Сайлаушылар дауыс беру үрдісі туралы қазақша реферат
Демократияны танымал зерттеуші Р. Даль демократиялық мемлекет, демократиялық басқару үшін қажетті демократиялық саяси институттар қатарында:
1. Лауазымды кызметкерлерді сайлау;
2. Еркін, әділ, жиі өткізілетін сайлаулар;
3. Өз ойын еркін жеткізу;
4. Балама ақпарат көзінің болуы;
5. Бірлестіктер автономиясы;
6. Жалпы азаматтық құқты көрсеткен.
Бірінші орынға азаматтардың лауазымды қызметкерлерді сайлауы қой-ылған, бұл өз кезегінде өкімет қабылдайтын шешімдерге конституциялық бақылауды жүзеге асыруға мұмкін береді. Жиі өткізілетін сайлауларда еркіндік және әділдік принциптерінің сақталуы азаматтарға өз тандауларын жасауға жағдай жасайды.
Сайлаушылар дауыс беру үрдісі арқылы өздерінің таңдауларын, яғни қандай саяси құрылыс вариантын қолдайтындығын бідціреді. Бұл сайлаушы-лардың мінез-кұлқынан, яғни сайлаушылардың белгілі бір үміткерге сенім көрсету, қолдау жолындағы іс-әрекетінен көрініс табады.
Саяси ғылымда сайлаушылардың мінез-құлқын зерттеудің келесі бағыттары қалыптасқан: социологиялық, әлеуметтік-психологиялық, тиімді таңдау және географиялық.
Мінеки, осы сайлаушылар мінез-құлқын зерттеу әдістерінің негізінде казақстандық сайлаушылар мінез-құлқына ыкпал етуші факторларды анық-тап көрелік.
Социологиялық модельдіңпайда болуы XX ғ. басындағы А. Зигфрид, П. Лазарсфельд, Б. Берельсон еңбектерімен байланысты. Бұл модель сай-лаушылардың мінез-құлқының негізін әлеуметтік жіктелумен анықталатын белгілі бір топтың өкілі болуынан іздестіреді. Социологиялық бағыт өкілдері дауыс берудегі топтық ерекшеліктерді қоғамдағы осы топтың алып отырған жағдайымен және топтың саяси партиялармен байланысына ықпалымен түсіндіреді.
Бүгінгі күні дамыған демократиялық мемлекеттерде сайлаушылар мінез-құлқына бұл әлеуметгік-топтық белгілердің ықпалы бірте-бірте төмендеуде. Бірақ демократиялық институттары әлі тұрақты емес, демократиялық саяси қатысу тәжірибесі аз Қазақстандық сайлаушылар мінез-құлқын зерттеуде социологиялық модель, біздің ойымызша, өзекті болып табылады.
Социологиялық зерттеулер сайлаушылардың мінез-құлқына, оған ықпал ететін факторларға көп көңіл бөледі. Сайлау нәтижесін болжау мақсатында зерттеушілер социологиялық зерттеулерді кеңінен пайдаланатыны белгілі. Сайлаушылар мінез-құлқын социологиялық зерттеу арқылы, сайлаушылар жасаған таңдау әлеуметтік мәртебесі негізінде түсіндіріледі. Әлеуметтік мәртебе білімі, кәсібі, кіріс деңгейі негізінде анықталады. Сайлаушылар мінез-құлқының негізіне белгілі бір топ өкілі болуы алынады. Біз сайлаушылар арасында жүргізген социологиялық зерттеу арқылы олардың дауыс беруіне ықпал еткен факторларды анықтауға тырыстық. Сонымен, нақты социологиялық зерттеу әдісін қолдану бізге сайлаушылар мен олардың мінез-құлқына білімі, жынысы, кәсібі, аймағы ықпал ететінін анықтауға мүмкіндік берді.
Сауалнамаға қатысқан барлық респонденттер сайлауда дауыс беруді саяси қатысу түрі ретінде бірінші орынға қойғанымен, ал іс-жүзінде сайлауға қатысу мәселесіне келгенде олардың арасында айырмашылықтар туындайды. 2004 ж. Парламент Мәжілісіне сауалнамаға қатысқан респонденттердің 65% қатысқан. Ал жас мөлшері бойынша 2004 ж. сайлауға 18-30 жастағылардың — 21%, 30-45 жастағылардың — 78%, 46-60 жастағылардың — 85%, 60-жоғары жастағылардың — 95% қатысқан. Яғни, сайлауда ең жоғары белсенділік танытқан орта жастағы топ пен қарт адамдар. Саяси қатысу сипатына индивидтің білім деңгейі әсер етеді. Жоғары білімді адамдардың орта білімді және арнайы орта білім бар адамдармен салыстырғанда сайлаудағы белсенділігі жоғары. Мұны келесі 1-кестеден көруімізге болады.
Саяси белсенділікке әсер ететін келесі фактор, ол сайлаушьшардың жынысы. Кестеден сайлауға қатысқан әйелдер пайызыны» төмендігін көреміз
Біздің ойымызша, мұның бірнеше себептері бар. Демократиялық үрдістерді басымыздан кешіріп отырғанымызға қарамастан, әйелдердің саяси белсенділігі туралы қазақстандық қоғамда дәстүрлі ұстанымдар сақталып отыр. Яғни әйелдерді екінші орынға қою, оларды ер адамның сенімді серігі ретінде ғана қарастыру. Мінеки, осы қағидалар әйелдердің саяси белсенділігіне кері әсер етуде. Білім деңгейіне, кәсібіне қарамастан, қоғамда қалыптасқан қағида біздің әйелдердің саясаттың белсенді субъектісіне айналуына кедергі келтіруде. Ал олардың өздерінің саяси позициясын білдіруі рухани немесе интеллектуалдық талаптарының көрінісі ретінде бағаланудың орнына, керісінше, қоғамға «түрпідей тиеді». Тағы бір дәлел кезіндегі Жоғарғы Кеңес пен Парламент Мәжілісінің құрамындағы әйелдер саны: 1990 ж. — 26, 1994 — 22, 1995 — 13, 1999 — 8, 2004 — 9. Өкінішке орай, еліміздегі жетекшісі әйел екі партияның бірі «Руханият» партиясы 2004 ж. Парламент Мәжілісіне депутаттарды сайлауда бар болғаны 0,44% дауыс жинай алды. Қазақстандық сайлаушылар әйелдерді саяси үрдістің белсенді факторы ретінде қарастырмайды. Мұның себебі қоғамдық пікірде үстемдік етіп отырған «жетекші рөлде тек ер адамдар болу керек» деген ұстанымда. Біздің қоғамның бір бөлігіне «Әйел бастаған көш оңбас» деген ұстаным өте жақын. Біз қазақтың «Ұлықта анадан туған» деген мақалын еске сала оты-рып, сол ұлықты дүниеге әкелген әйел баласы неге ұлық болмасқа?! -дер едік. Қазақстан тұрғындарының 51,9%-ын құрайтын әйелдердің мемлекеттік билік органдарында алатын орны айтарлықгай жоға-ры емес. Жалпы мемлекеттік қызметтің әртүрлі қабатындағы әйелдер үлесі баршылық болғанымен, олардың барлығы екінші сатыдағы қызметтерді атқарады. Үкімет құрамындағы бірінші позициада тұрған әйелдер саны да саусақпен санарлық. Сондыктан тек екінші орында тұру әйелдер үшін саяси қатысу бағасын кетере түсуде.
Елбасының қоғамдағы әйелдердің рөлін көтеру туралы бастамасына қарамастан, қалыптасып қалған дәстүрлі менталитет мқны әлі де болса мойындағысы келмей отыр.
Сайлаушылардың мінез-құлқына ықпал ететін келесі фактор — кәсібі немесе қандай салада қызмет атқаратындығы. Социологиялық зерттеу нәтижесі белсенді топты зейнеткерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет саласындағы (дәрігерлер, оқытушылар) құрайтынын көрсетіп отыр
Сонымен сайлаушылар мінез-құлқын социологиялық зерттеулер негізінде қандай қорытынды жасауымызға болады? Сайлауда жас мөлшері бойынша жастардан гөрі орта жастағы және зейнеткерлер, жынысы бойынша әйелдерден гері ер адамдар, білім деңгейі бойынша жоғары білімді адамдар, кәсібі бойынша мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет саласында қызмет етушілер, тұратын аймағы бойынша Солтүстік және Шығыс аймақтарының тұрғындары, ал ұлты бойынша Қазақстан халыктарының арасында орыстар көбірек белсенділік танытады.
Тағы рефераттар
- 9 мамыр – Жеңіс күні туралы слайд, презентация
- Қонақ үй кәсіпорындарындағы ұйымдастыру құрылымы
- Жарғылық капитал есебі, резервтік, эмиссиялық кіріс және төленбеген капитал есебі мен аудиті
- Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттігі
- Әл-Хорезми (783-850)