Созақ ауданы туралы қазақша реферат
Облыстың солтүстігіндегі әкімшілік аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 41,0 мың шаршы шақырым, облыс жерінің 35,0%-ын қамтиды. Тұрғыны 50,0 мың адам. Аудан аумағындағы 36 елді мекен 2 кенттік (Қыземшек, Таукент), 10 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы — Шолаққорған ауылы. Аудан 1928 ж. қантар айында Теріскейді мекендеген 6 болыс ел мен Жылыбұлақ болысы негізінде құрылды. Аудан жерінің көпшілік бөлігін тасты-құмды шөлді жазық (Бетпақдала, Мойынқұм) алып жатыр. Оңтүстік және оңтүстік-батысын ала Қаратау жотасы орналасқан. Солтүстік-батысында Ащыкөл ойысы, Тамғалы соры, орталық бөлігінде Тамғалынұра қонысы мен сор жерлер орналасқан. Ауданның ең биік жері — Бессаз (Мыңжылқы 2176 м). Климаты тым континенттік. Қысы солтүстігінде суық, оңтүстігінде біршама жылы. Жазы ыстық, қуаң, аңызақты. Қаңтар айының орташа температурасы -7-12°С, шілдеде 24-27°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150-250 мм.
Қаратаудан Үшбас, Үштөбе, Торлан, Балдысу, Жылыбұлақ т.б. шағын өзендер басын алады. Қызылкөл, Акжайқын, Айдын т.б. көлдері бар.
Ауданда уран кентасы, таскөмір өндіріледі. Жерінің басым бөлігі сұр топырақты, сор, сортанды, құмды. Өсімдіктерден жусан, бұйырғын, көкпек, жыңғыл, сексеуіл; таулы өңірде киік оты, тобылғы, қызылқайың өседі. Жануарлардан қасқыр, қарсақ, түлкі, қоян, жабайы шошқа, киік, күзен, борсық, бауырымен жорғалаушылар мекендейді.
Ауданның тұрғындарының құрамы көп ұлтты. Халқының 90,7%-қазақтар, 6,4%-өзбектер, 2,0%-орыстар қалғаны басқа ұлт өкілдері. Орналасу тығыздығы 1 шаршы шақырым жерге 1,2 адамнан келеді. Аудандағы ірі елді мекендер: Шолаққорған (8,9 мың адам), Созақ (4,1), Теріскей (4,0), Таукент (3,5), Қыземшек (2,6), Шақырық (2,3), Қарақұр (2,2), Құмкент (2,0) ауылдары.
Ауылда қаракөл қойын, түйе, жылқы, биязы жүнді қой, етті-сүтті ірі қара, астық өндіруге маманданған 10 кеңшар болған. Олардың негізінде 329 шаруашылық нысаны құрылды: 8 өнеркәсіп нысаны, 321 агроқұрылым. Өнеркәсіп кәсіпорындары облыстағы тау-кен өндірісінің негізгі (87,5%) өндірушілері. Ауыл шаруашылығының жетекші саласы — ет, ауыл шаруашылық өнімінің 58,8%, сүт 17,2% өндіру болып табылады. Облыстағы ірі қараның — 3,2%, қой мен ешкінің — 9,6%, қаракөл қойының — 24,7%, жылқының — 5,8%, түйенің — 50,1%, құстың — 2,1% өсіріледі.
Білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерінен 40-тас астам жалпы білім беретін мектептер, кәсіптік-техникалық мектеп, музыка, спорт мектептері, кітапханалар, аудандық мәдениет үйі, халық театры, клубтар, аудандық аурухана, емхана, тубдиспансер, фельдшерлік-акушерлік пункттер тұрғындарға қызмет көрсетеді. Аудан жерімен Шымкент-Шолаққорған, Шолаққорған-Түркістан, Шолаққорған-Жуантебе автомобиль жолдары етеді.
Тағы рефераттар
- Ақша агрегаттары және оның құрылымы
- Рай категориясы
- ҚР коммерциялық банктері, олардың қызметтері және операциялары курстық жұмыс
- Инновациялық менеджмент
- Философиялық, жалпығылымилық және жекеғылымилық деңгейінің әдіснамалық талдаудың бірлігі