Қарым-қатынас адамның қоғамның мүшесі ретіндегі басқа адамдармен өзара қатынасының айрықша түрі; қарым-қатынаста адамның әлеуметтік қатынастары жүзеге асады.
Қарым-қатынастың өзара байланысқан үш қыры бар екендігін жоғарыда айтып кеттік. Қарым-қатынастың коммуникативті қыры адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасу үрдісінде анықталады; қарым-қатынастың интерактивті жағы адамдардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыруда көрінеді, мысалы, серігінің көңіл-күйіне, мінез-құлқына, сенімдеріне әсер ету керек болса немесе әрекетшілерді тиімді түрде үлестіріп, қызметтерін бөліп алу қажет болған жағдайда: ал перцептивті жағы қарым–қатынастағы екі адамдардың бір-бірін қабылдап, осының негізінде өзара түсінісуінде. Қарым-қатынастың құралдары:
- Тіл-сөздердің, анықтамалардың жүйесі және оқуды қарым-қатынаста қолданылатын мағыналы сөз тіркестеріне (пікірлеріне) біріктіру.
- Бір ғана фразаның әр мағынасын беретін интонация (дауыс ырғағы), эмоциялы айқындылық.
- Қарым-қатынастағы адамның отырысы, бет әлпетінің көрінісі, көзқарасы, сөз төркінің мәнін күшейте, толықтыра, әрі жоққа шығара алады.
- Ым-ишара (жест) қарым-қатнастың құралы ретінде жалпыға бірдей болуы мүмкін- яғни әрқайсысы өзіне тән мағынамен сипатталады.
Қарым-қатынастағы адамдардың бір-бірінен алшақтығы—олардың мәдени, ұлттық дәстүрлеріне, бір-біріне деген сенімінің дәрежесіне байланысты.
Қарым-қатынастың түрлерін төмендегіше жіктеуге болады:
- “Бет-перделердің байланысуы ”— әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктерін түсініп, ескеру ұмтылысы болмайтын формальды қарым-қатынас. Үйреншікті бет-перделер қолданылады, әңгімелесушіге қатысты шынайы эмоцияларды жасыратын біртекті сөздердің, ым-ишаралардың жиынтығы.
- Басқа адамды қажет немесе кедергі келтіруші объекті ретінде бағалайтын дөрекі қарым-қатынас; егер объект қажет болса, белсенді түрде онымен қарым-қатынасқа түскісі келеді, ал егер де кедергі келтіретін болса, шеттетіп немесе дөрекі сөздерді қолдана отырып ызаланады.
- 3. Формальды рөлдік қарым-қатынас кезінде әңгімелесушінің жеке тұлғасына емес оның әлеуметтік рөліне көңіл аударылады.
- 4. Іскер қарым-қатынаста әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктері мінезі, жасы, көңіл-күйі ескерілгенімен ісінің одан маңызы басым.
- Рухани қарым-қатынас бір-бірімен достық қатынастағы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас. Қарым-қатынастың бұл түрінде кез-келген тақырып төңірегінде әңгіме өрбітуге болады. Сөздерді пайдалану міндетті емес, өйткені жақын қатынаста адамдар бір-бірін ымынан, бет әлпетінен, көзқарасынан бірден түсіне алады.
- Манипулятивті қарым-қатынас әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктерімен байланысты түрлі амал-айлаларды пайдалана отырып, жарамсақтану (қорқыту, алдау, арбау, мейірімділікті таныту).
- Зиялы қарым-қатынастың мәні оның затының болмауында, яғни адамдар ойындағысын айтқаннан гөрі, сол жағдайға сай нәрселерді айтуға тырысады.
Адамдар бір-бірін қабылдау процесі қарым-қатынасының міндетті құрамды бөлігі ретінде танылып, перцепция деп аталады. С.Л. Рубинштейн /29/ бойынша адам мінез құлығының сыртқы көрінісінің негізінде оны танимыз, оны сыртқы мәліметтерінің мәнін ашамыз. Осының негізінде алынған нәрселер қарым-қатынас процесінде маңызды реттеуші рөлге ие. Біріншеден, басқа адамды тану барысында танушы индивидтің өзіде дамиды. Екіншіден, басқа адамды тану дәлдігінің өлшеміне онымен келісілген әрекеттердің жетістігі байланысты. Басқа адамды танудың ең қарапайым тәсілдерінің бірі өзін-өзі соның орнына қою. Бұл сол адамның ішкі жай күйін ұғынудың ең тиімді жолы. Өзіңді басқа адамның орнына қоя отырып оны түсіну амалымен эмпатия құбылысының мәні ұқсас Эмпатия—басқа адамды ішкі әлеміне еніп, оның барлық сезмдері мен ойларын ұғына отырып оны эмоцияналды түрде қабылдау қабілеті./35/
Өзінің және басқа адамдардың жеке қасиеттерін танудың қисынды түрі-рефлексия, яғни кері байланыс құбылысы. Бұл әрекет етіп отырған индивидтің өзінің серігімен қалай қабылданатындығын түсінуі. Рефлексия басқа адамды тану ғана емес, сонымен өзіңді басқа адамның қалай түсінетіндігін білу, яғни басқа адамдарды қабылдаудағы таптаурындардың, жалған сенімдердің және установкалардың да мәні зор. Таптаурындар басқа адамдардың тобы жайлы әдеттегі, ықшамдалған түсініктер жүйесі. Әр түрлі топтағы адамдар бір-бірімен етене араласа, жақындаса бастаса, ортақ мақсатқа жетуді тантаурындар өше бастайды. Жалған сенімдер адамдардың, өзін олардың мотивтерін, қылықтарын білместен бағалау нақты жағдайларды толығымен талдамастан алдын-ала құрастырылған қандайда бір бейнелерге назар аудару және кез-келген адамды үйреншікті түрде қабылдап, бағалауға қатысты адамның санадан тыс даярлығы. Өзара қатынаста ашық жарқын бола білген жөн, өйткені жақын қатынаста болмайынша адамдардың жылы қабылдауы екі талай.
Басқа адамдармен қатынасының ерекшеліктерін түсіне білгісі келген адам, олардың нақты жағдайдағы өзінің қылықтарына қатысты әсерін білген жөн, яғни өз мінез-құлқының нәтижеге әкелетіндігін ескеруі керек./36/
Өзара сенім кері байланыстың кепілі қарым-қатынастағы кері байланыс бұл басқа адамға, менің оны қалай қабылдағаным жайлы, оның мінез-құлқы менде қандай сезімдарді туғызатындығы жайлы ақпараттың жетуі (хабар алмасу).
Қарым-қатынас күрделі әлеуметтік психологиялық процесс бола тұра төмендегідей негізгі каналдар бойынша жүзеге асады: Сөйлеу тілі арқылы және сөйлеу тілінің қатысынсыз каналдары. Сөйлеу тілі қарым-қатынас құралы ретінде ақпараттың қайнар көзі ретінде әрі әңгімелесушіге әсер ету тәсілі ретінде көрінеді.
Зерттеу жұмыстарына сүйенетін болсақ, адам қарым-қатынасының күнделікті актісіндегі сөздер оның 7% құраса, дыбыстар мен дауыс ырғағы 37%, сөйлеу тілінің қатысынсыз жүрген әсер 33% құрайды екен.
Адамның ішкі күйін бейнелейтін бет әлпетіндегі бұлшық еттерінің қозғалыстары, оның күнделіктерінің шынайы мәнін табыс етеді. Ымдар ақпараттың 70% құрайды. Яғни адамның көздері, көзқарасы, бет-әлпеті оның айтылған сөзінен бетер анықтама бере алады. Адамның маңдайы, қасы, аузы ( еріні, көзі, мұрыны, иегі ) оның түр негізі эмоцияларын анықтайды.
Басқа адамдармен қарым-қатынасында кез-келген адамның нақты әлуметтік рөлдері бар. Осындай рөлдер жеке адам жайлы толыққанды ақпарат берумен қатар, оны кейбір тұстарын жасыруы да мүмкін. Алайда қандай рольді иеленуі адамның өзіне байланысты яғни оның күшіне, әлсіздігіне, ақыл-ой деңгейіне, өзіне қатысты сыншылдығына, мінез-құлқының икемділігіне байланысты.
Адамның өзі және басқа адамдар жайлы ақпараттары қарым-қатынас тәсілдерін және мәнді қарым-қатынасты ұйымдастыру ұмтылысына анықтайды. Осы орайда психологиялық тұрғыда хабардар болуы керек.
Адамның даралық психологиялық ерекшеліктері жоғары жүйке-жүйесінің типімен анықталып, ең алдымен темперамент қасиеттерінде көрініс табады.
Экстраверсия мен интраверсия адамның психикалық сипаттамалары ретінде қарым-қатынас арасында айқын түрде байқалады. Жүйке іс-әрекетінің неғұрлым күшті типімен байланысты, экстраверсиялық қасиеттері басым адамдар басқа адамдармен жеңіл тіл табысып кетеді, әрі таныстарының шеңбері кең келеді. Ондай адамдар айналасындағылардың көзқарасына тәуелді, әсерін тез алмасытрып отыруға тырысады, әртекті істерді орындағанды әрі ұнатады./37/
Интраверттер жүйке іс-әрекет әлсіз тиіптегі адамдар; олар өзінің ішкі жан дүниесіне бағдарланған адамдар. Таныстарының шеңбері өте тар келеді, қарым-қатынаста өз серігін іріктеп отырады, таныстарының саны көбейіп кетсе оларадан шаршап кетеді.
Адам біреуіне жақын болып осындай психологиялық ақпаратпен санайтын болса сол типтерінің қарама-қарсы типтегі адамдарды түсіне алмас еді.
Әлеуметтік өмір адамдар арасындағы байланыста дамиды. Осының негізінде адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттестігінің негізі қалыптасады. Адамдар өзара әрекеттеседі, яғни бір-бірімен байланысқа түседі.
Серігінің сәйкес жауапты әрекетін күтудегі, басқа адамдарға бағдарланудың негізінде жүзеге асатын әлеуметтік әрекет арқылы ұласатын адамдардың байланысын әлеуметтік байланыс деп атаймыз.
Адам шын мәнінде басқа адамдармен өзара әрекеттестік пен қарым-қатынас жағдайларында тіршілік ететін әрі қоғамдық, әрі әлеуметтік тірі ағза, тұлғалар арасындағы өзара әрекеттестіктің әрқилы формалары бар достық, махаббат, бәсекелестік, уақыт өткізу, ойын әлеуметтік әсер бағыну, дау-дамайлар, діни әрекеттестік т.б.
Әлеуметтік топ әлеуметтік өзара әрекеттестіктің жалпы формаларының бірі ретінде анықталады. Оның әрбір мүшесінің мінез-құлқы мен әлеуметтік дәрежесі басқа мүшелерінің іс-әрекетімен және тіршілігімен міндеттеледі./38/
Адам өзін үнемі бүтіннің бөлігі ретінде сезінеді. Адамның жалғыз қалғанымен басқа адамдардың тобында болуының арасындағы айырмашылық жер мен көктей (біршама алшақтау). Мұнда ең алдымен адамның өзі де өзгеріске түседі,-яғни оның қоршаған әлемге қатысты әсерлері, оның ойлары, сезімдері, тіптен бет әлпетіне дейін өзгереді; екіншіден, тікелей қарым-қатынас жағдайында ғана көрініс беретін түбегейлі жаңа психикалық құбылыстар орын ала бастайды.
Адамдардың бір-бірімен араласа бастаса болды, олардың тобын байланыстыратын тартылыс пайда бола бастайды. Топ бұл өзіндік күйі мен құрлымы бар, қандайда бір бүтін ұйым. Сіз топтың әр мүшесін жақсы білуіңіз әбден мүмкін алайда тікелей қарым-қатынастағы іс-әрекетін немесе бүтінде топтың әрекетін алдын-ала болжауыңыз қиынға соғады.
Кіші топтар ұжымның табиғи әлеуметтік- психологиялық негізі іспеттес. Ал ұжым өз кезегінде кіші топтардың жоғары дәрежеде дамуымен анықталады. Ол күтпеген жерден пайда болмай, біртіндеп мақсатты түрде қалыптаса бастайды./39/
Арнайы зерттеу жұмыстары көрсеткендей, іскер және жеке қатынастар үйлесімінің дәрежесі қандайда да бір топтағы ұжымның қалыптасуының маңызды көрсеткіші болып табылады. Балалар ұжымында қағаз жүзінде тіркелмеген, алайда жеке тұлғаның дамуыны ықпал ететін, әрі бүтіндей ұжымның өмірін анықтайтын, өзара түсіністіктің негізінде топтар пайда болып отырады. Дәл осындай топтың бала үшін маңызы зор болуы ықтимал, өйткені дәл осы жерде оның мінез-құлқы бағаланатындықтан оның мәні басқа топтарға қарағанда жоғарырақ болады.
“Біз”-деп аталатын топтар адамның дамуы мен мінез-құлқына түбегейлі өзгерістер енгізуі мүмкін. Әлеуметтік психологияда бұл топты референтті немесе эталон топ деп те атайды.
Референтті топтар шынайы тіршілік етумен қатар, ойданда шығарылуы да мүмкін, жағымды немесе жағымсыз бола алады. Қандай жағдайда да олардың атқаратын қызметі ортақ.
- Референтті топ жағымды не жағымсыз үлгілердің бастауы болғандықтан әлеуметтік салыстыру қызметін атқарады.
- Референтті топ адам бейімделуге тырысытын ережелердің, пормалардың бастауы болғандықтан нормативті қызмет атқарады.
Іс-әрекетті ұйымдастырудың сипаты мен түріне байланысты топтардың дамуының төмендегідей деңгейлері кездеседі.
- Атаулар тобы ұжымдық дамудың айқын көрсеткішінсіз тек қағаз жүзінде ғана тіршілік етеді. Ортақ қызығушылық, біріккен іс-әрекеттің азынаулақ тәжірибесі бар уақытша байланыстарымен, қатынастарымен көре түседі.
- Ассоциация тобының өзіндік құрлымы, іс-әрекеттің ортақ мақсаты болғанмен біртұтас әлеуметтік психологиялық бүтін бола алмайды.
- Коорпорация (ұжымы) –топ ортақ мақсатпен және оны жүзеге асырудағы іс-әрекеттің біртұтастығымен анықталады. Осындай топтарға тән серіктестік, топ мүшелерінің өзара әрекеттестігі, қарым-қатынастың жеткілікті дәрежедегі топтық тәжірибені құрап, оның сол іс-әрекет түріне даярлығын қамтамасыз етеді.
- Ұжым дамудың ең жоғары деңгейі. Іс-әрекеттің негізінде қоғамдық құны бар мақсатттары мен мотивтері бар мұндай топ даярлықтың, психологиялық біліктің ең жоғары деңгейін сипаттайды. Яғни бұл топқа ұжымға тән әлеуметтік психологиялық ересектіктің негізгі белгілері тән.
Психологиялық біртұтастылық немесе коммуникативтілік, жүйенің өзіндік реттеуін және өзіндік бағдарлануын, жүйе бөлшектерінің қасиеттерін бүтінге бағыттаудың әрекеттерін қамтамасыз етеді./40/
Бұл құбылыс мынадай нәрселерді қамтиды.
- Ақыл-ой бірлігі-белгілер жүйесін бір түрге келтіру қабілеті, топтың тілдің пайда болуы, шешімдерді қабылдаудың тиімді әдіс тәсілдерін анықтау.
- Эмоционалды бірлік-бүкіл жүйе қал-ахуалының индикаторы, жүйені өзіндік реттеу, мінез-құлықтың бейімделу және орнын толтыру механизімдерін анықтау топ тіршілігінің қосымша энергоресурсын (күш қоймаларын) қалыптастыру қабілеттері.
- Еріктік бірлік-топтың мақсатқа жетудегі кедергілерін жеңуде күшін жұмылдыру қабілетінде анықталатын топ жұмысының “күн-тәртібінің ” реттеушісі.
Ұжым іс әрекетінің тиімділігін оның мазмұны мен мақсаттарының эмоционалды тартымдылығы қамтамасыз етеді. Яғни іс-әрекеттің заттары мен процестерінің қызықты болуы, эмоцианалды күйлердің өзекшілігі айқын ашық жерге толы жеткіншектің қажеттіліктеріне сәйкес келеді.
Эмоционалды тартымдылықпен байланысты эмоциогенді жағдайлар;
- Басқа адамдармен өзара әрекеттестікте нақты рөлді иелене, жеке тұлғаның өзіндік айқындалуына жағдай жасалынытын психоролдік жағдайлар. Балалар ұжымындағы ойынның және ойын түріндегі іс-әрекеттің маңызы зор. Мұнда жеке тұлға әр қырынан ашыла түеді, біріккен күзелістерінің қажеттіліктері қанағаттандырылады. Жұмысты ойын түрде құрастырудың өзі балалар ұжымының көптеген мәселелерін шеше алады.
- Музыкалық-психологиялық жағдайлар, жалпы әуеннің өзі де адамның эмоционалды күйіне тереңінен әсер ете алады.
Іс-әрекетті орындаудағы шабыттың пайда болуында, қатынастарды реттеуде адамдардың басын қосудағы музыканың алар орыны ерекше.
Таныс адамдардың бірігіп ән салуының өзі алғашындағы күдіктің жағалауына ықпал етеді. Әуеннің дыбыстары ұжымдық еңбектің тиімділігін арттыруы не төмендетуі мүмкін.
Адамдардың қарым-қатынасындағы бәсекелестік — рух, пен күштің бастауы іспеттес. Бәсекелестік негізінен эмоционалды көрініс ретінде анықталады. Ол ұжымдағы эмоционалды ахуалдың туындап әсер ететін, адамзат қарым-қатынастың маңызды бір бөлігі./41/
Алайда күнделікті өмірде көңіл көтеру жағдайында ұмытпаған жөн. Бір қарағанда қарапайым көрінетін, алайда жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып іс-әрекетті ұйымдастыру, адамдардың мінез-құлқын белсендіре түседі.
Алайда бір адамға жағымды әсер еткен нәрсе ұжым мүшелерінің басқаларына да соншалықты әсер ете қояры екі талай. Бұл мәселе әсіресе аз ғана уақыт мөлшерінде тіршілік ететін топтарда байқалады. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардан, әртүрлі жас шамасындағы жеткіншектерден құралған ұжымның эмоцианалды белсенділігінің көрінісі біршама өзгеше болуы мүмкін.
Л.И.Уманскиймен оның қызметтестері топты ұжым ретінде сипаттай отырып, оның төмендегідей белгілерін бөліп алады:
- Топтың адамгершілік бағытындағы бағдарының мазмұны (топ мүшелері мақсатының, мотивтерінің бірлігі).
- Ұйымдасқан бірлік.
- Кез-келген іс-әрекет түрінде топтың бірлескен даярлығы.
- Психологиялық бірлік (интелектуалды, эмоциялы, еріктік).
Ұжымның екі жақты табиғаты бар. Бір жағынан оның көптеген қырлары, атап айтқанда, іс-әрекет түрлері мен сипаты мүшелерінің санын анықтайтын педагогтың саналы әрі мақсаты ықпалының объектісі болып табылады. Екінші жағынан, балалар тобы өзгеше әлеуметтік психологиялық заңдылықтарға сүйенген, дербес салыстырмалы түрде тәуелсіз құбылыс.
С.Л.Рубинштейн бойынша сыртқы әсерлер жеке тұлғаның ішкі құрлымында өзгеріске ұшырап, оның өзіне айтарлықтай әсер етеді. Осылайша, ұжымның топтық даралығы іс-әрекеттің ұсынылған түрлерінің өзара күрделі әрекеттестігіне тәуелді келеді.Ұжымдағы өзараәрекеттестікте психологиялық ахуалдың рөлі ерекше.
Жағымды психологиялық ахуалмен сипаталатын ұжым ғана жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ете алады. Психологиялық ахуал ұжым мүшелерінің адамгершілігімен анықталатын жеке және іс жағдайындағы өзара қатынастар эмоцианалды дәрежеде көрініс беретін, ұжымның психологиялық көңіл-күйі./42/
Ұжымның психологиялық ахуалы қарым-қатынас үрдісінде қалыптасады, оның негізінде бүтіндей топтың қажеттіліктері жүзеге асады, адамдар арасындағы және топтағы дау-дамайлар пайда болып өз шешімін табады.
Адамдар арасындағы өзара әрекеттестіктің жасырын, мәнді жағдайлары айқын сипатқа ие болады: бәсекелестік немесе құпия бақталастық, ұжымшылдық немесе топтық кепілділік, дөрекі қысым немесе саналы тәртіп. Адамдар өзара әрекеттестігінің барлық жағдайлары өзара әсерлесетін төрт негізгі тәсілі арқылы жүзеге асады, атап айтқанда, үгіттеу, жұқтыру, еліктеу және сендіру әрекеттері арқылы.
Үгіттеу – қандай да пікірдің немесе ой қортындысының логикалық негізін келтіру, жеке тұлғаның эмоцианалды әрі рационалды қыры арқылы оның өзіне немесе бүтіндей топқа әсер ету. Түсіністік пен күйзелістің бірлігіне жетуді мақсат етуді көздеген екі немесе бірнеше адамдардың ашық немесе жасырын айтысын яғни талқысын үгіттеу процесі деп атауға болады, демек үгіттеу монолог бола алмайды, бұл міндетті түрде диалог түріндегі пікірталас. Басқа сөзбен айтқанда үгіттеу тәрбиенің ең күрделі түрі. Тыңдаушылардың санасына жол табатын ерекше қисынды әңгіменің ырғағын таба білген жөн. Үгіттеу — үгіттеушінің хабарындағы мазмұнды ақпараттың болуымен бірге қабылдаушының саналы қатысын болжайды.
Еліктеу — индивиттің қандайда бір мінез-құлық көріністерін, мәнерлерін, әрекеттерін, қылықтарын қайталау.
Иланушылық (сендіру) адам психикасына тән қасиеттердің бірі. Әдетте, сенгіштік қасиет балаларда басымырақ келеді. Сендіру қарым-қатынастағы адамдардың өзара әсер ету процестерінің бірі ретінде ырықты немесе ырықсыз, тікелей немесе жанама болуы мүмкін, педагогикалық тұрғыда сендіру амалы дұрыс пайдаланылатын болса, ал өте күшті тәрбие құралына айналар еді.
Адамзат өміріндегі өзара қатынастардың шеңберінде өзара әсер етудің барлық әдісі қолданылғанымен сендіру жетекші орында. Әлеуметтік психолог В.Б.Ольшанский адамдардың бір-бірінің іс-әрекетіне өзара әсер етудің төмендегідей түрлерін келтіреді:
- Өзара жеңілдік, яғни сол серіктердің қатысы екеуінің де іс-әрекеттің тиімділігін арттырады.
- Өзара қиналу, яғни өзара қатысу әрқайсысының іс-әрекетінде қателердің пайда болуына ықпал етеді.
- Бір жақты жеңілдеу – бір серігінің қатысы басқасының іс-әрекетін жеңілдетеді. (мысалы, ересек пен бала ).
- Біржақты қиналу – біреуінің қатысы екіншісінің жұмысына кері әсерін тигізеді.
- Тәуелділік — екеуінің қатысы, ешқайсысының іс-әрекетіне әсер етпейді.
Іс-әрекетке әсер ету түрлерінің көптеп кездесуі психологиялық сыйысушылық деген құбылыстың айғағы бола алады. Психологиялық сыйысушылық дегеніміз өзара әрекеттесуші адамдардың ең аз дәрежедегі шығынындағы іс-әрекетінің жоғары дәрежедегі нәтижеге жеткізуі.
Әрбір тұлға белсенділігінің дәрежесі ұжымның тұлғаға тигізер әсерінің дәрежесі сияқты, оның сол ұжымдағы эмоцианалды саулығы мен анықталады.
Әрбір тұлғаның дамуына ықпал ететін және бүтіндей ұжымның еңбекқорлығын қамтамасыз ететін психологиялық ахуалды ұйымдастыруда топ мүшелерінің өзара қатынастарын реттеуден бастау керек.
Балалардың өзіндік басқаруына сүйене отырып, ортақ іс-әрекеттің негізінде, ұжымның қалыпты психологиялық ахуалын қамтамасыз ете отыра, оны топтастыруға болады. “Өзіндік реттеушісі жоқ ”, “ ұжымдық іс-әрекет” тәрбиелеуші фактор бола алмайды. Балалардың өзіндік басқаруын ескермей ұйымдастырылған іс-әрекет өтеу актісі болып қана қала береді.
Қазіргі заманға лайықты психология ғылымның аумағында еңбек, таным және ойын, іс-әрекеттің әлеуметтік негізгі түрлері ретінде қарастырылады. Еңбектің, танымның және ойынның үйлесімі балалар ұжымы тәрбиесінің тиімділігін арттырады.
Еңбек өзіндік басқарудың өзегі болса, ойын-оны ұйымдастыру тәсілі. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың алғырлығы, ықыластығы және аңқаулығының негізінде оларды кез-келген іс-әрекет түріне әсіресе ойынға тартуға болады. Ұжымдық, танымдық ойындардың түрлері әрқилы. Ойынның белгілі бір талаптарға сәйкес келуі шарт, мысалы: ұжымның топтасуына ықпал етуі, танымдық мәнінің болуы, жеткіншектердің іс-әрекетін жетілдіруі, ойынға қатысушылардың ой белсенділігін қамтамасыз етуі, балалар шығармашылығына жағдай жасауы.
Әлеуметтену және тұлғалардың бірін-бірі өзара қабылдауы сияқты екі феноменнің қарастырылуы өте күрделі міндеттердің бірі болып табылады, өйткені тұлғалардың өзара қабылдауы бір мезетте әлеуметтену құралы ретінде, әрі оның өнімі ретінде көрініс береді. Бір жағынан, тұлғалардың өзара қабылдауы әлеуметтену бір шарты болып табылады. Мысалы, жеке тұлға нормаларының құндылықтарының, мінез-құлық ерекшелерінің қалыптасуы оның өзінің дамуының міндеті шарты болып табылады.
Тұлғаның басқа адамдардың мінез-құлқтарын олардың құндылықтарын қабылдауы мен бағалауы жоғарыда аталған. Құрлымдардың дамуының негізі жеке әлеуметтенуде бастауыш мектеп жасының, жеткіншек пен жас өспірімдік кезеңнің маңызы көпшілікке мәлім.
Осы жас шамасы — адамдардың сана сезімі қарқынды түрде дамып, бағдарлаушы іс-әрекеті күш ала бастаумен ерекшеленеді. өмірдегі құбылыстардың барлығы “жаман- жақсы ”, “дұрыс-бұрыс” категорияларына топтастырыла бастайды. Әлеуметтік белсенділіктің өсуі, әлеуметтік рөлдердің ұлғаюы, оқушы қабылдайтын қоғамдық құбылыстардың шеңберін кеңейтеді. Осы жас шамасында адамның дүние танымына әсер еткендердің барлығы оның өмірінің соңына дейін сақталады.
Сана сезімнің дамуы әлеуметтенудің маңызды бір бөлігі болып табылады. Кері байланыс процесі қарқынмен дамып, бала өз ойын айналасындағылардың қөзқарасымен салыстыра бастайды. Осы шақта, оқушының зейінінің адам тұлғасының неғұрлым маңызды сапаларына бағдарлап, өзін және басқа адамдарды дұрыс бағалауына көмектескен жөн. Дәл осы шақта реңінің кемшіліктерінен, адамдармен тез араласа кете алмау салдарынан комплекстер пайда болуы әбден мүмкін. Көбінде ойдан шығарылған осындай проблемалардың көпшілігі мінездің дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Басқалардың сені қалай қабылдайтындығына сәйкес аталған құбылыстар пайда бола бастайды. Бір адамды басқа бір адамның қабылдау бағасының парапарлығы адамдардың бірін-бірі танудың психологиясының өзегі болып табылады.
Қалыптасу үстіндегі жеке тұлғаның қоршаған әлеуметтік әлемді парапар қабылдауына баулу қажет, өйткені дәл осы жас шамасында оқушы айналасындағы әлеуметтік ақиқатты тануға, өзіндік танымға бағдар алады.
Оқушы үшін өзі мүшелік еткен топ әлеуметтік тәжірибенің мәнді бастауы ретінде көрінеді. Ол жанұя, мектеп сыныбы, спорт үйірмесі болуы мүмкін. Әрине, бұл топтардың мәні бірдей болғанымен, тұлғаның ұжымға сіңу дәрежесі, ұжымның өзгеше ерекшеліктері және оның басқа да сипаттамалары да маңызды.
Балалар шипажайының (шипажайы) аясында пайда болған ұжым — баланың жеке тұлғасының қалыптасуына өз әсерін тигізбей қоймайды. Оның тиімділігі, күші көбіне-көп осындай ұжымдардың қалыптасуымен даму заңдылақтарын орынды пайдалана білуде. Арнайы педагогикалық ықпалдың жоқтығынан балалар ұжымының қалыптасуы екі талай. Ұжымдағы әлеуметтік-перцептивті процестердің динамикасы, балалар ұжымындағы, оның оқушының тұлғасына тигізер әсерінің аясындағы маңызды әлеуметтік психологиялық мәселелердің бірі болып табылады. Оның шешімі, тұлғалар арасында қабылдауының ерекшеліктерінің ұжым дамуының әртүрлі сатыларымен байланысын анықтауға, топтың дамуы мен әлеуметтік-перцептивті процестердің интенсивтендіруге бағдарланған педагогикалық ықпалдың неғұрлым тиімді әдіс тәсілдерін табысты етуге жағдай жасайды.
Осындай ұжымның оқушының тұлғасына ықпал ету мүмкіншілігі мол. Жұмыс барысында, тез арада біріккен топтасқан ұжым пайда болады. Осындай қарқынды даму үрдісін балалар ұжымының өзіндік ерекшеліктері қамтамасыз етеді. Мұндай ұжымдардың негізгі ерекшеліктері — қысқамерзімділігі, құрамалылығы және дербестілігі.
Ұжымның қысқа мерзімділігі барлық әлеуметтік психологиялық, әсіресе әлеуметтік-прецептивті процестер ағымының қарқындылығын, қозғалмалылығын қамтамасыз етеді. Ұжымның құрамалылығы баланың айналасындағы құрбыларын тану құралы іспеттес. Осы ұжымға балалар осыған дейінгі ұжымның негізінде сіңірген тәжірибелерін алып келеді. Әрқайсысының ұжымның нормалары жайлы жеке көзқарасы бар. Санаторий (шипажай) жағдайында қалыптасқан ұжымда, баланың сол өткен тәжірибесімен алмасып, ендігі жолда жаңа ұжымның қарым-қатынас нормаларының қалыптасуына ықпал етеді.
Әрине, осындай қысқа мерзімде ұжымның толық қалыптаспауы мүмкін. Алайда, балалар арасында, қанық байланыстардың негізінде, балалардың әртүрлі іс-әрекет түрлерінде тәрбиешілермен қарым-қатынасының арқасында уақытша ұйым берік ұжымға айнала алады.
Біріккен іс-әрекет әлеуметтік–перцептивті процестердің детерминанты ретінде балалар ұжымындағы тұлғалардың өзара қабылдауында ерекше көрініс береді.
Л.И.Уманский біріккен іс-әрекетті ұйымдастырудың үш түрлі үлгісін келтіреді:
- Біріккен –дара
- Біріккен— жүйелі
- Біріккен — өзара әрекеттестік
Шынайы өмірде біріккен іс-әрекетті ұйымдастырудың осы үш үлгісі де бірдей кешенді түре көрініс беретіндігіне қарамастан, оның қандайда бір басым түрін бөліп алуға болады.
Тағы рефераттар
- Өндірістік мақсатқа арналған тауарлар нарығының ерекшеліктері
- Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
- Ақпаратпен алмасу. Құқықтық қамтамасыз ету
- Мемлекеттік бюджет қалыптасуындағы мемлекеттік баж курстық жұмыс
- Ақпараттар қозғалысы түсінігі