет келмейді. Бисмарктың өміріне 2 қастандық болды: 1866 Блиндтікі және 1874 Кульмандікі. Бисмарктың жақтаушылары оны дарынды саясаткер деп санаған, Германияның бірігуі тікелей Бисмарктікі және Вильгельм І-ң жетістігі деп есептеледі. Бірақ та, тарихта басқа да көзқарас орын алды: Германияның бірігуіне, бір жағынан, Бисмарк қарсы болды. Тек қана Бисмарктың арқасында, бірігу сыртқы әскери сипат алды, және Германияның құрамынан Австрияның неміс облыстары шығарылып, құрамына неміс облыстары енгізілді: Эльзас-Лотарингия, Шлезвигтің бір бөлігі. Сонымен қатар, Үштік одақ Германия мен бүкіл Еуропаға милитаризм ауыртпалығын жүктеді.
Тағы рефераттар
- Халықаралық тасымалдау шарты, түрлері, нысаны
- Экономика угымы
- Суретшімен кездесу ұйымдастыру
- Бюджеттік құқық – Қаржылық құқықтың құрамды бөлігі курстық жұмыс
- Облыс әкімдігінде аймақтағы мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру