Сақтандыру саласы сияқты мұндай күрделі жүйенің тұтас көрінісін құру, мәні аз «жергілікті» сан сипаты өзгеруін болжауға байланысты сөзсіз қиындықтар тудырады. Дамуға объективті тәсілдеме түбегейлі ғылыми негіздерінің тұрғысынан тізбекгі сан өзгерістерінің (жеткілікті ұзақтық кезінде) ауысуы зандылық болып табылады. Сондықтан баламалы болжау сценарийлерін сан болжауларын әзірлеумен толықтырған жөн, олар тұтас алғанда сақтандыру қызметгері нарығының серпінін сипатгайды. Оларға сақтандыру бизнесінің ІЖӨ-ге қатысу параметрлері, қайта сақтандыруға табысталатын сақтандыру төлемдері мен сақтандыру сыйақыларының арақатынасының серпіні, сақтандыру қызметгерінің экспорты мен импортының серпіні жатады. Стратегиялық басқару үшін сондай-ақ оның дамуының интегралдық көрсеткіші болып табылатын сақтандыру бизнесінің базалық түрлерінің саны есептеледі.

Сақтандыру нарығын дамытудың баламалы сценарийлерін әзірлеген кезде себеп-шарттардың қатаң тізбегін ескеретін «шоғырластыру» тәсілдемесін пайдаланған мақсатқа сай болады:

•     жаһандық элеуметтік-экономикалық дамуға және ондағы сақтандыру ісіне жауап беретін негіз;

•     ауыспалы экономикасы бар елдерде сақтандыру бизнесін дамытуға тән айырықшалықты.[6, 328 б]

Қазақстанның сақтандыру нарығының дамуына, дүниежүзілік әлеуметтік-экономикалық даму үрдісінен басқа, біртұтас Еуропалық экономикалық кеңістікке енетін елдердің ұлттық нарықтары қызмет етуінің жеке параметрлерімен байланысты аймақтық, сондай-ақ елдегі экономикалық қарым-қатынастарға сәйкес болатын аса маңызды жергілікті факторлар әсер етеді. Сыртқы жағдайлар қолайлыдан қолайсызға дейін өзгере алады. Қазақстанның экономикасы 2015 жылға дейін экспорттық тауарлардың шектеулі санына дүниежүзілік бағалар конъюнктурасы тәуелдігін сақтайды, сондықтан оған байланысты сыртқы экономикалық жағдайлар өзгеріп тұрады. Сақтандыру қызметтері нарығын болжауда Қазақстанның сыртқы жағдайының орташа және ұзақ мерзімді болашағының белгісіздік кезінде баламалы сценарийлердің, әдістеменің жайылған вариантын пайдаланғанның артықшылығы бар, яғни оптимистік, бейтарап және торыққан көзқарас, дағдылы нысандармен шектелмей, бірнеше баламаларын қарастыру.

Егер экономиканьщ даму қарқынына сүйенетін болсақ, сенімді кезқарас сценарийді іске асыру біршама ықтимал және күтуге болады. Әрине, сақтандыру қызметгерінің отандық нарығы 10-15 жыл ішінде дүниежүзілік сақтандыру нарығында бәсекеге қабілетгі болады дегенге сену күмәнді, алайда оған жақындай түсетін қадамдар жасалады. Мәселенің сенімді қойылуы ұлттық сақтандыру нарығының айтарлықтай жоғары қарқынмен өсуін жорамалай-ды, бұл мінсіз менеджментті, сақтандыру маркетингінің дәстүрлі емес нысандарын пайдалануды, жаңа сақтандыру қызметтері мен өнімдерді белсенді енгізуді талап етеді. Сақтандыру бизнесінде ка-питалдандыруды біртіндеп өсіру және отандық сақтанушылардың бәсекеге артықшылығын кезең-кезеңмен күшейту бағдарламалық міндетгерді шешпейді, стратегиялық қайта құруды талап етеді.[22]

Тіпті сақтандыру қызметі сан сипаттамасының жоғары өсу қарқыны, әсіресе сыртқы нарықтарда тұрақты бәсекеге қабілетті артықшылық тудырмайды. Сақтандыру бизнесі тез өсуінің, сөзсіз оң нәтижелерінен басқа, теріс қасиеттері де бар. Мысалы, клиентура өскен кезде сақтандыру сервисінің  салыстырмалы төмендеуі мүмкін, сақтандыру қызметгерінің ең пайдалы түрлері мен әр түрлілігінің өсуінен сақтандыру нарығының жеке секторлары арасында инфрақұрылымның дамуы мен тепе-тендіктің бұзылу салдарынан артта қалуы ықтимал. Тез өскен кезде кадр проблемасы амалсыз күрделене түседі, жоғары білікті мамандардың жетіспеушілігі туындайды.

Қазақстандық сақтандыру бизнесі дамуының баламалы болжамдық сценарийлерін жалпылау біркелкі сенімді көзқарас сценарийін жүзеге асыру жөніндегі ықтимал қорытындыға әкеледі. Ол Қазақстанның ЖІӨ-дегі сақтандыру қызметінің үлесін 2015 жылы 2,5-3,5%-ға дейін өсіруді жорамалдауда.

Біздің ойымызша, 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді болжауда сақтандыру бизнесі дамуының жеке параметрлері бойынша сандық баға беру қажет болып есептелмейді, өйткені ұзақ мерзімді қаржы болжамдарын жасаудың қажет еместігін, нарықтық экономикаға негізгі параметрлерді серпінді өзгертетін іргелі қасиеттер тән екенін дәлелдейді, сонымен бірге алдын ала болжанатынын көрсетпейді. Сондықтан ұзақ мерзімді кезеңге болжау бір интегралдық корсеткіш пайдаланылған — сақтандыру қызметінің Қазақстан ЖІӨ-дегі үлесі. Біркелкі оптимистік сценарий бойынша ол 2015 жылы 2,5-3,5%, 2030 жылы — 4,5-5,5%-ды құрайды, ал болжалатын кезеңнің соңында ЖІӨ-нің 7-8%-на жетеді.Тұгас алғанда ұзақ мерзімді болжау қазақстандық сақтандыру және қайта сақтандыру компанияларының сақтандыру қызметін кеңейтуді және бәсекеге қабілеітілігін күшейтуді жорамалдайды. Бұған еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы ғана емес, сонымен бірге стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру, әлеуметтік нарықтық шаруашылықты құруға Қазақстанның таңдап алған, экономикалық үлгісі де мүмкіндік туғызады.


Тағы рефераттар