Саяси лидерлік және оның типтері туралы қазақша реферат

Жоспары:

Кіріспе

  1. Саяси лидерлік және оның типтері, қасиеттері, қызметтері,белгісі мен сапасы
  2. Лидердің психологиялық портреті, теориялары
  3. Қазақстандағы лидерлік

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Бүгінгі күнде лидерлік мәселесі барлық ғылымдарда толыққанды зерттелуде. Мәселен, психология лидердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтану лидерлікті әлеуметтік жүйенің негізінде қарастырады. Әлеуметтік психология лидерлікті әлеуметтік және психологиялық факторлардың өзара қызметтік процесі ретінде зерттейді. Ал саясаттану саяси лидерлікті билік феномені ретінде қарастыра келе, оның табиғатын, қызмет ету механизмдерін, қоғамға ықпалын зерттейді. Сонымен бірге, тиімді басқарудың әдістері мен тәжірибелік ұсыныстары айқындала түседі.

Ғалымдардың  пікірлерінше, өз бойында туа біткен қасиеттерді ұштастыратын адам ғана қайырымды халықтың басшысы бола алады: «бұл адамның мүшелері мүлдем мінсіз болуы тиіс, бұл мүшелердің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушісіне ойындағысын және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек; өзі түсінген, көрген, есіткен және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұларды ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек; әйтеуір, бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып үйренуден шаршап шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болу керек; тағамның, ішімдік ішуге, сұқ-сұбқат құруға келгенде қанағатшыл болу керек.

Жалпы лидерлік саяси салада саяси басқару негізінде түсініледі. Қайырымды халықтың басшысы болу үшін тек лидерлік қасиет қана емес, мемлекет те көшбасшылық қасиет танытуы тиіс. Мемлекет, ұлттың лидерлігі қазіргі теорияда жеке қарастыратын нысан болып табылмайды. Осы түсінікке сипаттама беруде лидерлікті ұстап қалу және иеленудегі заңдылықтарды айқындаймыз. Ал жалпы мемлекет лидерлігін зерттеуде әлемдік ұйымдастырушылық-қызмет құрылымын, оның тенденцияларын, әлемдік қауымдастықтың тұрақты дамуына қатер туғызатын жағдайларын қарастырамыз.

          1.Саяси лидерлік және оның типтері, қасиеттері, қызметтері,белгісі мен сапасы

Саяси қызметтің ажырамас компоненті саяси лидер болып табылады, себебі кезкелген саяси белсенді топ өздерінің ортасынан басшылар тобын алға шығарады.

Саяси лидерліктің табиғаты барынша күрделі және оның түптамыры ғалым-ойшылдардың консульдар, императорлар, корольдер феноменін зерттеп білген алыс өткенде  жатыр. Лидерлік феномені саяси психологиядағы ерекше проблема. Оның ертеректегі теориясы «геройлар» теориясы деп аталады. Оның басқа да теориялары бар. Лидерліктің саяси психологиялық типологиясын жасағандар мыналар: психопотологиялық типологияны Г. Лассуэль, саяси типтерін Д. Рисман, макиавеллилық теориясы, Президенттер типологиясы Д. Барбер және т.б. жасаған. Лидерлік феномені саяси психологиядағы ерекшелігі бар мәселе.

Лидер (ағылшынның «басты» деген сөзінен алғанда) –сол бірлестіктің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған бірлескен қызметті біріктіру мақсатында басқаларға ықпал етуге қабілетті адам. Лидерге тән қасиеттер:

  1. Жауапкершілікке және бастаған ісін аяқтауға күшті ұмтылысы;
  2. Мақсатына жету жолындағы күш қайраты;
  3. Бастамашылдығы;
  4. Өзіне-өзінің сенімділігі;
  5. Айналасындағылардың мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал ету қабілеті;
  6. Іс-әрекетінің және шешімдерінің салдарын «өзіне» қабылдау қабілеті;
  7. Топтық фрустрацияға және ыдырауына қарсы тұра алатын қабілеті.

«Саяси лидер» категориясы саясат саласындағы адамдардың белгілі бір бірлестігіне басшылық ету бойынша қызмет процесін білдіреді.Лидерлік –ең алдымен қоғам мүшелері арасындағы қатынас, себебі лидер әрқашанда қандай да бір әлеуметтік топтың немесе қауымдастықтың бір бөлігі болып табылады. Бұндай жағдайда лидер белгілі бір қауымдастықтың мүддесі мен мақсатын тұжырымдау және білдіру құқы мен жауапкершілігінің белгілі бір көлеміне ие болады, оларды жүзеге асыру және барлық қауымдастықтың саяси процеске қатысуын ұйымдастыруда бастамашы болуға құқы бар.

Саясатта қызметінің сипаты мен ауқымы бойынша лидерлердің үш деңгейін ажыратады:

1.мүдделері ортақ қоғамда барынша көп билікке ие шағын топтың лидері;

2.қоғамдық қозғалыстың (ұйымның, партияның) лидері, яғни белгілі бір әлеуметтік топ өзінің қажетсінуін қанағаттандыру мүмкіндігін байланысты-ратын адам;

3.лидер –биліктік қатынастар жүйесінде әрекет етуші саясаткер.

«Бірден қол жеткізген» билік лидерлік болып саналмайды. Лидерлік жай ғана кездейсоқ билікті пайдалану емес, жалғасын табуды білдіреді. Лидерліктің қоршаған ортадан шет қалуы мүмкін емес. Лидерлік дегеніміз–талдау жасау мен шешім қабылдауға қарағанда әрдайым үлкен нәрсе, ол өзінің соңынан жүретін адамдардың ақылы мен күш-қуатына әсер етуді қамтиды.

Саяси лидерлік –өзінің тағдырын жақсарту үшін іс-әрекетке, бірлескен жұмысқа қоғам мүшелерін итермелейтін күш.

Жеке бастың қызметінің нәтижесі әр алуан: жақсы немесе жаман, өте жақсы немесе өте нашар болуы мүмкін. Дәл сондықтан да нәтиженің амплитудасы соншалықты күшті, яғни оның тұтастығы бойынша барынша талдау жасалуға тиісті. Осыған орай, лидер қоғамның саяси өмірінде аса маңызды орындардың бірін алады, оның іс-әрекеті мен нұсқауына қоғамның қандай бағытта дамитындығы байланысты болады. Лидерліктің мән-мағынасы және формасы бойынша биліктің феномені дегеніміз осы. Лидерлік дегеніміз –билік, себебіол белгілі бір адамның бірдеңежасауына мәжбүр ету қабілетінен тұрады. Лидер –халықтың, қоғамның, топтың  және т.б. үстінен қарайтын адам. Бірақ билік пен лидерлік қатынасы айырықша тең болмауымен ерекшеленеді, себебілидер өзінің тобының барлық мүшелерін басқа жағдайда олар жасамаған, ал кейде ерікті түрде бір нәрсені жасауға көндіруге қабілетті адам. Осылайша, лидерліктің негізінде биліктік қатынас жатады, бірақ олар айырықша тең болмауымен –ерікті болуымен ерекшеленеді.

Саяси лидер –қоғамда белгілі бір қызметті жүзеге асыру үшін өкілеттіліктің тиісті мөлшеріне ие болатын саяси қайраткер.

            Лидердің негізгі қызметі:

—                     интегративтік, яғни халықтың белгілі бір бөлігінің мүддесін анықтау және саяси       бағдарламаны жасау;

—                     алға қойған мақсатты орындау үшін ұтымды шешімді табу және қабылдау қызметі;

—                     билік органдарының қоғам мүшелерімен байланысын нығайту, қоғам мүшелерінің биліктен және басқарудан шет қалуын болдырмау қызметі;

—                     бір жерге жұмылдырушы, яғни нақты міндеттерді шешуге көпшілікті ұйымдастыру, көпшіліктің әлеуметтік күш-қуатын, саяси мәдениетін және белсенділігін дамыту қызметі;

—                     прагматикалық, яғни мақсат пен міндеттерді нақты әрекетке айналдыру.

 Психологиядағы зерттеулерде лидердің мынандай қатынаста қызмет аткаратындығы  айқындалған:

—                     ол топ алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен құралдарын жоспарлайды;

—                     топ мүшелері арасында атқарылатын іске жауапты адамдарды белгілейді;

—                     егер топтың алдына маңызды іскерлік мүдде қойылған болса және бұл топ өндірістік еңбек ұжымы болса, белгілі бір топтық шырай орнатады;

—                     топ мүшелерінің әлеуметтік белсенділігін дамытады.

Лидердің мынадай бес белгісі мен сапасын айтуға болады:

1. биологиялық дәрежедегі белгісі мен сапалары: тұқым қуалаушылығы, темпераменті, жынысы, денсаулық жағдайы.

2. психологиялық дәрежесі: адамның эмоциясын, еркін, жадын, қабілетін, интелектін, мінезін қамтиды.

3. әлеуметтік-психологиялық дәрежесі: адамның мүдделеріне, көзқарасына, ұстанымына, қарым-қатынасына т.б. байланысты.

4. саяси психологиялық дәрежесі: саяси әлеуметтенуіне, саяси таңдауына, саяси мінез-құлық түрлеріне байланысты.

5. әлеуметтік дәрежесі: мүдделердің жалпы әлеуметтік ұстанымы мен көзқарастарын білдіреді.

         2.Лидердің психологиялық портреті, теориялары

      Лидердің психологиялық портреті саяси лидерлердің психологиялық биографиясы негізінде жасалады. Ол бір жағынан әртүрлі халықтардың социологиялық ерекшеліктерін және олардың саясаттағы кәріністерін есепке алады. Лидердің психологиялық портреті саяси лидерлік психолгияны сипаттайды. Осы ретте «лидерліктің белгілері» концепциялары да пайдаланылады. Лидердің психологиялық тұлғалық белгілерінің жиынтығы 100 ден асатыны белгілі. Лидерлерді классификациялағанда бұлар қажет. Лидердің басшыдан айырмашылығы бар. Басшы ресми түрде ұжымды және ұйымды басқаратын адам. Қазіргі кезде мемлекеттік дәрежедегі саяси лидер феноменінің маңызы артып келеді. Бұл мәселе қазіргі кезде өте өзекті. Дегенмен лидер анықтамасы әр автор әр түрлі береді.

Олардың бастылары мыналар:

«Ұлы адам» теориясы немесе лидерліктің харизматикалық теориясы. Бұл бойынша лидерлікті тұқым қуалау негізінде түсіндіреді.

Лидерліктің ситуативті теориясы бойынша лидерлердің пайда болуы ортаға, уақытқа және жағдайларға байланысты. Басқаша айтқанда лидер болу белгілі бір жағдайда, уақытта топтан суырылып шығып өз қасиетін көрсете алуы.

Лидерліктің тұлғалық – ситуативтік теориясы бойынша мынадай төрт фактор еске алынуы керек:  1) лидердің адам ретіндегі белгілері мен дәлеледері; 2)лидердің жолын қуушылар үшін белгілі бір келбеті болады;3) лидердің ролінің сипаттары; 4)лидерің жолын куатындар үшін ресми және құқықтық негіздердің болуы.

Лидердің үміткерлік – қарым-қатынастық теориясы. Ол бойынша нақтылы бір жағдайда лидер стилінің сәйкес келуін айтады. Лидерліктің басқа да толып жатқан теориялары бар. Ол бойынша лидерліктің психологиялық ерекшеліктері қарастырылуы керек. Саяси лидердің тұлғалық қасиеттерін талдауда мыналарды еске алу қажет: лидердің өзінің «Мен» концепциясы; оның саяси мінез-құлқына әсер ететін себептері мен сұраныстары; саяси сенімінің басты жүйесі; жеке тұлғалық қарым-қатынас стилі; стресс жағдайында өзін-өзі ұстай білуі; өмір баяндық талдау; саяси іс-әрекетін эволюциялық өзгерістері.

Лидерлік–жекелеген адамның туа біткен қасиеті және мүлдем мәңілікке берілген артықшылық емес. Лидерлік дегеніміз–әрқашанда қорғап қалуға керекті белгілі бір мәртебе, позиция, адамдардың іс-әрекетіндегі, саяси процестегі аяқ астынан болатын нәрселерді бастан өткере білу. Саяси қызмет және саяси қатынас өзінің табиғаты жағынан әрқашанда мақсатты, ұйымдасқан сипатта болады. Осыдан барыпқоғамдық идеяны жүргізуге қабілетті, қоғам сезініп, білетін нәрсені білдіретін, ұжымдық сананың иесі және ұжымдық әрекетті ұйымдастырушы болатын лидерге деген қажеттілік туындайды. Қоғам ұжымдық ерік-жігер мен мақсатты бейнелейтін беделдің болуын объективті түрде талап етеді. Лидерлік саясаттың шығармашылық мазмұнынан тура туындайды. Лидер саясаттың және қоғамның бүкіл саяси жүйесінің ядросы болып табылады. Лидерлік ғаламдықтан бастап жекелеген саяси топқа дейін саяси жүйені ұйымдастырудың барлық деңгейінде пайда болады, қалыптасады және қызмет етеді.

Егер субъектіні саяси қауымдастық өзінің мүддесі мен еркін білдіруші ретінде (яғни заңды болып табылатын болса) мойындайтын болса, онда ол саяси лидер ретінде сөз алады. Яғни бұндай мойындау нормативті, ұйымдасқан, идеологиялық, дәстүрлі және қоғамдық пікірмен бекітіледі. Бір жағынан лидер қоғамға биліктік органдар мен механизмдер арқылы, ал екінші жағынан өзінің саяси және идеологиялық көзқарастары мен пікірлері, саяси қызметінің мазмұны мен бағыттары, тәжірибесі мен іс-әрекетінің стилімен ықпал етеді. Осы айтқандар арқылы лидер тек көпшілік биліктің тұтқасына ғана сүйенетін кезкелген басқа басшыдан ерекшеленеді.

Лидерліктің типологиясы барынша шартты болып келеді және түрлі критерийлер бойынша сараланады:

–лидерлік типі бойынша: программист, стратег, орындаушы, дем беруші;

–қызметінің сипаты бойынша: әмбебап, жағдайға қарай әрекет етуші;

–басшылық ету стилі бойынша: демократшыл, авторитарлы, анархиялық;

–кешенді критерий: дем беруші, әмбебап, авторитарлы, орындаушы, жағдайға қарай әрекет етуші, стратег, демократшыл және т.с.с.

Саясаттанудағы барынша кең тараған билікті алу тәсілі және оның заңды болуы бойынша М.Вебердің деректеріне сәйкес лидерліктің типологиясы саналады.

М.Вебердің айтуы бойынша лидерліктің типі:

1.дәстүрлі лидерлер (көсемдер, монархтар);

2.рационалды-заңды (билікті қолданыстағы бар заңдардың негізінде алады);

3.харизматикалық (яғни, беделді адамның бойында ғажайып қабілеттердің болуы).

Саяси лидерге бағаны бірқатар факторлардың негізінде беруге болады:

жалпы міндетті шешудің барынша ұтымды вариантын табуға деген оның қабілеттілігі;

таңдап алған жолдың мақсатқа сай екендігіне көпшілікті сендіру және алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін оларды ұйымдастыру;

жаңа нәрселердің өсуін уақытында байқауға деген оның мүмкіндіктері, қоғамның тезірек даму прогресі мақсатында оларға қолдау беруді қамтамасыз ету.

 

 

Саяси лидерлік мәселесі – казіргі саяси психологиядағы маңызды проблемалардың бірі. Лидерлік және жетекшілік. Б. Д. Парыгиннің лидерлік пен жетекшілік түсініктері туралы әлеуметтік-психологиялық теориясын атап айтуға болады. Лидердің саясаттағы орны мен ролі үлкен. Лидердің жеке басының белгілері мен ерекшеліктері саясатқа әсер етеді. Лидер бейнесі (имиджі) (психологиялық тест негізінде). Батыстық саяси психологиялық зерттеулер саяси лидерлік теориясының негізі топтарын жіктеп, қарастырады. Саяси лидер мінез-құлқына психологиялық талдау жасауға болады. Саяси лидер мен оның командасының ара қатынасының психологиясы ӛз алдына мәселе. Харизматикалық лидерге сипаттама беру. «Мен» – саяси лидер концепциясын талдау (лидердің өзіне-өзі баға беруі немесе оның саяси-әлеуметтік ұстанған бағытындағы қиыншылықтар туралы). Саяси мінез-құлыққа ықпал етуші лидер қажеттілік болып табылады.

Лидер үшін көпшілікпен байланысты жоғалтпау, олардың мүддесін дұрыс сезініп, білу және соған сәйкес әрекет ету маңызды. Қоғамның өзінің саяси лидерін таңдауы –айырықша маңызды іс.

              3.Қазақстандағы лидерлік

Қазіргі замандық Қазақстан жағдайында саяси лидерлік түрлі деңгейде, яғни лидерлік белгілі бір жергілікті жерде немесе топта, сондай-ақ саяси қозғалыс немесе партия шегінде жүзеге асатын жалпы мемлекеттік, аймақтық және жергілікті жер деңгейінде болады. Қазақстандағы лидерлікті түсіну үшін елдің Президенті болып табылатын мемлекет басшысы туралы әңгіме болған кезде, оны жалпы мемлекеттік деңгейде зерттепбілу шешуші маңызға ие болады.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елдің Президенті мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтаушы мемлекет басшысы, жоғарғы лауазымды адам болып табылады. Парламенттің келісімі бойынша ол премьер-министр лауазымынтағайындайды, Үкіметтің құрылымынанықтайды және жасақтайды, республиканың орталық атқарушы органдарын қысқартады және қайта құрады, мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді, Сенат ұсынған заңдарға қол қояды. Президент мемлекеттің Қарулы Күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы болып табылады, қауіпсіздік Кеңесін, Жоғарғы сот кеңесін құрады. Заң күші бар Жарлықтар мен Өкімдер шығарады, кейбір жағдайларда Заң шығарады. Қазақстанның бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаев қазіргі заман жағдайында реформаны жүзеге асыру үшін жағымды ықпал етеді, елдің ойдағыдай ішкі дамуымен және Қазақстанның әлемнің барынша бәсекелестікке қабілетті 50 елінің қатарына енуімен байланысты барлық проблемаларды шешеді. Қазақстандықтар біздің мемлекетіміздің саяси лидері ретінде Н.Ә.Назарбаевтың қызметін жоғары бағалайды.

Қорытынды

Лидер (ағылшынның «басты» деген сөзінен алғанда) –сол бірлестіктің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған бірлескен қызметті біріктіру мақсатында басқаларға ықпал етуге қабілетті адам. Лидерлік–жекелеген адамның туа біткен қасиеті және мүлдем мәңілікке берілген артықшылық емес. Лидерлік дегеніміз–әрқашанда қорғап қалуға керекті белгілі бір мәртебе, позиция, адамдардың іс-әрекетіндегі, саяси процестегі аяқ астынан болатын нәрселерді бастан өткере білу. Саяси қызмет және саяси қатынас өзінің табиғаты жағынан әрқашанда мақсатты, ұйымдасқан сипатта болады. Осыдан барыпқоғамдық идеяны жүргізуге қабілетті, қоғам сезініп, білетін нәрсені білдіретін, ұжымдық сананың иесі және ұжымдық әрекетті ұйымдастырушы болатын лидерге деген қажеттілік туындайды. Қоғам ұжымдық ерік-жігер мен мақсатты бейнелейтін беделдің болуын объективті түрде талап етеді. Лидерлік саясаттың шығармашылық мазмұнынан тура туындайды. Лидер саясаттың және қоғамның бүкіл саяси жүйесінің ядросы болып табылады. Лидерлік ғаламдықтан бастап жекелеген саяси топқа дейін саяси жүйені ұйымдастырудың барлық деңгейінде пайда болады, қалыптасады және қызмет етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.         Дискин И.Е. Реформы и элиты: институциональный аспект// Общественные науки и современность, 1995, №6.

2.         ИспаевЛ. Элита властвующая и духовная.//Мысль, 1996.

3.         Әбсаттаров. Саясат негіздері. А. –2011.

4.         Рахметов Қ.Ж., Болатова А.Н., Исмағанбетова З.Н. Саясаттану. А.

5.         ТрофимовМ.И. Политическое лидерство//Социально-политический журнал, 1991, №12.

6.         ФредИ. Личность и политика//Социально-политический журнал, 1991, №10.

7.         АмеркуловН. Посттоталитарная мифология правящей личности// Мысль, 1994, №9.

8.         ШтукинаТ.А. К новому измерению феномена политического лидерства// Кентавр, 1995, №1.

9.         АндреевС.С. Политический авторитет и политическое лидерство//Социально-политический журнал, 1993, №1-2.

10.       ИльинВ. Человек в тоталитарном обществе//Социально-политический журнал, 1993, №6-7.

11.       ИбрагимовИ. Каким быть лидеру у власти?//Мысль, 1994, №3.

12.       АшинГ. Политическое лидерство: оптимальный стиль// Общественные науки и современность, 1993, №2.

13.       КадыржановР.К., ДжунусоваЖ.Х. и др. Политическое лидерство в современном Казахстане. А., 1998.

14.       КозловГ. Политическое лидерство//Мысль, 1993, №3.

15.       ТулегуловА.К. Политическая элита Казахстана: анализ биографий//Саясат, 1998, №1.

16.       АшинГ.К. Основы элитологии. А., 1996.

17.       АшинГ.К. Правящая элита и общество//Свободная мысль, 1993, №7.
Тағы рефераттар