Популяциядағы жануарлардың өзара тиімді байланыстары туралы қазақша реферат
Комменсализм– екi түр арасындағы қарым-қатынас, мұнда бiр түр өзiнiң iс –әрекетi арқылы екiншiсiне қорек немесе мекен-жай тауып бередi. Комменсализмде бiр түрдi екiншiсi оған зиян келтiрмей бiржақты пайдаланады. Мысалы, арыстанның немесе жолбарыстың жеген қорегiнiң қалдығымен соңынан басқа аңдар (гиендер) қоректенедi. lрi акулалардың комменсалы ұсақ балықтар болып есептеледi. Сол сияқты құстардың ұясында, кемiрушiлердiң iндерiнде буынаяқтылар өмiр сүріп, сол жерден өзіне тағам, қолайлы микроклимат табады. Комменсализм табиғатқа өте пайдалы, себебi түрлер тығыз өмiр сүрiп үйренедi және ортаны, қоректi толық пайдаланыды.
Мутуализм— түрлердiң арасындағы екi жаққа да тиiмдi қарым- қатынастың түрi. Мутуалистiк қарым-қатынастар паразитизм мен комменсализмнiң негiзiнде пайда болады. Мұндай тiршiлiктiң дамуы уақытша байланыстан басталып, бiрте-бiрте бөлуге болмайтын мiндеттi байланысқа ауысуы мүмкiн, яғни бiр түрдiң өмiр сүруi үшiн екiншiсiнiң қатысуы мiндеттi. Мұндай бөлiнбейтiн пайдалы байланысты симбиоз деп атайды. Мысалы, саңырауқұлақтар мен балдырлар бiрлесiп өмiр сүредi.
Сол сияқты термиттер мен олардың iшегiнде өмiр сүретiн Hypermastigina отрядына жататын жiпшелi қарапайымдылар симбиозды тiршiлiк етедi. Бұл қарапайымдылар клетчатканы қантқа айналдыратын глюкозидаза ферментiн бөледi. Ал термиттер мұндай фермент жасай алмайды, сондықтан егер iшегiнде қарапайымдылар болмаса термиттер целлюлозаны қорыта алмаған болар едi. Ал қарапайымдылар термиттердiң iшегiнде өздерiне қажеттi микроклимат, қореқ, қорғаныс және көбею үшiн қолайлы жағдай табады.
Нейтрализм— биотикалық қарым-қатынастың бiр түрi. Бұл қатынаста бiр территорияда тiршiлiк ететiн екi түр бiр-бiрiне зиянын да, пайдасын да тигiзбей өмiр сүредi. Нейтрализмде түрлер бiр табиғи бiрлестiкте өмiр сүрсе де, бiр-бiрiмен байланыспайды. Мысалы, бiр орманда тiршiлiк ететiн тиiн мен бұғының тiршiлiгi мүлдем байланыспайды. Нағыз нейтрализм табиғатта өте сирек кездеседi, себебi кез- келген экожүйеде барлық популяциалардың арасында жанама әрекеттесулер болады.
Тағы рефераттар
- Дүниенің болмысы, оның мәні және материя туралы түсінік
- Ақтөбе облысының әкімдігінің құрылымдық ерекшеліктері
- Қос қызметті аффикстер
- Мектеп оқушылары ортасындағы кикілжің мәселесін теориялық талдау
- Азаматтық құқықтың қайнар көздері