МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ…. 3

1.ҰРЛЫҚ, ТОНАУ МЕН ҚАРАҚШЫЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫ БОЙЫНША АНЫҚТАУҒА ТИІС МӘН – ЖАЙЛАР….. 5
2. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ……. 8
3.ҰРЛЫҚ, ТОНАУ МЕН ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛДАРДЫ ТАБЫСТЫ АШУ ЖӘНЕ ТЕРГЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІ 10

ҚОРЫТЫНДЫ……. 19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…… 23
СІЛТЕМЕЛЕР…….. 24

Кіріспе

Қазір біздің қоғамда жоғарғы деңгейдегі қылмыс қана емес, тәртіп бұзушылықтың алуан түрлері соның ішінде ең қауіптісі тонау мен қарақшылық қылмысының жаңа түрлері пайда бола бастады. Өндірістің қысқаруы, кәсіпорындардың жабылуы, жаппай жұмыссыздық, адамгершілік нормаларының сақталмауы, заңсыздық үрдістеріне тоқтау болмауы тонау мен қарақшылық қылмысының  әлеуметтік базасын тереңдетіп жатыр.

Кейінгі кезде ұйымдасқан ұрлық, контрабанда, тонау, қарақшылық кеңінен тарап отыр. Қылмыстың ұйымдасқан сипат алуы қылмыскерлердің жемқорлар мен лауазымды адамдармен сыбайласын, ауыз жаласуы, қылмысты топтардың халықаралық байланысы таралып бара жатқаны, қылмыстың жаңа нысандары – арнаулы тапсырмамен кісі өлтіру, жеке адамдар мүлкін қорқытып тартып алу пайда болып, көбеюі қоғамды халықты қатты алаңдатып, мазалап отырғанын көруге болады.

Елімізде әлеуметтік және экономикалық қатынастарға өзгерістер еніп, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері іздестіріліп, оларды іс жүзінде толық пайдалануға қызу кірісіп жатқан қазіргі мезгілде, құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінен криминалистика жетістіктерін қылмыспен күресте кеңінен қолдануын талап етеді.

Қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін криминалистік техника тактика және тергеу әдістемесін жеткілікті меңгерген, кәсіби білікті заңгер мамандарды дайындау керек. Олар материалдық бейнеленген іздерді, заттар іздерін, құралдар іздерін анықтауды, бекітуді, алуды және сақтауды қамтамасыз етіп тергеу мүмкіндігін анағұрлым кеңейтеді. Қазіргі тергеуші қылмыспен күресті табысты жүргізу үшін «қылмыстың сөзсіз куәларын» тез тауып «сөйлете» білуі керек. Бұл іспен айналысатын бірден –бір ғылым ол –криминалистика.

Криминалистика басқа да ғылымдар сияқты обьективтік құбылыстар заңдылықтарының жиынтығы болып табылады. Бірақ та осы көптеген жиынтықтардан криминалистиканың айырмашылығы, ол қылмысты ойдағыдай ашуға, тергеуге және алдын алуға қажетті заңдылықтарды оқытады. Бұл заңдылықтардың қалыптасуы әрбір қылмыстың қоршаған ортамен байланысына және материалдық әлемдегі заттардың, жағдайлар мен іс-әрекеттердің өзара байланысы мен өзара қатынастылығы туралы диалектика заңына сәйкес.  Осы заң негізінде міндетті түрде қоршаған ортада іздер мен көріністер қалады да әрбір қылмыс обьективтік болмыста әр түрлі: идеалдық немесе заттың, құбылыстың ойда қалған түрінде және материалдық немесе материалдық іздер түрінде бейнеленеді.

Қарақшылық топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың қылмыс  жасауы ұйымдасқан қылмыстылықтың көрінісі болып табылады. Бұл мәселе қазіргі кезде тек маман заңгерлер ғана емес жалпы алғанда барша қоғамды толғандыруда. Оған қайта құру кезеңінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ белсенді түрде назар аударылды. Бұл проблемамен мәселен, осы ақуал жөнінде арнайы қаулы қабылдаған КСРО  халық депутаттарының екінші съзі жете айналысты. Бірақ бұдан кейінгі өткен жылдар ішінде ұйымдасқан қылмыстылықпен  күрес жағдайы одан сайын шиеленісе түсті. пайдакүнемдік қылмыстылық біздің экономиканың нарық жолына түскен жағдайында да өз оңтайын жіберген жоқ.

 Курстық жұмыс / 24 бет
Тағы рефераттар