Шартты рефлекстердің түрлері туралы қазақша реферат
Шартты рефлекстер рецепторлардың тітіркенуіне және пайда болатын қызметіне байланысты, қозу мен тежелуге және олардың кезеңдеріне, пайда болу механизміне байланысты көптеген түрлерге бөлінеді.
Тітіркендіретін рецепторларына сәйкес экстерорецепті, пропиорецепті және интерорецепті шартты рефлекстер болып бөлінеді.
Экстерорецепті шартты рефлекс шартты тітіркендіргіштер сыртқы сезім мүшелеріне әсер еткенде пайда болады: көзге, құлаққа, иіс мүшесіне, дәм сезу мүшесіне, тері рецепторына.
Пропоирецепті шартты рефлекстер қаңқаның бұлшық еттерін тітіркендіргенде, яғни оның пропиорецепторларына әсер еткенде пайда болады. Бұл топтағы рефлекстерге адамның басы қозғалғанда тепе-теңдік (вестибулярлық) аппаратты тітіркендіру арқылы пайда болған теңдік сақтау рефлекстері де кіреді.
Интерорецепті шартты рефлекстер ішкі мүшелерді тіткендіргенде олардың рецепторларына әсер ету арқылы пайда болады. Бұл топқа қанға түрлі химиялық заттарды жібергенде туатын автоматты рефлекстер де жатады. Ондай жағдайда химиялық заттар интерорецепторларды (ішкі рецепторларды) тітіркендіріп жүйке жүйесіне тікелей әсер етеді.
Туатын қызметтің түріне байланысты шартты рефлекстер екіге бөлінеді: қимыл-қозғалыс және вегетативтік шартты рефлекстер. Вегетативтік шартты рефлекстердің өзін секреторлық, жүрек-қан тамырлық, тыныс алу, ас қорыту рефлекстері, ішкі секрециялық бездердің қызметін өзгертетін, зат алмасуын және иммунитетті өзгертетін рефлекстер деп бөлінеді.
Рефлексті тудыратын қозу мен тежелудің кезеңдеріне қарай шартты рефлекстерді оң және теріс немесе жағымды және жағымсыз деп атайды.
Шартты тітіркендіргіштің әсерін күшейту үшін шартсыз тітіркендіргішті пайдаланғанда миды қоздыратын рефлекстерді шартты оң және жағымды рефлекс дейді. Ал нығайтушы тітіркендіргіш, керісінше, мидың қозуын тежесе шартты оң немесе жағымсыз рефлекс деп атайды. Шартты оң рефлекстер кезінде мүшелердің қызметі пайда болады немесе бұрыңғы қызметі одан әрі күшейеді. Шартты теріс рефлекстерде мүшелердің қызметі нашарлайды, тіпті тоқтап та қалады.
Шартты рефлекстер шартты тітіркендіргіш болмаған жағдайда да пайда бола береді. Ондайда шартсыз тітіркендіргіш белгілі бір мерзім сайын әсер етеді. Мұны уақытқа деген шартты рефлекс деп атайды. Бұл жағдайда уақыт шартты тітіркендіргіштің рөлін атқарады. Мысалы, мезгіл-мезгіл жүректің соғуының өзгеруі немесе тыңыстың тарылуы мен күннің батуы шартты тітіркендіргіш есебінде әсер етеді.
Шартты рефлекс шартсыз тітіркендіргішсіз, бұрын шартты тітіркендіргіш ретінде пайдаланып, қзақ мерзім шартсыз тітіркендіргішпен нығайтылған шартты әсерді пайдалану арқылы да пайда болады. Оны екінші дәрежелі шартты рефлекс дейді. Бұрын шартты тітіркендіргіш ретінде пайдаланылған әсерлерді шартсыз тітіркендіргіщтің орнына жұмсау арқылы үшінші, төртінші т.с.с. шартты рефлекстерді тудыруға болады.
Шартты рефлекс топты тітіркенедіргіштерге де туады. Мұндайда бейтарапты тітіркендіргіштер бірінен соң бірі әсер етіп, оның ең соңғысы шартсыз тітіркендіргішпен бекітіледі. Ондай рефлекстерді комплексті шартты рефлекстер дейді. Бұлардың пайда болуы жеке тітіркендіргіштерге туған рефлекстер тәрізді.
Уақытша нервтік байланыс.Шартты тітіркендіргіш әсер еткенде ми қыртысының тітіркендіргішке сәйкес орталығында қозу ошағы пайда болады ( сурет). Мысалы, көзге әсер етсе — көру орталығы, дыбыс әсер етсе – есту орталығы. Шартсыз тітіркендіргіштің әсерінен оған сәйкес орталықта (мысалы, тамақ – шартсыз тітіркендіргіш, ал орталық — ас қорыту жүйесі) екінші бір қозу ошағы пайда болады. Организм үшін маңызды әсерді шартсыз тітіркендіргіш ретінде алғандықтан екінші орталықтағы қозу біріншіге қарағанда анағұрлым күштірек болады. Сондықтан бірінші қозу ошағындағы нерв импульстері екінші орталыққа тартылады да, екеуінің арасында байланыс пайда болады. Шартсыз тітіркендіргіш неғұрлым күшті болса, соғұрлым екінші орталықтың қозуы күшті болып, шартты рефлекс тез туады. Жағдай қайталанған сайын екі нерв орталығының арасындағы байланыс нығайып, күшейеді де шартты тітіркендіргіштің әсеріне шартты рефлекс пайда болады. Шартты рефлекс күшейген сайын ми қыртысында қозудың жайылуй нашарлап, шоғырлануы күшейеді. Шартты рефлекстердің пайда болуының негізі – ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында уақытша нервтік байланыстың пайда болуы. Мысалы: лимонды көргенде ми қыртысының көру аймағында қозу пайда болады (а), лимонның дәмі ауыз қуысының рецепторларын тітіркендіреді де, сопақша мидың сілекей шығару орталығында және ми қыртысының ас қорыту орталығында қозу пайда болады (б), ми қыртысындағы екі қозу ошақтарының арасында уақытша нервтік байланыс туады (в, үзілген стрелкамен көрсетілген).
Қазіргі электрофизиологиялық зерттеулердің арқасында И.П. Павлов түсіндіргендей уақытша нервтік байланыс тек қана ми қыртысында тұйықталып қоймайды, қыртыс асты құрылымдар да пайда болады. Жарыққа, немесе дыбысқа деген шартты қорғаныс немесе ас қорыту рефлекстері пайда болғанда ми қыртысының ЭЭГ-сы ғана өзгеріп қоймай, ми бағанасының торлы құрылымынан жазылып алынған ЭЭГ да өзгереді. Жануалардың ми сыңарларының қыртысының жаңа (неокортекс) бөлімін сылып алып тастаса, қарапайым шартты рефлекстер пайда бола береді, бірақ ондай рефлекстер өте тұрақсыз, тым тез жойылады. И.С. Бериташвилидің болжамы бойынша ми қыртысы жоқ жануарларда шартты рефлекстің пайда болуы ескі және көне ми жарты шарларының қыртысына байланысты. Жануардың сол бөлімдерін алып тастаса, ешқандай шартты рефлекс пайда болмайды. Бұл анықтаулардың арқасында П.К. Анохин уақытша байланыс тік бағытта (вертикальды қыртыс-қыртыс асты) тұйықталады деген болжамды ұсынады.
Сонымен шартты рефлекстің пайда болуы тек қана ми қыртысында ғана емес қыртыс асты құрылымдарының да қатысуымен болады. Дегенмен шешуші орын эволюциялық сатыдағы ең жас бөлім – ми қыртысының қызметіне байланысты.
Тағы рефераттар
- Қазақстан мен Түркияның гуманитарлық салалардағы байланыстары
- Тегін медициналық көмекті қалай алуға болады?
- Әлеуметтік лингвистика
- Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964)
- Әлемнің топырақ картасы