Шоқан Уәлихановтың Абылай хан туралы айтқан сөзі

Шоқан  Уәлиханов  Абылайдай  шексіз  ие  болған  бір  де  бір  қазақ  ханының  болмағанын,  оның  мемлекет  билігін  орталықтандырып,  нығайту  бағытындағыәрекеттерін,  «ханның  билігін  алқалы  кеңес  арқылы  шектеп  отыратын  рубасылар  мен  сұлтандардың  өркөкірек  үстемдігін»  тыйғандығын  жазды.  Шоқан:  «Қазақтардың  аңыз — әңгімелерінде  Абылай  айрықша  қасиеті  бар  киелі,  керемет  құдірет  иесі  болып  саналады.  Абылай   дәуірі,  қазақтардың  ерлігі  мен  серілігінің  ғасыры.  Оның  жорықтары  және  батырларынвң  көзсіз  ерлігі  мен  қаһармандығы  жыр – дастандардың  арқауына  айналған», — деп  атап  көрсетті. 

Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының нәтижесінде Абылай әскері 1771ж. Мойынты өзенінің бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста жаңа жеңіске жетті.

Сонымен бір жарым ғасырға дерлік созылған Қазақстанның Ресеймен бірігу процесі негізінен аяқталды. Бірақ, оның көптеген өзіндік ерекшеліктері бар еді. Ол ерекшелік өте күрделі, әрі көп жағынан әртүрлі қайшылықтармен сипатталды. Айтап айтқанда, қазақ жүздерін қосып алу әртүрлі сыртқы және ішкі шиеленіс жағдайында өтті. Кіші жүздің едәуір бөлігі, Орта жүздің кейбір аудандары ресейлік бодандықты өз еріктерімен қабылдады. Ал Орта жүздің үлкен бөлігі және Оңтүстік Қазақстанның бірқатар аудандары тек патша үкіметі әскери күштерінің көмегімен қосылды.

Тарихтың шұғыл бұрыштарында өткен шақ жандана түседі және оны біз бүгінгі күннің күрделі мәселелерін шешудің белгілі бір кілті ретінде қабылдаймыз. Халық алдында тарихи таңдау мәселесі пайда болған кезде өткен шаққа жүгіну, тарих арқылы халықтың өзін-өзі тануы да қалыпты, табиғи жағдайға айналады.


Тағы рефераттар