Ресей Федерациясындағы неке шарты туралы қазақша реферат

Неке шарты бұл екі тұлға арасындағы отбасы құқығымен реттелетін азаматтық-құқықтық қатынастар. Отбасы құқығымен реттелетін қанынастар отбасы – құқығымен реттелетін тұлғалар шеңбері, олардың арасындағы қатынастар болып табылады.

«Отбасы» деген не деген сұрақ мемлекеттің өзіне түсініксіз. РФ Отбасы Кодексінің 31 бабының 3 тармағына сәйкес ерлі-зайыптылар некелерін өзара құрмет және өзара түсіністік, көмек, отбасының өркендеуі мен күшейюіне бағыт кезінде құруға тиіс. РФ Отбасы кодексінің кіргізілген ережелердің ішінде тек екеуі ғана ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік емес қатынастарды реттейді:

—                 31 бабтың 2 тармағында отбасындағы мәселелерді ерлі-зайыптылардың теңдігі қағидасына сүйеніп шешу.

—                32 бабтың  2  тармағында некеге түсуші барлық тұлғаларға қатысты, ол өзінің некеге дейінгі тегін қалдырады ма, жоқ па? Ал РФ Отбасы Кодексінің  31 бабының 1 тармағына тоқталатын болсақ, «…ерлі-зайыптылардың әрқайсысының өзіне лайық қызмет және тұратын орнын таңдауда еркін», бұл бөлім РФ Азаматтық қодексінің 18 бабының мазмұны болып табылады, тек некеге түсетін ғана емес, сонымен қатар барлық тұлғалардың құқық қабілеттілігін жариялайды.

Әрине, жоғарыда айтылған құқықпен заңды міндеттер некеге қатысты, өйткені әдемі сөздерден басқа неке ол Мендельсон маршы астында жасалатын келісім болып табылады. Неке үшін барлық келісімдерге тән ережелер қолданылуы мүмкін, яғни ол не бұзылуы мүмкін, не жарамсыз деп танылуы мүмкін. Алайда ерте РСФСР «Неке және отбасы кодексінде» неке қатынастарында келісім тараптары мүлдем қарастырылмады.

Күнделікті тәжірибеге «неке шарты» — деген терминнің енгізілуі РФ Отбасы Кодексінің ерекше жетістігі болды, ол бұрын тек фильм арқылы көретін Батыс өміріндегі шындықты объективті айқындады.

1996 жылдың 1 наурызында Ресей Федерациясының Отбасы Кодексін енгізбестен бұрын отбасылық мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар, 1969 жылғы неке және отбасы үлгісіндегі Кодекспен реттеледі. Алайда әкімшілік – басқарушылық режимінен нарықтық экономикаға өту бұрын отбасы қатынастарында іс- әрекет еткен көптеген құқықтық нормалардан бас тартуды талап етті және оның орнын жаңа нарықтық қатынастарда пайда болды. Кейін оның орнын ұқсас қатынастар басты. Жекелеген түрде императивті норма ерлі-зайыптылардың ортақ кәсіпкерлік қызметін дамытуға жол бермейді, өйткені ол неке өмірі кезеңінде жиналған мүлікті бөлуге және ажырасу кезінде ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлік қызметінің жүзеге асырылуына кедергі етті. Неке өмірі барысында пайда болған тұрақты жұмыс істеп, пайда әкелетін кәсіпорында істейтін екінші жұбайы тарапынан некені бұзу және неке өмірі барысында жинаған мүлікті бөлу қаупі төнді. Ол жұбайы кәсіпорынды бөлмей-ақ жұбайына акциясының 50 пайызын сот шешімі бойынша беруге құқылы.

Мұны басқа жағын да қарастырайық, ол күлкілі нәтижеге әкеледі. Мысалы, кәсіпкер-күйеуі жеке өзі кәсіпорын құрды, және ол автоматты түрде сол ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі болады. Ал 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап «РФ азаматтық кодексінің бірінші бөліміндегі кіріспе» туралы Федералдық Заңның бесінші бөлімі негізінде жеке меншік кәсіпорындарға унитарлы кәсіпорындардың жеке меншік құқықтық режимі таралды. Жеке осы кәсіпкердің, өз күйеуінің жеке кәсіпорны туралы ешнәрсе білмеген әйелінің барлық жеке меншік мүлкі күйеуінің кредиторының қанағаттандырылған талаптары бойынша тартып алынуы мүмкін. Ерлі-зайыптылардың бірінің кәсіпкерлік қызметіне тұрақты мүліктік база енгізу үшін және сонымен қатар ерлі-зайыптылардың екіншісі кәсіпкер жұбайына онымен ажырасу кезінде опасыздық жасамау мақсатында РФ Отбасы Кодексінің 1996 жылғы императивті норманы диспозитивтік нормамен ауыстырып, ерлі-зайыптылардың неке шартын жасау барысында олар неке кезеңінде жинаған мүліктеріне ортақ үлестік режимін және бөлектенген жеке меншік режимін белгілей алады деген ережелерді қарастырды. РФ Отбасы Кодексінің 34-38 баптарында белгіленген ерлі-зайыптылардың әрқайсысының жеке меншігі туралы ережедегі басқаша күш берілгенін білген жөн, және ол ерлі-зайыптылардың екеуі немесе бірі жинаған мүлікке қатысты қолданылады. Біз айтып кеткендей, заң отбасы деген  не екендігін айқындамайды. Сонымен қатар отбасы құқығымен реттелетін қатынастар көптеген жағдайда отбасы деп аталатын адамдар қоғамы шеңберінен шығып кетеді. Отбасы өзі жеке құқық субъектісі ретінде қарастырылмайды, және құқықтың әрбір саласы отбасын өз алдында тұрған мәселе ретінде қарастырады. Мысалы, тұрғын үй құқығы үшін отбасының мынандай ерекшеліктері  — ортақ шаруашылық жүргізу және ортақ үйде тұру сияқты мәселелер қарастырылады, ал туыстық қатынастар мүлдем қарастырылмайды. Ал отбасы құқығында ортақ шаруашылық сияқты мәселелерге туыстық қатынастарға қарағанда аз көңіл бөлінеді. Осылайша, отбасы  отбасылық-құқықтық түсінік бойынша – ал осы сөздің әлеуметтік мәніндегі кез келген отбасы емес, керісінше заңға сәйкес оның мүшелері арасындағы құқық пен міндеттердің пайда болуына әкеледі. Дәлірек айтсақ, отбасы құқығының нормалары отбасы ішіндегі қатынастарды емес отбасының өмір сүруінің тоқтатуымен байланысты болатын қатынастарды реттейді.

Отбасы қатынастарының мүшелерінің заңды мүдделерін және отбасылық құқықтарын қорғау әдістері деп отырғанымыз күштеу мінезіндегі материалды құқықтық шараларды қарастырамыз. Бұл арқылы құқық бұзушыға әсер ете аламыз және қайта қалпына келтіру немесе бұзылған деп тани аламыз немесе таласқа түсіре аламыз.

 

Біз мынандай қорытындыға келеміз, неке шарты – ол ерлі-зайыптылардың бірінің мүлкін ажырасу кезінде екіншісінің қол сұғуынан сақтайтын сенімді әдіс. Александр Грин бойына адамдарға бірге тұрып, бір күнде өлетіндер үшін неке шартының керегі жоқ. Әрине, оны Конфуций да айтып кеткен: «Кесе алатынға қылыштың керегі жоқ». Алайда Ресей Федерациясындағы статистика бойынша, ажырасу деңгейі айтарлықтай көңілдендірілмейді. РФ құрылған әрбір екінші неке құлдырайды. Мүлікті бөлу туралы сотқа жүгінген ерлі-зайыптылардың санын статистика бойынша жария етілмейді, бірақ бәріне белгілі болғандай ол күрделі істер қатарына жатады, көп уақытты талап етеді, қымбатқа шығатын соттық-тауарлық экспертизаны талап етеді, және маңыздылығы аз емес көп эмоция шығыны, ал кейде типтік шекспирлік ынтықтық. Неке шарты мүліктік бөлуді мәдениеттірек жолмен шешеді. Міне, үлкен мән осыда, сондықтан сол туралы сөз қозғаймыз.

«Шарт» деген сөз көбіне түсінікті. Ал неке дегеніміз не?

Заңдық әдебиеттерде көп кездесетін анықтама: «Неке – ерікті, тең құқылы және ер мен әйел арасындағы өмірлік одақ, ол ерлі-зайыптылардың арасында заңмен белгіленген тәртіп пен шарттарды сақтаумен құрылған және ерлі-зайыптылардың арасындағы өзара жеке және мүліктік құқықтар мен міндеттерді тудырады». Бір-біріне деген махаббат және құрмет, ерлі-зайыптылардың қатынастарының этикалық жіне моральдік негіздері, физиологиясы берілген анықтамадан тыс қалмағанын ескерген жөн, бұлар заң үшін парықсыз емес, бірақ ол құқықтық реттеуге ұшырамайды.

Екі түрлі жынысты, заңмен белгіленген жасқа жеткен, туыс емес және құқық қабілеттеріне шектеу жоқ адамдар арасындағы неке құру екі жақты азаматтық-құқықтық келісім болып табылады. Ал келесіде көретініміздей неке шартын неке кезеңінің  уақытында және оның тіркелуіне дейін де жасауға болады, неке шарты бар некені белгілі бір шарттар шеңберінде құрылған неке деп танимыз. Некенің құқықтық қатынастарының маңызды бөлігі ерлі-зайыптылардың арасында пайда  болады және олардың мүліктік құқықтары мен міндеттерін құрайтын мүліктік құқық қатынастарынан тұрады. Мүліктік құқық – мүліктік және міндетті бөліктерге бөлінеді. Ерлі-зайыптылардың азаматтық заңмен белгіленгенінің барлығына мүліктік құқығына ие бола алуы, соның ішінде бір-біріне қатысты ортақ біріккен меншігі ерлі-зайыптылардың заңды мүліктік режим негізін салады және сол заңдық режим 1996 жылдың 1 наурызына дейін ерлі-зайыптылардың жалғыз ғана мүліктік режимі болды және ол елдің құрылысы мен экономикасы әсер еткен жоқ. Бірақ солай бола тұрса да, ерлі-зайыптылардың заңды мүліктік режимі олардың басқа мүліктік құқығын естен шығармады. Ортақ мүліктен басқа ерлі-зайыптылардың әрқайсысының өзіне тиесілі индивидуальді мүлкіне құқығы болды (мысалы, сыйға алған немесе өсиет ретінде қалған мүліктер).

Сонымен қатар осы жұбайының құқығына басқа мүліктік құқық ауыплық түсуі мүмкін, соның ішінде екінші жұбайына тиесілі. Бір сөзбен айтқанда, 1996 жылдың 1 наурызына дейін де ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары әртүрлі және көп болды. Соның ішінде біз «уақытты» ерлі-зайыптыларды айта аламыз.

Ресей Федерациясының Отбасы Кодексінің қабылдауымен ерлі-зайыптылардың мүліктік құқығына бұрынғыдан да көбірек өзгерістер енгізілді. Енді бөлек және ортақ мүлікпен қатар үлестік меншік пайда болды. Ол меншік түріне сервитуттар ауыртпалық түсіреді.

Ерлі-зайыптылардың некеге тұруы олардың әрқайсысына басқа келісімге отыруына кедергі жасамағандықтан, олар азаматтық құқықтың басқа субъектілері сияқты әртүрлі келісімдерге баруға ерікті, соның ішінде – міндеткерліктерге көңіл бөлінген еді. Бұл міндеттіліктерді екіге бөлеміз: шартық (неке шарты және алимент төлеу келісіміне шығатын) және шарттық емес (мысалы, біреуіне ауыртпалық жасағандығы үшін орнын толтыру міндеттері). Біздің таңдаған тақырыбымызға сай, өз көңілімізді неке шартына аударайық, ол тек өз атына сай ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарның негізін қалап қоймайды, сонымен қатар олардың өзіне қабылдаған міндеттеріне деген жауапкершілік негізінде қалайды.

Шамамен келесіні белгілейік. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне оған заңды режимді қолданғанда, мынандай объектілер кіреді: олардың құқық бойынша ортақ жеке меншігі, талаптар мен қарыздардан тұратын ортақ міндеттері.

Ерлі-зайыптылардың ортақ біріккен меншігінен ортақ мүлкін ажырата білу қажет. Ортақ біріккен меншігіне тек заттар ғана жатады: ақша, құнды қағаздар және т.б. меншіктік құқық объектілері. Талап ету және қарыздар құқығы меншіктік құқық объектісіне жатпайды, бірақ тек ерекше жағдайда оны ерлі-зайыптылардың ортақ мүлік қатарына жатқыза аламыз.

Актив және пассивтен тұратын күрделі жүйелі ортақ мүлкі, ортақ біріккен меншік объектілерін бөлуді сот шешкенде есептейді. РФ Обасы Кодексінің 39 бабының 3 тармағына сәйкес, ерлі-зайыптыларлың ортақ қарыздары олардың арасында пропорционалды бөлінеді. Мұнда мынадай жағдай қалыптасуы мүмкін, яғни ортақ мүлік нәтижесінде арзан бағаға түсуі мүмкін, алайда оның құрамына қымбат заттар кіруі де мүмкін.

Ерлі-зайыптылардың меншігінің шарттық  режимінің артықшылығы неде? Оның артықшылығы шарттық  режим шеңберінде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі мүлдем жасалмауы мүмкін, егер олар неке шартын жасауда қатаң бөлектік мүлік режимін таңдаса, бұл жағдайда қарыз ерлі-зайыптылардың әрқайсысында пайда болады. Ал егер ерлі-зайыптылардың үлестік меншік режимін таңдаса, ортақ мүлік болады, бірақ ол үлестерге бөлінеді.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүліктерінің объетивті құрамы заңда арнайы анықталған екендігін айтып кеткен жөн:

—         ерлі-зайыптылардың неке кезінде жинағандары оны қайсысы

жинады және ерлі-зайыптылардың қайсысы ақшалық салым салғанынан тәуелсіз;

—         ерлі-зайыптылардың әрқайсысының еңбектік қызметінен кірістері

(жалақы, оған қатысты қосымша, төлемдер, премия және т.б. еңбектік төлу жүйесіне жататын төлемдер);

—         ерлі-зайыптылардың әрқайсысының интеллектуалдық кірістері

(авторлық гонорар және т.б. төлемдер);

—         ерлі-зайыптылардың әрқайсысының кәсіпкерлік қызметі

нәтижесіндегі кірістер (жеке кәсіпорны бар ерлі-зайыптылар кірісі, коммерциялық ұйым кірісі);

—         алынған жәрдемақы және зейнетақы т.б. ақшалық төлемдер (бюджет

мүшелеріне жүйелі түрде берілетін материалдық көмек, арендалық төлем);

—         акциялар мен құнды қағаздардан түскен дивиденттер;

—         ортақ мүлікті сатудан түскен ақшалық төлем;

—         алмастыру нәтижесінде алынған мүлік;

—         ерлі-зайыптылардың екеуіне де сый ретінде берілген мүлік;

—         ерлі-зайыптылардың әрқайсысының жеке меншігі.
Тағы рефераттар