Сақтандыру секторын дамыту жөніндегі шаралар туралы қазақша реферат
2010 жылы сақтандыру делдалдарының қызметін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданатын болады, атап айтқанда, сақтандыру ұйымы сақтандыру агенті ретінде қызмет атқаруға тілек білдірген жеке тұлғаларды оқыту жөніндегі талаптарды белгілейтін болады, оқытудың барынша төмен бағдарламасын білу жөнінде сынақ емтихандары өткізіліп, сақтандыру агенттерінің құқықтары мен міндеттері заңнамалық негізде бекітіледі, сондай-ақ сақтандыру агенттерінің комиссиялық сыйақыларын шектеу жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Отандық сақтандыру ұйымдарының қайта сақтандыру қызметінің тиімділігін көтеру, олардың капиталдандырылуының өсуіне ықпал ету мақсатында жеке қайта сақтандыру шарты бойынша да, сондай-ақ жалпы сақтандыру сыныптары бойынша да, резидент еместерді қайта сақтандыру кезінде сақтандыру тəуекелдерінің мөлшері мен сипатына, зияндылық көрсеткіштеріне қатысты жеке ұстап қалу кезінде дифференцацияланған лимиттер енгізілетін болады.
Сондай-ақ корпоративті басқару, сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесі құрылымдарын қалыптастыруға қойылатын талаптарын жетілдіру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Сақтандыру жəне қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданатын тəуекелдерге байланысты жасалатын резервтердің теңбе-тең болуын қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру резервтерін қалыптастыруға қойылатын талаптарды жетілдіру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Бағалы қағаздар нарығын реттеу бағалы қағаздар нарығы кəсіби қатысушыларының қаржылық тұрақтылығын одан əрі бекітуге, қор нарығындағы қызметті жүзеге асыруға байланысты тəуекелдерді төмендетуге, сондай-ақ ұлттық жəне шетелдік эмитенттер мен инвесторлар үшін отандық нарықтың тартымдылығын көтеруге бағытталатын болады.
Ірі қатысушылардың жəне акционерлік қоғамдардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін арттыру, акционерлік қоғамдардың корпоративтік оқиғалары жөніндегі ақпаратты жария ету жүйесін жетілдіру, бағалы қағаздармен мəмілелерді жасау кезінде инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалануды болдырмау механизмдерін күшейту жолымен қаржылық қызметтерді тұтынушылардың жəне инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатындағы заң жобаларын əзірлеу Агенттік жұмысының маңызы зор бағыттарының бірі болып табылады.
Агенттік 2010 жылы бағалы қағаздар нарығының кəсіби қатысушыларының қызметімен байланысты тəуекелдердің дəрежесін ескере отырып, пруденциалдық талаптарды анықтау бөлігінде оларды пруденциалдық реттеуді одан əрі жетілдіруді жоспарлауда. Бұл ретте бағалы қағаздар нарығының кəсіби қатысушыларын капиталдандыруға қойылатын талаптарды кезең-кезеңімен арттыру жалғастырылатын болады.
Сонымен қатар, күрделі қаржы құралдарын, оның ішінде туынды қаржы құралдарын реттеуді жетілдіру жоспарланып отыр. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық ахуалының нашарлауымен байланысты жағдайлар не осы қорды əкімшілендірумен байланысты проблемалар пайда болған жағдайда оның органдарының іс-əрекеттеріне бақылау жасау мақсатында қосымша Агенттік жинақтаушы зейнетақы қорларындағы өкілдер институтын (Қазақстан Республикасының банктік заңнамасымен ұқсастығына қарай) енгізуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, 2011 жылдан бастап консервативтік инвестициялық портфельді мерзімінен бұрын енгізу жəне 2012 жылдан бастап үш инвестициялық портфельді енгізу шеңберінде салымшылардың өздерінің жинақталған зейнетақы қаражатын басқаруға мейлінше белсенді қатысуына мүмкіндік жасау мақсатында Агенттік 2010 жылы осы жүйені тиімді енгізуге бағытталған іс-шараларды жүргізетін болады.
Тағы рефераттар
- Бухгалтерлік есеп принциптері
- Қаржылық есеп беруді жасау
- Кассадағы ақша қаражаты курстық жұмыс
- Зергерлік бұйымдардың эстетикалық көрсеткіштерін бағалау тәртібі
- Тың игерудің халық құрамына тигізген әсері