Мазмұны

Кіріспе ………..9-10
Негізгі бөлім

1 Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
1.1Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне карсы қылмыстардың үғымы және тұрлері…..11-13

2.Сот төрелігінің конституциялық құқықтарын жүзеге асыруын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарына қол сұғу қылмыстары
2.1Сот төрелігін асыруға және алдын ала тергеу жүргізуге кедергі жасау….14-20

3.Соттың міндеттері мен мақсаттарына сәйкес құқық қорғау органдарының қалыпты қызметін қамтамасыз ететін қатынастарға қол сұғатын қылмыстар
3.1 Сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамдардың өміріне қол сұғу..21-28

Қорытынды………..28-29
Пайдаланылған әдебиеттер………….30

Кіріспе

Курстық жұмыста қарастырылып отырған «Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері», яғни еліміздің Конституциясының 7-тарауына сәйкес Сот билігін тек сотқана жүзеге асырады.  Соттардың Конституциямен баянды етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиiстi заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт Конституциямен баянды етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп тапса, iс жүргiзудi тоқтата тұруға және осы актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiнуге мiндеттi[1].

Құқық қорғау органдары елімізде заңдылықпен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, жеке адамды, оның заңды құқықтары мен мүдделерін, жеке меншікті, қоғамдық тәртіппен қоғамдық қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын және оның аумақтық тұтастығын қорғау ісіне басты рөл атқарады.

Құқық қорғау органдарының қызметтеріне заңдылықтың сақталуына Қазақстан Республикасының ҚК 15-тарауында қамтылатын сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жауапкершілігі туралы Қылмыстық кодекстің қалыптары (нормалары) жүзеге асырады[2].

Қылмыстық кодекс әділ сот органдары деп — сотты ғана емес, сонымен бірге қылмыстық және азаматтық істерді соттың дұрыс шешілуін қамтамасыз ететін органдары; прокуратура, әділет, алдын ала анықтау, алдын ала тергеу органдары, сондай-ақ соттың тағайындаған жазасының орындалуын қамтамасыз ететін мекемелер түсіндіріледі. Сот төрелігі мен жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар аталған органдардың қалыпты қызметін айтарлықтай бұзады, олардың беделін түсіреді және жеке адамның, сондай-ақ ұйымның мүдделеріне елеулі зиян келтіреді.

Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзiне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды.

2. Сот билiгi Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады.

3. Соттар шешiмдерiнiң үкiмдерi мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады.

Соттардың Конституциямен баянды етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиiстi заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт Конституциямен баянды етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп тапса, iс жүргiзудi тоқтата тұруға және осы актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiнуге мiндеттi[1].

Қазіргі кезде қалыптасқан әділ сотқа қарсы қылмыстар жүйесі әділ сотты, прокуратура қызметін, тергеу және алдын ала анықтау органдарының, сондай-ақ заңды күшіне енген үкімдер мен шешімдерді орындауға келтіретін органдардың қызметінің қылмыстық-құқықтық қорғауын қамтамасыз етуге арналған қалыптарды енгізу.

 курстық жұмыс / 30 бет


Тағы рефераттар