Семей- Қазақстанның ірі және әдемі қалаларының бірі. Ол 1718 жылы І Петрдің жарлығымен құрылған. Дегенмен қаланың нақтылы жасы одан да көбірек. Себебі оның қазіргі орнында    Доржнкент деген көне қала болған.   Доржынкент  қазақ – жоңғар қақтығыстры  кезінде әлсіреп,  жойылып кеткен.  1606 жылдың  өзінде  Михайыл патшаның грамотасында  Доржынкент қаласының аты аталды.  Онда  бұқа стилінде салынғын әдемі сарайлар екені жазылғыан.   ХІХ ғасырдың орта тұсында Ресейдің  Азия бөлігіндегі керуен  жолдары  тоғысқан ірі сауда  орталығына айналды.  1851 жылы қаланың елтаңбасы  бекітіліп, 1854 жылы Кереку және  Өскемен уездерінің басын біріктірген үлкен орталық облыс болып  құралды.   Кейбір ғалымдар   “Семей”  сөзінің түптөркінінің  “ырысы сол,  нұрлы  жол”  мағынасынын білдіретінін айтады.  Бүгінгі күні Семей еліміздің  рухани  және  мәдени орталығы   ретінде белгілі.  ХІХ  ғасырдың ортасында  Қазақстанда  тұңғыш  рет  Семей қаласында   типография мен көпшілік кітапхана  ашылып, алғашқы су  құбыры  жүргізілді.  ХХ  ғасырдың барысында бірінші футбол командасы құрылса, одан кейін де  алғаш  рет осы  қалада фктбол  мен шахмат элементтерін    “Нью — футбол”  ойыны дүниеге келді.

Бұл қасиетті мекен ұлттық цирк  пен театрдың отаны.  Сонымен қатар,  мұнда  Қазақстандағы алғашқы өлкетану  мұражайы ашылып,   оған Абай сиқты ұлы  тұлға экспонат тапсырған.

Семей дегенде, Абай  Құнанбайұлы,  Шәкәрім  Құдайбердіұлы  Федор  Достоевский,  Мұхтар Әуезов,  Қаныш  Сәтбаев,  Әміре  Қашаубаев, Галина Серебрякова,   Всеволод  Иванов және тағы да  басқа  ұлы  тұлғалардың  есімдері  еске түседі.

Семей  1917 жылы  құрылған   “Алаш  —  Орда”  партиясының  көсемдерінің аттарымен  біте  қайнасқан  саяси орталық.  Сол жылдары қаланың сол жағалауы  Алаш партиясының  құрметіне  Алаш  қаласы  деп аталғаны  мәлім. Семей ерте кезден өзіне саяхатшыларды  қызықтырған,  саяхатшыларды тарихи  терең  тамырымен  тарта білген  қала.  Мұнда  Пржевальский,  Семенов Тянь – Шанский, Потанин,  Джордж  сияқты  әлемге танымал  саяхатшы – ғалымдар ат басын тіреген.  Бүгінгі  күні  Семей  Қазақстанның  аса қызықты да,  тартымды  туристік  орталығы  деуге  болады.

Абай  Құнанбайұлының Республикалық әдеби – мемориалдық,  Федор Достоевскийдің ірі әдеби  — мемориалдық мұражайы (мұндай мұражай  Мәскеу  мен Санкт – Петербургте  де  жоқ),  Қазақстан эрмиажы  ретінде жұртқа  танымал болған Невзоровтар жанұясының өнер  мұражайы,  Қазақстанда  ең көп тарихи — өлкетану  мұражайы,  Қазақстандағы алғашқы полиграфия  мұражайы, анатомиялық  мұражай,  “Кішкентай  әлем”  атты  қуыршақтар  мұражайы – міне, қаншама мәдени – тынығу  оындары бар.  Алайда  бұл қала  мәдени орындардың толық  тізімі емес.  Қалада тарихи және архитектуралық   ескерткіштер де  көп.  Солардаң бірі —  көне  шығыс  бедерімен безендірілген екі минаретті мешіт  екенін айта кету орынды.

Қаланың  көрікті орындарының  біріне  айналған  кеңестік  кеңістіктегі алғашқы,  дүниежүзіндегі  17  аспалы көпір де  Ертіс  өзенінңң  шырайын келтіріп тұр.  Өзен ортасындағы аралға  орналасқан  ядролық  сынақ  құрбандарына арналған  мемориал да  өлке тарихынан сыр  шертетін тарихи ескерткіштердің біріне айналды.

Қала маңы  өзінің ерекше табиғатымен, архитектуралық ескерткіштерімен  көз тартады.    Қазақстандық  және  шетелдік  туристерді  Еуразия  континентінің  географиялық орталығына  апаратын  маршруттың  да қызықтырары сөзсіз.  Бұл  маршрутта  тағдырдың  жазуымен атақты  Шыңғысханның лагері мен  Абай  Құнанбайұлының қорық – мұражайының  көрші келуі де таң қаларлық  құбылыс.  Көк аспанға  бой тартқан Абай мен  Шәкәрімнің   күмбезді мазарлары,  Тоқтамыс хан  мен Мамай  батыр  мазарлары да тарихтан сыр  шертеді.  Амфитеатр  кешенінде этнографиялық  ұжымдардың тамылжыта салған әнін тыңдап,  қазақтың  киіз  үйінде отырып әр  түрлі  ұлттық тағамдардан да дәм татуға  бар.  Туристер  сәйгүліктермен  серуендеп,  дала кемесі түйемен қыдырып,  Ұлттық  киімдерді киіп те суретке  түсе  алады.    Ұлттық аңшылық  өнермен танысып,  қазақ ұлтының атты  спорт  ойындарына  қатысып,  өз бақтарын сынауларының да  мүмкіндігі бар.

Бұл машруттың құрамдас  бөлігі    “Еңлік — Кебек”  ескерткіші  махаббат үшін  қүрбан болған Тристан мен Изольда,  Рамео  мен Джулетта оқиғасын еске түсіреді. Абайдың асыл жарлары  Ділдә мен Айгерім мазарлары,  Мұхтар  Әуезовтың  әдеби – мемориалдық  мұражайы  мен  оның  ата – анасының мазарлары  да  туристер  үшін қызықты  болары  сөзсіз.

Маршрут соңында  достық пен  мәдениеттерр  қауышуының   символына  арналған   “Гете – Лермонтов — Абай” мемориалдары кешеніне ат  басын тірейміз.

Табиғаттың ерекше ілтипатпен жасаған  “Қоңыр  әулие”  үңгірі  бірнеше және  адам ескерткішінен тұрады.  Мұнада  әлі  күнге  дейін толық  зерттеліп  болмаған жер  асты  көлі бар.

Семейге  жақын орналасқан  кеңестік ядролық сынақ полигонының орныны  “Қырғи  қабақ  соғыстың”  суық ызғарын еске түсіреді.  Бұл машрутта туристер  ядролық сынақ   құрбандарына  арналған  ескерткішпен, анатомиялық,  тарихи — өлкетану мұражайларымен  ғана танысып қоймай,  ядролық сынақтардың  жер анаға салған  үлкен жарасы  “атом”  көлін де көре алады

Семей  туризм  бизнесінің  орталығы   ретінде де өзіне  жұртшылықты тартады..  Туристер  үшін  қалалық басқарма  басқарма  әкімшілігімен  кездесу  ұйымдастырылады.

Семейде концерттік туризм  үшін  барлық  жағдай жасалынған.  Іскерлік кездесулер де,  конференцияларға,  симпозиумдерге  арналған  әртүрлі залдар қандай ба  болсын талаптан  шығады.   Семей   қазіргі кезде әйгілі  халықаралық, республикалық спорт  сайыстарын өткізу үшін  жиі таңдайды.

Туристерге  қала театрлары,  көптеген мейрамханалар, кафе,  казино,  түнгі клубтар,  бильярд  салондары, сауналар,  дамыған  сауда  орталықтары бар ықыластарымен  қызмет  етеді.  Осының барлығы  сіздердің көңіліңізге  біздің  қаламыздың  бейнесін  жарқын да, сымбатты түрде  сақтауыңывзға  көмектеседі.

Абай кесенесі -1996  жылы салынған сәулет  өнер ескерткіші.  Шығыс  Қазақстан облысының  Абай ауданы Жидебай  қонысында ұлы ақынның туғанына  150 жыл толған мерейтойды ЮНЕСКО – шешімімен әлемдік  деңгейде  атап өту шаралары қарсаңында  орнатылды.   Сәулеткерлері – Ибраев, Б.С. Ағынаев, а.Қарпыков.  Жобалаушысы – Т. Ержігітов,  суретшісі —  К. Алтынбеков.  Абай кесенесінің  биіктігі 5 метр етіп  жасалған  дөңнің  үстінде  тұрғызылған. Ұзындығы  —  200 метр, көлденеңнен – 60 метр,  биікте  екі  мұнара көзге  түседі.  1. Абаймұнарасы  (биіктігі – 38,5 метр),  екінші  Шәкәрім  мұнарасы (35 метр) кешенінің  төрт бұрышында төрт күмбез бар.  Бұларға  қоса диаметрі 36 метр  болатын   “Орталық  Азиядағы  жазба  мәдениет тарихы” мұражай орны келіп  кетушілерге арналған қонақ жай, сондай – ақ мешіт салынды.  Бұрын  осы  орынға  жерленген  Абай,  Оспан,  Шәкәрім,   Ахмет бейіттері  қозғалмай солардың бірін ішіне ала тұрғызылған кесене құрылысы  көшпелілер  мәдениетінің  үрдісіне  қазақ  халқының космологиялық  танымын  бейнелейді.  Сонымен бірге,  Абайкесенесіне Самархандтағы Бүр -Әмір, Аградағы Тәж – Махал кесенелерінің әсері де байқалады.  Кесене  сыртында  күмістен бедер салынған  ошақ бұтындай үлкен  ағаш  тегене мен  бұғы  мүйізінен жасалған  қымыз  ожау  бірнеше  тегенелермен  тостағандар тұр  –  бұл  Абай үйінің мүліктері.  Оң жақтағы сүйек тосек — Әйгерімдікі.  Абайдың нәресте кезінде апасының суға  шомылдыратын ыдысы    осы болған.  Оң жақ босағада  Абайдың  үш ауызды және шигі  мылтықтары ілулі  тұр.  Үш ауызды  мылтықты  Семейдегі әскерибастық сиға тартқан.  Дәліз бойымен ілгері  жүргенде  гүлкірдегі бөлменің оң жағында  тұрған сүйек төсек Еркежандыкі.  Оның  үстінде   мұсылман шымылдық пен төсек жапқыш Еркежанның келіні Камалиядан   алынған.  Еркежан  мен  Камалияның  да білезіктері  осында.  Абайдың  соңғы  кездегі  өмірінің куәсі әсіресе Абайдың  күміс  ер тоқымы тарихи құндылығымен  қымбат.  Мұражай  үй  шомаласының температурасы жазы – қысы  бір  қалыпты.  Оның  қабырғалары  таспен  қаланған.  Айыр  бұлақтары бар.  Адалбақандарға  бұрын  ет ілінген.  Шошаладағы  шайқазан мен  ағаш  соқа аң  ұстайтын  қақпан  түрлері, тағы  басқа ақын  заманының куәләрін  көзбен көруге  болады.

Абайдың Жидебайдағы мұражай үйі.  Абайдың өмірі мен шығармашылық жолынан толық мағлұмат беретін  мәдени мекеме.  Семей  қаласынан 180  шақырым аудан орталығы Қарауылдан 25  шақырым қашықтықта  орналасқан.  1945 жылы ұлы ақынның туғанына  100 толуы қарсаңында, арнаулы мемлекеттік комиссия шешімімен Жижебайдғы Абай қыстауы  — Абайдың  Жидебайдағы  мұражай  үйіне  айналды.  1970 жылы  күрделі жөндеуден  өткізілді.  Мұражай   үйдің  бес  бөлмесімен үш  залына  орналастырған  заттар  ұлы  ақынның  жақын  туыстарынан,  достарынан,  замандастарынан алынған.  Құрылымы, сыртқы пішіні  Абай  залындағы  көрініс  келбетін сақтаған.  Ұзын дәліздің  сол жағындағы  бірінші  есіктен  ас  үйге  кіріеді.  Ол  терезесі  шығысқа  қараған  кең  бөлме.  Кіре  берісте  қазан аспа.  Оған екі қазан  орнатылған.  Үлкенінде ет,  кішісінде  жеңіл тағамдар әзірленген қазан аспаның  жанында екі самаурын.  Оң  жақ босағада  асадал мен  күміс, мыс  жалатылған сүйектен  жасалған  кішкене кебеже.

1885  жылы Абай осы екі бұйымды  Семейдің өлкетану  мұражайына өз қолымен кіргізген.  Кебеже  үстіне  оюлы паднос пен табақ қойылған  көп  заттардың   ішінен қабырғадағы  түскиіз ерекше назар аударады.

Ас  үйдегі мұнан өзге тарихи мұрағаттардың  бірі – суреттер.  Мұнда Абайдың  үй шаруасы да  болған.  Қорамжанұлы  Қатпа  мен  оның  бәйбішесі Мақым әженің,  Ырысқали Исақызының  фото бейнелері  көзге   салынады.  Қонақ  үйдің  есігі  дәлдізден  шығады.  Қонақ  үйде  Абайдың  орыс  достары Е.П.Михаэлис,  С.С.Грос, Н.И.Долгополов пен П.Лабановскийлердің   суреттері бар.  Олардың Абай ауылында болғанын айғақтайтын құжаттармен қатар Абайдың Семейдегі өлкетану мұражайына  өькінзген  көптеген  затарының суреттері қойылған.  Мұнда  күміс құты,  кесе,  айбалта,  шақша сияқты  бұйымдар  бар. Абай заманынан бізге  жеткен  ең  құнды затының  бірі  1885  жылы П.Лабановский қарындашпен салған Абай суреті.  Ол  Абайдың  өзіне  қарап отырып салғандықтан  және  Абайдың  өзі қолына  ұстап  көрген  суреті  болғандықтан  аса қымбат  бейне  болып саналады.

Абайдың  Семейдегі   мұражайына  өткізген  заттарының  бірі  Шақар Жұманбалаұлы.  Бақсының  бүйірлі  қобызы М.Әуезовтың “Абай жолы” романы бойынша Зере әже мен  бала  Абайға  Байкөкше  ақынның  қисса айтып  отырған  сәті  бейнеленген  суретте  осында  қойылған.  Үйдің  түргі  бөлмесінде  Ақынның   өзі отырғын.  Осында  кітап оқып,  жазу  жазып  жұмыс  істеген.  Осы  бөлмеге  Ділдәнің  сүйек төсегі  қойылған.  Төсек  тұсына  Абдрахмен  мен  Мағауияның  суреттері ілінген.  Сүйек  төсек астына  төрт  қабаттап  көрпе салынған,  екі  жастық  қойылған.  Оған  Абайдың үш ішекті домбырасы  сүйегі  тұр.  Дөңгелек  стол үтсіне  қойылған  шыны  қорапшаның  ішінде  Абайдың  күміс  қалта  сағаты,   қолжазбаларының  көшірмесі,  құс қанатынан  жасалған  қаламсап пен  сиясауыты Ақын  өмір  сүрген  ортаны  көзге   елестетеді. Үстел  үстіндегі тағы   бір  мұрағат Абайға  шақша  жасап  берген  шебердің  қолтаңбасы.  Абайдың өзі  ойнап,  кейіннен  Семейдегі  өлкетану мұражайына  өткізген  тоғызқұмалақ  дойбы  құмалақтарымен.

Ақынның  күміс  белдігі де  бағалы  қазыналар.   Ақын  ғұмырының  соңғы  күндеріне  дейін  рухани  серігі  болған  араб,  парсы,  түркі  және  орыс  тілдеріндегі  кітаптары мен екі басылымдар ұлы  тұлғаның  дүниетаным   әлемінен сыр  шертеді.  Төргі  бөлменің  кіре  берісінде  оң  жақ  қабырғада  ілулі  тұрған  күіміс  белдік пен  тақия  Құнанбай  қажынікі.

Ауызғы  бөлме  ортасында,  дөңгелек  үстел  үстінде құрылмына  ислам әлемі мен Қазақстандағы  жерлеу  дәстүрінің  негіздері  сақталған.  Кешен  жоғары   бейнелі   түрде  қазақтардың  діни  сенімдегі үш әлемімен төменгі әлем – серілер  (қара  түсті),  ортаңғы  әлем —  пірлер (қызыл түсті),  жоғарғы  әлем — әруақтар мен  Алланың  мекені дегенде (ақ түсті)   байланысады.  Осы жоғары бөлікке  көтерілу үшін келушілер кіре  беріс  торғалы.  Қазақ түрік  жұртының ұлы перзенттері  бейітінен әкелінген топырақ салынған.   Гранит  тостаған  тұрған   ұзын  жер асты  дәлізі арқылы  белдеуіне   “Өзіңді  тақығаның  халықты жапығаның”  деген  Қожа  Ахмет  Яссауидің  сопылық  талғамы  жазылғын  шырақ  жанынан  өтеді.  Ал, мазарлар  көп  қырлы  мұнара  түрінде жасалуы – бұл  өңірде бір жарым мың жылдан  бері  қалыпасқан (дамбаул  діңгек  Қосы  Көрпеш  — Баян сұлу  мазары, Мамай ескерткіштері)  дәстүрді  сақтауға ұмытылудан тұрған шешім.  Кешен компазициясында   бастан аяқ тұрмыстық заттар сақталған.  Оның  барлық  ғимараттары  бірін – бірі  толықтырып,  кеңдігімен  үйлесім тапқан  құрылыс  жұмыстарын негізінен  Маңғыстаудың  ұлу  тастары  пайдаланылған.

Алтай ескерткіштері.  Бұл көне дәуір ескеркіштері. ХVІ  ғасырдың  басынан зерттеле бастады. 1713 жылы көне зираттарды тонаушылар ұрлаған асыл бұйымдар Ресей патшасы Петр І- ге жетіп, тұңғыш рет “Петр І- нің Сібір коллекциясы” аталған археологиялық коллекция жасалынды. Сол бұйымдар қазіргі уақытта Санкт- Петербургтегі Эрмитажда қымбат экспонат ретінде сақтаулы. Осы кезеңде Алтай жеріне географиялық эспедициялар жіберіле бастады. Оларға саяхатшы ғалымдар Г.Ф.Миллер (1733 және 1744). П.С.Паллас (1770) жетекшілік етеді. Миллер өлкедегі тарихи ескерткіштер туралы тұңғыш еңбек жазып, Ресей және Еуропа елдеріне паш етті. 1865 жылы түрколог- ғалым В.В.Радлов Бұқтырма өзенінің бойында Берел жазығында ерте темір дәуіріне жататын Берел обасын қазып, зерттеді. 1911 жылы А.В.Андриянов батыс Алтайда Черновая, Солнечные Белки, Майәмір деген жерлерде көшпелілер обаларын ашты. 1927 жылы С.И.Руденко Қатынқарағайда, 1956-65 жылдары С.С.Сорокин Берел, Күрт; Қатын, Құмай маңында, 1997 жылдан бастап Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекші З.Самашев) Берел обаларынан алғашқы темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеді.

Алтай ескерткіштерін жерлеу дәстүріне, табылған бұйымдар ескерткіштеріне қарай хранологиялық жағынан төрт кезеңге бөлуге  болады:  Күрті (б.з.б. 7-8 ғасырлар), Майәмір (б.з.б. 7-6 ғасырлар), Пазырық (б.з.б. 5-3 ғасырлар) және Құлажорға (б.з.б. 3- б.з.-дың 1 ғасырлары) кезеңдері.

Күрті (Бұқтырманың жоғарғы саласы) бойындағы обаларда мәйіт сол жақ қырына, аяқ- қолын бауырына бүктеп жатқызылған. Басы солтүстік батысқа қаратылған. Мәйіттің аяқ жағынан жылқы таңқалары табылды.

Майәмір (Нарын өзенінің жоғарғы жағы) обаларында мәйіт шалқасынан, аяқ қолы созылып жерленген, лақат қабырғалары ағашпен шегенделіп, төбесі бөренелермен жабылған. Зират тас үйіндімен қоршалған. 1997 жылы Майәмір тұсынан 45-50 жасында қайтыс болған әйел адам қаңқасы жанында қорамсаға салынған қола жебе ұштары т.б. заттар табылды. Радиокарбондық анықтау бойынша бұл әйел б.з.б. 803 жылы қайтыс болғаны дәлелдеді. Оның бет әлпетінде Еуропа және Маңғол нәсілдерінің араласу белгілері бар.

Пазырық (немесе Берел) кезеңіндегі зираттардан табылған бұйымдар бұл дәуірде қола мен мысты темір ығыстырғанын, зергірлік өнердің біршама дами түскенін көрсетеді.

Құлажорға )Шығыс Қазақстан ) кезеңі Пазырық үлгілерінің жаңа сатыдағы жалғасы болып табылады. Обалардан адам сүйегімен бірге аңдар  нақышымен өрнектелген көне петроглифтер көптеп табылды. Солардың ішінде бұғының, бүркіттің, таутекенің бейнелері тартымды берілген.

Алтай ескерткіштері бұл өңірде мәдениеті, шаруашылығы, діни нанымдары ортақ этностар жайлағанан, Алтайдағы сақ мәдениетінің  алғашқы қалыптасу орталығы болғанын көрсетеді.


Тағы рефераттар