Стансадағы пойыз және манерв жұмысын ұйымдастыру туралы қазақша реферат
Аралық станса жеке бөлімнің жол дамуындағы ең көп таралған түрі. Бұл стансада мынадай операция түрлері орындалады:
— жолаушы және жүк пойыздарын қабылдап, жөнелтеді, тоқтауына жағдай жасайды;
— Пойыздардың басып озуы;
— Пойыздардың қиылысуы;
— Жолаушыларды түсіріп және мінгізу;
— жүктерді тиеу – түсіру, сақтау, жүк құжаттарын рәсімдеу;
— құрама пойыздардан вагондарды ағыту және оларға тіркеу;
вагондарды жинау және жөнелту маршрутының вагондарын құрастыру;
— вагондарды өлшеу.
Құрама пойыздармен жұмыс жасау.
Аралық стансада маневрлік жұмыстарды құрама пойыздың локомотивімен орындайды, бір немесе бірнеше стансаға бекітілген арнайы лакомотивтермен, ал кейбір кезде итергіш және тартқыш лакомотивтерді қолданады. Егер аралық стасаға қызмет ету кезінде арнай локомотив бөлінетін болса, оның жұмысы кесте бойынша орындалады. Бұл кесте қозғалыс кестесіне байланысты болады, стансадан жөнелтілетін вагондар құрама пойыздың келуіне дейін, тіркелуге дайын тұруы үшін, ал қабылданған вагондар ажыратылуынан кейін түсіріп – тиеу жұмыстарына берілгенше күтіп тұрмауы үшін.
Пойыздың соңғы жағындағы маневрларды мұндай стансада маневр локомотиві орындайды, ал пойыздың басты бөлігінде құрама пойыздың локомотиві орындайды. Құрама пойызды шығарып салатын басты кондуктор стасадағы жинақталуды, құрамдағы вагондарды дұрыс орналасуын тексереді.
Жол бойында тіркелетін вагон құжаттарын жинайды, ал аралық стансада вагондардың ажыратылуын және тіркелуін басқарады.
Құрама пойыздың өңдеу уақыт нормасын техналогиялық операциямен бірге анықтайды, екуінің біреуінің параллель орындалуын ескере отырып маневрлік жұмыстардың уақыт нормасын анықтау үшін алдымен вагондардың ажыратылу және тіркелуінің орташа көлемін, вагондарды беру және жүк жұмысының пункттерін жинақтау мөлшерін анықтайды.
Уақыт нормаларын формула бойынша маневр жұмысының техникалық жинақтау басқармасы есептейді.
Тағы рефераттар
- Электронды құжатты жасау тәртібі
- Өнімнің өзіндік құны және калькуляциялау
- Айтыс туралы
- Қазақтың халық музыка аспаптары музейі
- Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тиімді басқару