Пайыздық саясатты жүргізудің шетелдік тәжірибиесі туралы қазақша реферат
АҚШ пен Германияда міндетті резервтік нормалары біршама жоғары деңгейде бекітілген. АҚШ-та міндетті резервтер банктердің категорияларына депозиттердің шамасы мен түрлеріне байланысты болып келеді. Міндетті резервтер федералдың резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталады және резервтердің артық мөлшері федералды резервтік банктердің АҚШ ақша нарығында маңызды процестерге байланысты операциялардың басты бір көзін құрайды. АҚШ-тың банк жүйесінің резервтерінің тағайындалу негізі коммерциялың банктердің қызметіне бақылау жасауды білдіреді. Заңмен бекітілген резервтер коммерциялың банктердің несиелеу қабілетіне әсер ететін федералды резервтік банктік жүйенің басқару Кеңесінің басты құралы болып табылады. Резервтеудің басты мақсаты банк несиесінің артықшылығынан немесе жеткіліксіздігінен тұрады. Дәл осылай, жанама жолмен коммерциялық, банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы және экономиканы тұрақтандыру барысында бұл резервтер салым иелерінің мүдделерін қорғау құралы болып табылады деген Кэмпбел Р. Макконелл, Стэнли Л. Брю.
Федералды резервтік жүйе экономикалың құлдырау кезеңінде міндетті резервтердің іскерлік белсенділігін арттыру және ынталандыру үшін міндетті резервтің деңгейін жиі қысқартып отырған.
Ұлттың банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың пруденциалдың нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге мынадай екі тәсіл қолданады:
1. Міндетті резервтер;
2. Резервтеудің альтернативтік тәртібі.
Резервтік талаптарды орындайтын банктерге Ұлттық, банк орташа айлық, қайта қаржыландыру мәлшерлемесінің 50% көлемінде теңгедегі резервтер бойынша, ал еркін алмастырылатын валютадағы резервтік талаптар бойынша Лондондағы депозиттер нарығындағы (LIVID) бір айлық депозиттің орташа өлшемді мөлшерлемесінің 50% көлемінде пайыз төленді
Тағы рефераттар
- Құрылыстық керамика
- Аңшы куәлігін және аңшы қаруын қалай алуға болады?
- Әлеуметтік мобильдік туралы қазақша слайд, презентация тегін
- Цифрлық топографиялық ақпараттарды жинау
- Өзара әрекеттестіктегі тұлғалық қатынастар