Шежіренің қоғамдағы орны ерекше. Мұнда тарихымыздың ата тарихы екенін (патриархат дәуірінен) байқаймыз, оның үзбей даму жолында, динамикада, қозғалыстағы тоқтаусыз процесс екендігін әр буынның есіне саламыз. Шашырап жүрген ағайынға шежіре арқылы бөтенсінбей бір- бірінің танысуына болатынын, қарға тамырлы қазақтың алысы жоқ, сұрай- сұрай қарын бөле шығатынына назар аударамыз.
Шежіре ендеше ұлттың руға, тайпаға, арысқа, жүзге бөлінуі үшін емес, оның тұтастығына, туыстығына ортақ тілі, ортақ діні, ортақ ділі, ортақ Отаны, елі, жұрты бар екеніне, тірлікке, бірлікке, ұлттық сананы қалыптастыруға бағытталған.
«Қазақ, Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қуғыншы халық». Ол өмір бойы өзін іздейді, ата-бабасын іздейді, кешегі күнін, болашағын іздейді. Шежіре әр адамның жоғын тауып береді, ата-бабасының өрлігін, ерлігін, тектігін, өз мүддесін ұлт мүддесіне қабыстырған жандар екенін көрсетеді. «Бөлінгенді бөрі жейді», жүз деп бөлініп жүргендердің «жүзі күйсін», «жүзі қара атансын», — деген Ғабит Мүсірепов ағаның айтқаны тарих сабағы екенін білдіреді.
Ахмет Байтұрсынов ұлт намысы екі адамның, екі ауылдың, екі рудың намысы емес екендігін ХХ ғасыр басында айтқан-ды. Шежіре ұлттық шежіре болуы керек, ол әр адамның шығу тегі арқылы бүкіл қауымды, халықты таныстыру арқылы табыстыруы керек.
Шежірелер қазақта, мұңғылда, алты алашта хандар шежіресі болып басталады. Шығыс еліне мұсылман дінін таратушы қожалар өздерінің қожалар шежіресін жасады. Бұл туралы кезінде Сәбит Мұқановтың еңбегінде арнайы айтылған еді.
Кеңес өкіметі тұсында тарих зерттеушілеріміз ақиқатты жаза алмай, тоталитарлық жүйенің ыңғайына барып, қазақтың шыққан тегі бірде Монғол, Жоңғар, бірде арғы түбі ғұн деп Қытайға апарылуы ешқандай шындыққа жуымайды.
Тағы рефераттар
- МӘДЕНИЕТ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ. Білім әлеуметтік институт ретінде
- Кәсіпорынның маркетингтік және менеджменттік салалары курстық жұмыс
- Музыкалық психология, музыкалық білім беру психологиясы, музыкалық іс-әрекет психологиясы пәні бойынша ұсынатын тест сұрақтары
- «Есіл су» РМК-дағы Көкшетау өндірістік су құбырының экономикалық іскерлігін және қаржылық жағдайын талдау
- “Айқап” журналы