Сақтандыру компаниялары туралы қазақша реферат
Сақтандыру компаниясы– азаматтарға, кәсіпорындарға олардың қызметі мен өмірінде сақтандыру жағдайлары басталғанда зиянның орнын толтыру және көмек көрсету жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға.
Дамыған Батыс елдерiндегi қазiргi таңдағы сақтандыру нарығының даму деңгейi сақтандыру iсiн монополизациялауды күшейтедi. Осыған байланысты оны төрт түрлi ұйымдастырушылық формасына бөлуге болады.
1) Көлденең интеграция – аз iрi сақтандыру компаниялардың қолына сақтандыру қызметiн бiрiктiру.
2) Тiгiнен интеграция – сақтандыру компаниялардың басқа сфераға өтуi.
3) Ұлтаралық сақтандыру компаниясы сақтандыру iсiнде кең тараған жоқ.
4) Диверсификация – сақтандырушының әртүрлi кәсiпорын салаларында қызметтерiнiң кеңеюi.
Батыстың индустриалды дамыған елдерiне сақтандыру нарығында диверсификацияның келесi негiзгi типтерi бар.
– сақтандыру компаниясы концерннiң бiр бөлiгi болады.
– сақтандыру компаниялары кәсiпорын иесiне айналады.
– сақтандыру компаниялары қаржы-несие саласында еншiлес компаниялар құрайды.
Сақтандыру компаниялары сақтандыру нарығының индустриалды құрылымының негiзiн құрайды. Мысалы АІШ-та сақтандыру компанияларының қаржы ресурстарына 50 процентке жуық ұзақ мерзiмдi несиелерден келедi.
Сақтандыру компаниялары бөлiнедi:
– иелiгiне қарай: жеке және құқықтық, акционерлiк, өзара, мемлекеттiк және өкiметтiк.
– жасалатын операция сипатына қарай: мамандандырылған, универсалды және қайта сақтандыру.
– қызмет көрсету аймағына қарай: жергiлiктi, аймақтық, ұлттық және халықаралық.
– Жарғылық капитал көлемiне және сақтандыру көлемiнiң түсу көлемiне қарай: iрi, орташа және ұсақ
Акционерлiк сақтандыру қоғамы — акция сату арқылы ақша құралдарын орталықтандыру негiзiнде сақтандыру қорын ұйымдастыру түрі.
Ашық және жабық акционерлiк қоғамдар түрі бар.
Акционерлiк сақтандыру қоғамы – өз қаржысы бар, мақсаттары анықталған заңды тұлға. Акционерлiк сақтандыру қорының жоғарғы органы акционерлердiң жалпы жиналысы. Жиналыс жылына бiр рет өтедi, ал ағымдағы iстерiмен директорлар кеңесi айналысады. Акционерлiк қоғамның оперативтi-қаржылық қызметiн тексерумен сайланған тексеру комиссиясы айналысады. Тексеру комиссиясы жұмысының нәтижесi акционерлер жиналысында оқылады.
Сақтандыру компаниясының орындаушы органы дирекция болып есептеледi, ол басқару қызметiмен айналысады. Дирекция компетенциясы жалпы жиналыста анықталып, жарғыда бекiтiледi.
Акционерлiк сақтандыру қорының жарғылық капиталы акция көмегiмен құрылады.
Сақтандыру компаниясының өкiметтiлiгi ақпарат жинаумен, жарнамамен, клиенттер iздеумен айналысады, бiрақ коммерциялық қызметпен айналыспайды.
Сақтандыру компаниясы агенттiгiне өкiлеттiлiктiң барлық қызметiмен айналысуға рұқсат берiлген.
Сақтандыру компаниялары филиалы заңды тұлға құқықсыз ерекше сақтандырушының бөлiмi.
Аффилиривтi сақтандыру компаниясы – бақылау акцияларынан пакет акциясы аз акционерлiк сақтандыру компаниясы.
Өзара сақтандыру қоғамы – мүшелерiнiң қатысуы үлестiк орталықтандырылған құралдар негiзiнде ұйымдасқан сақтандыру қоры. Іоғам қатысушылары сақтанушы және сақтандырушы ретiнде шыға алады. Сақтандырушы қоғам мүшесi болып, жылдық қызмет нәтижесiн кiрiс немесе шығынды бөлуге қатысады.
Өзара сақтандыру қоғамының жоғары органы мүшелерiнiң жалпы жиналысы.
Индустриалды дамыған елдерде қазiргi таңда өзара сақтандыру қоғамының қызметi жеке сақтандыру төңiрегiнде концентрацияланады. Pridental Insuranse kompany of Amerika – АІШ төңiрегiнде iрi өзара сақтандыру қоғамы. Өзара сақтандыру қоғамының шығындарынан кiрiсi көбейсе резервтiк қорды толтыруға жұмсалады.Іалғаны дивидент төлеуге бөлiнедi. Сақтандыру нарығындағы Өзара сақтандыру қоғамының маңызы өсуде. Жапонияда өзара сақтандыру қоғамы жеке сақтандырудың алдынғы үлгiсi. Өзара сақтандыру қоғамының қызметi акционерлiк сақтандырушы сияқты құқықтық нормаларға бағынады. Кей жерлерде Өзара сақтандыру қоғамының қызметi жайлы заң қабылданған.
Өкiметтiк сақтандыру ұйымы – қызметi субсидированияға негiзделген коммерциялық емес компания.
Мемлекеттiк сақтандыру компаниясы – мемлекетке негiзделген құқықтық ұйымдасқан сақтандыру қоры.
Жеке сақтандыру компаниясы бiр семьяға немесе бiр адамға бағынады. Жан-жақты формадағы жеке сақтандыру компаниясына мысал ретiнде ағылшынның «Ллоидта» төрт негiзгi сақтандыру қызметi қамтылған: теңiз, теңiздiк емес, авиациялық және автомобильдiк тәуекелдер.
Кэптив – тұтас корпоративтi құрылтайшылардың сақтандыру көзқарасына қызмет ететiн акционерлiк сақтандыру компаниясы. Кэптив еншiлес сақтандыру компаниясы болуы мүмкiн.
Белгілі бір сақтандыру жағдайлары болған кездерде ақшалай қордың есебінен сақтандырудың орнын толтырып, сонымен жәрдемімен (сақтандырылған) жеке және заңды тұлғалардың мүліктік қатынасы бойынша сақтандыру мүдделерін қорғау болып табылады. Бұл ақша қорлары сақтандыру төлемдерінен және заңда тыйым салынбаған өзге де көздерден түскен қаржы арқылы қалыптасады.
Сақтандырудың түрлері.
— Міндетті дәрежелері бойынша:
А) ерікті;
Ә) міндетті;
— Сақтандыру объектісі бойынша:
А) жеке;
Ә) мүліктік.
Міндетті сақтандыру – заң талабының күшімен жүзеге асырылатын сақтандыру. (Өз денсаулығын сақтандыру міндеті азаматқа жүктелмеу керек).
Ерікті түрдегі сақтандыру – екі жақтан да өз еркімен жүзеге асырылатын сақтандыру.
Азаматтың жеке басына байланысты өз өмірін, денсаулығын, жұмысқа қабілеттігі және басқа да мүдделерін сақтандыруы жеке басын сақтандыруға жатады.
Мүлікті сақтандыру мен сол мүдделерге байланысты, азаматтық-құқықтық жауапкершілік және кәсіпкерлік тәуекелдікті қосқанда – мүліктік сақтандыруға жатады.
Азаматтығы жоқ, шетел азаматтары, өз қызметтерін ҚР аумағында жүзеге асырып жатқан шетелдік заңды тұлғалар, ҚР заңды тұлғалары және азаматтарымен бірдей сақтандыру құқығын пайдаланады.
ҚР сақтандыру ұйымдарындағы шетелдік инвесторлардың жарғылық қордағы қатысу үлесі 50%-дан аспауы керек.
Сақтандырушы тиісті сақтандыру түрлерін іске асыруға құқылы лицензиясы бар, сақтандыру қызметін жүзеге асыру үшін құрылған – коммерциялық ұйым.
Мемлекеттік емес сақтандыру ұйымдары акционерлік ұйым немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде, құрылтайшыларды таңдау бойынша құрылады.
Мемлекеттік сақтандыру ұйымдары шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын түрінде құрылады. Ұйымдастыру-құқылық және меншік түрлерінің тәуелсіздігіне қарамастан, сақтандыру ұйымдарының жарғылық қорларының көлемін Қаржылық нарықты қадағалау және реттеуі бойынша агенттігі ақшалай қаражатын белгілейді. Мемлекеттік тіркеу мезгілінде сақтандыру ұйымының жарғылық қоры ең аз шамадағы мөлшердің 50%-нанастам емес ақша түрінде қалыптасуы тиіс, сондай-ақ, тиісті банкінің берген құжаты арқылы дәлелденуі керек. Қордың алған бөлігі сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензияны алу мезгілінде, құрылтайшылық құжаттарының мөлшерін қарастырғанға дейін қалыптасып үлгерулері керек.
Сақтандыру компанияларының пассивті және активті операциялары айрықша сипатта болады да, банктердің осыған ұқсас операцияларынан өзгешелеу болып көрінеді.
Сақтандыру компанияларының пассивтері заңды және жеке тұлғалардың сақтандыру сыйақылары төлемдерінің есебі негізінде қалыптасады.
Өзге пассивті бап үлесі шамалы, оған пайда есебінен қалыптасқан акционерлік капитал жатады.
Сақтандыру компанияларының активті операциялары ірі компаниялар жергілікті органдардың орталық банктің және Қаржы министрлігінің мемлекеттік құнды қағаздарындағы инвестицияларынан, сонымен қатар полистік қарыздарынан тұрады.
Активті және пассивті операцияларының нәтижесінде сақтандыру компаниясы пайда алады. Сақтандыру сыйақысы мен сақтандыру сыйақысы мен сақтандыру төлемдерінің орнын толтыру арасындағы айырмасының нәтижесіне операциялық шығындарды қосса инвестициялық қызметке бағытталуы мүмкін сақтандыру қорын береді.
Сақтандыру мен қайта сақтандыру компаниялары өздерінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қаржылық тұрақтылығының ең аз жағдайларын қамтамасыз етуге жататындар: сақтандыру резервтері мен қажетті мөлшерде меншік капиталының болуы, сақтандырушының жекелеген келісімшарты бойынша ең аз шамадағы нормативті міндеттемелерді сақтау және мемлекеттік уәкілеттік органдар белгілеген норма мен лимиттерді сақтау болып табылады.
Сақтандыру компаниясының жарғылық капиталы сақтандыру төлемдерін өтеу мен өзінің қызметін қаржыландыру үшін арналған.
Сақтандыру резервтері сақтандыру төлемдерінің есебінен құрылады және сақтандыру келісімшарты бойынша тек қана өздерінің міндеттемелерін атқаруды қамтамасыз ету үшін арналады.
Компания меншікті капиталы, басқа да міндеттемелер мен сақтандыру резервтеріне оның барлық активтерінің сомасын шегерудегі құны ретінде анықталады.
Компания міндеттемесінің ең жоғары көлемі қайтадан сақтандырылуда немесе қайта сақтандырушының сақтандырудың жекелеген келісімшарты бойынша сақтандыру резервтермен меншікті капитал сомасының 10%-нан аспайтындай болу керек.
ҚР Қаржы ұйымдары және қаржы нарығын қадағалау мен реттеу бойынша агенттігі мемлекеттік уәкілеттік органы болып табылады.
Сақтандыру ұйымдарының қызметі ҚР «Сақтандыру туралы» заңымен реттеледі.
Тағы рефераттар
- Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы
- Екінші деңгейдегі банктер және оның операциялары
- Мақтаарал ауданы
- Махмет Қайырбайұлы Қайырбаев
- Банктік ресурстар, олардың жоспарлануы мен реттелуі дипломдық жұмыс