«Қарашығанақ» кен орнында сапа және қоршаған ортаны қорғаудың ЫМЖ әзірленген және әрекет етеді. Бұл жүйе ISO 9001:2000 «Сапа менеджмент жүйесі. Талаптар», ISO 14001:1996 «Қоршаған ортаны басқару жүйесі. Талаптар және қолдану бойынша басшылық» халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес әзірленген және компания қызметінің ұдайы жақсаруын қамтамасыз етеді. Құжаттама түрінде ресімделген ЫМЖ сапа және қоршаған ортаны қорғаумен байланысқан компанияның барлық қызметіне таралады.
«Қарашығанақ» кен орнына ЫМЖ-ға кіретін үдерістерді, олардың өзара әрекеттесуін, үдерістердің орындалуын реттейтін құжаттарды, үдерістердің тиімді жұмыс істеуіне арналған міндетті критерийлер мен әдістерді, ЫМЖ үдерістеріне мониторинг жүргізу және өлшеуге қажетті ресурстар мен ақпараттарды анықтайды.
Үдерістер аумағында қызметті атқару тәртібі Сапа және қоршаған ортаны басқару жүйесі жөніндегі басшылықтарда, құжатталған әдістемелер мен ЫМЖ-ның басқа да құжаттарында белгіленген.
«Қарашығанақ» кен орнында ЫМЖ үдерістерін тиімді функциялау мен мониторингін жүргізуге қажетті ресурстар анықталған және олардың болуы қамтамасыз етілген.
ЫМЖ-ны ұдайы жақсарту бойынша қызметті, сонымен қатар сәйкессіздіктердің пайда болу себептерін жоюға және алдын алуға бағытталған түзетуші және ескертуші әрекеттердің уақытында орындалуын жүзеге асыру үшін компанияда ЫМЖ үдерістерін функциялаудың мониторингін жүргізу, өлшенуі және талдануы атқарылады.
Кәсіпорынның қоршаған ортаны басқару жүйесінің аумағында жұмыстарды ұйымдастырудың жалпы басшылығы кәсіпорынның бас директорымен жүзеге асырылады. Кәсіпорынның әрбір қызметкері үшін жауаптылығы анықталған және ықпалдастырылған менеджмент жүйесі аумағында қызметті орындауға құзыреттіліктері белгіленген. Сапа және қоршаған ортаны басқару бойынша Басшылық талаптарын сақтау мен орындалуы белгіленетін құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер, лауазымдық нұсқаулықтар, құжатталған әдістемелер мен басқа да сапа мен қоршаған ортаның ықпалдастырылған менеджмент жүйесінің құжаттары әзірленген.
Тағы рефераттар
- Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары
- Әлеуметтік философия
- Дидактикадағы тестілеу әдісінің жалпы сипаттамасы және оның зерттеушілік мүмкіншіліктері
- Доспанбет жырау
- Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі