Беғазы кешені — Қазақстандағы қола дәуірінің соңғы кезеңінен сақталған тайпа көсемдері мен дін басыларының бейіттері. Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай кентінің оңтүстік – шығысында 40 км жерде. Беғазы қорымының солтүстік – шығыс жақ шетінде орналасқан. 1947 – 1952 жыл Орталық Қазақстан архиологиялық экспедициясы ( жетекшісі — Ә.Мағұлан)“ зерттеген 6 қоршаулы обалардан тұрады. Барлығы қазылған. Құлылыста бір – біріне ұқсас. Тек көлемдері әртүрлі. Сыртқы көлемі 4х4 метрден 9,6х9,6 метрге жетеді, пішімі шаршы, кісі қойылған қоймасының көлемі 2,2х2,2 метрден 6х6 метрге дейін. Екі жағы үлкен қақпақ тастармен көмкерілген, қабырғаларының қалыңдығы — 1,8 -3,6 м, биіктігі 0,4 – 1,1 м. Барлығының шығыс жағынан 1,8 – 9 м, ені 0,75 – 4 дәліз салынған Кешеннің ішінде көлемінің үлкендігімен көзге 1 — және 2 – бейіт. Сыртқы қоршауды құрайтын қақпақ тастарды биіктігі – 2,5 м Бейіттер кезінде ұрланғандықтан жерлеу дәстүрін анықтау үшін”
тайпаның іріктелуі нәтижесінде жерлеу дәстүрінанықтау үшін емес. Қабірлер бірнеше бөлікке мүрдеге арналса, екінші бөлігі түрлі заттар мен сс құылатын орын болған. 1 – бейітте бұл орын саз жентектерден қаланған,ұзына бойына үш сытас тіреуіш қадасы бар, сәкі тәрізді. Оның үстіне найзаның қола ұшы, тас кетпен, тас балға, төрт көзе мен марал, арқар таутеке сүйектері қойылған.Осы жерде мәйітті орын да бар. Оның ұзындығы 2,8 м, ені 1,2 м. Басқа бейіттердің ішінен де күл, күйген сүйек қалдықтары кездеседі. Беғазы кешені көзеренінің пішіні де, өрнектері де андрон мәдениетінің көзелерінен басқаша. Көбі құмыра тәрәздес, қабырғалары жұқа, сырты мұқият тегістелген, өрнек салу тәсілдері де өзгеше. Беғазы кешендерінен қола шаштүйреуіш, жұлдыз моншақ, тас қайрақ, өрнектелген және өрнегі жоқ сүйек түтікшелер, жебенің үш қола ұшы табылған. Бұл заттар, әсіресе, жебенің екі қанатты, үш қанатты ұштары Беғазы кешенінің б.з.б. – 8 ғасырларда салынғанын көрсетеді. Осы кезеңде мұндай ірі кешендердің салынуы (Дәндібай, Бұғылы Ақсу-Аюлы, Сангру) құрылыс ісінің жоғары дәрежеде ұйымдастырылған. Оған қойылған кісілердің сол қоғамдағы орнының ерекше болғандығы айтады.
Беғазы қорымы– Қазақстандағы қола, ерте темір тоб. Қарағанды обылысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай кентінің оңтүстік – шығысына қарай 40 км жерде. Қаратал (Беғазы) өзінің оң жағалауында . 1947 – 49 және 1952 жылдары Орталық Қазақстан архиологияқ экспедициясы (жетекшісі Ә.Марғұлан) зерттеген.Беғазы қорымында қола, ерте темір дәуірінің бейіттері мен ортағасырлық 57, кейінгі кездердегі 100 – ге жуық қазақ бейіттері бар. Қорымның аум 240х570 м 20 бейіт зерттелді. Оның 14-і андрон мәдениетінен Беғазы – Дәндібаймәдениетіне өту кезеңіне жатады. Өтпелі кезең бейіттері өңделеген төртбұрыш, шаршы, дөңгелек пішінді жалпақ грагнит тастары қырынан, жоғырғы жағын ортаға қарай еңкейте құрастырылған қоршаулар ретінде болады. Мәйітті оның ортасындағы тас жәшіктерге жерлеген. Кейбір қоршаудың ішінде қос жәшік қатар салынған. Олар ертеректе тоналған. Сақталған сүйектерінің қалдығынан, олардың бүклеліп, қырынан батысқа қарай жерленген, бірінің мүрдесін өртелгенін күлінен анықталды. Бейіттер андрон мәдениетінің соңғы кезеңіне тән, өрнегі мен пішіні сақталған көселер мен олардың сынықтары. Жебенің тастан жасалған ұшы, мыстан, илемеден жасалған моншақтар, киімге тағатын өрнекті жапырмалар, Алтыннан апталған салпыншақтар мен екі дөңгелек сырға, т.б. заттар табылды. Беғазы қорымындағы пішімі, құрылысы, табылған бұйымдар Оңтүстік Қазақстанда қола дәуірінен соңғы кезеңінде өмір сүрген. Тайпалардың жерлеу салты. Діни сенімдері, қолөнеру туралы күнделікті мағлұмат береді.
Қазақстан территориясында 6002-ден аса неолиттік және энеолиттік тұрақтар болатын болса, соның үшеуі Баянауыл өңірінде. Олардың бірі Жақсыбай көлінің, екіншісі Сағындыкөлдің жағалауында, үшіншісі Баянауыл орталығынан 8 км қашыттықтағы Капар деген жерде орналасқан. Орталық Қазақстанның тарихи топографиясында да қола дәуірінің қоныстары мен өзен аңғарлары бойнан тыс жерлерде де кездесе бастады. Бұл қоныстар Қарқаралы, Баянауыл далалары мен Нұра, Есіл, Шілдерті өзендерінің бойын қамтиды. Қола дәуірінің қоныстарының үлгісі көп бөлмелі тұрғын үйлер ретінде көрініс табады. Ол үйлердің ортасында жеке ошақтардың орны табылған. Мұндай қоныс орындары Ақкезең, Қаратомар, Тағыбай бұлақ тағы басқа жерлерде ашылып зерттеледі.
Әуелі Темір дәуірі ескерткіші Тасмола зираты Павлодар облысы, Шідерті өзені бойынды кіші – гірім қырдың басында орналасқан. Оларға 1959 жылы зерттеу жүгізілді. Зиратта әртүрлі деңгейдегі 36 жерлеу жәшіктері, қола дуірінің қоршауы, жерқорғандар, бір “мұратты обы”, қазақ қорымы орнадасқан. Баянауыл даласында 1964 – 1965 жылдар геолог В.С.Танцюра Қойтас жерінде 12 тұрақтың орнын ашты. Бұлардың ішіндегі айғақты деректерді беретіндері Қойтас І, Қойтас ІІ, Қойтас IV, Қойтас VII, Қойтас XII. Олардың барлығы Баянала тауының солтүстік беткейінде, осы өңірге белгілі Қойтастың басы. Табылған заттық құралдар: 70 нуклеус, 121 пышақ қырғыштар, 35 қырғыштардың ұштары, 33 қашаулар, 1180 қырғыш заттық құралдар.
Қола дәуірінің ескерткіштерінің бірі “Тағыбай бұлақ” деген жерде. Бұл ескерткіш 1974 жылы М.Қадірбаевтың жетекшілігімен зерттелді. 1989 жылы Баянауыл ауданы Бірлік моласын А.Бейсеновтың ғылыми жетекшілігімен зерттеу жұмыстары басталды. Екі жыл ішінде 14 оба зерттеліп, ерте көшпенділердің зерттеу рәсімі жөнінен біршама деректер берді.
Он саусағына өнері тамған тас безеуші – шеберлердің тамаша туындылары – тас мүсіндер еді. Өткен замандардан сақталып, біздің уақытқа дейінгі жеткен тас мүсіндер жөнінде ғылыми тұжырым жасаған Әлекей Марғұлан болды. Ол Сарыарқаны 30 жыл бойы зерттеген. Тас мүсіндері туралы жазғаны да көп. Түркі мен Қыпшақ дәуірінен қалған ондаған мүсіндер тауып, Ә.Марғұлан: “Тегінде, мұндай тас мүсіндер әрбір өлген адамның ескерткіші ретінде орнатылған, сондықтан олардың әрқайсысы әрбір өлген адамның келбетін бейнеледі деуге болады”, — деп жазды.
Мүсін тастардың шоғырланған жерлері Жаңаарқа, Ұлытау өңірі болып есептеледі. Ұлытау ескерткіштері сияқты тас мүсіндер тобы Астана қаласының алдындағы Шұбардан басталып Ерментаудың сыртына дейін кездесіп отырады. Олардың жие кездесетін жері Кедей, Торғай өзендерінің бойы мен Ерейменнің сыртқы жазықтары, Олжабай, Едіге сөрелерінің қасы. Торғай өзені бойындағы тас мүсіндердің бір тобын ғалым А.Машанов зерттеп, қағаз бетіне түсірген. Бұл мүсіндер қос батыр деп аталады. Кедей өзенінің бас жағындағы Жаушоқы деген жердегі ескерткіш солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған, көлемі 3,5х3,5 м екі тас шарбақ зерттелген. Шарбақтың әрқайсысының шығыс жақ іргесіндегі беті шығысқа қарап бір –бір мүсіннен тұрған.
Тас зират. Бақтыбай қажының қорымында орналасқан енді бір зират бедері өңделмеген табиғи асты жымдастырып қалаған сәулеткерлік өнермен ерекшеленеді. Осы аталмыш қорымның сәулеткерлік құрылымын тас күйінде қайталаған. Зираттың барлық алты қыры және қабырғалары кескінделіп салынған. Табиғи тасты өте ұқыптылықпен қалау әдісінің арқасында бұрыштыма қырлары бұл күндері де жақсы сақталған. Дегенмен, тас зираттың біршама бөліктері қираған. Сәулеткерлік құрылымындағы өлшемдерін қарастырсақ, ішкі диаметрі – 3,3 м, қабырғасының қалыңдығы – 1,20 м. табиғи заттардың аумақтары құрылыс қалауында қолданылғанына қарай әртүрлі.
Амалдық сопы мазары. Қарағанды — шідерті тас жолының бойындағы Шідерті өзенінің ескі арнасының жағасында орналасқан. Ескерткіш ХІХ ғасырдың ІІ жартысында тұрғызылғын. Күмбез архитектуралық құрылым жақсы сақталумен және қайталанбас өзіндік қалануымен ерекшеленеді. Себебі бұның төбесі жабық, ал жан – жақты қабырғалары шаршыдан жоғарылаған сайын ұшталып салынған. Жерден – 3,10 м биіктікте терезе басталады, оның биіктігі – 1,10 м. Төрт терезенің екі жақ бөлігіқұлаған, қалған екі бөлігі сақталған. Жан құбырларының өлшемі – 5,20 м, алдыңғы қабырғасы – 5,40 м. Есігінің биіктігі – 0,95 м, ені – 0,60 м. Қабырғасының қалыңдығы -1,10 м. Архитектуралық құрылымыбойынша бұл тектес күмбез бұл өңірде кездеспейді.
Жасыбай- Баянауыл тауларындағы табиғаты аса көркем жерлердің бірі. Адам тұрмысына ерте дәуірлерден-ақ қолайлы болғанына ескілікті жәдігерлер куәлік етеді. “Арғымақтағы” көне дәуірден сақталған ізтаңбаларда елдікті сипаттайтын тасқа түсірілген таудың, ерліктің белгісі болып табылатын найзалы жауынгердің суреттері салынғпн. Сол сияқты бұл жерде ғұндар кие тұтқан бұғының, бақсы-абыздар көлік ретінде мінген түйенің суреттері бейнеленген.
Жасыбай жерін қазақтың арғы бабалары тас, қола, темір дәуірлерінде де, ғұн, түрік заманында да қоныс қылған. Қазақтың әйгілі батырлары Олжабай. Жасыбай, Жалаңтөс осы жерлерді мекендеген. Жасыбай көлінің жағасында Жаяу Мұса, Ермұхан Бекмаханұлы дүниеге келіп, балалық шағын өткізген.
Мәтек абыздың екі қонысы Далба тауының бауырындағы Қарағайлы бұлақ, мұрынтал жерінде. Өз дәуірінде ерекше қасиеттерімен танылған Мәстек абыздың өмірі, қария сөздің айтуынша, осы жерлерде өткен. Мәстек абыздың зираты Мұрынтал аулының ортасында орналасқан көне қорым ішінде.
Түрік кезеңінің әйел мүсін тасы, Баянауыл өңірінен. Әйел адамның басында қазақы суйе келе бейнеленген. Ер адамның қолында тостаған болуы- бақсы-абыз белгісі. Қанжар суреті салынуы- батырлықты білдіреді. Көп жағдайда ер адамның мүсініндегі бейнесі малдас құрып отырған күйінде салынған.
Тағы рефераттар
- Бекболат батыр
- Сарыағаш ауданы
- Функционалды стильдердің тілдік сипаттамасы
- Антропогенез немесе адамның қалыптасуы
- Адамгершілік, жақсылық, қайырымдылық туралы қазақша мақал-мәтелдер