Стандарттың жобасын (бірінші редакциясын) әзірлеу туралы қазақша реферат
Жұмыс тобы стандарттың жобасын дайындап, оған түсініктеме жазады. Стандарттың түсініктемесіне төмендегідей мәліметтер енгізіледі:
- стандартты әзірлеудің техникалық-экономикалық негізін келтіру;
- стандарттау объектісінің сипаттамасы;
- стандарт жобасының ҚР заңдарынан техникалық регламенттерге,
халықаралық ( аймақтық ) нормаларға, ережелер мен ұсыныстарға, сондай-ақ шетелдердің ұлттық стандарттарына сәйкестігі туралы мәліметтер;
- стандарт жобасының басқа нормативті құжаттармен байланысы
туралы мәліметтер және оларды қайта қарау, өзгертулер енгізу немесе жою жөніндегі ұсыныстар;
- стандарт жобасына пікір алу, келісу үшін тарау туралы
мәліметтер;
- ақпараттық көздер;
- стандарттау объектісінің патент тазалығы туралы мәліметтер.
Техникалық комитет ( әзірлеуші мекеме ) стандарт жобасының ҚР мемлекеттік стандарттау жүйесінің стандарттары мен заң талаптарына сәйкестігін тексереді және оны түсініктемесінен бірге ТК мүшелеріне және мүдделі мекемелерге жібереді.
Стандарттың әзірленген жобасы және ол туралы мәлімет немесе аннотациясы мүдделі мекемелермен шетелдік әріптестердің іс-пікірлерін алу мақсатымен мемстандарттың WEB — сайтына енгізілуі керек.
Стандарт жобасы стандарттау объектісіне байланысты пікір алу үшін көбінесе стандартқа тапсырыс берушіге, мүдделі мекемелер және қоғамдық ұйымдарға таратылады.
Келісім алу үшін:
1 тапсырыс беруге;
2 өнім, процесс пен қызметті нормалау, олардың қауіпсіздігін, бақылау
міндетін жүктеген мемлекеттің бақылау ұйымдарына;
3 Мемстандартқа;
4 Қазақтың балалар тағамы мен прафилактикалық тамақтану
академиясына;
5 Стандарт жобасын әзірлеуге байланысты қайта қарау, өзгерту немесе
жоюға жататын бір-бірімен байланысты ұлттық техникалық регламент және нормативті құжаттарда әзірлеуші мекемелерге жіберіледі.
Мүдделі мекемелердің стандарт жобасына келісім беру, пікір
дайындау мерзімі, жобаны алған күннен бастап санағанда 1 айдан аспауы тиіс. Бұл уақыт ішінде пікір келтірмесе стандарт жобасы келісілген болып есептеледі.
Тағы рефераттар
- 1931-1936 жж. Буржуазиялық-демократиялық, революция
- Тәрбие әдістері және процесінің негізгі қағидалары
- Туризм тарихы курсын кезеңдестіру және құру
- Қашықтықтан оқыту (ҚО) технологиясын ұйымдастырудың теориялық негіздемесі курстық жұмыс
- Кассадағы ақша қаражаты курстық жұмыс