Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы қазақша реферат

Шетел азаматтары дегеніміз — ол ҚР-ның азаматтығында жоқ және басқа мемлекеттің азаматтығында болатын тұлғалар.

Ал тұрғылықты жер заңы бұл жеке тұлғалардың тұрғылықты мекен жайы орналасқан мемлекеттің заңын қолдануды айтамыз, жеке тұлғаның азаматтық заңын қолдануға себеп болған 1804 жылғы Француз Азаматтық кодексі онда шетелде жүрген ,Француз азаматтарының әрекет қабілеттілігі мен азаматтың жағдайы ұлттық заңмен анықталады делінген.

Кейіннен ұлттық заң мәселелері 1865 жылы Италияның Азаматтық кодексінде де, 1896 жылы Герман Азаматтық заңында бекітіледі, ал Англо — Американдық құқықтағы домицилий концепциясы басқа құқық жүйелерінен ерекше, себебі ол Рим құқығына негізделген, ал англо- саксондық жалпы құқық жүйесі бойынша, пайда болу домицилиясымен (шыққан тегімен) таңдау домицилиясына бөлінеді.

Мысалы, некемен туған бала әкесінің домилициясына, некесіз туған бала шешесінің домицилиясына тиісті болады.

Дәл осылай отбасы және неке қатынастары, мұрагерлік қатынастар қаралады. Яғни жеке заң және domisilii заңы бойынша.

ҚР-ның Азаматтық Кодексінде «жеке тұлғалардың жеке заңы» атты арнайы 1094- бап бар.

ҚР-ның заңы бойынша, жеке тұлға қай елдің азаматтығын алса, сол елдің құқығы оның жеке заңы болып саналады.

Адамның екі немесе оданда көп азаматтығы болған жағдайда адам неғұрлым тығыз байланысты елдің құқығының жеке заңы болып саналады.

Мысалы, Қазақстанның Австрия мен Турцияның Халықаралық жеке құқық туралы заңына сәйкес, егер тұлға бірнеше мемлекеттің азаматы болса, оның жеке заңы болып байланысы жақынырақ мемлекеттің заңы табылады.

ҚР- да шетелдік азаматтардың әрекет қабілеттілігі оның жеке заңы арқылы анықтау қағидасына 3 шектеу бар:

1. ҚР-ның аумағында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың мәміле жасау мәселесі, яғни шетелдік азамат Қазақстанда сатып алу-сату, кепіл, айырбастау және басқа да келісім шарттар жасасқаннан кейін, өз жеке заңына сілтей отырып яғни жеке заң бойынша тиісті жасқа толмауына байланысты жасалған келісім-шарттардың дұрыстығы мен заңдылығына дауласа алмауы.

2. ҚР-сы аумағында шетел азаматының зиян келтіру салдарынан туған жауапкершілігінің азаматтық әрекет қабілеттілігін Қазақстандық құқықпен анықтайды.

3. ҚР-дағы шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың әрекет қабілеттілігін шектеу, оларды хабар ошарсыз кетті немесе қайтыс болды деп тануды ҚР- ның заңнамасымен жүзеге асырады.
Тағы рефераттар