Бейнелеу өнерінің жалпы білім беру пәні ретіндегі маңыздылығын атақты педагогтар  Я.А.Каменский, И.Г.Коменский, И.Г.Пестолоций, Джон Локк, Ж.Ж.Руссо айқындаған. Олар дүниені қоршаған таибғатты дұрыс тану арқылы дұрыс ойлау мүмкіндігі сурет салу барысында туындайтындығын көресткен.

Бейнелеу өнеріне оқыту ережелері мен талаптары, заңдылықтарының пайда болуына, балалардың өзіндік психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, әдістемелік нұсқаулар жасауда Д.Н.Кардовский. Е.С.Кондахчан, Н.Н.Ростовцев, В.С.Кузин сынды педагогтар көп еңбек етті. Олардың еңбектері бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуында, бейнелеу өнерін оқытудың маңыздылығын көтерудеүлкен серпін жасады. Олар оқушылардан шына    йы суреттің мәнін түсінетін, табиғат пен өнерге деген мүйіспеншілігі мол, ғылыми білімге құштар тұлға қалыптастыру идеясын көздеп, көркемдік білім берудің қажеттілігін көрсетті.

Педагог ғалымдар Ж.Балкенов, Ә.Қамақов, Б.Әлмұханбетов, К.Ералин, Ұ.Ибрагимов, Қ.Болатбаев,С.Аманжолов,Д.Кемешов, оқушыларға бейнелеу өнері сабақтарында көркемдік білім берудің бірқатар әдіс-тәсілдерін зерттеді. Оқулық пен оқу құралдарын дайындады. Бірақ осы кезге дейін көркемдік білім берудің бір саласы болып табылатын жарықтану ілімін оқушыларға таныстыру жарықтану ілімін оқушыларға таныстыру жарықтану іліміне сәйкес, бейнелеу дағдыларымен іскерліктерді қалыптастырудың педагогикалық әдістемелік мәселелері шешімін таппай келе жатқандығын айту қажет. Бұл мәселе жарықтану заңдылықтарын оқыту қажеттігі мен оны оқытудың мазмұны, формасы және әдістерінің жоқтығы арасындағы қарама-қайшылықтардан байқалады. Мәселені тиянақты шешудің алғашқы сатысы–жарықтану ілімі туралы ұғымдарды жинап оны белгілі жүйеге келтіруді қажет етеді.

Көркемдік білім берудің мазмұнын құрайтын ұғымдардың бірі – жарық пен көлеңке. Бейнелеу өнеріндегі жарық пен көлеңке ұғымы бейнелеудің ерекше мүмкіндіктерінің бірі.Табиағттағы қандай да затты болмасын жарық пен көлеңкесіз қабылдау мүмкін емес. Жарық пен көлеңкенің бір ерекшелігі олардың бірінсіз бірінің болмауы. Яғни зат бетіне жарық түспесе көлеңке де болмайды. Заттық бетіне жарық түспесе көлеңке де болмайды. Заттың бетіне жарық сәулелері түсуінің нәтижесінде, заттың беті жарықтанады. Егер заттың жарық түсіп тұрған беті біртегіс жазықтық түрінде болса, онда ол жазықтық біртегіс жарықтану сипатында болады ал, егер ол жазықтық беті дөңес болса, оның әр жеріндегі жарықтану деңгейі әр түрлі болады. Яғни жарық тіке түсіп тұрған жер өз реңінен де жарық тау болып көрінеді де, онан алыстағы өз реңінен қараңғылау болып, қараңғылық деңгейі қоюланып, олардың дәрежесі артып отырады. Сөйтіп бұл жарық беттің өзін, ең жарық беттің өзін, ең жарық жер, жар тылай жарық жер, жылтыр дақ деген жарықтану деңгейлеріне бөлінеді. Егер заттың дөңес бетіне жарық түскен кезде міндетті түрде осы деңгейлер өлшемдері пайда болады. Бұл заңды құбылыс. Мұндай құбылыстышар формалы заттардың бетінен анық байқауға болады.

Көлемді заттардың жарық түскен бетіне қарсы беттеріне көлеңке түседі. Бұл өлеңкелердің деңгейлері «көлеңке», «жартылай көлеңке», «өзіндік көлеңке», «рефлекс» және  «түсіп тұрған көлеңке» деңгейлеріне бөлінеді. Қандай зат болмасын жарық түскеннен кейін  заңды түрде осы айтылған көлеңке деңгейлері пайда болады. Мұндай көлеңке деңгейлерінің болуы заңды құбылыс.

Бейнелеу өнерінің оқулықтары мен өнертанымдық әдістемелік әдебиеттерді сараптау жарық пенк өлеңке құбьылыстары заңдылықтарды білдіретін түсініктер белгілі  жүйеге келмегендігін оларға нақты анықтама берілмегендігін көрсетті. Соған сәйкес осы аталған сөздерді белгілі жарықпен көлеңке заңдылықтарын айқындайтын термин ретінде алып оларға түсіндірме беруді қажет етеді.

«Жарық» дегеніміз – заттың жақын түсіп тұрған бөлігіндегі, жарықтың көзіне жақын орналасқан бөлігіндегі, жарықтанудың жоғары деңгейінің көрсеткіші.

Жартылай жрық – заттың жарық түсіп тұрған бөлігіндегі «жарық» пен «жартылай көлеңке» деңгейлерінің арасындағы жарықтанудың деңгейі.

Жартылай көлеңке ретінде – заттық жарық түсіп тұрған бөлігіндегі жартылай жарықдеңгейі мен көлеңке деңгейінің арасындағы көлеңке деңгейінен жарықтау, жартылай жарық деңгейінен қараңғылау болып көрінетін жарықтану деңгейінің өлшем бірлігі танылады.

Көлеңке – заттың жарық түсіп тұрған бетіне қарсы бетінде, жарықтың түсу нәтижесінде пайда болған реңдік қатынастардың деңгейлерін білдіретін қараңғылықтардың дәрежелерінен құралады.

Рефлекс – заттың жарық түсіп тұрған бетіне қарсы орналасқан жазщықтыққа түскен күн сәулелерінің көлеңке беттегі жазықтық бетіне шағылысып түсуі нәтижесіндегі өз реңінен жарықтау болып көріну құбылысы. Рефлекс әр уақытта затты жарық бетіндегі жартылай жарықтан қарағңғы, жартылай көлеңкеден қараңғы болып өзгереді. Бірақ ол түсіп тұрған көлеңкеден жарық болуы мүмкін.

Түсіп тұрған көлеңке дегеніміз – заттың көлеңке бетіндегі, заттың өзі тұрған жазықтықтың бетіне түскен заттың өзіндік көлеңкесі болып табылады.

Жарық пен көлеңке заңдылықтарын кейде «жарықтану заңдылықтары» деп атайды. Бұл атау шын мәнінде жарық пен көлеңкенің табиғи сипатын айқындауға жәрдемдеседі. Себебі жарық пен көлеңке қатар жүреді. Жарық түспесе көлеңке болмайды. Жарық пен көлеңкенің мүмкіндігі арқылы біз заттың формасын кеңістіктегі орнын, уақытын айқындаймыз. Жарық пен көлеңке де сол заттың көрушіден алыс жақын болуына байланысты өзгерістерге ұшырайды. Сондықтан да жарық пен көлеңке заңдылықтарын «жарықтану заңдылықтары» деп атау орынды. Жарықтану ұғымы жарық пен көлеңкенің бірлігі мен тұтастығын білдіреді. Жарықтану ілімі жарықтың қасиеттерін тану бағытындағы ілім. Жарық түспесе көлеңке болмайтыны ақиқат. Көлеңке пайда болса ол тек қана жарықтың түсуінің нәтижесінде пайда болады. Жарықтану ілімі – перспектива, түстану, композиция ілімдерімен тығыз байланысты. Табиғаттағы перспектива құбылыстарына сәйкес жарық деңгейлері өзгеріп отырады. Жақындағы жарық пен көлеңке деңгейлері айқын көрінсе, оның алыстағы деңгейлері солғын дәрежеде болады. Табиғаттағы түстер мен жарық-көлеңке деңгейлері де тығыз байланысты. Заттың бетіне жарық түскеннен кейін, заттың табиғи түсі жарық бетіндегісі ашықтау болып өзгерсе, көлеңке бетіндегі түсі өз түсінен қараңғы реңдерге қарай ауысып өзгереді.

Жарықтану туралы жазылған әдібиеттер мен өнертанымдық педагогикалық, әдістемелік және ғылыми зерттеу еңбектерін сараптау бізге көркемдік білім беру саласында жарықтану заңдылықтарын оқыту туралы мынандай ұсыныстар жасауға мүмкіндік туғызады:

— жарықтану туралы білім сурет, кескіндеме, композиция, мүсін сабақтарында тереңдетіп берілім, ол зат  көрінісін бейнелеу кезінде жалғастырылып, оны бейнелеу ептейліктерін, дағдыларын қалыптастыру мақсатындағы практикалық жаттығулар жасау барасында жалғастырылады;

— жарықтангу ілімінің негізгі мазмұнын жарық, көлеңке, жартылай жарық, жалтыр дақ, жартылай көлеңке, түсіп т ұрған көлеңке, рефлекс түсініктері білдіреді. Бұлар сонымен  қатар, жарықтану білімдерінен  құралған көркемдік көркемдік білім беру мазмұны ретінде қарастырылады;

— жарықтану ілімін меңгерудің екінші бағыты, заттар мен құбылыстарды бейнелеу барысында жарықтану заңдылықтарын сақтай отырып, бейнелеудің ептейліктері мен дағдыларын меңгертудің педагогикалық іс-әрекеттерін қамтиды;

— жарықтану ілімінг меңгерту мен оны бенйнелеу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру ісі нұсқаға қарап сурет салу, тақырыптық сурет салу, сәндщік сурет салу,  мүсіндеу сабақтарында кешендің түрде жүргізіледі.

Жарықтану заңдылықтарын оқыту мен оны бейнелеуге үйрету әдістерін іздестіру мақсатындағы теориялық әдісчтемелік еңбектерді сараптау мен тәжірибелік эксперименттік жұмыстар нәтижелері бізге жарықтану заңдылықтарын оқыту мен оны бейнелеуге үйретудің оқу бағдарламасының мазмұнын айқындауға мүмкіндік туғызды. Оқу бағдарламасы мен оқыту әдістері мына бағыттарды қамтиды:

1. Бейнелеу өнерінің барлық сабақтарында үздіксіз кезең-кезеңмен, жүйелі түрде жарықтану туралы түсініктер беру. Жарықтанудың заңдылықтарын түсіндіру. Жарықтану заңдылықтарының түстану, перспектива заңдылықтарымен байланысын көрсетіп отыру джарықтану іліміне сәйәкес жазықтық бетіне бейнелеу туралы түсініктер  беру;

2. Нұсқаға қарап сурет салу сабақтарында жарықтану түсініктерін беру; Заттарды бейнелеу барысында, оның көлемін шығару барысында жарық, жартылай жарық, жылтыр дақ (блик), көлеңке, жартылай көлеңке, түсіп тұрған көлеңке, рефлекс айырмашылықтарын көрсете отырып бейнелеу ептейліктерін қалыптастыру мақсатындағы жаттығуларды орындату;

3. Оқушылардың тақырыптық сурет салу сабақтарында, жаңа шығармашылық іс-әрекеттерінде, бейнеленген заттар мен құбылыстардың, кеңістіктің жарықтану деңгейлерін көрсете отырып көлемін шығаруға арналған жаттығуларды орындату.

Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға, көркемдік білім берудегі жарықтану білімдерін меңгерту мен оны бейнелеуге үйрету бойынша жүргізілген тәжірибелік эксперимент нәтижесі мынаны көрсетті:

— жарықтану туралы жүйелі, кешенді, ғылыми негізге сүйене отырып берілген білімдер оқушылардың нұсқаға қарап сурет салу сапасын арттырды: олар бейнелеген заттардағы жарық пен көлеңке, түсіп тұрған көлеңке, жартылай жарық, жартылай көлеңке, рефлекс, жылтыр дақ деңгейлерін салған суреттерінде дұрыс бере білуге үйренді;

— жарықтану ілімінің негізін құрайтын терминдерге (жарық, көлеңке, жартылай көлеңке, түсіп тұрған көлеңке, өзіндік көлеңке, рефлекс, жылтыр дақ) анықтама беру дәрежесіне дейін көтерілді;

— жарықтану ілімін меңгерту жас суретшілердің заттық формасын, кеңістіктегі қалпын дұрыс бейнелеп, көрсетуге қол жеткізді;

— шығармашылық іс-әрекеттерінде жарықтану заңдылықтарын, бейнелеу нұсқаларынасай қолдану, шығармашылық жұмыстарының көркемдік сапасын арттырып, композицияның сауатты шығуына, шынайылық дәрежесінің көтерілуіне ықпал етті.

Қорытындылай айтқанда мектеп оқушыларына жарықтану ілімін меңгертіп, оны бейнелеу дағдыларын қалыптастыру нәтижелі болуы, болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін осы қызметке жүйелі түрде дайындауға  тікелей байланысты.


Тағы рефераттар