Педагогикалық зерттеулердегі нәтижелерді статистикалық өңдеу әдістері — бұл математикалық тәсілдер, формулалармен әдістер — бұлардың көмегі арқыль сандық көрсеткіштерді, оның жасырын заңдылықтарын айқындай отырып бір жүйеге келтіруге жинақтауга болады. Бұлар тәжірибе нәтижесін анықтауға көмектеседі, қорытынды сенімділігін арттырады, теориялық жинақтаулар үшін негіздеме береді. Педагогикада кеңінен қолданылатын математикалық әдістерге тіркеу, реттеу, межелеу жатады. Статистикалық әдістер көмегі арқылы орташа көрсеткіштер анықталады: орташа арифметикалық, медиана қатар ортасының көрсеткіші, таратылу дәрежесі, немесе орташа ауытқу, коэффициент.
Мұндай есептеулер жүргіауге тиісті формулалар, салыстырмалы кестелер қолданылады. Осы әдістер арқылы өңделген графика, диаграмма, кесте сандық тәуелділікті көрсетуге мүмкіндік береді (мысалы, топтағы 12 оқушының тізім бойынша алтыншысының бағасы медиана болады, мұнда барлық оқушылар бағалау дәрежесі бойынша орналастырылған).
Статистикалық көрсеткіш ретінде алынған орташа мән — тәжірибеде зерттелетін құбылыс, сапа немесе қасиеттің орташа бағалау көрсеткіші. Бұл баға зерттелу тобындағы тұтас даму дәрежесін сипаттайды. Екі немесе бірнеше таңдауларды тікелей салыстырса, біз адамдар дамуының дәрежесі жөніндегі пікірді ойға аламыз.
Корреляция әдісі— екі тәжірибелік деректөр арасындағы байланысты немесе тура кіріптарлықты айқындау әдісі. Бұл, бір құбылыстың екіншіге ықпалын немесе Динамика бойынша байланысын көрсетеді. Мұндай әдістердің бірнеше түрлері кездеседі: шенді, қосарлы және көпше.
Сызбалыкорреляциялық талдау ауыспалы көрсеткіштер арасындағы олардың абсолютті мәндері бойынша тура байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл байланыстар графикалық түрде тура сызықпен айқындалады, сондықтан сызбалы деп аталады. Шенді корреляция ауыспалы орындар емес, реттік орындар немесе шендер, қатар арасындағы алатын орындарды анықтайды. Қос корреляциялық талдау тек ауыспалылар арасындағы кіріптарлық, ал көптік — көптеген ауыспалылармен бір уақытта көп өлшемді корреляциялық талдау формасының қолданбалы статистикада кең тарағаны деректі талдау.
Тағы рефераттар
- ОГЮСТ КОНТ
- Кәсіпорын құнын бағалау курстық жұмыс
- Каспий банк қызметінің экономикалық негізі
- Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы (балабақшадағы жылдық жоспар)
- Ақтөбе қаласындагы экономиканы басқару аппараты