Rixos қонақ үйінің бәсеке қабілеттілігін арттыру туралы қазақша реферат
Кез келген кәсіпорында ұйымдастыру жалпы міндеттерден әрбір нақты міндетті кім орындау керектігін және бұл үшін қандай құралдар қолданатындығын анықтауға мүмкіндік береді. Ұйымдастырылған қызмет арқылы, яғни тапсырмалардың бөлінуі және бірлесулері арқылы әрбір бөлімге қатыстыбасқару бір бағытта жүргізіледі.
Қазіргі заман жағдаиынада қонақ үйдің тиімді жұмыс істеу жоғарыда аталған қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысына, оларды басқаруға, ұиымдастыруға тікелей тәелді. Қонақ үйдің қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысын ұйымдастыру жүйесі, қонақ үй қызметінің нәтижесі неғұрылым тиімді болуы үшін қарапйым, әрі өте икемді болуы керек.Бөлімдердің қызметін ұиымдастыру төмендегідей сиппаттамаға ие болғаны дұрыс:
— бөлімдер санының аздығы – бұл олардың жұмысын басқару және бақылау барысында өте тиімді;
— бөлімдердің біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз етілуі;
— қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысы және олардың қызметтерді өндіруде тұтынушыларға, яғни клиенттерге бағыт алуы.
Кестеде көрсетіліп отырғандай қонақ үй бөлімдері клиентпен байланысқа түсуге тәуелді екі деңгейде орналастырылған . Бірінші деңгейде – персонал қонақтармен тікелей байланысқа түсетін бөлімдер (байланыстырушы бөлімдер ), екінші деңгейде – қонақтармен тіптен қары – қатынасқа түспейтін бөлімдер (байланыстырушы емес бөлімдер). Қонақ үй индустриясында бөлімдердің бұлай жіктелуі өте маңызды болып табылады, себебі персоналға қойылатын талаптарға өте зор әсерін тигізеді.
Аталған жіктелу қонақ үй бөлімдерінің қызметін ұйымдастыруда да маңызды орын алады. Жалпы кез келген ұйымда оның бөлімдерінің жұмысын ұйымдастыру белгілі бір принциптерге негізделеді. Қонақ үй шаруашылығында да оның қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысының тиімді ұйымдастыруда принциптер қарастырылады. Олардың маңыздылыларына тоқталсақ:
— еңбек бөлінісі. Қызмет көрсету бөлімдерінде көлемді де сапалы жұмыс атқаруға септігін тигізеді;
— тәртіп. Қонақ үй мен оның бөлімдерінің жұмыскерлері арасындағы қалыптасқан келімдерді сыйлау мен орындауды болжайды; қонақ үй мен жұмыскерлерді байланыстыратын осы келісімдердің қалыптасуы басқарушылардың негізгі міндеті болу керек. Сонымен қтар тәртіп қолданылатын санкцияларды болжайды;
— бағыттың ынтамақты болуы. Бір мақсатты көздейтін әрбір қызмет бөлімін бір жоспар біріктіруі керек және сол топ бір басқарушыға бағынуы керек.
— Ынталандыру. Бөлім қызметкерлерінің адалдығымен сапалы қызмет көрсетуін қатамасыз ету үшін олар өздерінің жұмысына әділ жалақы алу қажет; (олардың қызметінің тұрақтылығы, толықтылығын қамтамасыз ету үшін);
— Персоналдың жұмыс орындарының тұрақтылығы-бөлімдердегі кадрлардың жұмыс орнында тұрақтытамауы, бөлімнің қызметінің тиімділігін төмендетеді.
Қонақ үй қызметін тиімді ұйымдастырудың басты мақсаты – бұл қонақ үйдің жоғары категориясына жету және осы категорияны сақтау.
Rixos қонақ үйінің еңбек ақы қоры еңбекақылы беруі негізделген. Еңбек ақының мөлшері қызметкердің білім деңгейіне, қызметінің ерекшеліктеріне, оның өз міндеттерін дұрыс атқаруына тәуелді болады және еңбекақы қызметтің түріне қарай белгілі уақытқа қарай өзгеріп отыруы мүмкін.
Әрбір қызмет үшін сәйкесінше түрлі жалақы болады. Еңбек ақыны жоғарлату әр жыл сайын экономикалық көрсеткіштер мен нарық бағасын ескере отырып, жоғарлатылады. Жалақыға қатысты барлық ақпарат қонақ үйде конфедецианалды болып табылады және әрбір қызметкер бұл ережені сақтауы керек.
Қонақ үйдің қызметкерлері айсайын төлем принципіне сәйкес жұмыс істейді. Қызметкерлердің жалақысы Қазақстан Республикасының ақшалай бірлігімен, төлем карточкалары бойынша келесі айдың бірінші 10 күні ішіәнде беріледі.
Мейрам күндері жұмыс істейтін қызметкерлерге Қ.Р. еңбек туралы заңының 58 бабына сәйкес 2 есе төленеді.
Еңбекке ынталандыру мақсатында қызметкерлердің барлық тобына әкімшілікпен анықталған маршрут бойынша жұмысқа уақытында келу мақсатымен транспорт қызметі көрсетіледі. Ауырған жағдайда төлем
«Қ.Р. еңбек туралы» заңының 87 бабында «Қызметкерлерге әлеуметтік төлемді жұмыс берушінің қаражаттарынан беруіне» сәйкес іске асырылады.
Қонақ үйде жұмыс істейтін қызметкерлерге уақытша үзіліс, тегін тамақ ұсынылады.
А) персонал кафесі аптаның 7 күнінде ашық
В) қонақ үй қызметкерлерді тамақтанумен қамтамасыз етеді.
Баласы туылған қызметкерге 100$ көлемінде сыйақы беріледі. Сонымен қатар қызметкерлер тегін дәрігер қызметімен пайдалана алады.
Жыл сайынғы ақылы демалыс – бұл әрбір қызметкердің Қ.Р. «еңбек туралы» 60 бабына сәйкес құқығы.
Жылсайынғы ақылы демалысқа құқығы бар қызметкерлер Қ.Р. «еңбек туралы» заңына сәйкес , және жұмыс стажына сәйкес демалыс беріледі.
1 жылдан 3 жылға дейін 24 жұмыс күні жыл сайын
3 жылдан 5 жылға дейін 30 жұмыс күні жыл сайын
Ақылы әлеуметтік демалыс кез-келген қызметкерге төменгі себептер бойынша беріледі.:
- Қызметкер үйленген жағдайда — 6 жұмыс күні
- Қызметкердің баласы, қызы, үйленген жағдайда – 3 жұмыс күні
- Қызметкердің әйелі туған жағдайда – 2 жұмыс күні
- Жақындарының бірі қаза тапқан жағдайда – 4 жұмыс күні
Баласы туылған әйелдерге 70 күнтізбе туудан бұрын және 56 күнтізбе күні туылғаннан кейін беріледі.
Кадр бөлімі «жергілікті жарнама» газетінде бос орындар туралы жарнама береді. Егер қызметкерді қандайда бір жұмыс орны қызықтырса сол бөлімнің менеджеріне барып, сол қызмет орны туралы ақылдасады. Оның алдында өз бөлімнің менеджерінен рұқсат алуы тиіс. Сонымен үнемі тренингтер жүргізіліп, отырады. Бұл қызметкердің үнемі өзін-өзі жетілдіріп, нәтижесінде қонақтарға сапалы қызмет көрсетуге алып келеді. Rixos Hotels қонақ үйлерінде үнемі жұмыс істегенді ұнатады. Яғни бір жерде үнемі жұмыс істеп, өзін-өзі жақсы жақтан көрсете білген қызметкердің қызмет баспалдағы бойынша көтерілуге мүмкіндігі басқаларға қарағанда үстемірек болады.
Қонақ үйдің бас менеджері атқаратын міндеттері шегінде шығындарды үнемдей білетін, сонымен қатар қонақ үйдің абыройын көтере алатын қызметкерге сыйақы тағайындай біледі.
Тағы рефераттар
- Бюджеттен тыс қорлардың қызметін жетілдіру
- Шетелдік валютада алынган несиенің есебі
- БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЕСЕП РЕГИСТРЛЕРІ курстық жұмыс
- Холдинг, ұғымы және түрлері курстық жұмыс
- Табиғатты қорғау мақсатындағы биоиндикация