Прокуратура органдарының тұтастығы мен орталықтандыру бұл органдардың ҚР Бас прокуроры басқаратын түтас жүйені білдіреді. Бұл қағидат барлық буындағы прокурорлардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің тұтастығын білдіреді және заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыру нысандары мен әдістерінің, тәсілдерінің ортақтығымен, анықталған заңды бұзуға прокурорлық ден қою құралдарының, сондай-ақ заңды бұзудың жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдау тұтастығымен айқындалады. Тұтастық қағидаты жоғары тұрған прокурордың өз құқықтарын төмен тұрған прокурорға беру, сондай-ақ өзінен төмең тұрған прокурордың өкілеттігін қабылдауға құқылы ережелерді айқындайды [осы Заңның 16-бабы].
Прокуратураның тәуелсіздігі қағидатының мәні әрбір прокурордың өз қызметінде тәуелсіз болуынан және оған жүктелген міндеттерін орындау кезінде заңдарды және оларға сәйкес шығарылатын Бас прокурордың нұсқаулары мен бұйрықтарын басшылыққа алудан тұрады. Прокурор оның қадағалау кызметіне кандай да болмасын орталық немесе жергілікті органның араласуынан қорғалған. Қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәуелсіздігі қағидатының мемлекеттік және саяси аса маңызы зор, осы қағидатты дәйекті сақтаған кезде ғана прокуратура мемлекет қойған максаттар мен міндеттерге кол жеткізе алады. Осы қағидатты жүзеге асыру үйымдастыру арқылы, прокурорлық кадрларды тағайындау тәртібімен, заңмен белгіленген прокурорлардың бағыныстылық және есеп беру жүйесімен камтамасыз етіледі.
Прокуратура органдары қызметіндегі жариялылық прокуратураның республикадағы басқа да құқық қорғау органдары сияқты өз функцияларын коғамнан, азамттардан оқшауланбай жүзеге асырады. Заңда прокуратура органдарының азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сактау, мемлекеттік құпияларды қорғау туралы ҚР заңдарының талаптарына қайшы келмейтін шамада ашық әрекет ететіні ұйғарылған.
Заң шығаруда заңдылық қағидаты ерекше бөлінген. Бұл қағидат барлық прокуратура органдарының өздерінің қадағалау функцияларын заңды және жеке тұлғалардың заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарын сақтай отырып, қатаң заң шең-берінде жүзеге асыратынын білдіреді. Заңдардың орындалуына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурорлар заңда белгіленген өкілеттіктер шегінде ғана әрекет ете алады. Зацдылык кағида-тының прокурорлық қадағалау үшін ерекше маңызы бар, себебі оған барлык заңды түлғалар мен жеке тұлғалардың заңды орындауын бақылау міндеті жүктелген. Сондықтан прокуратураның өзі осы фукнцияларды орындай отырып, заңды нақты және бұлжытпай сақтауға міндетті.[6- 240 б]
Заң шығарушы сондай-ақ барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін прокурордың ден қою актілерінің міндеттілігі қағидатын [осы Заңның 3-бабының 4-тар-мағы] және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде прокуратура органдарының кызметіне араласуға тыйым салу қағидатын [осы Заңның 3-бабының 3-тармағы] бөлек көрсетеді.
«Прокурорлық қадағалау» термині аясында мыналардың ұғынылатынын есте сақтау керек:
1) мемлекеттік кызметтің өзгеше түрі;
2) заң ғылымының дербес саласы;
3) оқу пәні.
Тағы рефераттар
- Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары
- Мембрана
- Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жүйедегі ақша мен қаржы курстық жұмыс
- Андрадит: происхождение камня и его месторождения
- Қорлар есебінің түсінігі