МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ….. 3
І-тарау.ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Қазіргі замандағы ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологиялар…..6
1.2. Мультимедиялық технологиялардың оқыту сапасын арттырудағы тиімділігі……11
1.3.Жаңа ақпараттық технологияны информатика пәніне қолдану мазмұны……23

ІІ-тарау. ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУҒА ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
2.1. Жаңа ақпараттық технологияны информатика пәнін оқытуға қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері…27
2.2. Жаңа ақпараттық технологияны информатика пәнін оқытуға қолданудың білім сапасына әсері……40
2.3. Электрондық оқулықтарды информатика пәнін оқытудың сапасын арттыруда қолдану….47

ҚОРЫТЫНДЫ 65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 69
ҚОСЫМШАЛАР 70

КІРІСПЕ 

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі.   Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес.Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы  «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын арттыруды көздейді.

Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты- заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушылар мен студенттерді тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді араластыру болып табылады.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.

Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар деп локальдық, аймақтық, бүкіл әлемдік желілерде ақпарат алмасуды жүзеге асыратын қазіргі заманғы байланыс құралдарының барлық түрін, бағдарламалық жүйелер мен кешендерді (бағдарламалау тілдері, транслятор, копиляторлар, операциялық жүйелер, қолданбалы бағдарламалық жабдықтарды дайындауға арналған инструментальды пакеттер), мультимедианы, телекоммуникацияны, виртуальды ақпараттар жиынтығын айтамыз.

Қазақстан Республикасындағы  білімді ақпараттандыру жүйесін  одан әрі дамыту үрдісін оқып-үйренудің ақпараттық ресурстары болып табылатын программалық құралдарды  дайындамай  жүзеге асыру  мүмкін емес. Олардың ақпараттық қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы,  бақылайтын  және тест  жүргізетін  программалар,  компьютерлік ойындар, ақпараттық  жүйелер,  оқыту орталары болып табылатын электрондық  оқулықтар  және  мультимедиялық  программалар.

Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында информатика пәнін оқытудың сапасын арттыру қажет. Информатика пәнін оқытуда  мұғалім  балалардың ой-өрісі  мен  танымдық  қабілеттерін  дамытуға өз  ойын  жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру  мақсатында  педагогикалық технологиялардың тиімді түрлерін  кеңінен  қолданған  дұрыс.

Ақпараттандырудың негізгі бағыттарының бірі — білім саласын ақпараттандыру болып табылады. Қоғамымызды құрайтын тұрғындардың ой-еңбегінің жемісі болып табылатын ақпараттық ресурстарды күнбе-күн пайдалану ісі қарқындап дамып келе жатқан өскелең ұрпақты ізденісі мол шығармашылық бағытта тәрбиелеу керек  екендігін анықтап отыр.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз берілетін білім сапасын арттыруды жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде дәстүрлі  технологияларды тиімді жаңа типті ақпараттық технологияларға алмастыру, оларды дамыту мен нақты түрде практикада жүзеге асыру шаралары.

Аталған мәселелерді жүзеге асыру бағытында дипломдық жұмыстың тақырыбын «Жаңа ақпараттық технологияларды қолданып оқушылардың білім сапасын арттыру» деп таңдадық.

Зерттеудің мақсаты: білім беруді ақпаратттандыру жағдайында ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдану арқылы информатика пәнін оқытудың сапасын арттыру.

Зерттеудің міндеттері:

—   білім беруді ақпараттандырудың тұжырымдамалық негіздерін зерделеу;

—   жаңа ақпараттық технологияларға салыстырмалы талдау жасау арқылы оқытудың ақпараттық технологиясының мүмкіндіктерін айқындау;

—   оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын информатика пәніне оқытуға қолданудың әдістемелік жүйесін жасақтау.

Зерттеудің нысаны: жалпы білім беретін орта мектептер.

Зерттеудің пәні: жаңа ақпараттық технологияларды қолданып оқушылардың білім сапасын арттыру.

Жұмысымыздың ғылыми жаңалығы:

–  білім беруді ақпараттандырудың тұжырымдамалық негіздері зерделенді;

–  жаңа ақпараттық технологияларға салыстырмалы талдау жасау арқылы оқытудың ақпараттық технологиясының мүмкіндіктерін айқындалды;

–  оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын информатика пәніне оқытуға қолданудың әдістемелік жүйесін жасақталды.

Жұмыстың құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден, қосымшадан тұрады.

«Информатика пәнін оқытудың сапасын арттыруда жаңа ақпараттық технологияларды енгізудің теориялық негіздері» атты бірінші тарауда  қазіргі замандағы ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологиялар, мультимедиялық технологиялардың оқыту сапасын арттырудағы тиімділігі мен жаңа ақпараттық технологияны информатика пәніне қолдану мазмұны берілген.

«Жаңа ақпараттық технологияларды информатика пәнін оқытуға қолданудың әдістемелік негіздері» атты екінші тарауда жаңа ақпараттық технологияларды информатика пәнін оқытуға қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері, жаңа ақпараттық технологияны информатика пәнін оқытуға қолданудың білім сапасына әсері  мен электрондық оқулықтарды информатика пәнін оқытудың сапасын арттыруда қолдану жолдары қарастырылған.

 Дипломдық жұмыс / 77 бет
Тағы рефераттар