Мазмұны:
Кіріспе……….3
І Тарау. Коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындардың қаржысы
1.1 Коммерциялық кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың көздері……5
1.2 Кәсіпорындар ұйымдардың қаржы қорлары….12
1.3 Өндірістік капиталдар және кәсіпорындардың қызметінің қаржы нәтижелері..15
ІІ Тарау. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын талдау.
2.1 «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қызметін талдау………22
2.2 «Самұрық-Қазына» Қоры 2010 жылдың қорытындысы…..26
2.3 «Самұрық-Қазына» Қорының құрамындағы даму институттары қызметтерінің тиімділігі…..…31
ІІІ Тарау. «Самұрық-Қазына» Қорының маңызды мәселесін шешу жолдары мен стратегиялары.
3.1 «Самұрық-Қазына» мәселелерін шешу жолдары….33
3.2 Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру……37
Қорытынды……..39
Қолданылған әдебиеттер тізімі……..41
Кіріспе
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызмет сферасындағы өндірістік қатынастардың айырықшалықты ерекшеліктері, таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастармен өте тығыз байланысты, бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша кәсіпорындар мен салалар қаржысы қаржы жүйесінің жалпымемлекеттік қаржылардан ортақ белгілерінен гөрі көбірек айырмашылығы бар буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірінше, егер бұл буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, онда дербес экономикалық категорияның – кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша шаруашылығының бар екендігі жөніндегі мәселені қоюға болады.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардын, қаржысы қаржы жүйесінің маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ЖІӨ жасау, болу және пайдалану процестерін қамтиды. Олар негізінен ЖІӨ мен ҰТ жасалатьш материалдық өндіріс сферасында іс-әрекет етеді. Сондықтан коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс кәсіпорындары (ұйымдары) қаржысының мазмұнымен және оларды ұйымдастырудың қағидаттарымен бірдей болып келеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәжірибесінде кәсіпорындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлтгық шаруашылыктың өндірістік, шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланылды. Өздерінің кызметтерінің орындалуына немесе экономикалық жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгсртіліп, қайсы біреулері жеке бөлініп шықты
Коммерциялық қызметтің мақсаты табыс алу болып табылады. Коммерциялық негізде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жүмыс істейді.
Өндірістік емес сфера мекемелерінің едәуір бөлігі: мемлекеттік басқару, қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жәнс қамсыздандыру, құқық тәртібін қорғау, айналадағы ортаны қорғау, денсаулық сақтау мен білім берудің, мәдениеттің және шығармашылықтың үлкен тобы,
Курстық жұмысымның мақсаты – Коммерциялық кәсіпорын қаржысының негізгі көзі ретінде пайда келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым занды тұлға бола алады. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл ауқат қоры дағдарысқа қарсы түзген бағдарламасын жүзеге асыру барысында материалдық әрi стратегиялық жоспарын талдауы қарастырылған.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі, өндірістік кооператив нысандарында қүрылуы мүмкін.
Менің курстық жұмысымның тақырыбымның аты «Коммерциялық кәсіпорындардың қаржысы» деп аталады. Курстық жұмысымда негізге алған «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры туралы мәлімет берілген. Ол экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру үшін құрылды.
Дайындаған курстық жұмысым үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде — Коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындардың қаржысы туралы жазылған. Кәсіпорын мен ұйымдар қаржысын — белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Екінші бөлімінде — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын талдау және оның құрамындағы даму институттары қызметтерінің тиімділін арттыру туралы мағлұмат берілген. Ал, үшінші бөлімінде — «Самұрық-Қазына» мәселелерін шешу жолдары және индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру
курстық жұмыс / 41 бет
Тағы рефераттар
- Алюминий дәуірі
- Қараудың басқа тергеу әрекеттерінен айырмашылығы
- Моноклоналды антиденелердің препаративті мөлшерін алу (in vivo жән in vitro)
- Металлургиялық өнеркәсіптің Ресей экономикасындағы ролі
- Қазақстан Республикасында мұрагерлік құқықтың қалыптасуы және дамуы